ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет8/13
Дата01.07.2016
өлшемі1.94 Mb.
#169864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ақпаратты түрлендіру

№3 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты.

Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау, және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, оналтылық санау жүйелері мен ASCII кодтарымен таныстыру.

Сабақтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

ақпаратты ұсыну, беру және сақтау тәсілдерін;

техникалық ақпарат беру құралдарын;

техникалық ақпарат сқатау құралдарын;

компьютер ақпараттың қандай түрлерін өңдейтінін;

екілік, оналтылық санау жүйелері мен ASCII кодтары арқылы кодтау тәсілдерін;

бит пен байт деген не екенін;

аналогтық пен дискреттік сигналдардың айырмашылығын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

дербес компьютердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберу мысалдарын келтіруді;

қарапайым хабарларды кодтау мен кері кодтауды;

әр түрлі ақпараттық процестердегі сигналдар табиғатын анықтауды;

ақпарат тасымалдауға жауапты ақпараттық процестің параметрлерін анықтауды.





№4 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақпарат және оны бағалау

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты.

Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.

Сабақтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде болмайтынын;

ақпараттың қанадй қасиеттері бар екенін;

ақпаратты өлшеу бірліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.


Теориялық материялдарды түсіндіру, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаумен кезектестіріледі.Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады. Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады. Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады. Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы сарқырама, шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады , Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б.

Адамның барлық іс-әрекеті кез-келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио, т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым-қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:


  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті

болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағағылық, маңыздылық (актуадлық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық, т.б. бола алады.

Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:



  1. Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, арық жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;

  2. Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.

Белгі деп кез келген тілдін алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.
8 –сынып. Ақпарат және информатика.

2 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Ақпарат.Ақпараттық процесс.Ақпарат қасиеттері.Ақпарат мөлшері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.

Программалық дидактикалық қамтылу.

Оқулық.

Практикум (жұмыс дәптері).



Сабақ мақсаты.

Ақпарат,ақпараттық процестер, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы оқушылардың білімін тереңдету.

Сабақ типі.

Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім мен білікке қойылатын талаптар.

Оқушы білуі тиіс:

ақпараттың не екенін, ақпараттың қасиеттерін;

ақпараттық процесс ұғымын;

кодтың және ақпаратты кодтаудың міндетін;

ақпаратты өлшеудің негізгі бірліктерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

адам іс- әрекетінің, тірі табиғаттың және техниканың әр түрлі саласындағы ақпарат пен ақпараттық процестерге мысал келтіруді;

ақпараттық процес түрлерін анықтауды;

ақпараттық қоғамның қалыптасуын сипаттауға мысал келтіруді.


Сабақ жоспары.

Теориялық материалды оқып- үйрену жұмыс дәптерінде тапсырма орындаумен кезектесіп отырады.

Алдымен 7-сынып курсынан оқу материалын қайталау ұсынылады.

Қайталау сұрақтары:

1.Ақпарат деген не?

2. Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады (хабардың ақпараттық көлемі неге тең?).

5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

6. Ақпаратты кодтау, кодтаушы кесте деген не?

7. ASC II коды деген не?

Оқу материалын қайталағаннан кейін (1.1- тақырыпты) оқып- үйрену ұсынылады. Материалды бекіту үшін 1.1-1.5- тапсырмаларды жұмыс дәптерлерінде орындату керек.


ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат және информатика ғылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.

2 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Санау жүйелері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Санау жүйелері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме

«Санау жүйелері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 3-ші және 4-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі.

Сағат саны - 2 сағат.

Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру. Екілік сандарға амалдар қолдану.

Оқушының меңгеруі тиіс білімі:


  • санау жүйелері ұғымын;

  • сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру ережелерін;

  • екілік арифметика ережелерін.

Оқушының игеруге тиіс білігі:

  • санды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне түрлендіруді;

  • екілік сандармен арифметикалық амалдар орындауды.

3-сабақ

Сабақ тақырыбы

Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару. Ондық бүтін сандарды және ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару. Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне аудару.

Праграммалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақ мақсаты

Оқушыларды санау жүйелерімен, сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

санау жүйелері ұғымын;

сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру ережесін;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:


  • ондық бүтін сандарды екілік санау жүйесіне түрлендіруді;

  • ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне түрлендіруді;

  • ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне түрлендіруді;

  • ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне түрлендіруді.




4-сабақ

Сабақ тақырыбы

Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне аудару. Сандарды екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне аудару. Сандарды сегіздік және он алтылық санау жүйелерінен екілік санау жүйесіне аудару. Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

Праграммалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақ мақсаты

Оқушыларға сандарды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аударуды үйрету. Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды үйрету.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

  • сандарды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне ауыстыруды;

  • екілік арифметика ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

  • сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне аударуды;

  • сандарды екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне аударуды;

  • сандарды сегіздік және он алтылық санау жүйелерінен екілік санау жүйесіне аударуды;

  • екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Санау жүйелері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Санау жүйелері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Санау жүйелері» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.

3 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Буль алгебрасы» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Буль алгебрасы тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Буль алгебрасы» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 5-ші, 6-шы және 7-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі.

Сағат саны - 3 сағат.

Оқушының меңгеруі тиіс білімі:


  • компьютердің логикалық негіздерін;

  • пікір, тұжырымдау, пайымдау, ой қорыту, логикалық пікір ұғымдарыныңмәнісін;

  • негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін.

Оқушылардың игеруге тиіс білігі:

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша:



Сабақ

Сабақтың атауы

Сағат саны

5

Логика. Логика пән ретінде. Формальды математикалық логика. Пікірлер алгебрасы.

1 сағат

6,7

Логикалық орепациялар. Ақиқаттық кестелер. Орындау кестелері, компьютердің логикалық негіздері.

2 сағат



5 сабақ

Сабақтың тақырыбы


Логика. Логика пән ретінде. Формальды математикалық логика. Пікірлер алгебрасы. Логикалық операциялар. Логикалық көбейту (конъюнкция).

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы


Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты

Логикалық пайымдаулардың, логикалық операциялардың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Логикалық көбейту операциясын қарастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар



Оқушы білуі тиіс:

компьютер жұмысының логикалық негіздерін;

пікір, тұжырым, паймдау, ой қорыту, логикалық өрнек ұғымдарының мәнісін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;

ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын ЕМЕС терістеуін пайдаланатын пікірлерге мысал келтіруді;

логикалық көбейту операциясы үшін ақиқаттық кестесін толтыруды.



Логика алгебрасы – математикалық логиканың логикалық мәндері (ақиқат немесе жалған) және қолданылатын логикалық операциялар тұрғысынан қарастырылатын пікірлерді зерттейтін бөлігі. Логика алгебрасы ХІХ ғасырдың ортасында Дж. Бульдің еңбектерінде құрылған. Логикалық алгебрасын қамтамасыз ету әйгілі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге тырысудың нәтижесінде пайда болды. Логика алгебрасының негізгі мәселесі пікірлермен және оларға қолданылатын логикалық операцияларды зерттеу болып табылады. Пікірлер - өздеріне қатысты олар ақиқат немесе жалған екенін түжырымдаудың мағынасы бар болатын сөйлемдер. Өз кезегінде пікір болып табылатындай өзіндік бөлігін ажыратып алуға болмайтындай пікір жай пікір деп аталады.

«Және», «немесе», «егер...», «онда», «эквивалентті» логикалық байланыстарын, «емес» терістеуін және т.с.с. қолдану жай пікірлерден жаңа, «күрделірек» пікір құруға мүмкіндік береді. Логикалық байланыстардың өзіндік атаулары мен белгіленулері болады:



  • «Және» - конъюнкция, & арқылы белгіленеді;

  • «немесе» - дизъюнкция, V арқылы белгіленеді;

  • «егер...», «онда» - импликация, → арқылы белгіленеді;

  • «эквивалентті» - эквиваленттік, ~ (парапарлық) арқылы белгіленеді;

  • «емес» - терістеу, - үстіндегі сызықшасымен белгіленеді.

Осылай алынған пікірлердің ақиқаттығы немесе жалғандығы бастапқы пікірлердің ақиқаттығына немесе жалғандығына және пікірлерге қолданылатын операциялар ретіндегі сәйкес байланыс тұжырымдамасына тәуелді. Ақиқаттықты белгілеу үшін «А» символы, ал жалғандықты белгілеу үшін «Ж» символы енгізіледі. Содан кейін бұл символдардың орнына 1 мен 0 цифрлары пайдаланылады.

Күрделі пікірлердің (пікірлер алгебрасы) формулаларынан оларды құрайтын жай пікірлерді әртүрлі мәндеріне сәйкес мәндерінің ақиқаттық кестелерін пайдаланып анықтауға болады.





6 сабақ

Сабақтың тақырыбы


Логикалық операциялар. Логикалық қосу (дизъюнкция). Логикалық терістеу. Ақиқаттық кестелері. Орындау кестелері. Компьютердің логикалық негіздері.

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы


Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты

Оқушыларды логикалық қосу және терістеу операцияларымен таныстыру. Сәйкес ақиқаттық кестелерді қарастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар



Оқушы білуі тиіс:

негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін;

компьютердің логикалық схемаларында пайдаланылатын ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС негізгі логикалық элементтерді.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

логикалық қосудың ақиқаттық кестесін құруды;

логикалық терістеудің ақиқаттық кестесін құруды;

орындау кестесін құруды.



Логикалық көбейту (конъюнкция) – екі пікір де ақиқат болғанда, конъюнкция ақиқат. Пайымдаулардың біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, конъюнкция жалған.

Логикалық қосу (дизъюнкция) – пікірлердің кемінде біреуі ақиқат болғанда, дизъюнкция ақиқат, пікірлердің екеуі де жалған болғанда, дизъюнкция жалған болады.

7 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Логикалық есептерді шешу.

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы


Оқулық.

Жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты

Оқушыларды логикалық есептерді кесте құрып шешуге үйрету.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

  • негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

  • ақиқаттық кестестелерін және орындау кестелерін құруды;

  • кестелер құрып логикалық есеп шешуді.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Буль алгебрасы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Буль алгебрасы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Буль алгебрасы» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.

4 өздік жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет