Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: қолды жоғары көтеріп (екі жаққа созып), артқа серпу, екі қолды алма кезек жоғары-төмен серпу, қолды иыққа қойып, алға-артқа айналдыру, басты оңға-солға ию, қолдың ұшын аяққа тигізу, жоғары созылып қолды көтеріп қайтып орнына келу.
Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: денені оңға (солға) бұру, тізені көтеріп, иекке тигізу; еңкейіп, қолды аяқтың ұшына, жерге, өкшеге тигізу; тізерлеп тұрып, бір аяғын алға (жанына) созып, соған қарай еңкею, екі қолын жоғары көтере артқа созылып шалқаю; малдас құрып отырып қолымен тіреп тұру және отыру; екі қолын жоғары соза шалқайып жатып, оңға (солға) аунау; етпетінен жатып, аяқ-қолын соза жоғары көтеру; шалқасынан жатып, қолдың көмегінсіз отыруды қайталау.
Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: денені тік ұстап, екі қолын алға соза тізесін бүгіп отырып, тұру; қолды жоғары (желкеде) ұстап, аяқтың ұшымен және өкшесімен тұру; отырып аяқтың ұшын буыннан айналдыру, башпайларын қимылдату; бір аяғын алға созып, қолды тізесіне тіреп төмен-жоғары серпілу; жүресінен отырып жүру; допты екі аяқтың тізесіне қысып ұстап жүру.
Бұл жаттығулар үшін 500г тығыздалған доп, таяқшалар, секіртпе, арқан, кубтар және тағы басқа құралдар пайдаланылады.
Заттар мен затсыз орындалатын жаттығулар кезінде бастапқы қалыпты ұстау аса қажет: тұрыс – аяқтар бірге немесе сәл алшақтау; қол – белде, арқада, желкеде, жанында, жоғары көтеріп; жүреден отырған кезде аяқтың ұшына, кеудені тік ұстап, жатқан кезде аяқтар бірге, қол созулы;
Бір бағыттағы және әр түрлі бағыттағы қимылдарды аяқпен, қолмен баяу (жылдам) орындау; Тығыздалған допты көтеру, түсіру және домалатуды алдымен көрсету.
Би қимылдары.
Би қимылдарының түрін және бағытын өзгерте отырып орындау.
Өлец айтып жүріп, аяққа (қолга, денеге) арналған би қимылдарын жасау;
Шеңбер жасап тұрып, ортаға бірнеше баланы, шығарып, қазақ және басқа да ұлт билерін билету;
Жастарға лайықты музыка ырғақтары бойынша билеп үйрену.
17
Достарыңызбен бөлісу: |