ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/4
Дата27.06.2016
өлшемі394.5 Kb.
#160398
1   2   3   4

Дәрістің мазмұны:

    1. Қарым-қатынас туралы түсінік.

    2. Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.

    3. Қарым-қатынастың дамуы.

Топ туралы түсінік. Топтапрдың классификациясы. Кіші топ, оның құрылымы. Топтың даму деңгейлері. Ұжым, оған тән белгілер.Тұлғаның топтағы статусы. Топтық нормалар және топ ережелері. Топтағы өзара жеке бастық қарым-қатынасты зерттеу. Топтың әлеуметтік психологиялық климаты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.

  2. Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?

  3. Қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.

2.Социальная психология. Под.ред.Е.С.Кузьмина., В.Е.Семенова. Л., 1979.

3.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. М., 1988.

4.Битякова М.Р.Социальная психология. М., 1994.

5.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.


7-дәріс. Іс-әрекет психологиясы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Іс-әрекет туралы түсінік.

  2. Іс-әрекеттің құрылымы.

  3. Іс-әрекеттің түрлері.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің заттылығы. Іс-әрекеттің құрылымы. Әрекет, мотив, мақсат. Әрекетті басқару және бақылау. Әрекетті орындау тәсілдері. Әрекеттегі интериоризация және экстериоризация. Дағды, іскерлік. Дағдының қалыптасуы және автоматтануы.

Бақылау сұрақтары:

    1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.

    2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?

    3. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

      5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

      6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


8-дәріс. Зейін туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Зейін туралы жалпы ұғым.

  2. Зейін түрлері.

  3. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.

  1. Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының өмірі туралы мәлімет

  2. Жүсіпбек Шайұхсламұлы мен Ақылбек Сабалұлының мұраларының зерттелуі.

  3. Өлеңдерінің тақырыптық ауқымы

Ж. Шайұхсламұлының өмірі мен шығармашылығы. Айтыстары. Ауыз әдебиеті мен Шығыстық қисса-дастандарды жинап, бастырудағы еңбектері.

Ақылбек Сабалұлының өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері мен олардың тақырып ауқымы, шығыстық қисса-дастандары, олардың басылымдары.



Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының шығармашылық мұраларының зерттелуі. Бұл ақындарға ортақ басты белгі шығыстық қисса-дастандар жазып, діни-тәлімгерлік бағытты ұстанулары екендігі. Олардың біріңғай қиссашылдык, назирагөйлік дәстүрді ұстануы. Шығармаларындағы дидактиканың молдығы, дін, гуманизм тақырыптарын насихаттаулары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз. Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

  3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?



Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


9-дәріс. Түйсік туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Түйсік туралы жалпы ұғым.

  2. Түйсіктің физиологиялық негіздері.

  3. Түйсіктің түрлері және қасиеттері.

Түйсік туралы түсінік және оның қызметі. Түйсіктің негізгі қасиеттері және оның сипаттамасы. Талдағыштар және оның құрылымы. Адамның сенсорлы сферасының жүйелі ұйымдасуы. Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  3. Адаптация дегеніміз не?

  4. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


10-дәріс. Қабылдау.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.

Түйсік және қабылдау процестерінің адамның сенсорлы-перцептивті іс-әрекетінде өзара байланыстылығы. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдаудың рефлекторы негізі. Қабылдау психикалық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде. Қабылдаудың заттылығы. Қабылдаудың негізгі қасиетері. Апперцепция құбылысы. Қабылдаудағы жекелей ерекшеліктер. Қабылдаудың формалары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  4. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

5.Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977
11-дәріс. Ес туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мазмұны:


  1. Ес. Ес жайындағы теориялар.

  2. Естің түрлері.

  3. Естің жалпы сипаты.

  4. Естің даралық ерекшеліктері.

Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Естің физиологиялық негізі. Ес түрлерінің топтастырылуы. Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қабылдау дегеніміз не?



  1. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  2. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  3. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

5.Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977
12-дәріс. Қиял туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

1.Қиял туралы жалпы түсінік.

2. Қиялдың түрлері.

3. Қиялдың жасалу жолдары.

Қиялдың психикалық іс-әрекетте атқаратын ролі. Қиял туралы түсінік, оның түрлері. Қиялдың атқаратын қызметі. Қиялдың жасалу жолдары. Қиял және шығармашылық.

Бақылау сұрақтары:


    1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

    2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

    3. Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым болып келеді?

    4. Түс көру деген не?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


13-дәріс. Ойлау туралы жалпы түсінік. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.

Дәрістің мазмұны:

1.Ойлау туралы ұғым.

2. Ойлаудың психологиялық теориялары.

3. Ойлаудың негізгі түрлері.

4. Ойлау формалары.

5. Ойлау операциялары.

5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарОйлау туралы түсінік. Ойлау және таным. Ойлау тәсілдері. Талдау және біріктіру ойлаудың негізгі тәсілдері ретінде. Талдау және біріктірудің басқада ойлау тәсілдерімен өзара байланыстылығы. Абстракция және нақтылау. Жалпылау, оның түрлері. Сөйлеу және тіл. Сөз және оның мазмұны. Сөйлеудің түрлері және формалары. Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің дамуы.

Бақылау сұрақтары:


    1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгілерін атаңыз және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз

    2. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

    3. Ойлау формаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


14-дәріс. Темперамент.

Дәрістің мазмұны:

1.Темперамент туралы жалпы түсінік.

2. Темперамент физиологиялық негізі.

3. Темперамент туралы теориялар.

4. Темпераменттің типтері.

Жеке тұлғаның биологиялық негізі. Темперамент туралы түсінік. Темперамент және жоғары жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері. Темперамент түрлерінің топтастырылуы, жоғары жүйке жүйесінің және темперамент түрлерінің ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттері. Темперамент және жеке тұлға.



Бақылау сұрақтары:

    1. Темперамент дегеніміз не?

    2. Темперамент типтерін атаңыз.

    3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


15-дәріс. Мінез туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Мінез туралы түсінік.

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез туралы теориялар.

  4. Мінез типтері.

  5. Мінездің қалыптасуы.

Мінез-құлық туралы түсінік. Мінез- тұрақты мінез бітістерінің жүйесі. Мінез бітістерінің негізгі топтары. Мінез және темперамент.

Мінез-құлық типологиясы. Мінез бітістерінің екпіндеуі. Кречмер, Фромм, Личко бойынша екпінді мінезге ие болған адамдардың топтастырылуы.



Бақылау сұрақтары:

    1. Мінез дегеніміз не?

    2. Мінез бітістері дегеніміз не?

    3. Мінездің құрылымын ашыңыз.

    4. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


16-дәріс. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қабілет туралы түсінік.

  2. Жалпы және арнайы қабілет.

  3. Нышан және қабілет.

Қабілет туралы жалпы түсінік. Қабілет және нышан. Нышан қабілетті дамытудың әлеуметтік және табиғи негізделген алғышарты. Қабілет түрлері. Қабілеттің дара айырмашылықтары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілет дегеніміз не?

  2. Нышан дегеніміз не?

  3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


17-дәріс. Эмоция және сезім.

Дәрістің мазмұны:

    1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік

    2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері

    3. Эмоциялар түрлері.

    4. Адамдағы жоғары сезімдер

Эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. Адамның көңіл-күйінің негізгі формалары. Жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоционалды күйлер. Адам сезімдерінің топтастырылуы. Жоғары сезімдер туралы түсінік.

Бақылау сұрақтары:

  1. Эмоция дегеніміз не?

  2. Сезім дегеніміз не?

  3. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз

  4. Аффект дегеніміз не?

  5. Стресс дегеніміз не?

  6. Құмарлық дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



18-дәріс. Еріктің жалпы сипаты.

Дәрістің мазмұны:

Ерік, оның адам өміріндегі, іс-әрекетін ұйымдастырудағы және қарым-қатынасындағы маңызы. Әрекетті еріктік реттеу. Ерік амалдарының кезеңдері. Ерік сапалары. Адам еркінің дамуы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ерік дегеніміз не?

  2. Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.

  3. Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


19-дәріс. Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.

Дәрістің мазмұны:

    1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының негізгі тенденциялары.

    2. Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет ойын ретінде.

    3. Мектепке дейінгі жастағы бала психикасындағы жаңа құрылымдар.

Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Мектепке дейінгі балалардың ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас формаларының және іс-әрекеттің әр түрлі формаларының даму ерекшеліктері. Ойын – мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті. Ойын туралы жалпы түсінік. Шет елдік психологияда ойын теорияларына сыни талдау (К.Гросс., Г.Спенсер., К.Бюлер). Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның пайда болуы. Баланың психикалық дамуы мен қалыптасуындағы ойынның ролі.

Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау. Мектепке даяр баланың жеке басының мәселелері. Бастапқы кезде оқуға үлгермеушіліктің себебі. Баланың мектепке оқытуға даярлығын анықтау. 7 жас дағдарысы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық даму ерекшеліктерін қаратырыңыз.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

  3. Ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық дамуының салыстырмалы сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

  2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

  4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

  5. Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

  6. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.


20-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Дәрістің мазмұны:

1.Кіші оқушының психологиялық сипаты.

2.Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

3. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.

Бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуы. Оқу іс-әрекеті бастауыш мектептегілердің жетекші іс-әрекеті ретінде. Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптастыру заңдылықтары. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин., В.В.Давыдов). Ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру (П.Я.Гальперин). Рефлексия. Қарым-қатынастың тәртібі мен нормасын игеруі. Қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынастың өзгеруі. Баланың таным деңгейі мен қабылеттерінің көрінуі. Мотивация жетістігі, оның жеке басы мен қабілетініғ дамуының негізі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мектепке баруға байланысты баланың дамуының әлеуметтік жағдайларының өзгеруіне түсінік беріңіз.

  2. Танымдық сферасының қалыптасуы.

  3. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

2.Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

3.Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

4.Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

5.Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

6.Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.
21-дәріс. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Дәрістің мазмұны:


  1. Жеткіншек психикасының дамуының сипаты .

  2. Жеткіншект жастағы организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  3. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс».

Жеткіншек жасындағы психологиялық дамуындағы ситуациялық өзгерістер. Анатомо-физиологиялық өзгешеліктердің бала дамуына әсері. Жеткіншек кезіндегі дағдарыс, шағу жолдары, жыныстық жетілулері, оның әлеуметтік психологиялық мәселелері. Жеткіншек жасының мәселесін шет ел және кеңес психологиясында зерттеу. Психикалық процестердің жетілуі. Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті. Жеткіншектердің танымдық тұрғыда қзығуларының дамуы. Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Жеткіншек мінезінің қалыптасуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Отандық және шетел психологиясындағы жеткіншек проблемасы.

2.Жеткіншек шақтағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

3.Жеткіншектің үлкендермен қарым-қатынасының жаңа типінің қалыптасу қиыншылықтарына сипаттама беріңіз.



Әдебиеттер:

  1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.

  2. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной.

3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005
22-дәріс. Балаң жас психологиясы

Дәрістің мазмұны:

1.Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

2.Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

3.Жасөспірімдік шақ теориялары

Жеткіншек жасынан ересек жасына өту мәселелері. Анатомо-физиологиялық өзгерістерге ұшырауы. Акселерация мәселесі. Мамандық таңдау мен оның қиындықтары. Жоғары сыныптағы оқу іс-әрекеті. Қыздар мен ұлдардың өзара қатынасы. Қоғамдық еңбектің ролі. Қарым-қатынас деңгейінің артуы. Жеке жағымды сапаларын сезінуі, түрлі сұрақтар бойынша. Өз пікірлерін қалыптастыруы. Әлеуметтік жеке бас сапалары: «Мен» сөзі, өзбеттілік, тәуелсіздік. Бұл жастағы махаббат. Эстетикалық сезімнің қалыптасуы. Еріктің қалыптасуы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

  2. Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  3. Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б.

3. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989

4. Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982


  1. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ


1-семинар. Психика туралы түсінік. Адам санасының пайда болуы және дамуы.

Сабақтың мазмұны:

Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы. Сана объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы деңгейі ретінде.Сананың пайда болуының алғы шарттары.Адам санасы. Адам санасының қалыптасуы мен дамуындағы еңбетің ролі. Сананың тарихи сипты.



Сабақтың мақсаты:

Бақылау сұрақтары:

1. Сананың пайда болуының алғы шарттарын атаңыз.

2. Қазіргі жағдайда адам санасы дамуының негізгі бағыттарын атаңыз.

3. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қарай, адам санасының даму перспективасын сипаттаңыз.

4. Адам санасының дамуын қамтамасыз ететін басты факротларды анықтаңыз.

Әдістемелік нұсқаулық: тақырыпта жүйке жүйесінің филогенетикалық дамуына, адамның ми жарты шарларына тоқталу керек. Жүйке жүйесінің заңдылықтарын түсіндіру керек. И.П.Павловтың шартты рефлекстер теориясын мысалдармен түсіндіру. Ми және психиканың арақатынасын ашып көрсету керек. Санаға жалпы сипаттама беру керек.Адам санасының пайда болу мәселесіне тоқталу.Сананың пайда болуының алғы шарттарын ашып көрсету керек. Адам санасының дамуындағы еңбектің рөлін нақты фактілермен дәлелдеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 беттер.

  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980


2-семинар. Іс-әрекет психологиясы.

Сабақтың мазмұны:

Іс-әрекет туралы түсінік. Адам іс -әрекетінің түрлері. Еңбектің психологиялық сипаттамасы.Ойын іс-әрекет түрі ретінде.Балалар ойының ерекшеліктері.Оқу іс-әрекеті ретінде. Үлкен адамдарының ойының ерекшеліктері. Іс -әрекет және адамның дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет