Программалық жасақтама Компьютер жадысы Басқару құрылғылары. Алқ. Жады регистрі І тарау



бет1/3
Дата26.03.2023
өлшемі3.32 Mb.
#471135
түріПрограмма
  1   2   3
1-тарау Компьютер конфигурациясы 1.1 такырып


КОМПЬЮТЕР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ.
АППАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

І ТАРАУ
1.Компьютер конфигурациясы
Компьютердің негізгі түрлері:
Компьютер (ағылш.to compute, computer – «есептеу», «есептегіш») – есептеулерді
жүргізуге, ақпаратты алдын – ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау,
қайта өңдеу, сақтау және нәтие шығаруға арналған құрылғы. Компьютердің негізгі
қызметі «есептеу» деп саналады. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі – басқару.
1.Үстел үсті дербес компьютерлер, моноблоктар;
2. Алып жүретін – ноутбук, нетбук, ультрабук;
3. Қалталы – планшет, смартфондар
Компьютердің конфигурациясы - компьютерде қолданылған құрылғылардың сипаты.
Сипатына қарай: кеңсеге (офисный), дизайнға, ойынға (игровой) арналған болып негізгі түрлерге бөлінеді және бағасы да соған қарай өзгереді.
Аппараттық жасақтама (Hardwere) - барлық есептеулер мен операцияларды орындауға қатысатын құрылғылар. Мысалы:процессор, жады түрлері, монитор, принтер, пернетақта, тінтуір т.б.
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша (материнская плата)- барлық бөлшектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын компьютердің тақшасы. Аналық тақша мыс өткізгіштер жолдар желісімен қапталған. Олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосылады.
Процессор (микропроцессор)- ақпаратты өңдейтін компьютердің миы. Аналық тақшада орналасып, барлық есептеулер мен операцияларды процессор орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегогерцпен (МГц) немее гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 1 Мгц секундына бір миллион ырғаққа тең, ал 1ГГц - 1 млрд. Процессордың үстінен салқындату мақсатында радиатор орнатылады. Олар әрүрлі типті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет