Мемлекеттік сынақтар - өнімнің белгіленген маңызды түрлеріне мемлекеттік комиссия немесе мекеме арқылы сынақ жүргізуге құқық беруден тұрады.
Қабылдау – тапсыру сынағы - жеткізуші (өндіруші) үшін міндетті болып табылады және ол сынақ тапсырыс беруші өкілімен бірге бірлесе отырып немесе келісім бойынша бір жақты жүргізіледі. Бұл сынақ келіп түскен өнімнің сапасы нормативті талаптарға немесе келісім – шарт талаптарына сәйкес келуін тексеру үшін жүзеге асырылады.
Мерзімдік сынақтар - жеткізуші (өндіруші) үшін міндетті болып табылады және дайындалған өнім сапасының нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келуін тексеру мақсатында жүргізіледі. Мерзімдік сынақ іріктеліп жүргізіледі. Сынақ жүргізуге арналған бұйымдар белгілі бір календарлық кезең ішінде өндірілген өнімді кездейсоқ сұрыптау кезінде таңдап алынады. Сынақ өнімнің стандартты талаптарына, қабылдау тәртібіне және сынау әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
Типтік сынақтар - әрбір жаңа өнім түрі әбден игерілген соң, сондай – ақ өнімнің сапасына немесе техникалық сипатына, құрылысына, өндіру технологиясына өзгеріс енгізілген жағдайда, материалдары өзгеріске ұшыраған кезде өндіруші арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |