Пәнінен Оқу әдістемелік кешен



бет9/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41

Микробтар клеткасындағы құрғақ заттың басым көпшілігі белок заттары. Оның мөлшері құрғақ заттар 50-80 % дейін барады.


Микробтар клеткасында белок мөлшері тұрақты болмайды. Ол микробтың жасына қоректік ортаның құрамына байланысты. Қоректік орта азотты заттарға бай болса сол ғұрлым клеткасындағы белокта көп болады.

Микробтар клеткасының басқа күрделі белоктардан глюкопротеидтер липопротеидтер, хромопротеидтер және көптеген ферменттер кездеседі.

Көмірсулар. Жалпы микробтар клеткасында көмірсулардың мөлшері 12-28 % шамасында болады. Көмірсулар дегеніміз- құрамына көміртегі, су тегі және оттегі кіретін органикалық қосылыстар.

Миносахаридтер энергияның көзі, сонымен қатар құрылыс материалы қызметінде атқарады.

Моносахаридтер – суда жақсы еритін түссіз заттар, олардың бәрінің ұнамды тәтті дәмі болады. Моносахаридтерге глюкоза, фруктоза, галактоза жатады.

Дисахаридтер - 2 молекулалы моносахаридтерден тұрады. Оған сахароза, мальтоза жатады. Суда жақсы ериді.

Полисахаридтердің - ішіндегі ең маңыздысы және ең көп тарағаны - крахмал (өсімдіктерде) гликоген (жануарларда) және клетчатка (целюлоза). Мұның басым көпшілігі гидролиздену кезінде жай қантқа айналады полисахаридтерден тұрады.

Майлар - бактерия клеткасында майлар мөлшері, оның құрғақ затының

10 % алады. Көбінесе ол клетка қабығының құрамында болады. Олар клетканың қор заты ретінде сақталады. Майлар ыдырағанда олардан тіршілік сақталады. Майлар ыдырағанда олардан тіршілікке қажетті энергия көптеп өнім шығады.

Вирустардың химиялық құрамы бактерияларға қарағанда басқаша болады. Онда негізінен нуклеопротеидтер көп кездеседі. Вирус белоктары 16-20 амин қышқылдарынан тұрады. Олар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Белок және нуклейн қышқылдарынан басқа вирус құрамында углеводтар мен майлардың да болатыны анықталды. Бұл вирустың бейімделгіштік қасиетіне көп көмегін тигізеді.



IX- лекция

Микроорганизмдердің қоректенуі


Жоспар

  1. Галофитті, голозайлы

  2. Автотрофты

  3. Гетеротрофты


Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :
1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  1. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

  3. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  4. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  5. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  6. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  7. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  8. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  9. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

  10. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  11. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.

  14. Квасников И.Е., Нестренко О.А. Молочнокислые бактерии и пути их использования.-М.: Наука, 1975.

Микроорганизмдерге де басқа тірі организмдер сияқты керек етеді. Бірақ микроорганизмдердің бір айырмашылығы бұларда ауыз қуысы болмайды, қоректік затты бүкіл денесінің сыртымен қабылдап, сіңіреді. Сондықтан болса керек сыртқы орта мен клетка арасында зат аламасу өте тез жүреді. Қоректену процесі шапшандығы түрлі жағдайларға байланысты. Солардың ішінде қоректік заттар концентрациясының зор маңызы бар. Клетка құрлымын, оның қабығының еріген қоректік заттарды өткізгіштігі де едәуір роль атқарады.

Бұны галофитті қоректену деп атайды. Сонымен қатар тірі организмдер қоректенуінің екінші түрі-голозайлы тәсіл. Мұнда қоректік заттардың қатты түйірлері қармалады немесе жұтылады, содан соң ғана қортылады. Бұл негізінен жоғары сатыдағы жануарлар мен қарапайымдыларға тән.

Клеткаға су өнебойы енгеннің өзінде цитоплазма ісінбейді, клетка қабығынан ажыраспай, бастапқы қалпында жабысып тұрады. Бұл клетка ішіндегі заттар қысымының болуына байланысты. Осы қысымды тургор тасымалдау деп атайды.

Сыртқы орта заттарының цитоплазмалық мембранадан өтуінің төрт түрлі механизмі бар: пассивті диффузия, жеңілденген диффузия және топтарды тасымалдау.

Пассивті диффузияда заттар цитоплазматикалық мембрана арқылы оның екі жағындағы заттар концентрациясының айырмашылығы арқасында өтеді. Мұндай жолмен цитоплазмадан тек қана оттегі және кейбір иондар ғана өте алады. Бұл процесстің тез шапшандығы өте төмен. Ал көпшілік еріген заттардың мембрана арқылы өтуі арнаулы тасмалдаушы – молекулалар болып есептеледі.

Көпшілік заттар микроорганизмдер клеткасында активті транспорт тәсілімен түседі деп есептелінеді. Бұған қажетті энергия (АУФ) тыныс алу немесе ашу процестері барысында қамтылады. Осы тәсілмен клеткаға көбнесе концентрациясы аз табиғи заттар өтеді. Мұндай жол тек энергияға бай аденозин үш фосфоры көмегімен атқарылады.

Көптеген микроорганизмдерде қанттың клеткаға еңуі топтарды тасымалдау жолымен өтеді. Мұнда заттар клетка ішінде фосфат эфирі сияқты өзгерген түрінде енеді. Ал тасмалданған заттардың химиялық құрамы осы процесс кезінде өзгермейді.

Қоректік заттар ерітісіндегі заттардың концентрациясы артқанда клеткада суда азаяды. Цитоплазма жиырылып, кішірейіп, клетка қабығынан ажырап кетеді. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Осындай құбылыстан кейін клетка өліп қалады. Микроорганизмдер тіршілігін тежеу үшін ортаны ас тұзы немесе қанттың жоғары концентрациясына қанықтырады.

Егер ортадағы еріген заттың концентрациясы клетка шырының концентрациясынан төмен болса (мәселен тазартылған, яғни, дистиленген су) плазмолизге қарама-қарсы құбылыс плазмоптиз п.б. Цитоплазмаға сыртқы ортадан су көп еніп кетеді де, ол ісініп, пішінін жояды, ақыр аяғында жарылып кетеді.

Фотосинтез немесе анорганикалық қосылыстар көмегімен энергия алуға бейімделген микроорганизмдер басым көпшілігі көміртегі көзі ретінде көмір қышқыл газын пайдаланады. Басқа организмдер клеткаға қажетті көміртегіні негізінен орагникалық заттардан қабылдайды. Органикалық заттар тек қана көміртегі емес энергияның көзі ретінде де қолданылады. Табиғи қосылыстардан мұндай заттардың құрамында полисаридтер целюлоза және крахмал мол болады.

Қазіргі замандағы қабылданған классификация бойынша энергия және көміртегі көзіне байланысты микроорганизмдерді бірнеше топтарға бөледі.

Энергия көзін пайдалануына қарай күн көзінің жарығын тұтынушы – фототрофтар және энергиялық материал ретінде әр түрлі органикалық және органикалық емес заттарды қолданылатын-хемотрофтар деп ажыратады.

Фототрофия қоректену типі екіге бөлінеді:



  1. Фотолитрофтар-көмір қышқыл газы (СО2) мен органикалық емес (Н2О,Н2S,S) қосылыстардан клеткаларына қажетті заттарды синтездеу үшін күн көзінің энергиясын қолданады, яғни фотосинтез арқылы қоректенетін микроорганизмдерге цианобактериялар, қошқыл күкірт бактериялары, жасыл күкірт бактериялары жатады.

  2. +Фотоорганотрофтар-клеткаға қажетті заттарды синтездеу үшін энергияны тек фотосинтез құбылысы ғана емес, сонымен бірге жай органикалық қосылыстардан да алуға бейімделген.

Микроорганизмдер

Хемотрофия қоректену типі де екіге бөлінеді:



  1. Хемолитоавтотрофтар-тіршілік ету үшін энергияны органикалық емес қосылыстарды (Н2, NO2,NH4, Fe, H2S, S, SO3, S2O3, CO) және тағы басқаларды тотықтыру барысында қамтиды. Бұл процесті хемосинтез деп атайды. Бұларға темір және нитрификциялаушы бактериялар жатады.

  2. Хемоорганогетеротрофтар-энергия мен көміртегін органикалық қосылыстардан қамтиды. Бұған топырақта және басқа да субстраттарда тіршілік ететін көптеген аэробты және анаэробы микроорганизмдер жатады.

Көміртегін сіңіруіне қарай барлық микроорганизмдерді автотрофтар және гетеротрофтар деп бөледі.

Автотрофтар-органикалық көміртегіні мұқтаж емес олар көміртегін, ауадаға көмір қышқылынан кейбір минерал заттар тотыққанда бөлінетін энергияның көмегімен, яғни хемосинтез жолымен алады.

Гетеротрофтар-көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады. Гетеротрофтардың автотрофтардан айырмашылығы-олар көміртегін көмір қышқылынан сіңірген кезде энергия ретінде минерал қосылыстарды пайдалана алмайды. Бұған көптеген шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар, түрлі ауыру тудырушы микроорганизмдер жатады.

Гетеротрофтар – метатрофтар және паратрофтар болып 2-ге бөлінеді.

Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктердің және жануарлардың өлекселерімен қоректенеді, яғни көмір қышқылын осындай органикалық заттар ыдырағанда қамтиды.

Паратрофты микроорганизмдер тіршілігі үшін тірі белоктар қажет. Олар тірі организмде тіршіік етуге бейімделеген. Бұған адамдағы, жануарлар мен өсімдіктердегі түрлі ауру қоздырғыштар жатады.



Азот тіршілік үшін, соның ішінде микроорганизмдер үшін аса қажетті элемент. Азот жоқ жерде тіршілік болмайды. Әрине әр түрлі микроорганизмдер үшін қажетті азот көзі де түрлеше. Азотты сіңіру қаблетіне қарай микроорганизмдерді үш топқа бөледі:

  1. Аминоавтотрофтылар - олар өз белогын азоттық минерал қосылыстарынан немесе азоттың қарапайым қосылысынан синтездейді. Бұған мәселен мочевина жатады.

  2. Аминогетеротрофтылар - бұлар жай қосылыстарда (минерал тұздары) кездесетін көміртегі мен азотты амин қышқылдары түзеді. Бірақ олардың тіршілігі үшін таза күйіндегі амин қышқылдары да қажет.

  3. Ауру қоздырғыш бактериялар азотты тірі организм белогынан қамтиды. Көпшілік микроорганизмдерді өсіру үшін, белок немесе оның ыдырау өнімдері қажет. Оларды жасанды қоректік ортаға қосып, микроорганизмдер өсіреді.

Микроорганизмдердің бір қалыпты өсіп-өнуі үшін бор, мырыш, марганец, кобальт, никель, иод, бром, молибден, уран, торий, т.б. сол сияқты элементтер де қажет. Бұлардың бәрі микроорганизмдердің физиологиясы үшін елеулі роль атқарады.
Х-лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет