ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы



бет1/4
Дата10.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#126249
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультет

5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 77.18.4/19









БЕКІТЕМІН

ГП факультетінің деканы

_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2013 жыл




Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)»



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2013ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 2013ж. «____» ________

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013ж. «_____»________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Ксембаева С.К. 2013ж. «_____»_______



1. Оқу пәнінің төлқұжаты

«Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)»

Міндетті компонент пәні

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Барлық дәрісханалық сағат саны – 45 сағат

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат



Бақылау түрі:

Емтихан ( жазбаша) – 6 семестр


Пререквизит

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы



Постреквизит

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі әдебиет (1960-2000)

Қазіргі қазақ әдебиеті
2. Муталиева Раушан Мамырқызы

Қазақ филологиясы кафедрасы А корпусында (мекен-жайы), 356 - аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255

телефон: 87779391639

Е-mail: raushan_mutalieva@mail.ru



3. Нысан, мақсат пен міндет

Пән нысаны:

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы ақын-жазушылар шығармашылығы.



Пәнді оқыту мақсаты: Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы ақын-жазушылар шығармашылығын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- Ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;

- шығармаларға идеялық-көркемдік талдау жасауды білуі;

- ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;

- өлеңдерге, поэмаларға, романдарға, драмаларға талдау жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.

4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

түсінігі болуы тиіс:

ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;



білуі тиіс:

көркем шығарманы теориялық тұрғыда талдау талаптарын;



дағды мен икемділігі:

ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;



қолдана білуі:

әдебиет тарихын бағыт, ағымдарға қарай анықтап, стильдік ерекшеліктерді айқындай білу;



құзыреттілігі:

Әдебиет пен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға, әрі әдеби үрдістің құбылыстарына сыни баға беру.



5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу


р/с

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша дәрісханалық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

Практикалық

(семинар)

Барлығы

оның ішінде СОӨЖ

1

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті

1

1


10

3

2

Жамбыл Жабаев

2

10

2

3

Иса Байзақов

2

1

10

2

4

Мұхтар Әуезов

8

6

10

3

5

Сәбит Мұқанов

6

2

10

3

6

Ғабит Мүсірепов

4

2

10

3

7

Ғабиден Мұстафин

2

1

10

2

8

Ғали Орманов

2

1


10

2

9

Қасым Аманжолов

3

10

2,5




Барлығы:135 (3 кредит)

30

15

90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті

Жоспар

  1. Соғыс кезіндегі ақындар шығармашылығы

  2. Баубек Бұлқышев

  3. Жұмағали Сайн

  4. Мәлік Ғабдуллин

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,Ғ.Орманов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Сайн, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекқожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров қолына қару алып, майданға аттанды. Бұларға майдан газеттерінің бетінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды.Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нартай Бекежанов , т.б. отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, халықтың Отан алдындағы борышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Ел басына түскен ауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған үгіттік өлеңдер күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланды, радиодан оқылды. Сонымен қатар, жаудың басып алған жерлердегі қатыгездік мінезіе әшкерелеуді нақты, факт, детальдар арқылы суреттеуге ұмтылған саяси өткір лирика түрлері пайда болды. Ғ.Орманов жау қылығын қара күйік қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен («Жау ізі») таныса, Қ.Аманжолов гитлер дирижерлік жасаған өлім музыкасын («Мазасыз музыка») естігендей болады. Ә.Тәжібаев «Қос қарлығаш», Т.Жароков «Жапанда жалғыз қарағай» өлеңдерінде қарлығаштың ұясын бұзып, табиғатты оқ астына қалдырған зұлым жауға жеккөрушілігін білдіреді.

Соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанып, ел тілегін арқалаған солдаты, оның сезім күйін суреттеу қазақ ақындарының негізгі тақырыбына айналды.Бейбіт еңбекті үзіп, отан қорғауға аттанған солдат – көп өлеңдердің қаһарманы.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлеңдер негізінде екі түрліде жазылды. Бірі – жалпы жауынгерге тән сипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса,екіншісі нақты бір аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады. Бұлардың қайсысында болса да, жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады. Майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін мадақтауға арналған алғашқы өлеңдердің бірін «Гвардеец бауырларға» деген атпен С.Мұқанов жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауда ерекше көзге түсіп, панфиловшы – гвардияшы атағына ие болған қазақ жауынгерлерін құттықтады. Сол жауынгерлердің сыры, ойы, сезімі Ә.Тәжібаевтың «Майданнан хат» , «Жас қазақ», Ғ.Ормановтың «Блиндаждағы әңгіме», «Қаһармандар кескіні», Қ.Аманжоловтың «Елге хат», Д.Әбілевтің «Шылым» өлеңдерінде жаңаша бейнеленді. Бұларда солдаттың ерлігі елге жазған хат арқылы да, блиндаждағы әңгіме үстінде де суреттеледі.

Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б.Момышұлына, М.Ғабдуллинге, М.Мамыраевқа, Ә.Молдағұловаға, М.Мәметоваға, Т.Тоқтаровқа, т.б. арналған өлеңдер негізінен олардың ерлік жолының нақты фактісіне құралады. А.Тоқмағамбетовтің «Алтайдың ақиығы», «Мерген қыз», Ғ.Ормановтың «Полковник», «Мәлік», Ә.Тәжібаевтың «Сырласу», «Баласы», «Анасы», Қ.Аманжоловтың «Мартбек», Д.Әбіловтің «Қазақ қызы», Қ.Әбдіқадыровтың «Қазақ батыры Нұркен Әбдіров» сияқты өлеңдері осындай жағдайда туған. Бұл өлеңдерде ақындар тарихи адамдар ерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип есебінде даралауға тырысты. Бұл тұрғыда Ғ.Ормановтың сәтті ізденістері болғанын атау орынды. Оның қаһармандары ертегінің батырларындай әсірелеу жолымен емес, нақты адамдық жылылықпен жасалды. Балғын денелі, қыз мінезді, кішіпейіл Мәліктің сыпатынан ол елін, Отанын шексіз сүйген, үлкен жүректі, жауына кекті азаматты таниды. Ғали Бауыржан Момышұлының кескінінен де осы кекшілдікті, намысқойлықты көреді. Батырдың өскен ортасы мен достары, жары жайлы жылы ойларын, соларды қорғау жолындағы саналы күресін Ә.Тәжібаев тілге тиек етіпті. Оның Төлеген Тоқтаров туралы өлеңдері адамдық жылы сезімдерге толы.

Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеу, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың шығармашылығы ерекше бағаланды. Соғыс тақырыбы, әскери өмір суреттері Ә.Сәрсенбаевтың (1905-1995), Қ.Аманжоловтың (1911- 1955), Ж.Саинның (1912- 1961), Д.Әбіловтың (1907) ақындық талантын жаңа биікке көтерді.

Соғыс кезінде Украинада өзінің жауынгерлік жолын партизандар қатарында өткізген Ж.Саинның жырлары қазақ әдебиетіне бірінші рет партизандар тақырыбын алып келді. Ақын партизандық күрестің ерекшеліктерін , жау қолында қалған елі мен жерінің , бала-шағасының кегін қуып жүрген халық күрескерлерінің бейнесін жасады. Бір ұрыста жараланып, жолдастарына ере алмай қалған Жұмағали Луганск облысының Краменск ауданына қарасты Пшеничный хуторының тұрғыны Е.М.Маслованың қолында қалады.Жаралы партизанды іздеп фашистер бірнеше рет тінту жүргізеді. Бірақ ержүрек қыз ақынды жау қолына бермей, күтіп, жазып, қатарға қосады.

Майдан газеттерінің бетінде алғашқы өлеңдерімен көрінген С.Мәуленовтің «Нева жақтан жел еседі тамаша», «Танкистер», Ж.Молдағалиевтің «Батыр туралы баллада», «Сағындым Жайық», С.Сейітовтің «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірінің шындығын танытады.

Жауынгердің жан сезімін, елге, жерге деген сағынышын бейнелеу талабы махаббат пен адал достық күйлерін суреттейтін лириканы байытты. Ә.Тәжібаевтың «Жамал», Ғ.Ормановтың «Орамал», А.Тоқмағамбетовтің «Сүйген жарға», М.Хакімжанованың «Азбай күткен жар алтын», Қ.Бекқожиннің «Сағынып мен күттім» өлеңдерінде майдандағы солдатты рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббат күші танылады.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында жырланған өмірдің бір саласы – тылдағы еңбек тақырыбы. Тыл еңбегі арқасында Қазақстан соғысқа керек көмір, мыс, жез, мұнай өндірді, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындады. Әйелдер майданға кеткен ерлердің орнына станокқа тұрды, тракторға отырды, жылқы бақты. Осылардың еңбегін жырлау, тыл еңбеккерлерін ерлікке үндеу поэзияның басты міндетіне кірді. А.Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер» өлеңі осындай жағдайда туды.

Халықтың патриоттық рухын, Отан сүйгіштік сезімін танытуда туған ел, отан тақырыбына жазылған өлеңдер де едәуір пайдалы қызмет атқарды. Әсіресе, шағын лирика көлемінде ел тұғырының мықтылығын, жауға берілмес күшті қуатын Ғ.Орманов тапқырлықпен жырлады. Оның «Қарағай», «Емен» өлеңдерінде жапырағын жау оғы жұлған қарағай мен емен тамырының тереңге кеткені, оны еш дауыл құлата алмайтыны бейнелі суретке түсті. «Гүл» атты лирикасында жау өртеп кеткен күл ішіне шыққан жалғыз тал гүлді жаңғырған өмірге балайды.

Отан соғысының ерлік оқиғалары эпикалық поэзияға көп материал берді. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Қ.Бекқожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбіловтің «Майданбек», М.Хакімжанованың «Мәншүк», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», І.Есенберлиннің «Сұлтан» поэмалары соғыс майданы шындығын нақты деректер шеңберінде жырлауға құрылған поэмалар.

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің идеялық-көркемдік қуатымен ерекше бағаға ие болды. Қасым онда Абдолланың өлер алдындағы ерлігін танытар бір эпизодты суреттеу арқылы жаңа заман батырының бейнесін, отты тұлғасын көрсете білді. Өр сезімді ақын :

Құдірет күші – жер жаһанның

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ашу-кегі

Орна менің кеудеме кеп,

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл, жүрек!-

деп қайтыс болады. Қасым кейіпкерінің ерлік ісін лирико-романтикалық сарында жырлайды. Ғ.Мүсірепов мұны «Майданнан соққан жаңа леп» (Соц. Қаз. 1944,6.06) деп бағалады.

Жазба әдебиетпен қатар халық поэзиясы да соғыс кезі шындығын жырлаған шабытты толғаулар туғызды. Қарт ақын Жамбыл «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті» өлеңдерінде жаудан кек алуға шақырды. Оның «Ленинградтық өренім», «Майданға хат», «Балама хат», «Жүз жасаған жүректен» өлеңдері отан қорғаушыларға дем берді.

Жалпы алғанда, соғыс тақырыбын жырлау қазақ поэзиясын едәуір байытты.


Баубек Бұлқышев

Жоспар

  1. Өмірбаяны

  2. Шығармалары

(1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1935). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп (1937), көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Бұлқышев Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаїармандықпен қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республика баспасөз беттерінде жариялады, оның “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” (жас қазақ әскерінің хаты) деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетінде жарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов қазақ тіліне аударып, республика “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жариялады. Бұлқышев шығармалары әдеби жинақтарда (“Жизнь солдата”, М., 1946; “Журналисты в шинелях”, А.-А., 1968; “Есімізде қанды майдан жорықтары”, А., 1968) басылды, жеке кітап болып жарық көрген.[2][3]

Жұмағали Сайн

Жоспар

  1. Өмірі

  2. Өлеңдері

(1912-1961) – қазақ ақыны, Отан соғысына қатысушы. 1930 жылы Петропавл педагогикалық техникумын, 1931 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтының даярлық бөлімін, 1932 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1957 ж. Қарағанды  облыстық  халық  ағарту  мекемесінде қызметкер, «Жас алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 1932-1941 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы») баспасында  редактор  әрі  Қазақстан  Жазушылар  одағының жастар мен балалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, Қазақтың  мемлекеттік  филармониясының, Республикалық халық шығармашылық үйінің  директоры, «Жаңа өмір» және «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960 жылдан  «Қазақ әдебиеті» газетінің  бас редакторы қызметтерін атқарған.

Жұмағали Саинның тұңғыш өлеңдер жинағы - «Бақыт жыры» (1937),  «Жорық жылдары» (1944), «Айғақ» (1948), «Алтай» (1950), «Жылдар» атты өлең жинақтары мен «Құнарлы күз» очерктері . Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.

  КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше  медальдармен  марапатталған.  

Ж.Сайн шығармалары әскери тақырыпты толықтыруға қызмет етті. Ол бұл тақырыпта «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» сияқты әдемі лирикалық өлеңдер тудырды. «Есімде Айдар өзені» - қазақтың әскери поэзиясының үздік өлеңдерінің бірі. Онда Айдар өзені бойындағы ұрыс пен неше түрлі сезім арпалысын басынан кешірген солдаттың жан дүниесі түгел көрінеді. Жауынгерлердің жеңімпаз қуаты, жараланғандар мен қаза тапқандар жайы, отан тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза-намысы, халықтар достығы өлеңнен көрініс тапқан.

Маңдайында қос сызық,

Майдан жолы – оқ жолы.

Сәл қисықтау бітіпті

Сол иығы, сол қолы.

Бұл – майдан солдаты Тілеу бойындағы белгілер.

Мәлік Ғабдуллин

Жоспар


  1. Өмірі

  2. Шығармалары

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы

мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.



М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет