Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет13/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Философия лекции 2023

Давид Юм (1711-1776 жж.)- ағылшын философы. Негізгі еңбегі «Адамның табиғаты жөніндегі трактат».Бүл еңбегінде Д.Юм барлық ғылымдардың іргетастарының тұрақсыздығын және білімі бар оқыған, білімді адамдардың сол кездегі философияға қанағаттанбайтынын көрсетеді. Ал оның негізгі себебі, Д.Юмнын ойынша, адамның табиғатының терең зерттелмегенінде.
Адамның дүниетаным мүмкіндіктері қандай? Д.Юм қайсыбір философияның негізгі мәселесі осы болуға тиіс деген пікірге келеді. Ол дүниетануда бірінші және екінші сапалар қағидасының құндылығын мойындамайды. Тек қана сезімдік қабылдау адамның дүниетанымының негізінде жатыр. Олай болса, ол - философиядағы сенсуализм бағытының өкілі. Бірак Д.Юмның ерекшелігі ол сезімдік танымнан метафизикалық, яғни ең жалпы дүние жөніндегі қағидаларды тудыруға болмайды деген пікірге келуінде.
Егер өзінің философиясының негізін Д.Беркли Құдайға әкеліп тіреген болса, Д.Юм «материя» ұғымы сияқты, Құдай идеясының өзін біз дәлелдей алмаймыз деген ойға келеді. Бізге берілген - тек қана түйсіктер мен олардың әртүрлі байланыстары. Олай болса, философияның негізгі мақсаты - түйсіктердің өзара байланыстары арқылы берілетін идеялардың алғышарттарын зерттеу ғана.
Олай болса, философиядағы «субстанция», «себеп» т.с.с. ұғымдар - объективті өмір сүріп жатқан «мән», я болмаса тәжірибеге дейін берілген «идея» (аргіогі) емес, өзінің эмпириялық, яғни тәжірибеден шығатын мазмұны бар ассоциациялар. Мысалы, таныс адамның суреті өзінің ұксастығымен ол жөніндегі біздің идеяларымызды оятуы мүмкін.
Екіншіден, ол - кеңістік пен уақыттың шеңберіндегі қатар пайда болатын ассоциациялар. Мысалы, егер үйден бірнеше шақырым ғана алшакта болсак, жақындарың жөніндегі ассоциациялар мыңдаған шақырым алшақтыктан гөрі анағұрлым айқын.
Үшіншіден, танымдағы көп кездесетін ассоциациялар себептілікке негізделген. Себептік, Д.Юмның ойынша, Дүниедегі заттардың арасындағы карым-қатынастан пайда болады. Себептік іс-әрекеттен алда болуы қажет. Бірақ ол себептіктің іс-әрекетті тудыратынын мойындамайды, оны біз дәлелдей алмаймыз. Сонымен, Д.Юмның ойынша, себептік дегеніміз тек қана бірінің артынан бірі келетін сезімдік әсерлер, алдыңғысын біз себеп, соңғысын іс-қимыл дейміз.
Осылайша қоғамның моральдық саласына да қарауға болады. Ол да күнделікті өмірде қалыптасатын ассоциацияларға негізделеді. Солар арқылы біз жанымыздағы адамдардың жан дүниесін сезініп, оның қайғысын, я болмаса куанышын бөлісеміз, -дейді ағылшын ойшылы.


И.Канттың классикалық агностицизмі.
Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет тыс қалған. Атап айтқанда, мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар, біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім ─ тәжірибеге негізделген, әрі қолда бар материалдардың деректеріне сүйенген. Мысалы, адам тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің (эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.
Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді. Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады:
Кеңістік және уақыт:
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті.
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз.
Қарапайым және күрделі:
Әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады.
Дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ.
Бостандық және себептік:
1. Дүниеде табиғи заңдар бойынша себептілік қана емес, бостандық та бар.
2. Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де қатал себептіліктегі табиғи заңдар бойынша жасалады.
Құдай және мән:
1. Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің себебі, дүние ме?
2. Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты тіршілік иесі жоқ.
И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген диалектика заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.
1783 жылы «Пролегомендер» («кіріспе») кітабында философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп, олардың 12-сiн атап көрсетті. Сараптау парасатының түрі - категориялар (жалпы ұғым), солардың көмегі арқылы алғашқы түйсіктегіні «жүйе координатында» ұғыну және реттеу жүредi. Канттың пікірінше, сараптау категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл-ойдың сөресіне орналастырып, ойлау қызметін нәтижелі етуге болады. Ол 12 категорияны көрсетіп оны 4 топқа, әр топта үштен орналастырды. Сонымен бірге алғашқы әр топтың екі қатегориясы қарама-қарсы топтың қасиеті, сипатты, үшіншісі ─ олардың - синтезі:
Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді ─ транцендентальдық білім дейді. Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.
Ақыл-ойдың таза түрі жоғары идеялар, мысалы, Құдай идеясы, жан идеясы, дүниенің мәні идеясы, т. б. Философия ─ Канттың пікірінше, жоғарғы мәлімет идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi, «өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге» ұмытылады, бұл қайшылыққа, қиялға, антиномияға алып келеді.
Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлық мәселелерін өзінің «Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде талдайды. Оның «таза ақыл-ойы», «практикалық ақыл-ойды» құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза әдептілік - қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль абсолюттi және міндетті.
Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол ─ әдептілік императиві деп атады. Кант: «Жалпыға тән заңға айналғанын, өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет»[3] - дейді. Әдептілік императиві - қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетіңді өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге, бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен әдепсіздік ара қатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар жетеді, сондықтан, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы келетіндіктерін, әділеттіктің кепілі ─ Құдай дейді.
Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі болуы керек. Адам ─ басқа адамға ойланушы жан не өте сирек тұлға ретінде саналуы керек, сөйтіп жәй құрал ретінде қаралмауы тиiс оның «Пайымдау қабілетіне сын» еңбегінің негізгі идеясы - жалпылық мақсатидеясы.
Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмір мен мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.
Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғаттың және өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.
Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі, Құдайдың бар - жоқтығын тәжірибие арқылы дәлелдеу қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет