Білімдерді ұсыну
Білімдерді ұсыну – бұл синтаксис және семантика бойынша келісімдердің жиыны. Осыларға сәйкес нысаналар сипатталады. білімдерді ұсынуды жобалаудағы жақсы ереже – бұл білімдерді қолдануды қарапайым және табиғи механизмдер арқылы онай іске асыруға мүмкіндік беретіндей етіп білімді ұйымдастыру. “Қарапайым болған сайын жақсы” – білімдерді ұсынумен жұмыс істегенде есте сақтау қажет ереже.
Сараптау жүйелерін қөбінесе білімдер базасында сарапшының білімін кодтау үшін сарапшы-адаммен жұмыс істейтін “білім бойынша инженерлер” (немесе сараптау жүйелерін жобалаушылар) құрады. Бірінші әдіс – бұл фактілер мен сандарды (фактілік білімдердің фрагменттерін) классификациялау және Турбо Пролог ережелеріне орналастыру. Бұл ұсыну ережелерге негізделген сараптау жүйелерін қолдануға сай келеді. Екінші әдіс – бұл фактілер мен сандық информацияларды тұжырымдарда ұйымдастыру. Ол тұжырымдардыға білімдер базасын құрады. Тұжырымдарда білімдерді ұсыну логикаға негізделген сараптау жүйелерін қолдануға сай келеді.
Қолданушымен интерфейс жүйесі
Қолданушымен интерфейс жүйесі сараптау жүйесі мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Бұл қарым-қатынас әдетте бірнеше функциядан тұрады:
Клавиатурадан енгізілген мәліметтерді өңдеу және енгізілген және шығарылған мәліметтердің экранда қөрінуі.
Қолданушы мен жүйе арасындағы диалогты ұстау.
Қолданушы мен жүйе арасындағы түсініспеушілікті білу.
Қолданушыға қатысты “достықты” қамтамасыз ету.
Интерфейс жүйесі енгізу мен шығаруды эффектілі өңдеуі қажет. Ол үшін енгізілетін және шығарылатын мәліметтерді тез және анық формада өңдеу қажет.
Төмендегі сұрақтарға жауаптар дайындау:
Білімдер базасы дегеніміз не?
Білімдер базасы қайда орналасады?
Шығару механизмінің құрылымы
Интерфейс дегеніміз не?
Білімдерді ұсыну дегеніміз не?
Білімдерді ұсынудың әдістері
Қолданушымен интерфейс жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |