Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)



бет52/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158
kvalimetriya (1)

Бақыланатын параметрлері бойынша бақылау сандық, сапалық және альтернативті белгілеріне қарай үшке бөлінеді.

Бұйымның сапасын бақылауға алған кезде барлық бұйымдар екі топқа бөлінеді: жарамды және ақаулы. Мұндай жағдайда бұйымдар партиясы жалпы тексеруден өткізілген бұйымдардың ақауының үлесіне қарай бағаланады (ақаулық деңгейі).

Бұйымды сандық белгісіне қарай тексерген кезде әр бұйымды бір немесе бірнеше параметр бойынша қарайды және бұйымдар партиясын бағалау осы параметрлерді статистикалық сипатына сәйкес бөлу арқылы жүргізіледі.

Альтернативті белгісі бойынша жүргізілетін сынақ жекелеген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Ол үшін өнімнің өзіндік құны екі топқа бөлінуі тиіс: жарамды және ақаулы.

Кәсіпорындардағы сапаны бақылау төмендегіше жүзеге асырылады:


  • өнімді дайындаушылар және өндіріс мастерлары;

  • Техникалық бақылау және өндірістік лабораториялар қызметінің жұмысшылары;

  • Кәсіпорынға тапсырыс берушілердің өкілдері, егер бақылаудың бұл түрі келісім- шартта қаралған болса;

  • Тәуелсіз аудит кезінде сырт мекеменің болуы.

Сонымен, кәсіпорындарда жүргізілетін бақылау - өнімнің өмір сүру циклының бүкіл сатыларын, бүкіл технологиялық процесті және оның нәтижелерін, ақауы бар материалдар мен жартылай дайын өнімдердің кейіннен дайындалатын партиялар этапына түсіп кетпеуін түгел қамтуы қажет.

Қазіргі өндіріс шартына

сәйкес сапаны бақылау сапаны басқару жүйесінің міндетті қызметі болып табылады және оған жататындар:

1) бақылау объектілері:



  • өнімді өңдеу сатысында (құжаттар мен тәжірибелі үлгілер);

  • өндіру сатысында (кәсіпорынға келіп түсетін шикізат пен материалдар, жартылай дайын өнімдер, құрама бұйымдар мен құрал – саймандар; негізгі өндіріс өнімдері; технологиялық процестер мен тәртіп; өндірістік жабдықтар мен жабдықтау);

  • сақтау сатысында (өнімнің сақталу шарты);

  • тасымалдау кезінде (орау, тиеу және тасымалдау шарттары);

  • пайдалану сатысында (техникалық жағдайы, бұйымның пайдаланылу шарты; пайдаланғанда көрсететін қызметінің регламенті мен технологиясы);

  1. бақылау операциялары және олардың жүйелілігі;

  2. бақылау ережелері, әдістері мен жабдықтары;

  3. құжаттар;

  4. бақылау құралдарының механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтары;

  5. тиісті квалификациядағы орындаушылар.

Бақылау жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мен қызмет етуі көпшілік жағдайда, кәсіпорындағы еңбек пен өнім сапасын басқару жүйесіне тиімді әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет