Автобасылым: бағанаға(Автоотчет: в столбец)режимі беттегі барлық өрістерді бір бағанға (колонкаға) орналастыру мүмкіндігін береді, кесте аты басылымның тақырыбы ретінде қолданылады, әрбір беттің төменгі жағында күн-ай мерзімі, бет нөмірі және басылым беттерінің жалпы саны орналастырылады. 117-суретте «Авто иесі» кестесі үшін жасалған басылым көрсетілген.
Автобасылым: таспалық(Автоотчет: ленточный)режиміөрістерді беттің жоғарғы жағына солдан оңға қарай бағаналар аттары ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Басылым альбомдық бағытта жасалады, бір бетке бағаналардың мүмкіндігінше ең көп (максимум) саны шығарылады, мұндайда бағана аттары қысқартылып та алына береді.Ал басқа бағаналар келесі беттерге басылатын болады. 118-суретте«Авто иесі»(«ВладелецАвто») кестесі үшін жасалған осындай басылым бейнесі көрсетілген.
117 сурет– Автобасылым: бағанаға(Автоотчет: в столбец)режимінде жасалған басылым көрінісі
118 сурет.Автобасылым: ленталық(Автоотчет: ленточный)
режимінде жасалған басылым көрінісі
7.2 Конструктор режиміндебасылымдар жасау
Конструктор режимі басылымдар жасау үшін де, әрі оларды түзету үшін де қолданыла береді. Мұнда басылымның мынадай бөлімдері бар:
- басылым тақырыбы – тек басылымның бас жағына ғана шығарылады, мұнда басылым жобасының тақырыбындағы мәтін орналастырылады;
- жоғарғы колонтитул - әрбір беттің жоғарғы жағына шығарылып отырады, мұнда тақырып, күн-ай мерзімі және беттер нөмірі жазылады;
- мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбасы орналасып, мұнда қайталанбайтын мәндері бар өрістер де тұрады;
- төменгі колонтитул - әрбір бетің төменгі жағына шығарылады;
- басылымның ескертпесі – тек басылымның соңына жазылады.
Мұндай бөлімдердің болуы немесе оларды қосу мен алып тастау ісі меню қатарының Түр/Колонтитулдар (Вид/Колонтитулы) және Түр/Тақырып/Басылым ескертпесі (Вид/Заголовок/Примечание отчета)командалары арқылы жүзеге асырылады. Басылым құру кезінде терезелерді тұтынушыға керекті басылым жобасына сәйкес элементтермен толтыру қажет. Өрістер бойынша жазбаларды топтастыру қажет болғанда, топтар бойынша қорытынды нәтижелер мәндері орналастырылатын Топ тақырыбы (Заголовок группы) және Топ ескертпесі (Примечание группы) бөлімдері қосылуы мүмкін. Ол үшін Сұрыптау және топтастыру (Сортировка и группировка)батырмасын шертіп топтастырылатын өрісті таңдап алып, содан соң топтастырылу өрісін тағайындап, оның қасиеттеріндегі Топ тақырыбы қатарына Иә (Заголовок группы – Да) және Топ ескертпесі қатарына да Иә (Примечание группы – Да) деген белгілерді орнату қажет. Шығарылатын жазбаларды 10 деңгейге шейін топтастыруға болады. Басылымдар конструкторы терезесі 119-суретте көрсетілген.
119 сурет. Басылымдар конструкторы терезесі
Саймандар тақтасында Формаларконструкторындағысияқты батырмалар бар.Басылым бөлімдері элементтері болып саймандар тақтасының тиісті батырмалары арқылы жасалатын жазулар мәтіндері, енгізілетін объектілер, сызықтар, тік төртбұрыштар және т.б. табылады. Өрістерді орналастыру үшін Өрістер тізімі (Список полей)батырмасы қолданылады. Жазулар жасау үшін Жазу (Надпись) батырмасын қолданады. Басылымға есептелінетін мәнді орналастыру үшін Өріс (Поле) батырмасын басып, басылымның керекті жеріне Бос(Свободный) элементін орналастырады да, осы элементтің қасиеттерінде есептеу өрнегі ( «Мәліметтер» парақшасы, Мәліметтер қатары) мен оның жазуы («Жоба»(«Макет») парақшасы, Жазу (Подпись)қатары) анықталады. Құрылған бос элемент үшін күн-ай мерзіміNOW( )ішкі функциясы, ал бет нөмірі[PAGE]өрнегі арқылы беріледі. Бұларды Енгізу/Күн-ай мерзімі мен уақыты(Вставка /Дата и время)және Енгізу/Беттің нөмірі (Вставка/Номер страницы)командалары арқылы да орындауға болады.
120-суретте бұдан бұрын жасалған басылым көрсетілген (117 суретті қ.). Онда Конструктор режиміндетақырып мәтіні мен оның орналасуы өзгертілген. Осы аймақта C:\ProgramFiles\Microsoft Office\Clipart\Popular\DARTS.WMF файлынан алынған сурет орналастырылып, күн-ай мерзімі енгізілген. Құжаттың бастапқы түрімен салыстырғанда мәліметтер аймағынан 1-ші өріс алынып тасталған (Иесі Коды), ал қалған басқа өрістер екі бағанаға орналастырылған. «Жоба» парағында барлық өрістер үшін қаріптің 11-ші көлемі орнатылған. Осындай басылым түрі 121-суретте көрсетілген. Осылайша басылымның басқа да элементтерін, сондай-ақ қасиеттерін де өзгертуге болады.
120 сурет. Конструкторрежиміндегі басылым түрі
121 сурет.Алдын ала қарап шығу режиміндегі басылым көрінісі
7.3 Көп кестелі басылым
Access МБ-ның өзара байланысқан бірнеше кестелерінен мәліметтер шығаруды қаматамасыз ете алатын күрделі басылымдар жасауға да мүмкіндік береді және олардың мәліметтер схемаларына сәйкес қажетті байланыстар автоматты түрде бірден орнатылады. Көп кестелі басылымдар негізгі бөлімнен және бағынышты басылымнан тұратын үстемелі бөліктен де құрастырыла береді немесе әр түрлі кестелер өрістерінен тұруы да мүмкін. Көп кестелі басылым бірнеше кезеңде жасалады:
- басты кесте негізінде басылымның негізгі бөлімі жасалады;
- бағынышты кесте көмегімен өз басылымыңды құруға болады және де мұнда Колонтитулдар батырмасын басып, екі колонтитулды да алып тастаған жөн;
- Конструктор режимінде негізгі басылымды ашып, бағынышты басылымды мәліметтер аймағына орын ауыстыруға болады немесе Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/ отчет)батырмасын басып, көп кестелі форма үшін атқарылатын әрекеттерді орындауға болады;
- Конструктор мүмкіндіктерін қолдана отырып қажетті өзгерістер енгізіп, артынан басылымды сақтауға болады.
122-суретте Авто және Авто Иесі сияқты екі кесте негізінде жасалған «Иеcі және оның автомобильдері» көп кестелі басылымы көрсетілген. «Авто 1» бағынышты басылымы 120-суретте келтірілген. Бұл басылым Автобасылым: таспалық режимінде жасалып, артынан Конструктор режимінде толықтырылған: тек 4 өріс қалдырылған, тақырыбы өзгертілген, тақырып үшін қаріп көлемі – 14, өрістер үшін – 11 болып орнатылған. Конструктор режиміндегі көп кестелі басылым124-суретте көрсетілген. Басылымның бастапқы түріне қарағанда (120, 121 суреттерді қ.) мұнда тақырыптар аймағынан сурет алынған, басылым тақырыбы өзгертілген, «Иесі» тақырыбы енгізілген, Бағынышты форма/басылым(Подчиненная форма/отчет)батырмасы көмегімен бағынышты басылым аймағы құрылған.
122 сурет.Көп кестелі басылым
123 сурет.Конструктор режиміндегі бағынышты басылым бейнесі
124 сурет.Конструктор режиміндегі көп кестелі басылым
7.4 Мәліметтер өңдеуге арналған тапсырмалар
Лабораториялық жұмысты атқару барысында келесі тапсырмаларды орындау қажет:
1) әр түрлі кестелер үшін басылымдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығару, олардың тақырыптарын және оған кіретін өрістер мен басқа да элементтерін анықтау;
2) басылымдар жасау кезінде басылымдар құрудың әр түрлі режимдерін пайдалану;
3) Конструктор режимін қолданып, осы басылымдарды түзету және осы кезде әр түрлі тақталар саймандары мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысу;
4) байланысқан кестелер үшін күрделі басылымдардың бірнеше нұсқаларын құрастыру;
5)ШебержәнеКонструктор режимдерін пайдаланып, осы басылымдарды жасау;
6) құрастырылған барлық құжаттармен жұмыс жасап шығу.
Лабораториялық жұмыс 2-4 сабаққа есептелген. Access-тіңмүмкіндіктерін зерртеу кезінде жоғарыда келтірілген басылымдарды жасау режимдерінің, оның ішінде көпкестелі режимді де толық игеру қажет.
1 тапсырма
Мәліметтер базасы терезесіндегі Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Достарыңызбен бөлісу: |