Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет12/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдары:



  1. Онтология нені зерттейді?

  2. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі қалай ашылған?



ТАҚЫРЫП 5. Таным және шығармашылық
Дәрістің мақсаты: ғылымның, әсіресе жаратылыстану ғылымдары мен механико-математикалық ғылымдардың дамуымен, олардың философиямен байланысын қарастыру, таным мәселесін талдау, түсіну.

Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы. К.Ясперстің "Мен -адамилық деңгейлердің концепциясы", К.Поппердің "субъектсіз" эпистемологиясы. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.


жоспар:
1. Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.


2.Д.Юмның скептицизмі.
3. И.Канттың классикалық агностицизмі.


Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
Жоғарғы тарауда болмыс мәселелерін талдап, «Дүние қалай құрылған?», деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз Бұл сұраққа оң жауап қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, әлектр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.
Адамзаттың мьщдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен Бұлақтардан қосылған өзен арнасы саяқты , қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз - сол жөнінде идеалдык түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қоры-тылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгер-шілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаұлы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталад

Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің арақатынасы бұрынғыдай «қос ақиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниені жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан кейін жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай тағала оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.


Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық-ибстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуді қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.
Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі – өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарны біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Түйсіктердің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, оладың қасиеттерін танып білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Философядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р.Декарттың, Г.Лейбництің, Г.Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге болады. Алайда, Гегель дүниені танып-білуде «абсолюттік идеаның» өзін-өзі танып –білу жолындағы бір сатысы ретінде қарастырады. Ал субъективті идеалистер дүниені түйсіктермен ой-өрістің әртүрлі жиынтығы деп қарайтын болғандықтан, олардың дүниені танып –білуі туралы субъектінің өзін-өзі танып –білуіне келіп соғады.
Сондай-ақ , кейбір философтар дүниені танып –білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқат, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда агностицизмнің көрнекті өкілдері Д.Юм мен И.Кант болып табылады. Бұлардың қорытынды пікірі: агностик пікірден ары аспайды, олар құбылыстың бер жағында тоқтап қалады, түйсіктердің ар жағында қандай да болсын «анық» нәрсе бар деп танудан бас тартады.
Танымның формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми және ғылыми емес деп бөлінеді. Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркем бейнелер, діни танымдар т.б. жатады. Ғылыми таным – таным процессінің негізгі түрі. Ғылыми танымның негізгі міндеті – заттар мен құбылыстардың негізгі сырын, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын ашу. Ғылыми таным негізгі екі деңгейден тұрады: эмпириялық және теориялық.
Эмпириялық танымның міндеті – факті жинау ісімен айналысу. Эмпириялық зерттеу ең алдымен зерттеу бағдарламасын жасап, соған сәйкес бақылау, эксперимент жүргізеді, жиналған мәліметтерді саралаудан өткізіп, түсініктеме береді, алғашқы жалпылау жасайды.
Теориялық таным – заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары дәрежелі абстракциялауда іске асады: теориялық таным ұғымы, категория, заң, гипотеза және т.б. формаларда жүзеге асады. Теориялық таным салыстыру, анализ бен синтез, абстракциялау, шектеу, логикалық және тарихи, аналогия әдістерімен жүзеге асады.
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, мынадай түйінді тұжырым айтамыз: танымның екі деңгейі – эмпириялық және теориялық деңгейлері бір-бірімен диалектикалық бірлікте өмір сүріп, әрекет етеді, яғни бір-бірін толықтырады. Эмпириялық зерттеу әрдайым теориялық танымның алдына жаңа міндеттер ұсына отырады, ал тереңдей түскен теориялық таным өз тарапынан эмпириялық танымның алдына барған сайын күрделірек міндеттер қояды, сөйтіп бұл жерде кері байланыстар принципі әрекет етеді.


Д.Юмның скептицизмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет