ҚОРЫТЫНДЫ
Дидактикалық жүйелер уакыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841)дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Комменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтер болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл –ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ -жауап тәсілдері қолданылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы –тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі- тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.
Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар – үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары, дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Ы.Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан , «табиғат ақыл деп жазды, - ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмккіндік беретін - дүниелік білім ғана»,- деді [6]. Ы.Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту аркылы қазақ қоғамынық мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ,- деп түйеді Ыбырай.
Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса, сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиетінің қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет етуі, тәрбиесі. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамның баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсын деп айыруға болмайды, — дейді, Ыбырай. Ол адам психологиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың шешуші ролін жете түсінді. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен тәуелді еткісі келеді. Ыбырай жеке адамның даму жолын қоғам дамуымен байланыстырып, оның адам туралы түсінігі жеке адам «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» дейтін қағидаға сәйкес келді.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұкыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.
Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. Әңгімелерінде балаларды тапқырлыққа, табандылыққа үйретіп көп тұрмыс тауқыметі – еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болатындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен балалардың бос белбеу болбыр болатынын барынша келемеждейді. Ы.Алтынсарин әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының маңыздылығы» тақырыбындағы Дипломдық жұмыста жеке тұлғаны қалыптастырудағы анықталған мәселелер: Біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып,тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.
Екіншіден, жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.
Үшіншіден, жастардың, әсіресе, мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан.
Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |