Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі Пәннің коды: Курс: 4 Кредит: №1


Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)



бет42/49
Дата12.07.2023
өлшемі170.13 Kb.
#475642
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
метод-ПЗ-СД-анест-и-реан-каз

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Жедел жәрдем бригадасы автоапат орнына келді. Тактикасын анықтаңыз:

  1. Ең ауыр жараланғандарды госпитализациялау;

  2. Ең ауыр жараланғандарды госпитализациялауды, аға дәрігерге баяндау;

  3. Апаттың масштабын орнату, аға дәрігерге баяндау, сұрыптауды ұйымдастыру және өмір үшін қауіпті жағдайларда көмек көрсету;

  4. Бірден реанимациялық іс – шараларды бастау;

  5. Зардап шеккендерді тасымалдауды бастау.

2.“Эвакуациялық белгі” анықтамасымен нені түсіну қажет?

  1. Транспорт түрі мен эвакуация кезегін;

  2. Жағдайының ауырлығы мен қозғалу әрекеттігі;

  3. Ең ауыр зардап шеккендердің эвакуциясы;

  4. Зардап шеккендерді тасымалдаудың ерекшелігі;

  5. Өз бетінше қозғалу әрекеттігі.

3. Аммиакпен улану кезіндегі өкпенің токсикалық ісінуі өрбиді:

  1. аммиакпен дем алғаннан кейін бірденен

  2. 1 сағаттан кейін

  3. 15 минуттан соң

  4. 2 сағаттан кейін

  5. 1 тәулік ішінде.

4. Инфекциялық – токсикалық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

5. Травматикалық шокпен зардап шеккенге инфузиялық терапияны .......... бастау керек.

  1. 0,9% натрий хлорид ерітіндісінен;

  1. гемодезден;

  2. полиглюкиннен;

  3. жаңа мұздатылған плазмадан;

  4. эритроцитарлы массадан.

6. Жедел қан жоғалтуға қарсы ең айқыныжәне тез өзгеретін гемодинамиканың көрсеткіші:

  1. Шеткі веноздық қысым;

  2. АҚ;

  3. пульс;

  4. ОВҚ;

  5. орта артериалық қысым.

7. Зардап шеккенге бірінші кезекте жүргізілетін жедел іс – шаралар:

  1. Қан ағуды уақытша тоқтату.

  2. Жансыздандыру.

  3. Асфиксияны жою.

  4. Қан құю.

  5. АРИТБ тасымалдау.

8. Травманың салдарынан болған гиповолемиялық шок көрініс береді:

  1. Артериалық гипотензиямен;

  2. Артериалық гипотензиямен және веноздық гипертензиямен;

  3. Артериалық және веноздық гипотензияменжәне тахикардиямен;

  4. Артериалық гипотензияменжәне брадикардиямен;

  5. Артериалық гипертензиямен және брадикардиямен.

9. Оқиға орнындағы зардап шеккендердің алгоритмі:

  1. Локальды зақымның қарауы, тыныс бағасы, гемодинамика бағасы, неврологиялық дәреже бағасы.

  2. Гемодинамика бағасы,тыныс бағасы, неврологиялық дәреже бағасы, локальды зақымның қарауы;

  3. Тыныс жолдарының тексеру, гемодинамика бағасы, неврологиялық дәреже бағасы, локальды зақымның қарауы;

10.Жүрек тоқтауының негізгі белгілері:

  1. есеңгiреу

  2. тамырдың соқпауы

  3. қарашықтың ұлғаюы

  4. диффузиялық цианоз

  5. тыныстың жоқтығы

11. Жүрекке жанама массаждың қарсы көрсетулеріне жатпайтыны:

  1. кеуде қуысының енетiн жарақаттанулары

  2. массивті әуе эмболиясы

  3. пневмоторакс

  4. жүректiң кенет тоқтауы

  5. жүрек тампонадасы

12. Қанды а қалпына келтіретін жгут салынады:

    1. артериялық қанау кезінде;

    2. капиллярлы қанау кезінде;

    3. веноздық қанау кезінде;

    4. паренхималы қанау кезінде;

    5. қанаудың кез келген түрінде.

13. Реанимация бұл:

  1. терминалдық күйді оқытатын клиникалық медицинаның бөлімі;

  2. көпсалалы аурухананың бөлімшесі;

  3. тіршілікті қайта қалпына келтіруге бағытталған тәжірибелік әрекеттер;

  4. жүрекке жанама массаж жүргізу;

  5. критикалық күйдің диагностикасы.

14. Реанимацияны жүргізуге міндетті:

  1. тек реанимация бөлімшесінің дәрігері;

  2. тек реанимация бөлімшесінің мейірбикесі;

  3. кез келген маман – дәрігер;

  4. ҚР әрбір азаматы;

  5. мединалық білімі бар кез келген маман.

15. Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің максималды ұзақтығы ....... құрайды.

  1. 10-15 мин

  2. 7 – 8 мин

  3. 2-3 мин

  4. 5-6 мин

  5. 1-2 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет