3 Экскурсияны өткізу әдісі
Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия
оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау
ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім
беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-
экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика
жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының
жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап,
белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен
ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.
Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа
бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және
құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және
іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу
сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық
келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық
тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере
алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия
жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой
дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы
оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия
материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап
етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін
ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас
түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір
жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып
отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де
жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын
көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |