байлықтың нақты жаны ашитын иесi болған жоқ. Ортақ байлықтар мен
ресурстар бей-берекет жұмсалды. Тиiмдiлiкке, үнемдiлiк пен сапаға негiзделген
Батыстың капиталистік экономикасы социалистік экономиканы шаңына
iлестiрмей кеттi. Социализмнiң Кеңес Одағындағы моделi экономикалық
тұрғыдан да, әлеуметтік-этникалық тұрғыдан да өзiн ақтаған жоқ. Қоғамдық
ӛмiрдiң негiзi түгел дерлiк терең дағдарысқа ұшырады. Кеңес халықтары КСРО-
ның адам мен халықтар келешегiн қамтамасыз ете алмайтындығын түсiндi.
Одақтың терең экономикалық дағдарысы халықтың моральдық- психологиялық
дағдарысына ұласты. Кеңес Одағындағы социализм деформацияланған, мүлдем
бұрмаланған қоғам екендiгiн халықтар бiлдi және осындай қоғамнан құтылуға
ұмтылды. «Халық бақыты» ұранымен жасалған социалистік идея өзiн ақтаған
жоқ.
Кеңес Одағы көп ұлтты мемлекет едi. Алайда елде дұрыс, әдiлеттi
ұлт саясаты
болған жоқ. Ұлттық ӛмiрдiң даму заңдылықтары схематизмге бағындырылды.
Одақта барлық халықтар үшiн түрi-ұлттық, мазмұны-социалистік мәдениет және
орыс тiлi ресми насихатталды. Елдегi 130-дан астам iрi және ұсақ халықтардың
тарих аренасынан жойылуы және жойылып кету үрдiсi басталды. Кеңес
халықтарының басқарушы КОКП-ның (Кеңес Одағы Коммунистiк партиясы)
ұлт саясатына наразылығы туды. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан
кӛтерiлiсi, Вильнюстегi, Бакудегi, Тбилисидегi антикоммунистiк кӛтерiлiстер
Кеңес Одағының шаңырағын шайқалтты. Себебi, ешбiр халықтың коммунизм
идеясы үшiн құрып кеткiсi келген жоқ. Кеңес Одағы оның құрамындағы
халықтардың бостандық пен егемендiкке ұмтылысынан құлады.
Кеңес Одағының жетекшi партиясы болған КОКП тек ұлт саясатында ғана емес
экономикалық саясатта да, басқару жүйесiн ұйымдастыруда да, келешектi
болжауда да қателiкке ұшырады. Сапаға емес
санға негiзделген шығынды
экономика қалыптасты. Ғылымды, адам қабiлетiн, технологияны дамыту
орнына Кеңес Одағында табиғат ресурстары аяусыз қаналды. Қазiргi
экологиялық дағдарыс себептерi де осыған байланысты. Саяси жүйеде әмiршiл-
әкiмшiл басқару үстемдiк құрды. Барлық мәселелердi бiр орталықтан -
Мәскеуден шешуге ұмтылыс жергiлiктi жерлердiң мүмкiндiгiн шектедi.
Коммунистiк партия ӛмiр шындығына сәйкес келмейтiн коммунистiк қоғам
құру, дамыған социализм, социализмдi жетiлдiру деген жалған идеялармен,
ұрандармен халықты алдап, утопиялық санамен ӛмiр сүрдi. Социализмдi
жалғандық пен жасандылық құртты.
Социалистік даму кезеңi қазақ этносына ӛте ауыр қайғы-қасiрет әкелдi.
Коммунистiк элита ұлан-байтақ жерi
бар қазақ ұлтын репрессиялау,
ассимиляциялау, мәңгүрттендiру арқылы жою мақсатын ұстанды. Қазақстан
жерi Ресейдiң меншiгiне айналуының патшалық билiк жүргiзген саясатын
большевиктiк билiк iстерi жасырын жалғастырды. Қазақ ұлтының шаруашылық
ұйымдастыру тәжiрибесiн меңгерген әлеуметтік топтары-байлар мен ауқатты
шаруалар құртылып жiберiлдi. Халықтың ұлттық менталитетi, қоғамдық-саяси
санасы оған жат, жалған таптық, бӛлiнушiлiк идеологиясымен ауыстырылды.
Жұрт жалған идеология мен жасанды құндылықтарға бiртiндеп сене бастады.
Қарапайым халық коммунистiк идеологияның қолшоқпарына айналып, 70 жыл
iшiнде ұлттық санадан, тарихи дәстүрден, ұлтжандылықтан алшақтады. Қазақ
ұлтының 3 ұрпағының санасы мен дүниетанымы деформацияға ұшырады. Осы
рухани трагедияның кесiрiн қазақ ұлты әлi күнге дейiн сезiнуде.
Байлар, ауқаттылар және қазақтың бiлiмдар, iскер, патриот азаматтары атылды.
Зорлықпен ұжымдастыру саясаты салдарынан 1931-1933
жылдардағы аштық
елдi қырып салды. Азамат соғысы кезiндегi қырғын, Ұлы Отан соғысындағы
жойқын опат, оның алдындағы ашаршылық апаты 1916 жылы 6 млн. адам
болған қазақ халқының 4 миллионын жойып жiбердi. 30 жылдай мерзiмде
социалистік революция мен социалистік тәжiрибе қазақ ұлтының 1/3-iн қырды.
Адамзат тарихында мұндай қасiреттi бастан кешiрген халықтар кемде-кем.
Этноцидтiк қыру саясаты 1960-1980-жылдары жаппай мәдениет ұраны қазақ
ұлтының мәдени-рухани ассимиляциялануын тереңдете түстi. Ана тiлi мен төл
мәдениетiнен безiнген, тiптен оны менсiнбейтiн орыстық шовинистiк
идеологияға бас ұрып, маргиналданған қазақ элитасы мен интеллигенциясы
қалыптасты. Олар өзiнiң тӛл ұлттық құндылықтары мен мүдделерiнен безiнiп,
орыстық, империялық құндылықтар мен мүдделер позициясына кӛштi.
Маргиналданған элита қазақ халқының болашағы жоқ деп есептедi.
Қазақтың
тӛл мемлекеттiлiгi құрылған шақта осы топ мүшелерi ӛздерiнiң сан жылдар
бойы санасына сiңген орыстандыру саясатынан құтыла алмады. Егемендiк алған
соң отарсыздандыру саясатының жүргiзiлмегендiгi, коммунистiк доктриналарға
қарсы белсендi үгiт- насихат болмауы, ұлттық тiл мен мәдениеттiң дағдарыстан
шықпауы Қазақстанның саяси элитасының дүниетанымы мен әрекетiндегi
осындай қайшылықтарға байланысты.
Ақпараттағы, тiлдегi, дәстүрлер мен дiлдегi орыстану тәуелсiздiк алғаннан кейiн
де тоқтамауы елдiң саяси дамуына, демократиялық реформалануына өзiнiң
әсерiн тигiзбей қойған жоқ. Бiрiншiден, Қазақстан көп мәселеде Ресейдiң
империялық саясатына тәуелдiлiктен шыға алмады. Соның кесiрiнен
экономикалық
реформалар
мен
iрi
экономикалық-финанстық
және
инвестициялық жобалар Ресей мемлекетiнiң мүдделерiн есепке алып отырды.
Екiншiден, саяси дүниетаным мен саяси реформалар Ресейдiң саяси-әкiмшілік
жүйесiне өте ұқсас болды. Парламентаризм,
сот билiгi, билiк тармақтарының
нақты бөлiнуi, жергiлiктi билiк құзырының нығайтылуы сияқты демократиялық
қоғам негiздерi нашар дамыды. Вертикальды президенттiк басқаруға негiзделген
атқарушы билiк екi елде де мықты. Демек, Ресейдегi сияқты Қазақстанда да
авторитарлық саяси жүйе мен атқарушы билiктiң басымдылығы сақталды.
Әрине Қазақстанда Батыстың дамыған демократиясы мен саяси жүйесiн қысқа
мерзiмде жасау мүмкiн емес. Қазақстанның басқарушы элитасында саяси
реформалар жасаудың, тәуелсiз мемлекеттi басқарудың тәжiрибесi мүлдем
болған жоқ. Қазақ элитасы саяси бай тарихы бар, тәжiрибелi орыстық
басқарушы элитаға ерiксiз жалтақтады. Бұрынғы метрополиядан үйренгiсi келдi.
Қазақтың орыс тiлдi элитасы Ресеймен бiрiгуге, одақтасуға,
тiптен оған бодан
болуға құштарлық кӛрсетiп келедi. Қазақстанның саяси элитасында ұлттық
сiлкiнiс, ұлттық патриотизм жетiспедi. Кеңес Одағы құлағаннан кейiн саяси
билiктi иемденген этноэлита ұлттық мақсат мүдделер деңгейiнен шыға алмады.
Тәуелсiздiктiң 1991-1995 жылдардағы алғашқы кезеңдерi тым терең дағдарыста
болуының себебi де осында.
Қазақ ұлты тәуелсiздiктi ғасырлар бойы аңсады. Үш ғасырға жуық Ресей
империясының бодандығында болу қазақ халқын бiртiндеп құру табалдырығына
әкелдi. Бодандық жалғаса берген жағдайда қазақ этносы ұлттық белгiлерiнен
айрылып, ассимиляцияланған тобырға айналатыны сӛзсiз болатын. Оның кең
байтақ, табиғи байлықтарға толы жерi басқа халықтың иелiгiне айналған болар
едi. Қазақ ұлтының осындай ауыр қасiретке ұшырамауы үшiн ең алдымен
тәуелсiз мемлекет құру ауадай қажет едi. Егемендi мемлекет құру iсi саяси
тәуелсiздiк алудан басталды. Қазақ халқының саяси тәуелсiздiк алуына ХХ
ғасырдың 80- жылдарында Кеңес Одағының терең дағдарысқа ұшырауы қолайлы
жағдай туғызды. Сол кезеңдегi тарихи-саяси
ахуалды пайдаланып, Қазақ КСР-
iнiң ұлтжанды ӛкiлдерi және сол кезеңдегi республика басшылығы Қазақстанды
қақтығыссыз, бейбiт жолмен Кеңес Одағы құрамынан шығарып, егемендi
мемлекет етудiң жолдарын қарастыра бастады.
Достарыңызбен бөлісу: