Дәріс 4. Тақырыбы:Массивті, матрицаны түрлендіру.
Мазмұны: 1. Массивті, матрицаны түрлендіру. 2. Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау Массив деп 1 атпен аталатын, саны алдын-ала анықталған бір типті элементтер жиынын атайды. Массивті 2 түрде сипаттауға болады:
1. Айнымалылар бөлімінде сипаттау үлгісі: Varмассив аты: array [массив индексінің аралығы] ofэлемент типі; (array- массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.
2. Типтер бөлімінде сиппаттау үлгісі: Type тип аты =array [массив индексінің аралығы] ofэлемент типі; Var массив аты: типтің аты; Массивті типтер бөлімінде анықтау программаны оқуды көп жеңілдетеді және ол программалаудың жақсы тәсілі болып табылады.
Массив бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица), жалпы алғанда n өлшемді болады. n жолдан, m бағаннан тұратын екі өлшемді массив былайша сипаттайды:
Var массив аты: array [1..n, 1..m] ofэлемент типі; Матрица элементтерін енгізу циклінің жалпы түрі:
for i:=1 to n do begin
for j:=1 to m do
read (a [i, j]); readln;end;
Матрица элементтерінің қалпын сақтап экранға шығару циклінің жазуының үлгісі:
for i:=1 to n do
begin
for j:=1 to m do
write (a [i, j]); writeln;
end;
Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау. Есеп 1. А[1..5] массиві және N саны 2 қатарға берілген. N санын А массивінің элементтерінің қосындысына жіктеп, осы элементтердің нөмірін табыңдар. (барлық тәсілді қарастырып, егер жоқ болған жағдайда сәйкес хабарлама шығарыңдар.)
Енгізу мысалы:
1 3 2 1 4 6 Шығару мысалы:
1 2 3 1 4 5 2 3 4 3 5 2-есеп. hp2.in кіріс файлында A[n,n] квадрат матрица берілген.Оның бірінші және соңғы, екінші және (n -1)-ші т.с.с. жолдарының орнын ортаңғы жолға дейін алмастырыңдар. n-нің жұп және тақ болатын жағдайларын қарастырыңдар.Нәтижені hp2. out шығыс файлына шығарыңдар.
1) Кіріс файлы hp2.in.
4
1 2 3 4
5 4 3 6
5 8 7 9
8 9 7 0
Шығыс файлы hp2.out.
8 9 7 0
5 8 7 9
5 4 3 6
1 2 3 4