Пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары


Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары



бет11/12
Дата06.09.2024
өлшемі53.5 Kb.
#503434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
түсінік хаттаp 2024 - 2025

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары.
Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту ұсынылады. Жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады: «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл.
№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны -5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
Шетел тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша № 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.
№ 4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика- грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны – 40, жауаптар нұсқаларының саны – 5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
Шетел тілі бойынша № 5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша № 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.

Шетел тілі бойынша №7 бақылау жұмысы – оқу жылы бойынша барлық оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет