Пәнінен syllabus


Әдебиет: Практикалық сабақта көрсетілген



Pdf көрінісі
бет48/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
SYLLABUS ФОТ

ӘдебиетПрактикалық сабақта көрсетілген. 
 
СЕГІЗІНШІ АПТА. 
 
 
№ 15 дәріс. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері
 
Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың 
әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Жоспар: 
1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар 
2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары 
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен 
дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды 
деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, 
дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, 
олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі 
шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. 
Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының 
дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. 
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың 
сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс 
жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей 
мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. 
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық 
қабілеттерңн арттыру.Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз 
бетінше жұмыс істеуге үйрету. 
Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру. 
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа 
бөлінеді: 
1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған 
физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: 
бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу. 
 физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр 
балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау). 
 физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, 
физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар 
жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу. 
 оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- 
баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау 
және өлшеулер жүргізу). 
Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, 
оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс 
оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет