Төмендегі сұрақтарға жауаптар дайындау:
Сараптаушы жүйе дегеніміз не?
Сараптаушы жүйенің бірінші кезеңі
Сараптаушы жүйенің екінші кезеңі
Сараптаушы жүйенің үшінші кезеңі
Сараптаушы жүйенің төртінші кезеңі
Сараптаушы жүйенің бесінші кезеңі
Сараптаушы жүйенің алтыншы кезеңі
СӨЖ орындау барысында төмендегі әдебиеттерді пайдалану:
О. Камардинов Жасанды интеллект. Сараптаушы жүйе. Пролог. Шымкент-2003
П. А. Шрайнер Основы программировангия на языке Пролог. Курс лекций. Учебное пособие.-М.:Интернет-Университет Информ Технологий, 2005
Ж.Л. Лорьер Системы искусственного интеллекта. М.,Мир, 1991
Доорс Дж и др. Пролог – язык программирования будущего. М.:Финансы и статистика, 1991
А. Янсон Турбо Пролог в сжатом изложении. М.,Мир, 1991
Экспертные системы. Принципы работы и примеры. Под ред. Р. Форсайта.- М.:Финансы и статистика, 1987
Базы знаний для интеллектуальных систем
№3 СӨЖ
Тақырыбы: Ағаш түрлері бойынша сараптау жүйесін құру
Мақсаты: Сараптау жүйелерінің құрылымы
Сараптауды жүргізу үшін компьютерлік бағдарлама логикалық шығару арқылы мәселелерді шеше алатын болуы тиіс және осы жағдайда айтарлықтай сенімді нәтиже алуы тиіс. Бағдарлама білімдер базасы деп аталатын фактілер жүйесін қолданатын болуы тиіс.
Бағдарлама сондай-ақ консультация уақытысында білімдер базасында орналасқан қорытындыларды шығаруы тиіс. Кейбір сараптау жүйелері консультация уақытында қосылатын жаңа информацияларды қолдануы мүмкін. Осылайша, сараптау жүйесін үш бөліктен тұратындай етіп түсінуге болады:
Білімдер базасы.
Шығару механизмі.
Қолданушылы интерфейс жүйесі (ҚИЖ).
Білімдер базасы – сараптау жүйесінің орталық бөлігі. Ол сипаттаушы қатынастардан немесе оқиғалардан, жүйені қолдану аймағының мәселелерін шешу үшін арналған әдістер мен білімдерден тұрады. Білімдер базасын фактілік білімдерден тұратын және басқа білімдерді шығару үшін қолданылатын білімдерден тұратын етіп қөруге болады. “Джон Ф. Кеннеди Құрама Штаттарының 35-ші президенті болған” тұжырымы – фактілік білімнің мысалы. “Егер басыңыз ауырып жатса, екі таблетка цитрамон ішіңіз” – шығаруға арналған білім мысалы. Білімдер базасының өзі қатаң дискіде немесе басқа тасушыда орналасады.
Шығару механизмі жұмыстың принциптері мен ережелерінен тұрады. Шығару механизмі білімдер базасын ондағы информациядан ақылға қонымды қорытындыларды алуға мүмкіндік болатындай етіп қолдануды біледі. Сараптау жүйесіне сұрақ қойылған кезде шығару механизмі сұрақта қойылған мәселені шешу үшін білімдер базасының ережелерін қолдану әдісін таңдайды. Шығару механизмі қандай ережелерді шақыру қажеттігін анықтай және оларға білімдер базасының тиімділігін ұйымдастыра отырып сараптау жүйесін іске қосады. Шығару механизмі ережелерді орындайды, тиімді шешім қашан табылғанын анықтайды және нәтижені қолданушылық интерфейске береді.
Сұрақ тиянақты өңделуі тиіс болған жағдайда білімдер базасын қолдану қолданушымен интерфейс арқылы іске асырылады. Интерфейс – қолданушымен қатынаста болатын сараптау жүйесінің бір бөлігі. Қолданушымен интерфейс жүйесі қолданушыдан информацияны алады және оған информация береді. Қарапайым айтқанда, интерфейс жүйесі қолданушы мәселені сипаттап болған соң барлық қажетті информация алынғана қөз жеткізуі керек. Интерфейс қолданушының енгізген информациясының табиғаты мен ерекшеліктеріне негізделе отырып шығару механизміне қажетті информацияны береді. Шығару механизмі білімдер базасынана алынған информацияны қайтарған кезде интерфес оны қолданушыға қолайлы түрде береді. Қолданушымен интерфейс және шығару механизмі білімдер базасына қосымша ретінде қарастырыла алады. Ол екеуі бірігіп сараптау жүйесінің қабығын құрайды. Кең және әр түрлі информациядан тұратын білімдер базасы үшін бірнеше әр түрлі қабықшалар құрлып іске асырылуы мүмкін. Жақсы құрылған қабықшалар білімдер базасының информациясын жаңарту және толықтыру механизміне ие болады.
Қөріп тұрғанымыздай, сараптау жүйесі үш негізгі бөліктен тұрады. Бөліктер арасындағы байланыс күрделі, білімдердің табиғаты мен олардың ұйымдастырылуына, сондай-ақ шығару әдістері мен мақсаттарына тәуелді болуы мүмкін. Келесі бөлімдер сараптау жүйелерінің осы аспектілерін қарастырады. Алдымен бірнеше мысалдарымен білімдерді ұсыну қарастырылады. Бұл сипаттау ережелерге негізделген жүйелерге де, логикаға негізделген жүйелерге де қолданылымды. Сонан соң шығару әдістері қарастырылады. Ары қарай, қолданушымен интерфейс жүйесі енгізу және шығаруды өңдеу мысалдарымен қарастырылады. Содан соң, оқырман сараптау жүйесін жобалаудың екі нақты методикасын (ережелерге негізделген жүйелер және логикаға негізделген жүйелер) қарастыруға дайын деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |