Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған


-ТАҚЫРЫП. Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі



бет60/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

15-ТАҚЫРЫП. Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі.
2. Жарыссөзге шығу.
2-сабақ
1. Тұрақты тіркестер, ауызекі сөйлеу стилі.
2. Жаттығу жұмыстарын орындау
3-сабақ
1. Қазақ тіліндегі терминдердің салалық бөліністері. Грамматикалық ерекшеліктері мен бірізділігі
2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақты жауабымен жазу.
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 11, 12, 13, 14, 19


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Кәсіби мәтін ерекшелігі» тақырыбында конспект жазу.
2. «Кәсіби саладағы іскери қарым-қатынас». Тақырыпқа қатысты диалог жұмыстарын жүргізу.
3. Бақылау жұмысына дайындық.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Кәсіби мәтін ерекшелігі» тақырыбында конспектіні талқылау.
2. «Кәсіби саладағы іскери қарым-қатынас». Тақырыпқа қатысты диалог жұмыстарын жүргізу.
3. Бақылау жұмысын жүргізу.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді әңгімелеңіз. Сөздік арқылы аударма жасаңыз.


Қазіргі білім беру кеңістігінде қандай да бір мамандықтың лексикалық жүйесіндегі термин сөздерді меңгеру оңай емес. Мамандар өздерінің кәсіби ортасында көптеген өзге тілдерден енген сөздермен қатар, олардың қазақ тіліндегі баламаларымен, аудармасымен түрлі ақпарат көздері арқылы (кітаптар, журналдар, интернет т.б.) танысып отырады. Алайда, егер сұхбат құрушылар әртүрлі ұлт өкілдері болса, онда ғылыми, кәсіби ақпараттарды қабылдау және жеткізулері қиындайды. Сонда терминологиялық бірліктердің екінші тілге аударылу мәселесі шығады.
Сондықтан тілдік емес ЖОО-на арналған қазақ тілі бойынша бағдарламада студенттердің мамандық бойынша терминологияны және ғылыми әдебиеттерді өз тілдеріне аудара алуын талап етеді.
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдің ортақ нормаларымен қатар ғылыми стильдің стилистикалық нормалары тұрақтанады. Стилистикалық норма ғылыми стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі.
Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың қатаң тәртібін сақтайды. Сөздердің дәл мағыналарын жұмсау басымдық танытады, баяндау барысында синтаксистік нормалардың жалпы әдеби нормадағы варианттарына жол беріледі. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішінде мамандық терминдерінің қоланылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық нормасы болып табылады.
Терминология – кәсіби қарым-қатынас аясында қызмет ететін ғылым мен техниканың түрлі саласындағы терминдер жиынтығы. Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры – терминдер. Ғылыми мәнмәтінде қызмет ете отырып, терминдер басқа сөздермен күрделі мағыналық синтаксистік қатынасқа түседі. Сондықтан да өзге тілді аудиторияда студенттерді мамандыққа бағыттап оқыту барысында қазақша сөйлей білуге қажет керекті лексиканы талапқа сай дұрыс таңдап алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет