Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері:
-
Өндіріс рентабельділігі:
-
АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны.
-
Кнег – негізгі қорлар құны.
-
Бұйым рентабельділігі:
-
Айналым рентабельділігі:
-
Vр – айналым (сату көлемі).
-
Капитал рентабельділігі:
2. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді
1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет.
Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды.
Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар).
Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.
Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.
Фирма инфрақұрылымы:
-
өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;
-
өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.
Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға.
Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;
-
зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;
-
онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;
-
ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;
-
фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.
2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер)
Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets):
-
маркетингілік қызметке (Marketing);
-
зерттеулерге және дамытуға (Research and development);
-
үстеме шығындар (Overhead);
-
әкімшілік шығындар (Department overhead);
-
рентаны төлеу (Rental costs);
-
өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);
-
өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).
Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.
Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.
3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер
Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер:
-
жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;
-
таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда;
Салыстырмалы көрсеткіштер:
-
пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);
-
пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);
-
пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);
-
пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);
-
пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды.
Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады:
-
сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);
-
сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets);
-
айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);
-
материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).
Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.
Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:
-
негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы;
-
капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees).
4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады.
Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда.
Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.
Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:
Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.
Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды
Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген.
Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды.
Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..
Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды.
Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды.
Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt).
Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:
1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу жолдары қандай.
2. Рентабельділік көрсеткіші.
3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
Әдебиет
1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.
3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234-276 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180-208 б.
4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 54-68 б
5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.
Тақырып 7. Өндірістік қуат. (2 сағат)
Дәріс жоспары:
1.Өндіріс қуаты туралы түсінік және оның түрлері,есептеу әдісі.
2.Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
3.Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.
4.Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.
Дәріс:
1. Өндіріс қуаты туралы түсінік
1.Кәсіпорынның өндіріс қуаты - жабдықты,өндірістік ауданды,озық технологияны және еңбекті ұйымдастыруды толық пайдаланып,берілген номенклатурамен, уақыттың белгілі кезеңінде өнім шығарудың максимальды мүмкіндігі. Өндіріс қуаты натуралды және шартты –натуралды өлшем бірліктермен анықталады.
Өндіріс қуатымен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді,яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі мәлімметтер қолданылады:
1.Жабдық саны,құрамы және техникалық жағдайы, өндірістік аудан туралы мәлімметтер.
2.Жабдық өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімдердің еңбек сыйымдылығы.
3.Жабдық жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі.
4.Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық қатынасы.
Номенклатура-кәсіпорында шығарылатын өнім атауларының тізімі.
Ассортимент-бір түрдің ішіндегі өнім түрлерінің тізімі.
2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
Кәсіпорынның өндіріс қуаты негізгі цех,участке қуаты бойынша анықталады.Цех,участке өндіріс қуаты негізгі болып табылатын жетекші жабдық бойынша анықталады.
Өндіріс қуатын анықтаудың 2 негізгі әдісі бар:
-негізгі жабдықты бөліп көрсетуге болатын цехтар үшін:
М = Тэ ti *q
Мұндағы Тэ-жабдықтың жұмысының тиімді уақыты
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
q-бір типті жабдық саны.
Жетекші жабдық жоқ цехтар үшін:
М = ( Тн * S) (ti * s)
Тн-цех уақытының номинальды қоры
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
S-цех ауданы
s-бір жұмыс орнының ауданы.
Сменалық қуатты есептеу жетекші жабдықтың,яғни технологиялық процесте басты операцияны орындайтын және ең қымбат жабдықтың өнімділігіне қарап жүргізіледі.Егер жетекші жабдық бірнешеу болса,олар біртекті операция орындаса,онда өндіріс қуатын табу үшін олардың жұмыс өнімділіктерін бір-біріне қосады.Ал егер олар әр түрлі операция орындаса,онда бұлардың ішінен жұмыс өнімділігі ең аз жабдыққа қарап есептейді.
Жабдықтар үзіліссіз және үзіліспен істейтін болып бөлінеді.Үзіліссіз істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = ( Тсм -Тр)*Нс.ө.*К
Тсм - сменалық қуат,сағ
Тр – тәртіппен белгіленген үзіліс уақыты,сағ
Нс.ө.-жабдықтың сағаттық өнімділігі
К-жетекжі жабдық саны.
Үзіліспен істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = (Тсм-Тр / Дц) * (Еr * К / Нr)
Дц – цикл ұзақтығы,мин
Еr –жабдықтың жұмыс сыйымдылығы;кг,м 2,т
Нr –шикізат тұтыну нормасы,егер жұмыс қуаты дайын өнім тоннасымен есептелсе қолданылады.
Конвейерлік жолдың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = L* H / a * b
L – аспалы жолдың жұмысты орындайтын бөлігінің ұзындығы,м
H – бір метр аспалы жолдан түсірілетін өнім нормасы
а-жолдың өнімділігін ескеретін түзету коэффициенті
в-өндірілетін малдың орташа массасын ескеретін түзету коэффициенті
Өндіріс қуатын өндіріс жер ауданы арқылы есептеу:
Өқ = S / Ho
S - өндіріс ауданы,метр кв
Ho – 1кв метр жерден шығарылатын өнімнің нормасы.
Кәсіпорынның өндіріс қуатты пайдалану деңгейі қуатты пайдалану коэффициентімен сипатталады:
Ки.м.= Офакт Мср.п.м.
Ки.м-қуатты пайдалану коэффициенті
Мср.п.м.-орта жылдық өндірістік қуат
Офакт-іс жүзіндегі өнім шығару көлемі.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты :жыл басына,енгізілген,шығарылған,жыл аяғына,орта жылдық қуат деп бөлінеді.
Мж.с = Мж.б.+Менг-Мшығ
Орта жылдық қуат:
Морт ж = Мж.б.+(Менг*п/12)-(Мшығ*п/12)
3. Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.
«Тар»орындарды жетекші емес жабдықтардың өнімділіктеріне қарап анықтайды.Әдістемесі:
1)технологиялық процестің схемасын құрастырады.Шығарылатын өнім ассортиментін ескереді.
2)Барлық жабдықтың оның ішінде жетекші жабдықтың сменалық өнімділігі есептеледі.
3)Өнімнің әрбір түрін шығару қуаты анықталады
4)Әрбір операцияға қажет жұмыс көлемі табылады
5)Берілген операцияға қажет жұмыс көлемін өндіріс қуатымен не шын мәнінде шығарылған өнім мөлшерімен салыстырып,«тар» орындарды табады.
4. Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.
Өндіріс қуатын экстенсивті пайдалану коэффициенті:
Кэкс = Вф(пл) / Весепті
Вф(пл) -іс жүзіндегі немесе жоспарлы жұмыс істеген уақыт
Весепті -жұмыс уақытының жоспарлы қоры
Өндіріс қуатын интенсивті пайдалану коэффициенті:
Ки = Пф(пл) / Нп
Пф(пл) -жабдықтың іс жүзіндегі немесе жоспарлы өнімділігі
Нп-өнімділік нормасы
Өндіріс қуатын интегралды пайдалану коэффициенті:
Кинт =Кэ*Ки
Өндірістік қуат шамасын анықтайтын факторлар:
1) Жабдықтар құрамы және саны
2) Жабдықтың өнімділік нормасы
3) Өндірістік ауданның көлемі
4) Өнім дайындаудың технологиялық процесі
5) Өңделетін шикізат құрамы және сапасы
6) Өнім номенклатурасы және ассортименті
7) Кәсіпорынның жұмыс тәртібі
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы түсінік.
2. Өндірістік қуат шамасына әсер ететін факторлар.
3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуат шамасын есептеу әдістемелері.
4. Әртүрлі өндіріс процестеріндегі бастаушы жабдықтарды таңдау және санын есептеу.
5. Өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері.
6. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту жолдары.
7. Өндіріс процесіндегі тар орын дегеніміз не?
8. Жабдықты өнімділікке қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент
9. Жабдықты уақытқа қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 8. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде.(2 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
3. Негізгі өндіріс түрлері.
Дәріс:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі-өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету.Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек,еңбек заттары және еңбек құралдары жатады.
Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс-әрекеттерімен,өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз.Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды,сапасы мен өнімділігі артады,нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады.
Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару.
Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар:
а)еңбек құралдары (аспаптар,машиналар)
б)өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар,бөшкелер)
в)жер,өндірістік үйлер,құрылыстар, темір жол және т.б.
г)электр қуаты,бу,химиялық,физикалық қосылыстар және т.б.
Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді.
Еңбек нәтижелілігі,тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты.
2.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста,дамуда болады.Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элемменттерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты.Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе-теңдік бұзылады.Ол шикізаттың,материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті -өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін,олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу;шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп,жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару;кәсіпорынның еңбек,шикізат материал ресурстары,энергияның шығындарын ең аз қылып;жабдықтарды толық пайдалану.
Өндірісті ұйымдастыру-өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін , ережелер , процестер мен әрекеттер жиынтығы.
Пәнде-кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары,өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері,көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді,өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі.
Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет.Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты.
3.Негізгі өндіріс түрлері.
Негізгі өндірістің үш түрі бар:1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс.
Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз.Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады.Бұндай өндіріс универсальды болады,өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады..Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал-жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады,немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады.Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады.Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді.Олардың еңбегі әмбебап болады.Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады..Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды;оған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар;стандарттар,рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен.Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен.
Сериялық өндіріс.Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады.Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады.Өнімнің сериясын шығару тапсырыс,жоспар бойынша жасалады.Егер шығарылатын партия кішкене болса,онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды.Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады.Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз.Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады.Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді.
Жаппай өндіріс.Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады.Тек мамандандырылған машиналар,құрал-жабдықтар қолданылады.Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады.Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі.Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет.Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді.Бұл өндірісте техниканы,өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі.Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді.Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
3. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі
4. Негізгі өндіріс түрлері.
5.Қай өндірісте әмбебап құрал-жабдықтар қолданылады?
6.Қай өндірісте тек мамандандырылған құрал-жабдықтар қолданылады?
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 9. Негізгі өндіріс процесі, уақыты және оның құрылымы. (2 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы
2. Өндіріс процесінің уақыты.
3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Дәріс:
1.Өндіріс процесі туралы түсінік,мақсаты және міндеті, құрылымы.
Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.
Операция -бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі.Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында,сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.
. Негізгі өндіріс процесі
Негізгі операциялар Көмекші операциялар
1)дайындық операциялар 1)транспорттық операциялар
2)технологиялық операциялар 2)қызмет етуші операциялар
3)тексеру операциялар
4)табиғи операциялар
5)қорытындылау операциялары
Достарыңызбен бөлісу: |