ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Мамандыққа кіріспе»



бет7/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#129827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Өрт бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұнады. Өрттің 90% - адамның күнәсынан, 7-8% - найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2-3% - басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәүлесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.

Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы өрт болып табылады. Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.

Орманның төменгі жағындағы өрт орман төсемінің топырақ бетіндегі шөп-шаламның, ағаштың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады.

Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3-1 м/мин (әлсіз өрт), 1-3 м/мин (орташа өрт), 3 м/мин жоғары (қатты өрт), жалынның биіктігі 1-2 метр, өрт аймағындағы оттын температурасы 400-9000 С болады.



Орманның жоғарғы жағындағы өрт – қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8-25 км/с үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскелер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл бүкіл ағаштын бойын қамтиды. Жалын топырақ жамылғысынан бастап, ағаштын ұшын 5-8 км/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100ºC көтеріледі.

1997 жылғы жазда бейқамдық салдарынан бұрынғы Семей обласында өрт болып, ол 12000 га аумақты қамтылды.

Оттың тағы бір түрі – жер астындағы өрт, алайда ол Қазақстан жағдайына тән емес.

Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай  жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік күзет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) - өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өртсөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

Өрт ошағын жайылтпай үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

Даладағы жойқын өртті ені 20 метрге дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдынғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен, тік ұшақпен) және басқалар.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Күйдіру тәсілі ірі өрт кезінде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке қараған жанына жанатын материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп, құрай, қорда). Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда, әуелде 20-30 метр учаскесіндегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 2-3 метрге жылжығаннан кейін көрші учаскілер жағылады. Өртелген алқаптың еңі кемінде 10-20 метр, жердегі алапатөрт кезінде 100 метрден кем болмауға тиіс.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 метр өрт қанаттарының алдында кемінде 50 метр болуға тиіс.

Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру;

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді.

Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман  сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, каска, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Өртті болдырмау шаралары

    2. Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу

    3. Өрт кезіндегі іс әрекет.


Дәріс №10. Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау
Жалпы сұрақтар

  1. Қорғаныс ғимараттары.

  2. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.

ТЖ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ



Ұжымдық қорғаныс құралдары

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.



Панахана (1 сур.) толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен әсері күшті улы заттардың (ӘКУЗ) ықпалынан сенімді қоргауды қамтамасыз етеді. Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Панахананың сыйымдылығы қарай олар бөлінеді: шағын – 300 адамға дейін, орта – 300-600, үлкен – 600-ден астам.

1 сурет - Панахана

 

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салыну су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болу, панахана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу. 



Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді (2 сур.). Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіребер шығаберістер. Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберіс шығаберістердің болуы.

 

2 сурет - Панахананың құрылымы

 

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады. Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л жасалады.



Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгіш желдеткіш (II режим). Таза желдеткіш режимі кезінді панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады. Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоктивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО қымталмаған қорғаныс ғимараттар (3, 4 сур.). Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс жолдарын, тері мен киімді радиоакгивті заттардың түсуінен қорғайды.

3 сурет - Радиациядан қорғайтын орын( РҚО)

 

4 сурет - Радиациядан қорғайтын орын

 

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт пен қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым қорғаныс құралдардықуыстарды (ашық және жабық) салады (5 сурет). Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималдығы  2,3 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың түсуінен, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды. 



 
5 сурет - Қарапайым қорғаныс құрал (қуыс)

 

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40-50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады, оның терендігі 180-200 см, жоғарыдағы ені 110-120 см және төмендегі ені – 80 см болады. Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстың – 50 адам. Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6-0,7) және дерн жабады.


Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс. Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тындау ұйымдастырылады.
Жеке қорғаныс құралдары

Тыныс жолдарын қорғау құралдары

Жеке қорғаныс құралдары тыныс жолдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ӘКУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактиі шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды. Олар тыныс жолдарын және теріні қорғау құралдары болып жіктеледі.     

Тыныс жолдарын корғау кұралдарына газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлары жатады. Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері: ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу мүшелеріне түседі ауа қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқы шығады. Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізеді.

Халықты  қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М), ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) және ГП-4у газқағары қолданылады (1 сур.). ГП-5 газқағары адамның тыныс жолдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш, әсері күшті улы заттардан қорғауға арналған (2 сур.). Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдынғы беттен (шлем-маска) тұрады. Шлемнің қажетті өлшемін тандау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 63,5 см дейін – бірінші, 66-дан 68-ге дейін – екінші, 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші, 71 см бастап одан жоғары – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігіңде көрсетіледі.

 

 



1 сурет - Сүзгілік газқағарлар

 

2 сурет - ГП-5 газқағары



 

ГП-7 газқагары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі (3 сур.). Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді. ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бір қатар артықшылығы бар. Сүзгілік-жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ    өкпесі мен жүрек-тамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады. Газқағарда сөйлесу қондырғысының (мембрананың) болуы айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді.

 

3 сурет - ГП-7 газқагары

 

ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін тандау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі (4 сур.). Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2-3 см жоғары және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей тапсыру ұрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.



Газқағарды алып жүру күйлері: "жүріс күйі", "даяр күйі", "жаунгерлік күйі" (5 сур.).

 

 



4 сурет - Басты тікелей және көлбей өлшеу

 

5 сурет - "Жүріс күйі", "даяр күйі" және "жаунгерлік күйі"

 

Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған – ДП-6М газқағары, жасы үлкен балаларға – ДП-6 газқағары, ПДФ-7 аса көп таралған. Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады (6 сур.). 1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін балалар қорғау камерасы (КЗД-4 және КЗД-6) пайдаланылады (7 сур.).



 

 

6 сурет – ПДФ-2Д және ПДФ-2Ш газқағарлары

 

 

7 сурет - Балалар қорғау камерасы



 

Оқшаулағыш газкағарлар. Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-5 жатады. Тыныс алу мүшелерін, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшелікгері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады. Бұл газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау қоймаларында тұрады. Оқшаулағыш газқағардың  қорғаныс іс-әрекетінің принципі  атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процессінде регенеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.

Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші ба регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады.



Өнеркәсіптік газқағарлар. Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіптік газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу мүшені, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар (мысалы: В қара – сынап буынан, Ж қызыл – аммиактан және т.б). Соңғы шыққан енеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-ЗП, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады.

Тыныс жолдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайыи құралы ретінде Р-2 респираторлар қолданылады. Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады. Р-2 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, және т.б,) кеңінен пайдаланылады (8 сур.).

 

 

Тыныс жолдарын қорғайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-дәкі таңғышын және шаңнан қорғайтын мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.  ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маскасы. Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады. Үстіңгі қабаты штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны немесе целлулоид қойылады (9 сур.).



 

9 сурет - Шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ)

 

Мақта-дәкі таңғышын 100x50 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30-20 см қалыңдығы 2 см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне  қояды. Байлау үшін екі жағын 30-35 см етіп қияды. Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіңдегі желкеде болатыңдай етіп байлайды (10 сур.) .

 

Мақта-дәкі таңғышы
Теріні қорғау құралдары

Теріні қорғау құралдары радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары, АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскелер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері оқшаулағыш құралдарын - жалпы әскерлік қорғаныс жиынын (ЖҚЖ) (1 сур.), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын (2 сур.) және костюмды  пайдаланып келеді. Жалпы әскерлік қорғаныс жиынын 3 күйде киюге болады: иыққа іліп (накидка), плащ  және комбинезон ретінде (3 сур.).

 

 



 

2 сурет - Қорғаныс комбинезон

 

 

3 сурет - Жалпы әскерлік қорғаныс жиынның үш күйі



 

Тері қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты - адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен корғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңнан, бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткеңде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.

Теріні қорғау құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады. Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін 2,5 л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К-4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250-300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содаң соң 0,5 л өсімдік майын қосады. Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.

  Оқшаулағыш құралдарына қарағанда сүзгілік қорғаныс құралдарда үлкен артықшылығы бар, олармен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды, іс-қимылдары жинақы. Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды, 15 0С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін мақта-қағаз матасынан жасалынган ылғалдагыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.

 Теріні қорғаудың қарапайым құралдары. Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күркелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, шұғадан тігілгем пальтолар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге каблетті. 

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн. Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қорғаныс ғимараттары.

  2. Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі

  3. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.

  4. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі.


Дәріс №11. Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті
Жалпы сұрақтар

  1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.

  2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті


Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті. Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

Алдын-ала дайын болыңыз:

  • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;

  • Үш күнге жететін тамақ пен су;

  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

  • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;

  • Жылы киім мен аяқ киім.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет