Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары
Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Бақылау жұмыстарындағы тапсырмалар саны мен бағалау келесідей болады: лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21- 25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.
№ 1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
№ 2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген барлық материалдарды қамтиды.
№ 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 4 диагностикалық тест (бақылау жұмысы). Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды.
№ 5 бақылау жұмысы –3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.
№ 7 бақылау жұмысы – жылдық қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы жыл бойына өтілген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды.
Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, 9-сынып білім алушысына бейнематериал көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады. Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне ресімдеп, жылына 4 рет ұйымдастыру ұсынылады.
Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):
- 9-сыныпта - 100-130 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |