ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешенін “ҚҰрылыс материалдарын өндіру технологиясы”



бет6/6
Дата17.06.2016
өлшемі466 Kb.
#141505
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


13 дәріс. Силикат кірпіш өндірісінің технологиялық сұлбасы. Масса (сілем) дайындау бөлімі. Пресстеу бөлімі. Шикі кірпішті қыздыра өңдеу. Силикат кірпішін өндіру әдістері.

Дәріс жоспары:

1.Силикат кірпіш өндірісінің технологиялық сұлбасы.

2.Масса (сілем) дайындау бөлімі. Пресстеу бөлімі.

3.Силикат кірпішін өндіру әдістері.



Силикаттық кірпіш- ең көп таралған силикаттық бұйымдар түрі. Оны құрамы 92-94% таза кварцтық құмнан, 6-8% ауалық әктен және 7-9% судан тұратын әктілі-құмдық араластан барабандық немесе силостық тәсілмен жасап шығарады.Силикаттық кірпішті барабандық тәсілмен өндіру алты технологиялық негізгі операциялардан тұрады: кұм мен әк табиғи тасын шығару; әкті күйдіру; шаралық диірменде күйдірілген қайнама әк тасын ұнтақтау; әктілі-кұмдық араласпаны даярлау; кірпішті пресстеп қалыптау; кірпішті-шикіні автоклавта булау. Технологиялық схемадағы маңызды операция - шикізат араласпасынан шикі кірпішті престеп тығыздау. Кірпіштің физикалық-механикалық қасиеті араласпаның тығыздық дәрежесіне тікелей байланысты болады. Сондықтан силикаттық кірпішті қалыптарда пресс қысымдылығын 15-20 МПа дейін жеткізеді. Көпшілігінде кірпішті үш позициялық жартылай автоматталынған револьверлік пресстерде қалыптайды. Позицияларының біреуінде әктілі-құмдық араласымен екі қалып толтырылады, екіншісінде - престелінеді, үшіншісінде - престелінген екі кірпіш итеріліп шығарылады. Автомат-салушымен қалыпталынған кірпіш-шикі вагонеткаға салынып автоклавкаға жөнелтіледі. Әрбір автоклав бірден 12-13 мың кірпіш сидырады. Буландыру процесі жоғарыда аталған сатыда жүргізіліп 10-14 сағатқа созылады. Кірпіштерді автоклавтан шығарылғаннан кейін қоймаға қатарлап жинайды немесе вагондарға және автомашиналарға тиеп тұтынушыларына жөнелтіледі. МЕСТ 379-79 талабына сәйкес силикаттық кірпіш қысқандагы мықтылық шегі бойынша жеті маркада шығарылады: М300, 250, 200, 150, 125, 100 және 75; аязтұрақтылығы бойынша: Ғ50, 35, 25, 15.Силикаттық кірпіштің тығыздығы, керамикалық кірпішпен салыстырғанда, бірер шама жоғары – 1800-2100 кг/м , бірақ олардың жылуқоршағыштық касиеттері бірдейліктей - 0,82-0,87 Вт/(м-°С), ал сусіңіргіштігі - 8-16% (массасы бойынша).

Силикаттық кірпішті керамикалық кірпіш қолданатын жерлерге қолдана беруге болады, бірақ кейбір шектендірілетін жағдайларды ескеру керек. Керамикалық кірпішке қарағанда, ол суға онша шыдамды болмағандықтан, оны фундаменттерді және үй іргелерін (цокольдерді) қалауға болмайды, сондай-ақ пештерді және түтін мұржаларын да қалауға жарамсыз. ¥зақ уақыт бойы жоғары температура (500°С жоғары) әсерімен силикаттық кірпіш бұзылады, себебі структурасындағы цементтендіруші кальций гидросиликаттары дегидрацияланады және де кварц полиморфталына өзінің басқа модификациясына көшерде оның түйіршіктер көлемдері күрт үлкейетіндігінен, конструкция жарықтанып кетеді. Технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша силикаттық кірпіш керамикалықпен салыстырғанда бірқатар артықшылығы бар. Оны шығару үшін қажетті өндірістік алаңы сонша үлкен емес, отын 2 есе, электроэнергия 3 есе аз шығындалады, өндіріс еңбексыйымдылығы 2,5 есе төмен. Сондықтан силикаттық кірпіштің меншікті құны керамикалық кірпіштікінен 25-35%-ға төмен болып шығады. Осындай тиімділігінің арқасында жалпы қабырғалық материалдар көлемінде силикаттық кірпіштің үлесі басым болып келеді. Сонымен бірге, кірпіштің орташа маркасы да, қуыс денелі кірпіш пен қуыс денелі блоктарды шығару көлемі де жылдан-жылға өсіп келеді. Әктілі-шлактық және әктілі-күлдік кірпіштер силикаттық кірпіштің бір түрлері болып саналады. Бұл кірпіштер тығыздықтарының (1400-1600 кг/м), жылу өткізгіштіктерінің (0,6-0,7 Вт/(м-°С) және мықтылықтарының (2,5-7,5 МПа) біраз төмендігімен ерекшеленеді.

Силикаттық кірпішті шығарарда, кұмның және бірлі-жарым әктің орнына шлактарды және күлдерді қолдану шикізат базасын кеңейтіп, байланыстырушы шығынын 35-40%-ға қысқартады. Мұндайда, бұйымдарды автоклавтарда ұстау ұзақтығы да біршама қысқартылады. Сондықтан, кірпіштің өзіндік құны 15-20%-ға төмендейді.


Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том

Силикаттық бетондар. Шикізат және өндіру технологиясы.
14 дәріс. Силикаттық бетондар. Шикізат және өндіру технологиясы.

Дәріс жоспары:

1.Силикаттық бетондар.



2.Шикізат және өндіру технологиясы.
Силикаттық бетон өндірілетін көлемі бойынша конструкциялық материал ішінде үшінші орын алады. Техника және технология жағынан жақсы ұйымдастырылған, қазіргі ТМД елдеріндегі зауыттарда цементтік бетондардан қандай элементтер жасалынатын болса, сондай элементтер түрлерін силикаттық бетоннан жасау тәсілдері меңгерілген. Силикаттық бетоннан жасалған ішкі қабырғалық панельдер, блоктар, жабындық панельдер, баспалдақтар, тіректер, арқалар және т.с.с. конструкциялар түрлі үй құрылыстарында, 9-12 қабаттық тұрғын үйлер құрылысында, қолданылып келеді. Бұл бұйымдар тығыз және кеуекті денелі болуы мүмкін.

Тығыз денелі силикаттық бұйымдарды кварцтық құмнан (70-80%), ұнтақталынған кұмнан (8-45%) және ұнтақталынған сөңдірілмеген әктен (6-10%) тұратын араласпадан қалыптап және автоклавта өңдеп шығарады. Мықтылығы 10-15 МПа дейінгі силикаттық бұйымдар үшін 6-10% әк қосып құмды ұнтақтамай-ақ қолдана береді. Силикаттық бетон бұйымдарын жасау мынандай негізгі операциялардан тұрады: күйдірілген әк тасын майдалаудан; әкті, құмды және гипсті біріктіріп домалақ диірмендерде ұнтақтап әктілі-құмдық байланыстырушыны даярлаудан; еріксіз араластыратын бетонараластырғышта ұнтақталынған әктілі-кұмдық байланыстырушыны құммен біркелкі араластырып силикаттық бетон араласпасын даярлаудан; дірілдетілме столда бұйымдарды қалыптап және белгілі бір уақыт бойы ұстаудан; қалыпталынған бұйымдарды автоклавта берілген режимде өңдеуден. Ірі мөлшердегі дірілдетіле тығыздалынып қалыпталынған силикаттық бұйымдар тығыздығы 1800-2300 кг/м3 және мықтылығы 15+50 МПа, аязға шыдамдылығы - Ғ50 және одан да жоғары, жұмсару коэффициенті бойынша суға шыдамдылығы - 0,75 кем емес. Әктілі- кұмдық араластағы құмның ұнтақтылығын (2500 см2/г және одан жоғары) және мөлшерін жоғарылату арқылы, тығыздығын нығайту және тиісті тәртіппен автоклавта өңдеу жолымен силикаттық бетон мықтылығын 100 МПа дейін жеткізуге мүмкіншілік бар. Дегенмен, силикаттық бұйымдардың өздеріне тән кемістіктері де бар -деформациялануы басымдау, соның салдарынан серпінділік модулі цемент негізінде ірі толтырушыларды қолдана жасалынған бетондыкінен 1,5-2 есе төмендеу. Бірақ жылжымалы деформация сипаты (деформации ползучести) цементтік бетондағыдан 1,5-3 рет төмен болады. Бұл екі түрлі бетондардың жалпы деформациялық шамалары (қысқа және ұзақ уақыттық) өзара бірдей. Сондықтан, кәдімгі цементтік бетонның орнына тығыз силикаттық бетонды қолданарда, конструкция қимасын және олардың арматуралануын өзгерту қажет емес. Силикаттық тығыз бетонның суға және аязға шыдамдылығы кәдімгі тығыз цементтік бетондыкінен біраз төмендеу болғанымен, азаматтық және өнеркәсіптік үйлерінің сыртқы конструкцияларына қойылатын талапты толық қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда, силикаттық бұйымдардың мықтылығын және аязға шыдамдылығын кепілдікпен жетілдіру үшін әктілі-құмдық араласқа 10-15%-дай шамада портландцемент қосады.Тығыз силикаттық бетоннан жасалынған конструкциялардағы және бұйымдардағы арматураның ылғалдылығы 60% жайларда коррозияға ұшырайтын қауіптігі жоқ. Әрине жоғарғы ылғалдылықта және өзгеріп тұратын тәртіпте (режимде) пайдаланатын жағдайда коррозияға карсы сылайтын заттармен арматураны міндетті түрде қорғау қажет. Сонымен, силикаттық бетон және силикат темірбетон бұйымдары кәдімгі цементтік бетон және темірбетондармен пара-пар дәрежеде тұрғын, өнеркәсіптік және қоғам үйлерін салуға қолданылады, тек ылғалдылығы жоғары жайларда (үй фундаменті және іргесі үшін) қолдануға жарамсыз. Силикаттық бетон және силикат темірбетон конструкцияларының айтарлықтай басымдығы да бар: шикізат құны төмен, цемент шығынынан әк шығыны екі есе аздау, шикізат материалдарын тасымалдау радиусы шамалы, өнімнің өзіндік құны төмен. Оның үстіне силикаттық кұрылыс бұйымдарын жасайтын кәсіпорын салу үшін жүмсалатын меншікті қаржы кэәімгі темірбетон бұйымдарын жасайтын сондай кәсіпорнын салумен салыстырғанда 15-30% аз.

Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


15 дәріс. Силикаттық бұйымдардың түрлері. Газдысиликаттар және көбіктісиликаттар

Дәріс жоспары:

1.Силикаттық бұйымдардың түрлері.

2. Газдысиликаттар және көбіктісиликаттар

Жеңіл силикаттық қүрылыс бұйымдарын автоклавта қатаятын екі түрлі бетондардан шығарады - кеуекті толтырушылар негізіндегі жеңіл бетондардан және ұялы кеуекті силикаттық бетондардан (көбіктенген силикаттық және газданған силикаттық бұйымдар).

Кеуекті толтырушылар негізіндегі жеңіл силикаттық бетондар бұйымдарын тығыз силикаттық бұйымдар аларда қолданылатын байланыстырушыларды қолдана жасайды. Олар үшін кеуекті толтырушылар ретінде керамзит, кеуектіленген перлит, аглопорит, шлак пемзасы, және басқа щебень және гравий сияқты кеуекті материалдарды қолданады. Мұндай бетондар мықтылығы 3,5-20 МПа, сусіңіргіштігі көлемі бойынша – 12-30%, аязға шыдамдылығы Ғ15-Ғ50. Тығыздығы 1400-1800 кг/м3 конструкциялық жеңіл силикаттық бетондар арматураланған силикатбетондық бұйымдар мен конструкцияларды жасау үшін қолданады. Тығыздығы 500-1400 кг/м3 конструкциялық-жылу қоршаушы және жылу өткізгіштігі 0,58 Вт/(м- С) дейінгі бетондар сыртқы қоршағыш конструкцияларын (балкондарды, қабырғалық панельдердің және біріктірілген жамылтқы панельдерін және т.с.с.) жасау үшін қолданады. Тығыздығы 500 кг/м дейінгі және жылу өткізгіштігі 0,18 Вт/(м-°С) шамасындагы жылу қоршағыш бетондардан өнеркәсіптік және тұрғын үйлердің жамылтқыларын және жабындарын, жылулық қоршауына жұмсалатын түрлі мөлшердегі плиталарды жасайды. Ұялы-кеуектік силикаттық бетондар көбіктендірілген силикаттық және газдандырылған силикаттық болып екіге бөлінеді.

Көбіктендірілген силикаттық техникалық көбікті алдын-ала диірменде тартылып даярландырылған әктілі-кремнеземдік араласпен араластырып, одан кейін қалыпталынған бұйымдарды автоклавта өндеп алады. Әктілі-кремнеземдік араласты газ шығаратын заттармен (алюминдік ұлпа және т.б.) араластырғанда, газдалынған силикат алынады. Көбіктік силикатпен салыстырғанда, газдық силикат технологиясы қарапайымдау және бұйымдарды біркелкі қасиетте алуға мүмкіндік береді. Сондықтан шет елдерде де және ТМД елдерінде де газдық силикат құрылыста кең тараған.Газдендірілген силикатты алу химиялық әдіспен массаны күптірілуге негізделінген. Әктілі-кремнеземдік араласпа кұрамы газделінетін қоспамен әрекеттесу нэтижесінде химиялық реакциядан бөлінетін газ жұмсақ массаны күптіріп жібереді. Газделінетін заттар ішінде ең көп қолданылатын алюминдік ұлпа. Ол әктілі-кремнеземдік жұмсақ созымталды массадағы кальций гидроксидпен әрекеттесіп сутегін бөліп шығарады.


ЗСа(ОН)2 + 2А1 + 6Н20 = ЗСаО • А1203 • 6Н20 + ЗН2
Орташа тығыздығы 600-700 кг/м3 газдык силикат бетонын алу үшін алюминдік ұлпа шығыны 1 м бетонға 0,4-0,5 кг аралығында болады. Әдетте өнеркәсіптен жеткізілетін алюминдік ұлпа түйіршіктері жұқа парафин қабығымен қапталынған, сондықтан су жұқтырмайды. Оған гидрофильдік қасиет беру үшін ұлпаны сырттай активті заттардың судағы ерітіндісімен өңдеп барып қолданады.

Газделінген силикаттан кәдімгі құю технологиясы бойынша бұйымдар жасау тәсілі төмендегіше: әктілі-кремнеземдік араласты оның массасынан 50-60% су мөлшерімен әбден араластырып ақпалы қою масса алады. Сосын оған алюминдік ұлпаның сулық суспензиясын қосып тағы араластырады. Одан кейін алынған ақпалы массаны қалыпқа онша толтырмай (масса күпкеннен кейін қалып толық толатындай есеппен) кұяды. Газ бөліну процесінде және күптірілгеннен кейінгі массаның қатаюын жылдамдату үшін, қалыпқа құярдағы араласпаның температурасы 40°С шамасында болғаны жөн.3-6 сағат бойы тұрып ұстасқаннан кейін қалыптың биіктігінен асқан артық араласпа қабығын керілген сыммен кеседі немесе бетін таптайды. Содан кейін бұйымды автоклавта (температурасы 175-200°С, қысымдығы 0,8-1,3 МПа қаныққан бу ішінде) қатайтады. ¥ялы кеуекті силикаттық бетондардан тығыздығы 300-1200 кг/м3 және мықтылығы 0,4-20 МПа бұйымдарды жасауға болады. Мұндай бұйымдардың структурасы майда кеуекті келеді, жылу өткізгіштігі 0,1-0,45 Вт/(м-°С). Аязға шыдамдылығы (Ғ15 жоғары) оны азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстарында сыртқы конструкциялық элементтері үшін қолдануға толық жарамды. Тығыздығы 500 кг/м бұйымдар басқа алыстау шетел мемлекеттеріндегі осындай бұйымдардан кем түспейді. Диаметрі 100-ден 500 мм дейінгі қысымдық асбест-цементтік құбырлар 0,6; 0,9; 1,2; 1,5 және 1,8 МПа қысымдыққа арнайы шығарылады. Оларды әсіресе, жерсуландыру (мелиорация) жүйесінде пайдалану өте тиімді. Құрыштық кұбырларды асбест-цементтік кұбырлармен ауыстырғанда 1 км бойына 42 т металл үнемделеді.

Асбест-цементтік құбырлар ассортиментін жақсартудың негізгі бағыты - олардың ұзындығын үлкейту. Себебі құбырлардың ұзыны, олардың тізбегіндегі түйіспелік жік санын азайтуға, сонымен қатар жинақтық жұмыстың еңбек сыйымдылығын азайтуға, жалғастырушы муфті шығынын қысқартуға, құбырлар тізбегі сенімділігін нығайтуға негіз болып табылады. Сондықтан көптеген зауыттар ұзындығы 5 м асбест-цементтік кұбырлар шығаратын құбырқалыптаушы машиналармен қайтадан жабдықталған. Қазіргі уақытта бізде шығарылатын асбест-цементтік кұбырлардың басты сапалық көрсеткіштері (жұмысшы қысымдыққа қатынасы және беріктік қор коэффициенті) бойынша ИСО (стандарттау бойынша халықаралық ұйым) талабына және шетел стандарттарына толық сәйкес.



Зертханалық-практикалық жұмыстар.
Зертханалық-практикалық жұмыс №1

Ауалық әкті өшіру температурасын және уақытын анықтау.


Жұмыстың мақсаты:

Ауалық әкті өшіру температурасын анықтау.

Ауалық әкті өшіру уақытын анықтау.

Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №2

Гидраттық әктің ылғалдылығын анықтау және өшпейқалған түйіршіктер құрамын анықтау.


Жұмыстың мақсаты:

Гидраттық әктің ылғалдылығын анықтау .

Гидраттық әктің өшпейқалған түйіршіктер құрамын анықтау.

Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №3
Портландцементтің маркасын анықтау.
Жұмыстың мақсаты:

Портландцементтің маркасын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №4
Портландцементтің майда ұнтағын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Портландцементтің майда ұнтағын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №5
Ауалық әктің техникалық сипаттарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты:

Ауалық әктің техникалық сипаттарын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №6

Цементті сынау: цемент илемесінің нормальдық қоюлығын анықтау.


Жұмыстың мақсаты:

Цементті сынау: цемент илемесінің нормальдық қоюлығын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №7
Цемент илемесінің көлем өзгерісі біркелкілігін анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Цемент илемесінің көлем өзгерісі біркелкілігін анықтау



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №8
Цементтік ерітіндіден жасалған үлгілердің майысудағы және қысудағы беріктік шегін анықтау.
Жұмыстың мақсаты:

Цементтік ерітіндіден жасалған үлгілердің майысудағы және қысудағы беріктік шегін анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №9
Әктік илеменің шығу және көлемдік массаларын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Әктік илеменің шығу және көлемдік массаларын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №10
Арматуралар сапасын анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Арматуралар сапасын анықтау.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №11
Бетонның қатаю уақытына, бетонды жылы өңдеу үрдісінің әсері.

Жұмыстың мақсаты:

Бетонның қатаю уақытына, бетонды жылы өңдеу үрдісінің әсері.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Зертханалық-практикалық жұмыс №12
Сындырмай бақылау әдісімен бетондық конструкциялардың беріктігін анықтау
Жұмыстың мақсаты:

Сындырмай бақылау әдісімен бетондық конструкциялардың беріктігін анықтау



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

Зертханалық-практикалық жұмыс №13

Портландцемент клинкерінің минералогиялық құрамын есептеу.


Жұмыстың мақсаты:

Портландцемент клинкерінің минералогиялық құрамын есептеу.



Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ


  1. Сеператорлық диірмендердің жұмыс істеу принциптері .

  2. Портландцемент өндірудегі құрғақ әдістің артықшылығы.

  3. Портландцементтің минералдық суда тотығуы.

  4. Портландцемент құрамының оның қасиеттеріне әсері.

  5. Белсенді қоспалары бар портландцемент.

  6. Монолиттік бетонның қатаю шарттары.

  7. Дымқыл-сулы ұсақтау диірмендері «Гидрофол».

  8. Құрғақтай ұсақтау диірмендері «Аэрофол».

  9. Газдысиликаттар өндіру технологиясының ерекшеліктері.

  10. Силикаттық бетондардың қолдану аймағы.

  11. Cиликаттық кірпіштердің, керамикалыққа қарағанда артықшылықтары.

  12. Цемент өндірісінде шаң тазарту үрдістері.

13. Байланыстырғыш материалдар және толтырғыштар қоймасы.

14. Әртүрлі бетон қоспаларын араластыру әдістері.



15. Арматуралық элементтердің сапалық бақылауы.

16. Цемент өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет