Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет23/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Сараптаушы жүйелер

домен

сипаттама

Платформа/диапазон мәні

Short

Қысқа таңбалық, сандық

16 бит/-32 769 – 32 767

Ushort

Қысқа, таңбасыз, сандық

16 бит / 0 – 65 535

Long

Ұзын, таңбалық, сандық

32 бит/ 2 147 483 648 – 2 147 483 647

Ulong

Ұзын, таңбасыз, сандық

32 бит 0 – 4 294 967 295

Integer

Таңбалық, сандық, платформалы-тәуелді өлшемге ие

16 бит /-32768 – 32767
32 бит/ 2 147 483 648 – 2 147 483 647

Unsigned

Таңбасыз, сандық, платформалы-тәуелді өлшемге ие

16 бит / 0 – 65 535
32 бит 0 – 4 294 967 295

Byte

Байт, таңбалық

8 бит /0 –55

Word

Сөз (2 байт), таңбалық

16 бит / 0 – 65 535

Dword

Қос сөз (4 байт), таңбалық

32 бит 0 – 4 294 967 295

char

Таңбасыз символ

-

real

Жылжымалы нүктелі нақты сан

1е-307 – 1е+308

string

Байттық массивте көрсеткіш ретінде іске асырылатын символдар тізбегі

32 бит/ программаның ұзындық жолы<255 символ; жолдың файлдық ұзындығы <4Гбайт

symbol

Идентификаторлар кестесінде енуге көрсеткіш ретінде қолданылатын символдар тізбегі

-


Goal (мақсат) бөлімі Пролог жүйесіне енгізілетін мақсатты кірістіру бөлімі болып саналады. Бұл бөлімде программаға қойылатын сұрақтар, яғни программаның орындалу нәтижесінде шығарылатын қажетті фактілер мен ұйғарымдарды анықтауға арналған сұраныстар жазылады. Осы сұранысқа орай программа сәйкесті жауап береді. Яғни «егер ол бар болса, сұраққа жауап табу» ережесі орындалады. Мақсаттар жай (қарапайым) не күрделі болуы мүмкін. Бұл бөлімді енгізу міндетті емес. goal бөлімі енгізілмеген жағдайда программаға сұрақтарды программа денесінен тыс арнайы формада енгізуге болады (? Белгісінен басталады).
Constants бөлімінде программада қолдануға қажетті белгілі бір мәндерді символдық атауларға ауыстыру үшін қызмет ететін символдық тұрақтылар сипатталады. Оларды сипаттау үшін келесі синтаксис қолданылады:
Тұрақты атауы= тұрақты мәні
Атаулар әртүрлі болуы мүмкін, оны программалаушы өздігінше бере алады. Тұрақтылар мәндері қолданыстағы домендер диапазонынан анықталады. Символдық тұрақты программалардың оқылуын ыңғайлы ету үшін пайдаланылады. Олар компиляция кезінде сәйкес мәндеріне ауыстырылады. Программада бірнеше тұрақтылар бөлімі болуы мүмкін, бірақ әрбір тұрақты оның қолданылуына дейін сипатталуы керек.
Тұрақтылар типтері:

Char

ASII символ \(escape), басқарушы символы арқылы беріледі, одан кейін символдық ASII коды жүреді. \n, \t, \r символдары жаңа жол, табуляция және каретканың қайтарылуын көрсетеді.

Integer

Оң және теріс сандар Visual Prolog тілінің бүтін домендері болуы мүмкін.

Real

Нақты сан Real доменіне қатысты және 1,7*10 -3 -1,7*10 +308 аралығында болуы мүмкін.Нақты сандар белгі, ондық нүкте, бөлшек бөлімі, е символы (экспонента) түрінде жазылады.Visual Prolog қажет болған жағдайда бүтін сандарды нақты сандарға автоматты түрде ауыстырады.

String

Жолдық типт, кез келген символдар тырнақша ішіне жазылады және ол String доменіне қатысты.

Symbol

Символдық тұрақты, әріптен басталатын атау, ол Symbol типті доменге қатысты. Жолдар да Symbol типті элементтер сияқты қабылдануы мүмкін, бірақ символ элементтері ішкі кестеде сақталынады. Символдар кестесі жадының белгілі бір бөлігін қамтиды.

Binary

Бинарлық тұрақты Binary доменіне қатысты. Ол 255-тен кіші не тең мәнді қабылдайтын мәндер тізіміне жазылады. Тізім тек жақшалардың ішінде жазылады және оның алдында $ белгісі тұрады.Мысалы, $(1,0xf,’a’)

Предикаттық мән

Бұл алдын ала сипатталған предикаттық доменге қатысты предикат атауы сияқты жазылады.



Комментарийлерді (түсіндірмелер) программаны пайданушылар түсінуі үшін программаға кірістіреді. Көп жолды комментарийлер /* символдарынан басталып, */ символдары көмегімен аяқталады. Бір жолды комментарийлерге /*...*/ белгілеуін де % символын да қолдануға болады. Мысалы,
/* Бұл түсіндірме тексті*/
% Бұл түсіндірме тексті
/*Бұл ................................................................................................................................................
...................................түсіндірме........................................................................................тексті*/


Бақылау сұрақтары



  1. Пролог программасы құрылымы қандай

  2. Предикаттар бөлімінің қызметі қандай?

  3. Мақсат, сұрақ деген не?

  4. Домендер бөлімінің атқаратын қызметі қандай?

  5. Программа құрылымының негізгі бөлімдері қайсы?

  6. Программаға енгізілуі міндетті емес бөлімдер бар ма? Бар болса, қандай бөлімдер?

  7. Программа денесіне түсіндірме текст қалай кірістіріледі?

  8. Пролог жүйесінде қандай тұрақтылар қолданылады?

  9. Стандарт домендерді атаңыз.

  10. Енгізу/шығару предикаттарын атаңыз.

  11. Пролог жүйесінде қандай арифметикалық амалдар мен логикалық операторлар қолданылады? Мысал келтіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет