-өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды
бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық
және хрестоматия
әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
-қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды
пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде
қорытынды
жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін
дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
-оқушыларға
адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру,
еңбек етуге дайындау;
-оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар,
заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде
физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
-физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың
жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі
бастапқы қағидаларын
қолдана білуге үйрету;
-оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың,
заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру,
құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;
-оқушыладың алған теориялық білімдерін,
табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста
кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде
қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;
-оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар
мен қондырғыларды пайдалана
білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;
-оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;
-оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай
білу;
-физикалық
жаттығуларды,
эксперименттік
және
оқыту
тәжірибелерін,
лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: