Дәріс 2. Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру функциялары мен процедуралары. Мазмұны: 1. Символдық айнымалыларды түрлендіру функциялары мен процедуралары 2. Олимпиадалық есептерді программалау Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары. Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.
Concat (a1, a2)- функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді. (concat- конкатенация- біріктіру). Функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады.
Copy (a, n, k)- функциясы ажолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.
Pos (a1, a2)- функциясы а2жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а1 жолы жоқ болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.
Әрбір символға компьютерде 0 мен 255 аралығындағы бүтін санды код сәйкес келеді. Символдар кодының кең тараған түрі ASCII коды. (American Standard Code for Information Interchange- ақпарат алмасу үшін арналған Америкалық кодтар стандарты ). ASCII- де символдардың коды 32-ден басталады. 0-ден 32-ге дейінгі компьютердің ақпаратпен түрлі жұмыс істеуіне арналған басқарушы кодтар.
Паскаль тілінде символдың ASCII кодтар кестесіне сәйкес кодын анықтайтын және оған керісінше, 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды кодқа сәйкес символды беретін 2 қарама-қарсы стандарт функциялар бар.
Ord функциясы символдың сәйкес кодын табады. (Ordinal value- реттік мәні)
Chr функциясы кодқа сәйкес символды береді. (character-cимвол)
Символдық айнымалылырды түрлендірудің стандарт процедуралары.
Delete (a, m, n)процедурасы a жолдың m-ші символынан бастап n символ жоюды жүзеге асырады.
Insert (a1, a2, n) процедурасы a1 ішкі жолын a2 жолының n нөмірлі символынан бастап а2 жолының арасына апарып қояды, а2 жолының қалған символдары соңына қарай ығысады.