Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


Курстың өткізу уақыты мен орны



бет9/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Курстың өткізу уақыты мен орны: Сейсенбі 13.30-14.20, Жұма 13.30-15.20

  • Пәннің пререквизиттері: “Жасанды интеллект”, “Алгоритм және программалау тілдері”, “Компьютерлік технология”.

  • Пәннің постреквизиттері: Студенттердің осы пәнді оқып үйренуіне қажетті пәндердің тізімі. «Сараптаушы жүйелер» курсы «Информатика», «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау технологиясы», «Математикалық логика», «Жаңа ақпараттық технологиялар» пәндерінен алынған білімдерге сүйенеді.

    Курстың сипаттамасы: “Сараптаушы жүйелер” курсы қазіргі қоғам талабына сай жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданып сараптаушы жүйелерді әртүрлі салаларға арнап құру мен қолдану және жасанды интеллект жүйелерін программалау мәселелерін шешуде теориялық және практикалық білім жинақтап, машықтандыруды мақсат етеді.
    Пәнді игеру барысында логикалық программалау тілдері негіздері жалпы қарастырылып Пролог, Turbo және Visual Пролог тілдерін әртүрлі салалардағы жобалау, жоспарлау, болжау, шешім қабылдауға қолдау көрсету есептерін шешуде қолдану қарастырылады.
    “Сараптаушы жүйелер” пәнін оқыту мақсаты – студенттердің білім беру стандарттарына сәйкес білім алуын, логикалық программалауда жұмыс дағыдыларын үйренуін қамтамасыз ету және олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту болып табылады.



      1. Курстың қызметі: Жоғары деңгейдегі маман программисттерге қажетті компьютер жұмысын басқарушы программалық жабдықтарды құруды үйрету.

      2. Курстың мақсаттары:




    • Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер мен логикалық программалау концепсиясын оқыту;

    • Сараптаушы жүйелердің негізгі ұғымдары, атрибут, обьектілермен танысу;

    • Білім қорының өңдеу кезінде қолданылатын программалардың құрал-жабдығымен танысу;

    • Логикалық программалау негіздерін үйрету;

    • Пролог программалау жүйесімен жұмыс ұйымдастыру принциптерін үйрену.

    Пәнді оқыту есептері:



    • Сараптау білімдерін байқау тактикасын өңдеу;

    • Қолданылып жүрген сараптау жүйелерінің арасынан тұрғызылатын сараптау жүйелерінің орнын анықтау;

    • Сарапшы білімін бейнелеу формализациясын өңдеп, ол үшін мүмкін болатын ортаны табу;

    • Сараптау жүйесін соңғы нәтижесіне дейін жеткізу.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет