Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет46/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физкиадан алғашқы теориялық білімдерін 
нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының 
бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі 
тараудың материалдары бірдей қамтылады. 
Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, 
Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде 
көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. 
аспаптармен таныстыру. 
Экскурсияның қорытныдылау тәсілдері. Экскурсия қортындысын шығару әңгіме 
түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көген-білгендерін сыныпта баяндап береді. 
Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары: 


1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
2. Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі. 
3. Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын 
оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі. 
Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» таруын оқып 
болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша 
адиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты 
станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып 
берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды. 
Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып
оқушылар ғылыми-ехникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар 
жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда 
өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу матреиалын шын 
ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет