СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
28жасар жігіт тамақтану барысында кенеттен жөтелді, аузымен ауа жұтып, беті көкшіл түске көгере бастап, есінен айырылды. Не жағдай орын алды? Зардап шеккенге шұғыл көмекті қалай көрсетеміз?
Құтқарушылар көлден жағаға орта жастағы суға батқан әйелді шығарды. Куәгерлердің сөзі бойынша 5 минут бұрын суға батқан. Терісі көгерген, жүрек соғысы және тынысы естілмейді, қарашықтары ұлғайған, жарықты сезбейді. Осы жағдайда суға батудың қай түрі орын алды? Қандай тізбекте реанимациялық іс – шараларды жүргізу қажет?
2 жасар бала бөлмеде «Киндер-сюрприз» ойыншықтарымен ойнап отырып, кенеттен жөтеледі, беті көгере бастайды. Баламен қандай жағдай орын алды? Оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек қалай көрсетіледі?
Науқас операциядан соң 1 сағаттан кейін реанимация бөлімшесінде төсекте арқасында бетімен жоғары қарап ұйқыда жатқан. Мейірбике 3 минутқа шығып кеткен. Палатаға келе салысымен мейірбике науқасты ес – түссіз, беті көгерген күйде, АҚ анықталмайды, жастықта, мұрнында және аузында құсықты массалары бар. Мейірбикенің қателігі неде? Оған қалай алғашқы көмек көрсетіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |