Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет45/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір 
әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия 
жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы 
көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден 
көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия 
жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын 
ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол 
маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс. 
Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті 
суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды 
жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін 
жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және 
ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай 
экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс. 
Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және 
химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда 
оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар 
аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да 
баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық 


обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор 
шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т. 
Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият 
әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала 
танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп 
алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін 
күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім 
жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, 
мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. 
Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, 
экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді.
Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында
оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына 
экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші 
адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар 
экскурсиядан көп әсер алады. 
Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме 
түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның 
мақсаты, баратны обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар 
аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге 
қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия 
материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың 
экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті 
жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын 
қамтамасыз ету. 
Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты кестелар, диафильмдер, немесе кино, 
т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет 
экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы 
айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың 
маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай 
тұрған кезде, клесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, 
түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған 
мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір 
экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда 
оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада 
қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда 
экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға 
болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде 
экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың 
әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады. 
7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет