Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет27/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Философия лекции 2023

Ыбырай Алтынсарин(1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.Өзінің "Арам төреге", "Жарлы болсаң да арлы бол", "Таза бұлақ" және басқа да шығармаларында ол әлеуметтік теңсіздіктің тамырын ашып оларды арсыздықпен байланыстырады. "Екіжүзді қазыға" өленіңде ол: "Қарымтаның кезі келіп, Сен жеген жан түбіңе жетер",- дейді.  Ы.Алтынсаринның арманы халқының сауаттылығын көру болды: "Әрбір халық прогрессивті дами отырып ақырында көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшуі керек, бұнымен ағартушылық тығыз байланысты", - дейді ол. Ыбырай байлық, билік, даңқ, сұлулық, денсаулықтың өздігінен бағасы жоқ. Олар белгілі бір жағдайда игілік немесе зұлымдық бола алады. Егер оларды арсыздық билесе, ол зұлымдық. Егер ғылым мен таным билесе ол ізгілікке әкеледі. Сол себепті білім - адамның мәні. Сөйтіп өзінің көптеген шығармаларында ойшыл білім беру үшін талмай еңбек сіңіре отырып, білім алуды талмай насихаттады."....Дала мектептеріне бүгінгі күні тек орыс тілімен сауаттылыққа үйрететін мекеме ретінде ғана емес, онда оқушылардың отырықшылыққа дағдыланып, заттарға әсем және сау көзқараспен қарауды үйренуі керек: Бір сөзбен оқушылардың тәрбиелік жағына көп көңіл бөліп, осы оқушылар негізді білім алып, белгілі бағыт алған соң, қоршаған ортаға өздерінің сау және жаңаша ойларымен айналасындағы халқына ықпал ете білуі керек", - деп жазады ол. Ыбырай Алтынсарин қазақтарды әлемдік мәдениетке еніп, өз дүниетанымын кеңейту үшін, орыс тілін үйренуге шақырады: "Қырғыз халқы үшін барлық мүмкін болатын бақытты алдағы уақытта үстемдік етуші орыс халқымен рухани біте қайнасу мен оның орыс-қазақ білім беруі көмегімен рухани, экономикалық дамудан көремін",- дейді.Сонымен қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның философиясы қазақ руханилығының гуманистік дәстүрлерді жалғастырып және оның әрі қарай мәндік дамуындағы маңызды кезең болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет