ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Мамандыққа кіріспе»



бет3/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#129827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ.

Таралу ауқымы мен материалдық шығынының көлеміне қарай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық, жергілікті, аймақтық, барынша ауқымды болып бөлінеді.



Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін;

Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың екі ауданына тараса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін;

Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

  • қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;

Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.

Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.

Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері – бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы – бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.

Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы – бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен қатар авария-нысанда, белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылар мен транспорттық құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға шығын келтіруді тудыратын қауіпті техногенді оқиға.

Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.

Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.

Ықтимал қауіпті нысан төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.

Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.

Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы адаммен үнемі қарым-қатынас кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған әсер еткендегі адамның денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан бірлігімен немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы, азық – түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.

Зақымдану аймагы – белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп келтіретін мөлшерде аумағында химиялық заттар таратылған немесе қауіпті химиялық және биологиялық заттар енгізілген территория немесе аймақ.

Өнеркәсіптік авариялар мен апаттар:

Өнеркәсіптік авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.

Жобалық өнеркәсіптік авария – бастапқы және ақырғы жағдайы жобамен белгіленген және белгіленген шектермен авария салдарының шектеуін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.

Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген бастапқы жағдай тудыратын және жобалық авариялармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді іске асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.

Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай –ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.

Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.

Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.

Радиациялық авария – аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы – қауіпті нысандағы авария.

Радиоактивті ластану – жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық –түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.

Радиациялы қауіпті нысан – радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.

Радиоактивті ластану аймагы – аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.

Радиациялық қоргау режимі – иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.

Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.

Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

  2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар

  3. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері

  4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Дәріс №4. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Жалпы сұрақтар

  1. Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.

  2. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері.


Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.

Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар. Нысанды пайдаланудың техникалық деңгейінің төмендігі, техникалық процесстермен басқару жүйесінің және өртке қарсы қызметтің жетілмегендігі, құрал – саймандардың ескіруі салдарынан бұл сала өзінің жоғары авариялылығымен ерекшеленеді. Аталған сала кәсіпорындарындағы өрттер өте қауіпті, өйткені сыртқа шыққан мұнай жанған кезде мұнайы бар қоймаға, компрессорлы қондырғыларға, мұнай құбырларына от шашады.

Химиялық және мұнай химия өнеркәсібіндегі авария себебінің сараптамасы көрсеткендей, соңғы онжылдықта олардың басым көпшілігі (95%) көптеген химиялық заттардың жарылуымен байланысты, оған қоса, 54% - аппаратура ішінде, ал 46% - өндіріс бөлмелері мен сыртқы құрылғыларда. Көп жағдайда аварияның шығуы мен атмосферада өрт және жарылыс қауіпі бар заттардың жарылысы қираулардың, шығындардың, одан кейінгі кең көлемді өрттердің негізгі себебі болып табылады. Нысанда бар немесе бақыланбайтын химиялық реакциялар кезіндегі синтезделетін химиялық заттар авария кезінде үлкен аумақта улы кеңістік зақымдаушы түзуге қабілетті.



Өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар.

Аса қауіпті, алдын ала болжауға болмайтын, ауыр зардапты өрттер мен жарылыстар өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтайтын орын мен қоймаларда төтенше жағдайлар жиі орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды көп көлемде сақтайтын қандай да бір қоймалардың зақымдануы жаппай өрттермен қатар жүріп, кәсіпорынның өндірістік және материалдық қорының 80-90% -ын жоюы мүмкін.



Қирау. Ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік тораптардың қирауы бейбіт кезеңде төмендегі себептерге:

  • ескіру мен материал құрылыстарының коррозияға ұшырауына алып келетін табиғи факторлардың және олардың физика – механикалық сипаттамаларының төмендеу: әуе кеңістігінің, атмосфералық ылғалдықтың, жер асты суларының, жердің сортандануы мен отыруы, ауаның жағымсыз температурасы, жер қыртысындағы қаңғыма тоқтар, бөрененің шіруі және т.б. алып келетін биологиялық факторлар әсеріне;

  • қирауға алып келетін: дауылдар, құйындар, цунамилар, нөсерлер, су тасқындары, су басулар, жер сілкіністері, опырылмалар, сел тасқындары, қардың құлауы және т.б. апаттарға;

  • құрылыстар мен техникалық жүйелердің өндірістік – жобалаудағы ақауларынына: қарастыру мен жобалау кезіндегі қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізудің немесе құрылыс материалдарының және конструкциялардың сапасыздығына;

  • материалдарға және конструкцияларға технологиялық процестердің: қосымша жүктемелер, жоғарғы температуралар, дірілдер, тотықтырғыштар, булы газдық және сұйық агрессивті орта, минералды майлар мен эмульсиялардың әсеріне;

  • құрылыстардың, техникалық жүйелердің пайдалану ережелерінің бұзылуы және осының салдарынан бензин буының, химиялық заттардың, газдың, дән элеваторларындағы және т.б. пайда болатын өрттер мен жарылыстар салдарына байланысты болады.

Құрылыстардағы ірі қираулардың сараптамасы көрсеткендей аварияның басты себебі – монтаждық – құрылыс жұмыстардың төменгі сапасы. Сондай – ақ металл және темірбетон конструкцияларының монтаж ережесінің бұзылуы, материалдарды басқа бір материалдармен алмастыру, ғимаратты (құрылысты) ірі ақауларымен пайдалануға беру, беріктік қорының жетіспеушілігі аварияға жиі алып келеді.

Ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың кенеттен қирауы үлкен материалдық шығынға алып келеді, кей жағдайларда адамдардың құрбан болуымен қатар жүреді.



Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық оқиғаларды топтастыру. ҚР трнспорт және коммуникация министірлігі бекіткен Транспорттық оқигалардың тергеуін сотпен жүргізу Ережесіне сәйкес ішкі су жолдарындағы транспорттық оқиғалар авариялар және эксплуатациялық оқиғаларға бөлінеді:

Аварияға жататындар:

  • нәтижесінде адамдар қаза тауып немесе ауыр дене жарақатын алған транспорттық оқиғалар;

  • толық конструкциялық қирау, құтқарумен бірге жүретін кемелердің суға батуы;

  • бірінші кеме кірген кезден бастап, тап сол аймақтағы жолда немесе шлюзде 72 сағат және одан аса қозғалыстың тоқтауын алып келген, немесе кеменің гидротехникалық құрылыстың зақымдауы;

  • транспорттық оқиға кезіндегі мұнайдың, мұнай өнімдерінің 10 тоннадан астам төгілуі;

  • кеменің баска кемені зақымдауы.

Экстуатациялық оқигаларга жататындар:

туындаған салдарына тәуелсіз транспорттық оқиғалар, адамдардың өлімі мен ауыр жарақаттарынан болмауы, басқа кемелерге көмек көрсету, күшті зілзала әрекеттерінің нәтижесінде, мұзды жағдайда кемелердің жұмыстары кезінде.



Транспорттық авария - өзімен бірге адам өліміне, зардап шеккендерге ауыр дене зақымдануына соғатын, транспорттық құралдар мен ғимараттарды зақымдауға және жоюға немесе қоршаған табиғи ортаға шығын әкелетін транспорттық авария.

Қауіпті жүк - өздеріне тән құрамына сәйкес, тасымалдау немесе тиеу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыру, қоршаған табиғи ортаны, транспорттық ғимараттарды, құралдар мен басқа да заттарды зақымдау және құрту мүмкіндігіне ие қауіпті заттар, материал, өнім мен өңдіріс қалдықтары.

Авиацияльқ транспорттагы төтенше жағдайлар. Авиациялық транспорттағы төтенше жағдайлар деп әуе кемелерінің ішінара немесе толық қирау жағдайын айтады. ТЖ басты себебі «адамдық фактор», авиапарктің, техниканың ескіруі болып табылады.

Авиациялық апат – адамдардың өлімі мен із – түссіз жоғалуына, зардап шегушілердің дене жарақатына немесе кеменің және ондағы тасымалданатын материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін, ұшу немесе пайдалану кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.

Авиациялық авария деп адам шығынынсыз, алайда әуе кемесінің айтарлықтай зақымдануына алып келген авиа оқиғаны айтады.

Авиациялық сыну деп ұшу қауіпсіздігін төмендететін жағдайды айтады.

Теміржол транспорттпарындағы төтенше жағдайлар. Теміржол көлігіндегі ТЖ себептерінің қатарында алдыңғы қатарда (25%) келе жатқаны релстен шығып кету болып отыр. Теміржолдағы апат пен авариялардың 25% - ы поездардың күтпеген жерден автомобиль және жүк транспорттары, велосипедшілермен соқтығысуы салдарынан орын алады. Мұндай жағдай көбіне темір жол үстінен өтетін жерлерде болады. Мұндай ТЖ – ға тән сипат ретінде транспорттық құралдардың темір жол өтетін жерді кесіп өту ережелерін дұрыс сақтамауы себеп болады.

Темір жол қозғалысын басқару жүйесіндегі тәртіптің бұзылуы составтың бос емес жолға түсуіне және соғысуына алып келеді. Мұның себебі аса күрделі темір жол авариясы мен апатына алып келетін станция жолдарындағы маневрлік жұмыстар тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін.



Қауіпті жүктер, әсіресе ҚӘУЗ бар қозғалыстағы составтың соғысуы мен шығып кетуі жыл санап өсуде. Мұндай ТЖ алып келген шығын, әдетте өте жоғары болып келеді, өйткені апат салдарын жоюдан басқа, қосымша зақымдаушы факторларымен де күресуге тура келеді.

Темір жол транспорттарыңдағы көптеген ТЖ себебі жарылыстар мен өрттер болып келеді.

Жол жүру бағытындағы жолаушы поездарында орын алатын өрттер айтарлықтай материалдық шығын алып келеді. Аса үлкен қауіпті вагондардағы өрттер тудырады. Мұндай өрттер көбіне қызмет көрсетуші персонал мен жолаушылардың отты абайсыз пайдалануынан туындайды. Өрттердің 26% жағдайы электр құрылғыларындағы ақаудан, ал аса ауыр зардаптарға алып келетін өрттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзудың салдарынан орын алады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп, вагондағы жалпы тұтанудың пайда болу немесе жанғыш сұйықтықтың жану, шыға берістің отпен немесе жанғыш заттармен қоршалуы, сөндіру құралдарының аз нәтижелілігі және жолаушылар арасындағы үрей нәтижесінде орын алатын қуатты тұтану ошағының болуында жатыр.

Темір жол авариялары мен апаттары кейде дауыл, қарлы және құмды боран, опырылма және сырғыма, су басу, нөсерлі жауын – шашын, жер сілкінісі сияқты табиғат құбылыстарының салдарынан да орын алады. Олар жолдарды зақымдайды, электр желілерін үзеді, көпірлер мен бөгеттерді қиратады, көру мүмкіндігін төмендетеді. Осының барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Поездың апатқа ұшырауы – жолаушы немесе жүк поезының басқа поезбен немесе қозғалмалы составпен соғысуы, поездағы қозғалмалы составтың екі аралықта және станцияда шығып кетуі салдарынан адамдардың қаза табуы мен жаралануы, локомативтің сынуы немесе вагондардың мүлік тізімінен шығуына дейін баруы, болмаса сол аумақтағы қозғалыстың толық тоқтауы соғысудың немесе қозғалмалы составтың шығып кету салдарын жоюдың нормативті уақытынан асып кетуі.

Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше темір жол қозғалмалы составының күрделі жөндеуден өтуге дейінгі деңгейде зақымдалуы мен бір немесе бірнеше адамның қаза табуы, зардап шеккендерге әр түрлі сипатта дене жарақатын, не болмаса нормативтік уақыттан асатын уақытта қозғалыстың толығымен тоқтап қалуына алып келген темір жолдағы авария.

Автомобиль транспорттарындағы төтенше жағдайлар. Әлемде автомобильді жол – көлік ТЖ салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам қаза тауып, 8 млн. адам жарақат алады. Автожолдық жарақат әлемдегі халық арасындағы өлім себебінің үшінші орнын алады.

Жол - көлік апаты деп (ЖКА) механикалық транспорт құралдарының қозғаласы кезінде орын алған және өзімен бірге адамдардың қаза табуы мен дене жарақатын, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің зақымдануын немесе басқа да материалдық шығын алып келген оқиғаны айтамыз. Механикалық транспорт құралдарына жататындар: автомобильдер, мотоцикльдер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өзі жүретін механизмдер.

Жол – көлік апатын бірнеше негізгі түрге бөледі.



Соқтыгысу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралдары өзара немесе темір жол составымен соқтығысуы кезіндегі оқиға.

Аударылу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралы тұрақтылығын жоғалту және аударылу кезіндегі оқиға.

Автотрансторттағы ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар:



  • қозғалыс ережесінің бұзылуы;

  • жылдамдықты жоғарылату;

  • автокөлікті мас күйінде жүргізу;

  • жолдың нашар жағдайы, метеожағдай;

  • автокөліктегі ақау.

Ең үлкен қауіпті жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуы салдарынан орын алған ЖКА тудырады. Аталған статистика көрсетуі бойынша 115 км/сағ жылдамдықпен соғысу – жүгізушінің 100% қаза табуына алып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет