Пәннің мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: Оқупәні – «сase құралдары көмегімен ақпараттық модельдеу»



бет16/117
Дата01.04.2024
өлшемі5.25 Mb.
#497142
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117
case docx (1)

Бақылау сұрақтары

  1. МҚ әкімшісінің қызметіне не жатады?

  2. МҚ әкімшісі нені орындайды?

  3. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

  4. Мәліметтер қоры серверінде не орналасады?

  5. Ақпараттық жүйеге не кірмейді?

  6. Қандай ақпараттық жүйе жергілікті деп аталады?

  7. МҚ-мен жұмыс істейтін, ақпараттық жүйелерді программалық қамтамасыз етуге не жатады?

  8. Clipper деген не?

  9. 9.Екі буынды модельде компьютер-сервер мен компьютер-клиент арасындағы қызметтер бөлінуінің нұсқаларын атап көрсетіңіздер.

  10. Мәліметтер қорын қолданылатын жергілікті ақпараттық жүйелер құрудың негізгі нұсқаларын көрсетіңіздер.

  11. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер қорына қол жеткізу қалай ұйымдастырылады?

Әдебиеттер:

  1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.

  2. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва, 2000.

  3. Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург, 2000.

  4. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.

3-ДӘРІС. Мәліметтер қорының моделі.


Қарастырылатын сұрақтыр:

  • Мәліметтер қорының моделдері.

  • Иерархиялық модель.

  • Желілік модель.

  • Реляциялық модель.

  • Атрибут (өріс, бағана).

  • Кортеж (жазба, жол).

  • Қатынас (кесте).

  • Нормаль формалар.

  • Алғашқы және сыртқы кілттер.

Мәліметтер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының



  • иерархиялық,

  • желілік,

  • реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,

  • көпөлшемдік,

  • объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Мәліметтер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады (1.1-сурет)




Біртіндеп қол жеткізу файлдары


Еркін қол жеткізу файлдары


Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері


Желілік модельдер


Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары


Мәліметтер қорының реляциялық модельдері


Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы


Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры


1.1-сурет. Хронологиялық диаграмма


Сонымен қатар мәліметтердің өзге модельдеріне негізделген белгілі модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге болады. Бұл модельдердің кейбіреулері мәліметтер қорын, білім қоры мен программалау тілдерін интеграциялауға арналған. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер модельдерімен жұмыс істейді.


3.1. Иерархиялық модель.


Алғашқыда мәліметтер қорының иерархиялық модельдері пайда болды. Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген.
Иерархиялық МҚ-ның құрылымын (сұлбасын) сипаттау үшін кейбір программалау тілінде «бұтақ» мәліметтер типі қолданылады.
«Бұтақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдерінің «құрылым» атты мәліметтер типімен және Паскаль тілінің «жазба» типімен ұқсас. Оларда типтердің бір-біріне салынуына жол беріледі, олардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде орналасқан.
«Бұтақ» типі құрамдас болып келеді. Оған ішкі типтер («кіші бұтақтар») кіреді, олардың әрқайсысы өз кезегінде «бұтақ» типі болып табылады. «Бұтақ» типінің әрқайсысы бір «түбірлік» типтен және бағыныңқы типтердің реттелген жиынтығынан (бос болуы да мүмкін) тұрады.
«Бұтақ» типіне енгізілген қарапайым типтердің әрқайсысы «жазба» атты жай немесе құрама тип болып табылады. Қарапайым «жазба» бір типтен тұрады, мысалы, сандық типтегі, ал құрама «жазба» типтердің белгілі бір жиынтығын, мысалы, бүтін, символдар жолы және көрсеткіштерді (сілтеме) біріктіреді.
Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип аталады. Бағыныңқы тип (ішкі тип) өзі үшін ата тегі (ата-ана) рөлін атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып табылады.
Тұтастай алғанда «бұтақ» типі «жазба» типтерінің иерархиялық тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығын сипаттайды.
Иерархиялық МҚ құрамында «жазба» (жазбалар) типіндегі мәліметтер даналарын (экземплярын) қамтитын «бұтақ» типіндегі мәліметтер даналарының реттелген жиынтығы болып табылады. Көп жағдайда типтердің арасындағы туыстық қатынастарды жазбалардың арасындағы қатынастарға көшіреді. Жазбалар өрістері шындығында МҚ-ның негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық МҚ-ғы барлық элементтерді қарап шығу әдетте жоғарыдан төмен қарай және солдан оңға қарай жүргізіледі.
Иерархиялық модельдің мәліметтер қорлары бұтақ түріндегі құрылымы бар нысандарды сипаттауға ыңғайлы. Мысалы, белгілі бір кәсіпорынның құрылымын келесі түрде келітруге болады (1.2-сурет).

1.2-сурет. Кәсіпорынның иерархиялық құрылымы


Өзінен басқа жазбаға сілтеме жасалатын жазба «ата тегі» немесе бағындыратын жазба деп аталады. Сілтеме жасалатын жазба «ұрпақ» немесе бағыныңқы жазба деп аталады. Иерархиялық модельде әрбір ұрпақтың тек бір ғана ата тегі болады, басқаша айтқанда бір ұрпаққа екі және екіден артық ата тегі сілтеме жасай алмайды. Сілтемені нұсқау үшін ата тегі-жазбаның өрісі болуы тиіс, ол жерге тасымалдағыштағы ұрпақ-жазбаның физикалық мекен-жайы жазылады. Ұрпақ-жазба сақталатын тасымалдағыштағы осы физикалық мекен-жай көрсеткіш деп аталады. Жазбаларды байланыстырудың мысалы (1.3-сурет):

1.3-сурет. Жазбаларды байланыстыру


Сонымен, иерархиялық модельдегі мәліметтер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін физикалық мекен-жайлардың көрсеткіштері қолданылады.
Мәліметтердің иерархиялық моделінің артықшылықтарына ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мен мәліметтермен негізгі амалдарды орындау уақытының көрсеткіштері жатады. Мәліметтердің иерархиялық моделі иерархиялық тұрғыдан реттелген ақпаратпен жұмыс істеу үшін ыңғайлы.
Иерархиялық модельдің кемшілігіне күрделі логикалық байланыстары бар ақпаратты өңдеу үшін оның көлемінің тым орасан үлкен болуы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін түсінуге қиындығы жатады.

3.2. Желілік модель.


Желілік модельдерде мәліметтердің арасындағы өзара байланыстар еркін граф түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп ата тегі болуы мүмкін.
Желілік модельдің мәліметтер қоры жазбалар жинағы мен байланыстар жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық көрсеткіштері бар өрістен тұрады.
Осылайша, желілік МҚ сұлбасын сипаттау үшін типтердің екі тобы: «жазба» және «байланыс» қолданылады. «Байланыс» типі «жазба» типінің ата тегі және ұрпақ типтері үшін анықталады. «Байланыс» типінің айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады.
Желілік МҚ жазбалар жинағы мен сәйкес байланыстар жинағынан тұрады. Байланыстарды қалыптастыруға ерекше шектеулер қойылмайды. Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі –жазбасы болса, ал мәліметтердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-жазбалардың (өгей ата-аналар) кез келген санына ие бола алады.
Келесі суретте (1.4-сурет) инженер лауазымына сәйкес келетін жазбаға екі жазба сілтеме жасайды.


1.4-сурет. Желілік модельдегі жазбаларды байланыстыру


Иерархиялық модельді желілік модельдің дербес жағдайы ретінде қарастыруға болады.


Мәліметтердің желілік моделінің артықшылығы жадының шығындалуы мен жеделдік көрсеткіштері бойынша тиімді түрде жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Желілік-модель иерархиялық модельмен салыстырғанда еркін түрдегі байланыстардың құрылу тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ұсынады.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі – оның негізінде құрылған МҚ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатқылдығы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді түсіну мен орындаудың қиындығы. Бұған қоса, мәліметтердің желілік моделінде жазбалардың арасында еркін түрдегі байланыстардың орнау мүмкіндігінің салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты бақылау әлсірейді.
Мәліметтер қорының иерархиялық және желілік модельдерінде физикалық көрсеткіштерді пайдалану, мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде мәліметтердің өзара байланыстарының біртұтастығын сақтауға қатысты елеулі кемшіліктер анықталды. Байланыстардың біртұтастығының сақталуын бақылау ата-тегсіз ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға негізделген. Мәліметтер қорына өзгертулер енгізген жағдайда байланыстарды, физикалық көрсеткіштерді қайтадан анықтау қажеттігі туындайды, бұл үлкен қиындықтармен, пайдаланушының уақыты мен күш-жігерінің шығындарымен байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет