«Шығарылатын өнім сапасы бойынша біріктіру қызметін талдау процедурасы» Біріктіру қызметің талдау үшін бастапқы мәліметтер экономика-статистикалық мәлімен және алғашқы есеп мәліметтерінің негізінде есептелетін бағалау көрсеткішінің жүйесі көмегімен ұйымға кіретін әрбір кәсіпорын қызметін жан-жақты бағалау болып табылады.
Жеке кәсіпорындардың бағалау көрсеткіштерінің жүйесі сол кәсіпорында кезең бойынша жайдан күрделіге, жеке, сомалықтан бастап ары қарай орташа, кейін кешенді содан кейін қажет жағдайда жиынтықтық көрсеткіштер есептеледі.
Жеке көрсеткіштерді есептеу үшін осы берілген көрсеткішке тән барлық «деффектілі» көлем қосылады. Бұл кезде кейбір жағдайларда оны ақшалық коэффициентке көбейтуге тура келеді.
Көрсеткіштер атауы және оған сәйкес дефектілі және жалпы көлем мазмұны алғашқы есеп журналынан алынады. Және сәйкес формула бойынша әрбір кәсіпорынның жеке көрсеткіштері есептеледі.
Кәсіпорынның жеке көрсеткіштері негізінде бағалау көрсеткіштерінің негізінде бағалау көрсеткіштерінің формуласы бойынша жеке бағалау көрсеткіштері есептелінеді.
Жеке көрсеткіштерге сәйкес дефектілі көлемнің өзгеруінен алынатын шартты экономия көрсеткіштері әрбір жеке көрсеткіш бойынша өткен және алдыңғы жылдың дефектілі көлемінің ерекшілігі болып табылады. Бұл мән теріс және оң болуы мүмкін, жалпы жылдық экономия «+», «-» белгілерін есекре отырып барлық жеке көрсеткіштері бойынша экономика шамасын қосып анықтайды.
Жоғарғы рангтегі бағалау көрсеткіштерін есептеу кезінде ұйымда қабылданған сараптау әдісімен белгіленген көрсеткіштердің салмақтық коэффициент ескеріледі.
Шығарылатын өнім сапасының құрылуына әсер ететін кәсіпорындар қызмет түрлерінің алынған бағасы шығарылатын мәлімет формасына енгізіледі.
Алынған бағалар көрсеткіштердің абсолютті жағарлауын анықтау жолымен талданады.
Әрбір кәсіпорыннан шығатын мәліметтер белгіленген мерзімде ұйым алады. /1 данада/ ал екінші данасы келесі кезенде талдау жүргізу үшін сақталады.
Ұйым кәсіпорыннан жіберілген мәлімет негізінде барлық ұйымдар қызметін бағалаудан құрылады. Бұл мақсатта берілген ұйым үшін ең маңызды бағалау көрсеткіштері жеке және жинақтық таңдалады.
Келген мәліметтер және алдыңғы жылғы тапсырмалар шешімі туралы мәліметтер негізінде ұйымда белгіленген ретімен таңдалған көрсеткіштер тобы есептеледі.