Пысықтау сұрақтары:
1. Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі неде?
2. Әліпби мен графика ұғымдарының арасында қандай айырмашылық бар?
3. Әліпбиге қойылатын қандай талаптар бар?
4. Әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген деген пікірге жауабыңыз қандай болады?
5. Қазақ жазуы 1 әріп: 1 фонема қатынасында әліпби құрған ба? Салдары нендей болды? Болашақта қандай қатынастағы әліпби құруға мүмкіндік бар?
Жазу категориялары туралы айтылған төмендегі пікірлерді талдап көріңіздер
“Графика – это совокупность оптических средств и правил их применения для передачи сообщения в целом или же отдельных его единиц и их сочетаний”... “Орфография – это правила оптической передачи средствами графики данного языка его значимых единиц с учётом не только плана выражения но и плана содержания” (Л.В.Зиндер).
“Орфография имеет дело с внешней стороной знака означающим слова. Орфография облик слова устанавливает соответствие между элементарными составными частями означающего и буквами. Означающее же находится в соответствии не только с семантическим компонентом знака, с означаемым, но и с прагматическим компонентам, в том числе в внутренней формой знака” (Кузьмина С.М.)
Тест сұрақтары
1. Жазу таңбалары
а) дыбыстық, ұғымдық, логикалық b) ұғымдық, логикалық, грамматикалық
c) дыбыстық, ұғымдық, грамматикалық d) логикалық, дыбыстық, грамматикалық
2. Әліпби талаптары
a) экономикалық, саяси, фонологиялық
b) фонологиялық, педагогикалық, экономикалық
c) психологиялық, педагогикалық, фонологиялық
d) саяси, психологиялық, педагогикалық
3. Фонетикалық принциппен жазылған сөз:
a) Ботагөз b) хикая c) қаһарман d) басшы
4. Ең алғаш вокалды жазуды ойлап тапқан ел
a) гректер b) финикиялықтар c) шумерлер d) қытай
5. Қазақ жазуында әріп саны фонема санынан кем қанша әліпби болды?
a) бір b) үш c) төрт d) екі
6. Байтұрсын әліпбиі әріп санын қысқартудың қандай тәсілін қолданды?
а) дәйекше арқылы b) дауыстыны үнемдеу c) дауыссызды үнемдеу
d) төл дыбыстарды ғана таңбалау
Достарыңызбен бөлісу: |