Сұрақтар:
1. Ғылыми зерттеудің қандай әдістері бар?
2. Что Теориялық әдістерге не жатады? Эмпиркалық әдістерг не жатады?
3. Дедукция, индукция, абстракциялау, модельдеу, бақылау және экспериментке анықтама бер.
Литература:
А.Н. Огурцов «ОСНОВЫ НАУЧНЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ», Учебно-методическое пособие по курсу «Научные исследования»; Харьков 2008.
№ 4 дәріс.
Тақырып: ҒЫЛЫМИ ӘДІС.
Ғылыми әдістің ерекшелігін қарапайым ғана елестетуге болады: бұл ғылыми білім алудың процедурасы, оның жаңғыртуға, тексеруге және басқаларға беруге болады.
Негізінен адамды екі сұрақ қызықтырады: қандай да бір шындық деген не және оған қалай бет бұру керек.
Әдіс – екінші типтегі сұрақтарға жауап және көптеген жағдайларда дәл осы жауаптар шешуші мәнге ие.
Ғылыми танымның құрылымы
Өзінің пайда болғанынан бері 2,5 мың жыл ішінде ғылым нақты қаралған құрылымы бар, күрделі, жүйелі ұйымдастырылған білімге айналды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері:
-
Нақты бекітілген фактілер;
-
Фактілердің топтарын жалпылайтын заңдылықтар;
-
Теориялар;
-
Әлемнің ғылыми көрінісі, ол барлық шындықтың жалпыланған бейнелерін суреттейді.
Ғылым мен дүниетін тану әдістерінің өзара байланысы
-
Құрылымдық сұлба
INCLUDEPICTURE "http://www.milogiya2007.ru/23/kse2-3.gif" \* MERGEFORMATINET
рис. 1
Ғыоым мен дүниені танудың келтірілген әдістері сонымен қатар екі жақты болып
Осы формалардың арасындағы өзара қатынас ғылымда құрылым мен қызметтің бірлігі деген атаумен белгілі. Оған қоса физикада бұл өзара байланыстың бұл формалары корпускулалық-толқындық екі жақтылықпен сипатталады.
Бұндай сәйкестік кездейсоқтық емес. Ол ғылым мен дүниені танудың әдістерінің ғаламдық ең іргелі заңдары мен заңдылықтарының терең бірлікте екенін дәлелдейді.
Сұрақтар:
-
Ғылыми әдіс түсінігіне не кіреді?
№ 5 дәріс
Тақырып: Ғылыми зерттеудің категориялық аппараты
ҒЗ-дің категориялық аппараты ғылыми ізденістің маңызды негізін құрайды.
Зерттеу тұжырымдамасы өзара байланысты ғылыми ережелердің жүйесі деп түсіндіріледі, оны зерттеуші нәтижеге жету үшін қолданады.
Ғылыми зерттеудің объектісі – зерттелетін құбылыстың қатынасы мен қасиеттерінің немесе іздеудің жалпы шеңберінің байанысының жиынтығы, ол зерттеушінің көз алдында болады.
Ғылыми зерттеудің объектісі мен заты арасында бүтін мен оның құрамы арасындағы тәріездес өзара тәуелділік болады, бұнда бүтін ретінде объект танылады, ал оның бөлігі – зат.
Зерттеудің мақсаты зерттеудің тапсырмаларында нақтыланып, қысқа және дәл қалыптасады. Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері бір біріне өзара тәуелділікте болады және олар жұмыс істейтін құбылыстар мен заңдылықтардың табылуынан тұрады.
Гипотеза белгілі бір мәселенң шешудің мүмкін құралдары туралы негізделген болжам. Тек зерттелетін құбылыстардың тән ерекшеліктерін зерттеген жағдайда ғана гипотезалық ережелер айтуға болады, ол келесілік тексерулерді қажет етеді. Гипотеза зерттеу процессін ұйымдастырады, оның логикасын және нәтижесін ұйымдастырады. Гипотезаның даму процессі бірнеше сатыдан тұрады:
-
Зерттеу объектісін эмпирикалық және теориялық білімдер жиынтығымен оқу, олардың негізінде ол туралы гипотезалық жаңа білімдер шығады;
-
Қалыптастырылған гипотезаны дәлелдеу үшін зерттеу әдістерін іріктеу;
-
Гипотезаны дәлелдеу немесе жоққа шығару, оны нақтылау және оның шындығына көз жеткізу.
Гипотеза мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: дәлелдік; ғылыми білімдерге сәйкестік; нақтылық пен айқындылық.
Магистрлік жұмыстардагипотезаның негізгі қызметі:
-
Міндет шеңберін сызу;
-
Зерттеудің ғылыми аппаратының құрамдастарын және оны жүргізу сатыларын жүйелеу ;
-
Ғылыми ізденістің нәтижелерін болжау;
-
Белгілі және жаңа фактілер арасындағы байланысты орнату.
Ғылыми жаңалық – зерттеушінің нәтижеге қатынасын көрсететін субъективті және объективті жағдайларды байланыстыратын түсінік. Ғылыми жаңалықты қалыптастыру ғылыми фактілердің салмақтылғын, деңгейін анықтауды және ғылым мен тәжірибеде бұрын ешқандай сәйкестігі болмаған жаңа білім, тұжырым, әдіснама, ұсынымдардың мәнін қарастырады.
Ғылыи зерттеуде жаңалық әртүрлі қызмет атарады:
-
Талдап тексеру деңгейінде нақтылау;
-
Анықтау деңгейінде толықтырушы;
-
Түрлендіру деңгейінде ашу, ол зерттеушінің креативтік ойлау типіне, мәселені шешу әдісінің эвристикалы әдістеріне сүйенеді.
Сұрақтар:
1. Объект, мақсат, мәселе, гипотеза түсініктеріне анықтама бер.
2. Гипотезаның даму процессі қалай жүреді?
3. Гипотезаның қандай типтері бар?
4. Ғылыми жаңалыққа түсінік бер.
№ 6 дәріс.
Тақырып: Әдіснама
Жоспар:
-
Әдіснаманың анықтамасы, міндеті, деңгейлері және қызметі.
-
Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері.
1. Әдіснама термині грек тілінен шыққан, аударғанда «әдіс туралы оқу» немесе «әдіс теориясы» дегенді білдіреді. Әдіснаманың екі түрі бар: жалпы (философиялық) және жеке (нақты ғылыми әдіснама).
Жалпы немесе философиялық әдіснама – ол адамның қоршаған ортаны танудағы жалпы ережелерінің жиынтығы, ол тірі және өлі табиғаттың ортақ заңдарына негізделген. Бұл әдіснама зерттеушіні табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландырып, оны өз зерттеу проблемасын анықтап түсінуге көмектеседі.
Жалпы әдіснама – бұл таным қағидаларының жиынтығы. Әдіснама ғылымы зерттеп енгізген жалпы ұстанымдарды кез келген ғылымда, оның ішінде тіл білімінде де қолдануға болады.
Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама – объективті әлемнің белгілі бір саласын зерттеудегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы (жалпы ұстанымдардан бастап, нақты фактілермен жұмыс істеу тәсілдеріне шейін). Яғни, зерттеудің нақты бір саласындағы әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Әдіснама келесідей қызметтер атқарады:
-
Үнемі өзгеретін педагогикалық шындықты көрсететін ғылыми білімдерді алудың әдістерін анықтайды (М.А.Данилов);
-
оның көмегімен нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жететін жолға бағыттайды және анықтайды (П.В.Коппин);
-
оқылатын процесс немесе құбылыс туралы ақпарат алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);
-
педагогика теориясының қорына жаңа ақпараттың енуіне көмектеседі (Ф.Ф.Королев);
-
педагогикалық ғылымда терминдер мен түсініктердің нақытылығын, байытылуын, жүйелілігін қамтамасыз етеді (В.Е.Гурман);
-
ғылыми танымның объективті фактілері мен логико-аналитикалық құралдарына сүйенетін ақпараттар жүйесін құрайды (М.Н.Скаткин).
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық.
Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.
Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Әдіснаманың негізгі міндеттері:
-
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
-
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
-
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
-
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
-
зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі; даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
-
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
-
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
-
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
-
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
-
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
-
зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
-
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
-
сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Сұрақтар:
-
Әдіснаманың қызметтерін атаңыз.
-
Әдіснаманың міндеттерін атаңыз.
-
Әдіснаманың деңгейлерін атаңыз.
-
Әдіснаманың принциптері
Әдебиет:
-
Краевский В. В. Методология педагогического исследования - Самара: СамГПИ, 1994.-С. 11.
-
Краевский В. В. Методология педагогики: прошлое и настоящее // Педагогика. — 2002.-№ 1. -С. 3-10.
№ 7 дәріс
Тақырып: Ғылыми білімнің құрылымы
Ғылыми білімнің деңгейлері және олардың қатынастары.
Ғылыми білім екі негізгі өзара байланысқан, бірақ сапасы жағынан әртүрлі деңгейден тұрады – эмпирикалық және теориялық. Олардың әрқайсысы белгілі қызмет атқарады және зерттеудің арнайы әдістерін қарастырады.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Эмпирикалық әдістің негізгі бірнеше түрлер бар: бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау, салыстыру.
Осындай әдістер нәтижесінде алынған ақпарат статистикалық өңдеуге ұшйрайды.
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері.:
-
Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
-
Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.
-
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
-
Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді.
-
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
-
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
-
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді
-
Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет
-
Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Сұрақтар:
1.Ғылыми білімнің қандай деңгейлері бар?
2.Эмпирикалық әдістерді атаңыз.
3.Ғылыми теорияның құрылымы қандай?
№ 8 дәріс.
Тақырып: Ғылымның болжамдық қызметі
Ғылыми зерттеудің әдіснамалық бөлігі ғылым қызметінің маңызды түсінігінің фундаменті ғана емес. Ол құрастырылатын теорияның, жасалатын модельдің болжамдық қызетін де атқарады.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары болжам (грекше һіроіһөвів - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Болжамлар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады", "егер A жэне B арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады" жэне т.б. Болжамлар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық болжамлар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Мысалы, оған Айдың беткейінің құрылысы, оның минерологиялық және физика-химиялық құрамы туралы көптеген болжамларды жатқызуға болады. Айға кеңестік автоматты лабораториялар қонып, жерге оның беткейі туралы дәл ақпарат беріп, оның топырағын алып қайта оралғаннан кейін бұл болжамлар анықтығының шамалысы ғана қалды да, олардың өзіне де түзетулер енгізіліп, ал қалғандары теріске шығарылды немесе фальсификацияланды (латынша falsitificaze - қолдан жасау, бұрмалау). Екінші топтағы болжамларға, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы болжамның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін болжамны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.
Теориялық болжамлар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады. Мысалы, Коперниктің әлемнің гелиоцентристік жүйесіне қарағанда, одан ертерек Клавдий Птолемейдің (90-160) Күн және өзге планеталар қозғалмайтын Жерді айналады деген геоцентристік жүйесі адамның тікелей сезімдік бақылауына сәйкес келеді. Коперник өз жүйесін шындыққа жақын болжам ретінде ғана қарастырса, одан шығатын математикалық салдарлар геоцентристік жүйенің салдарымен салыстырғанда өте дәл өлшемділігімен ерекшеленгендіктен бұл болжамны Күн жүйесі планеталарының қозғалысының заңы түріндегі ғылыми ақиқат ретінде қарастыра бастады.
Теориялық болжамлар бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы болжамларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда болжамлар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" болжамлар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа болжамлар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа болжамлардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus -ақиқат), онда мұндай болжамны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да Ф. Энгельс болжамны “жаратылыстаным дамуының формасы” деп атайды.
Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық болжамларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғары дәрежеде дәлелденген болжамлар ғана белгілі бір теорияның құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым
қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастардың қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлерінің бастапқы, түпкі ұсыныстардан (сөйлемдерден) таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылғандығымен сипатталады. Мұндай түйіннің нәтижесінде алынған пікірлер теорияның салдарлары деп те аталады.
Салдарлар өзінің мазмұны жағынан берілген теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайларды, ақуалдар мен процестерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдарлар туындайтын ұсыныстар, әдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек және тереңірек теориялардың салдарлары болуы да мүмкін.
Болжамды іс-әрекетті жүзеге асыратын тірі танымдық қатынас ретінде қарастыруға болады. Болжаудың классификациялық құрылымында бірнешетипологияны қарастыруға болады:
-
Ғылымның мәденитарихи деңгейі бойынша – ғылымға дейінгіжәне ғылыми;
-
Ғылым объектісі бойынша – әлеуметік, саяси, этикалық, эстетикалық, технологиялық, жаратылыстанушылық, экологиялық.
-
Ғылымның даму типі мен ғылым шеңберін қамту бойынша – экстенсивті, аймақтық, тактикалық, әдіснамалық, және екінші жағынан интенсивті, глобальды, стратегиялық,әдіснамалық;
-
Болжау субъектісінің типі бойынша – субъективті, тұлғалыщ, жеке, ұжымдық және екінші жағынын объективті, надиндивидуалдық, тұжырымдық;
-
Объектіні уақыттша бағдары бойынша – ретроспективті, презентивті, прогносткалық, атемпооральды;
-
Гносеологиялық деңегйі бойынша – логикадан тыс, эмпириалық, ойлық, теориялық;
-
Логикалық формасы бойынша – дедуктивті және индуктивті, аналитикалық және синтетикалық.
Әдебеиет:
1. Лакатос И. Фальсификация и методология научно-исследова-тельских программ. М., 1995.
2. Мертон Р. Явные и латентные функции // Американская социологическая мысль. Тексты. М.: Изд-во МГУ, 1994.
№ 9 дәріс.
Тақырып: Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны және спаты
Жоспар:
1. Ғылыми зерттеу танымдық әрекеттің ерекше формасы ретінде.
2. Зерттеудің ғылыми аппаратының құрамдары
-
Танымның ғылыми процессінің негіізгі сипаттары:
-
Мақсатты анықтау сипаты;
-
Зерттеудің арнайы объектісін бөлу;
-
Танымның арнайы құралдарын қолдану;
-
Терминдернің біркелкілілігі.
Зерттеудің сипаты мен мазмұны бойынша зерттеулер іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Іргелі зерттеулер стратиегиялық сипаттағы тапсырмаларды шешуге арналған. Олардың негізгі ерекше сипаттары:
-
Теориялық өзектілігі;
-
Концептуалдылығы;
-
Ғылыми кедей жағдайларды сыни талдау;
-
Әдістемелері қолдануҒ
-
Алынған нәтижелердің жаңалығы мен ғылыми дәлдігі.
Қолданбалы зерттеулердің негізгі сипаттары:
-
Олардың тәжірибенің өзекті сұраныстарына жақындығы;
-
Зерттеуді таңдаудығ салыстырмалы шектеулігі;
-
Нәтижелерді жүргізу мен енгізудің оперативтілігі және т.б.
Оперативті тапсырмаларды шеше отырып, қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерге сүйенеді.
-
Ғылыми ізденістердің сараптамасы әдіснамалық категориялардың ең аз тізімін бөлуге мүмкіндік береді, ол кез келген зерттеудің оны жүргізу кезіндегі негізгі компоненті ретінде қатысады – бұл мәселе, өзектілік, зерттеу объекті, оның пәні, мақсаты, міндеттері, гипотеза, ғылыми жаңалығығ теориялық және практикалық мәні.
Зерттеу мәселесі. Кез келген зерттеу мәселені анықтаудан басталады. Мәселені қоя отырып, зерттеуші: «Бұрынғы оқылған нәрседен нені оқу керек?» деген сұраққа жауап береді. Мәселені қою және құрастыру жай нәрсе емес. Ол үшін:
-
Өз қызметі саласында кең білімге ие болу керек;
-
Қандай білімнің жетпейтінін білу керек. «Ббілмейтін туралы білу» - ғылыми мәселенің мәні болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. Ғылыми зерттеудің барлық қарастырған сипаттары өзара байланысты. Олар қалай да бірін бірі толықтырып, түзетіп отырады. Мәселені қою және тақырыпты қалыптастыру зерттеудің өзектілігін дәлелдеуді болжайды, яғни қазіргі уақытта осы мәселені не үшін қарастыру керек деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу объектісі мен пәні. Негізінен зерттеу объектісі – танымға тәуелсіз, бірақ ақпаратты зерттеу үшін қажетті дерек болып табылатын қасиеттер мен қатынастардың жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері зерттелетін мәселенің, таңдалған объектінің және зерттеу пәнінің өзектілігімен анықталады. Зерттеу мақсаты – ғылыми зерттеудің соңғы және аралық нәтижелері туралы негізделген көрініс.
Зерттеу логикасын іске қоса отырып, ғалым өз жиынтығында мақсатқа жету үшін не істеу керектігі туралы көрініс жиынтығын құрайтын зерттеу тапсырмаларының қатарын қалыптастырады.
Зерттеу гипотезасы. Ғылыми білімді дамытудың, сонымен қатар теорияның құрылымдық элементтерінің әдістерінің бірі гипотеза – фактілер қатарының негізінде объекті туралы, құбылыстың байланысы не себептерінің бар болуы туралы болжам. Гипотезаның құрылымы үш бөлікті:
А) бекіту;
Б) болжау;
В) ғылыми негіздеме.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәні. Ғылыми жаңалықтың белгілері зерттеу нәтижелерінің мазмұнды құрылымын сипаттайды.
Зерттеу компоненттерінің әдіснамалық сипатына шолуды аяқтай отырып, олардың өзара байланысты екенін, бірін бірі толықтыратынын және түзететінін тағы да ескертеміз.
Сұрақтар:
-
Ғылыми процесстің қандай сипаттары бар?
-
Фундаментальды зерттеу қандай түрлерге бөлінеді?
-
Фундаментальды зерттеудің сипаттарын атаңыз.
-
Ғылыми зерттеу ретінде көрінетін қандай категориялар бар?
Әдебиет:
1. Краевский В. В. Методология педагогического исследования. — Самара: СамГПИ. 1994.
2. Загвязинскип В. И., Атахаиов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие. — М.: Издательский центр «Академия», 2001.
№ 10 дәріс
Тақырып: Зерттеу мәселесі, объектісі және мәні
Мәселе. Мәселенің болуы (мәселелелік жағдайдың) кез келген ғылыми зерттеудің бастапқы сәті болып табылады. Білімнің, фактілердің жеткіліксіздігі, ғылыми көріністердің қарама-қайшылығы ғылыми зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Ғылыми мәселенің қойылуы келесілерді болжайды:
-
Осындай тапшылықтың болуын табу;
-
Тапшылықты жоб қажеттілігін сезіну;
-
Табиғи тілде мәселелік жағдайды сипаттау;
-
Ғылыми терминдерде мәселені қалыптастыру.
Мәселенің бар екендігіне оқушының көзін жеткізу үшін жүргізілген әдеби шолуға сүйенуге болады. Онда сізді қызықтыратын мәселенің зерттелу дәрежесінің сипатын беру керек. Ол толығымен қаншалықты оқылғанын, сонымен қатар оның жеке жақтары мен аспектілерін атап өту керек. Зерттелмеген және аз зерттелген сұрақтарды ерекше тапа көрсету керек.
Зерттеу объектісі. Объект – бұл таным процессінің бағыты. Бұл әлемнің өздігінен фрагменті болып табылатын бүтін. Психологиялық ғылымның объектілері: индивид, адамдар тобы, адамдардың жалпылығы, психикасы бар жануарлар, сондай жануарлар бірлестігі.
Мәтінде объектінің барлық мәнді сипаты көрсетілуі тиіс. Зерттеудің мақстаына қарай мұндай сипаттамаларға: жыныс, жастық топтар, білім деңгейі, мамандық, қызмет түрі, денсаулық жағдайы, ұлты және т.б.
Зерттеу нысаны. Таным нысаны – белгілі тарихи жағдайларда қарастырылатын шынайы объектілердің қасиеттері, жақтары, қатынасы. Таным нысаны қандай да бір ғылым немесе ғылым кешенінің шеңберінен тыс бөлуге немесе сипаттауға болады. Таным нысаны жалпы ғылыми болуы мүмкін. Ол пәнаралық болуы да мүмкін, мысалы, жануарлардағы жыныс аралық қатынас. Оны биохимия, этология, зоология, психология, ветеринария зерттейді. Әрбір ғылым үшін кез келген оқу пәнінде өзінің жеке қарастыру аспектісі бар. Ол теориялық, эмпирикалық және қолданбалы зерттеуде әртүрлі қалыптасуы мүмкін.
Психологиялық зерттеу нысаны ретінде: жеке психикалық қасиеттер, күйлер, процесстер, функциялар, тәртіп түрлері, іс-әрекет және қарым-қатынас, жекелеген құбылыстардың кеңістіктік, уақыттық және қарқындылық сипаты, олардың арасындағы өзара құбылыс, психикалық және физиологиялық құбылыстар арасындағы өзара байланыс және т.б.
Сұрақтар:
1. Зерттеу мәселесін қою нені болжайды?
2. Зерттеу объектісі мен нысанына түсінік бер.
№ 11 дәріс
Тақырып: Зерттеу жүргізудегі әдістер мен әдістемелерді таңдау
Ғылыми зерттеудің негізгі әдістері: бақылау, эксперимент, модельдеу болып табылады. Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу объектісі мен нысанының ерекшелігіне және қойылған мақсаттарға негізделген.
Нақты әдістерді жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты шектеулер зерттеу нысанын жаңадан анықтауға және мақсаттарды қайта қарастыруға мәжбүрлейді.
Әдіс – бір нәрсені орындау әдісі, фактілер мен тұжырымдамалармен реттелген жұмыс, мәліметтерлі жинаудың, өңдеудің және сараптаудың принцибі мен әдістері, сонымен қатар объектіге әсер ету принципі.
Әдістеме – әдістерді жүзеге асыру формасы, әдістер мен операцялардыың жиынтығы (олардың реттілігі мен өзара байланысы), белгілі мақсатқа жету үшін процедуралар мен процедуралардың жиынтығы. Әдетте бұл процедуралар арнайы квалификацияны қажет етеді және оларды игеру тәжірибеліктің кеңбір дейгейлерін көрсетеді.
Әдістеме – бұл зерттеушінің жұмысшы құралы. Ол аз түсініксіз болған сайын, оны қолдану одан сайын қиын. Әдістеме қаншалықты аз сыналса, нәтиже алуға деген мүмкіндік те аз болады, онда алдымен түсіндіру керек, ал сосын анық нәтижелер шығару керек. Әдістеменің зерттелгендік деңгейі өте маңызы. Жетекшілікте шкалалардың ашылған түсiндiрулері, әдіснамалардың апробациясы сипаты, апробацияның сандық және сапалық нәтижелері көрсетілуі тиіс, қорытындының мазмұны мен формасына қатысты ұсынымдар және стандарт талаптарына сәйкес жетекшілікті құрауға қажетті ұсынымдар берілуі керек.
Диагностика әдістерінің негізгі доптарына келесілерді жатқызуға болады:
-
Функционалдық көрсеткіштерді өлшеу әдістері, зерттеу құбылыстарының индикаорын қолдану.
-
Оюсерваториялық әдістер – бақылау мен өзіндік бақылау әдістері.
-
Праксиметриялық әдістер – қызмет өнімдерінің анализіне негізделген әдіс.
-
Субъективті-бағалау әдістері – сыналатындардың сауалнамашылардың сұрақтары мен жауаптарына, альтернативті талқылаулардың таңдау анализіне, шкала градацияларын таңдау жауаптарына негізделген.
-
Жобалық әдіс – жоба объектісі болатын сырттай анықталған материалдың талдау ерекшелігінің анализімен байланысты.
-
Ассоциациялық – ассоциативті жауаптар мен зерттелетін таңдаулардың анализіне негізделген.
-
Түстік ассоциативті әдіс – тартымдылық дәрежесі мен түсініктердің ассоциациясы бойынша түстерді таңдау анализіне негізделген.
Әрбір топта өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Әртүрлі индивидуумдар үшін бір жағдайда алынған психофизиологиялық мәліметтер немесе жеке индивидуумдар үшін әртүрлі жағдайда объективті салыстырмалылыққа жатады.
Обсервациялық әдістің ерекшеліктеріне: психиканы көрсету шеңберін мен симуляция мен диссимуляцияның әсерінің потенциалды мүмкіндіктерін тану
Сұрақтар:
-
Ғылыми зерттеудің қандай әдістері бар?
-
Әдістеме дегеніміз не?
-
Зерттеу әдістерінің қандай топтары бар?
№ 12 дәріс
Тақырыбы: Эксперимент жүргізу
Жоспар:
1. Экспериментті дайындау
2. Эксперимент рәсімі
3. Эксперимент хаттамасы
-
Экпериментті дайындау
Зерттеуді жоспарлай отырып, оны жете түсіне білу керек, барлық экперименттік жағдайды толығымен, жұмыс рәсімін, зерттелетін затпен өзара әсерлесу процессін толықтау ойластыру керек.
Нұсқауды әзірлеу.
Нұсқаулықта әрбір сөз мұқият ойласытрылу керек. Мүмкіндігінше сауалнама мәтініндегідей онда ұзақ сөйлемдер болмау керек. И.А.Бутенконың пікірінше, сауалнамадағы сөйлемдер 11 сөзден аспау керек.
Негізгі эксперимент баталғанға дейін құрастырылған нұсқаулықты оның түсініктілігіне сынақтан өткізіп көру керек. Шкала түрін таңдау мен шкаладағы градация санын таңдауда зерттеу нәтижелеріне сүйену керек.
Экспериментальды рәсімді талқылау.
Мақсатты ттүрле бірнеше сынақ тәжірибелерін жүргізу керек. Экспериментті ойша моделдеуде барлық бөліктерін ескеруге мүмкін болмайды. Әрбір зерттелетін объектімен эксперименттік рәсімді бірдей жүргізу – дәл және сенімді психологиядық өлшеулер жүргізуге қажетті компонент болып табылады.
-
Экперимент рәсімі.
Экспериментті барлық зерттелетін объектіге ретімен жүргізу керек. Егер экперимент реті көп болса, олардың реттілігі тізімі қолда болу керек.
-
Экперимент хаттамасы.
Көптеген эксперименттік жағдайларға мынадай хаттама формасы келеді:
Эксперимент хаттамасы
(әдіснаманың, сынақтың атауы...)
Серияның атауы
(егер бірнеше серия жүргізілсе)
Сынақ номері
|
Зерттелген үлгінің көрсеткіші
|
Уақыт (сек)
|
Стандарт бойыша баға
|
Ескерту
|
Хаттама формасын әзірлегенде эксперименттік рәсімнің ерекшеліктерін есепке алу керек және нәтижелердің қарапайымдылығы мен өңдеуге қолайлылығын есепке алу керек. Мәліметтерді қолмен өңдеуде қаншалықты аз операциялар болса, қателер мен ауытқулар ықтималдығы соншалықты аз болады. Өңдеудңғ ең жақсы формасы қазіргі уақытта мәліметтерді бірден хаттамадан электрондық кестеге компьютерде жасалған мәліметтер базасын басқару жүйесіне енгізу болып табылады. Хаттамаға шақпақтарға сызылған А4 форматындағы қағаздар ыңғайлы. Бұл жазбалардың біркелкі масштабын қамтамасыз етеді және кестелерді сызуды жеңілдетеді. Жазбаны қағаздың бір бетіне жазу керек, ол нәтижелерді келесі енгізгенде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Эксперимент барысында хаттаманы толтыру алгоритмі алдын ала ойластырылу керек. Әрбір көрсеткіштің жазу формасын ойластыру және ол үшін хаттамада белгілі тұрақты орынның болуы өте маңызды.
Сұрақтар:
-
Эксперимент жүргізгенде 1 орында не тұрады?
-
Эксперименттің қандай түрлері мен шарттарын білесіз?
-
Хаттамаға қандай мәліметтер енгізіледі?
әдебиет:
1.Ильясов, 1984; Максимов, 1982
№ 13 дәріс
Тақырып: Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу
Жоспар:
1. Мәліметтерді біріншілік өңдеу.
1.1. Кесте құрастыру
1.2. Ақпарат формасын өзгерту
1.3. Мәліметтерді тексеру
Мәліметтерді өңдеу барысында «сипат», «көрсеткіш», «шама», және «ауыспалы» терминдері жиі қолданылады. Олардан «мағына» деген түснікі ажырата білу керек. Әрбір мағына – бұл эмпирикалық айқындалған, толығымен анықталған осы және басқа көрсеткіштің сандық шамасы.
-
Кесте құрастыру.
Көптеген жағдайларда өңдеуді мақсатты түрде алынған мәліметттердің кестесін құрастырудан бастау керек. Кестеге тек сандық мәліметтер ғана енгізілмейді. Сапалық сипаттарға сонымен қатар сандық өңдеудің қарапайым әдістері қоланылуы да мүмкін. Мысалға, «Ағаш» суреттік тестін қолданғанда шама ретінде жапырақтың бар-жоғын қарастыруға болады.егер осы шама барлық зерттелетін объектілерде анықталса, онда ол ол оның пайда олуы жиілігі деп аталады. Кестеге «Ағаш» тестісінің басқа да мәліметтері енгізілуі мүмкін, сосын оның жиілігі саналады. Одан ары жеке зерттелетін объектілер бойынша емес, барлық таңдамалар мен жеке топтар үшін мәліметтер көрсетіледі. Бұл ақпаратты толығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтердің жиынтық кестесі үшін негіз келесі форма болып табылады. Әрбір жол бір зерттелетін объектініңбарлық көрсеткіштер мәнін көрсетеді. Әрбір бағанада барлық зерттеу объектілері бойынша бір көрсеткіш мәні жазылады. Осылайша, кестенің әрбір ұяшығында бір зерттелетін объектінің бір көрсеткішінің бір мәні жазылады.
Ең жоғарғы жолда барлық кестелердің реттілік саны беріледі. Екінші жолда сіз өлшеген көрсеткіштер, шкалалық бағалар және т.с.с аталады. Екінші жол кестеге бағытталуды жеңілдетеді. Әрбір келесі жолда зерттеушінің аты және оның өлшеген шамаларының мәні жазылады; барлық жолдар мен бағыттар нөмірленген болуы тиіс. Сипаттардың реттілігі әртүрлі негіздер бойынша реттелуі мүмкін. Бірінші бағанада демографиялық не әлеуметтік көрсеткіштер болғаны дұрыс: жынысы, жасы, білім деңгейі және т.б.
|
мәліметтер жинағының кестесі
|
|
|
|
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
б
|
7
|
8
|
9
|
-
|
№ п/п
|
аты-жөні, әкесінің аты
|
Пол
|
Ио
|
Ид
|
Ин
|
А
|
В
|
С
|
Е
|
-
|
1
|
Глухарь П. И.
|
1
|
38
|
9
|
9
|
12
|
9
|
17
|
16
|
-
|
2
|
Орел С. С.
|
1
|
37
|
10
|
9
|
12
|
10
|
17
|
18
|
|
3
|
Петух И. И.
|
1
|
35
|
7
|
9
|
14
|
10
|
17
|
8
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
33
|
Кура Н. Н.
|
2
|
39
|
10
|
8
|
10
|
9
|
15
|
15
|
-
|
34
|
Сова Т. О.
|
2
|
37
|
10
|
9
|
10
|
9
|
12
|
11
|
-
|
35
|
Утка Л. А.
|
2
|
31
|
9
|
8
|
9
|
7
|
5
|
7
|
-
|
Кестелерге оның мазмұны мен ерекшелігін ашатын атау беру керек. Атауы жоқ көп кесте болған жағдайда мәтінмен танысу кезінде олардың не үшін екенін ұғыну қиын. Бастапқы жиынтық мәліметтң қолмен не компьютермен өңдеу үшін көбінесе бастапқы мәліметтерді енгізеді. Қазір математикалық-статистикалық өңдеу формасына компьютерлі форма жатады.
1.2. Ақпарат формасын өзгерту. Кестеге сізді қызықтыратын барлық мәліметтерді мақсатты түрде ондық сан түрінде енгізі керек, яғни алдын ала минутты сағатты ондық бөлшегіне, секундты – минуттың ондық бөлігіне және т.с.с өзгертіп енгізу керек. Бұл қазіргі кезде қолданылатын көптеген компьютерлік бағдарламалардың өз шектеулері бар екеніне негізделеді. Сан түрінде кестеге ақпаратты және негізгі фактор болуы мүмкін таңдаулар жазуға болады. Ең қарапайым операциялар: сандық кодтау және сандық көрсеткіштерді рангке ауыстыру болып табылады.
1.3. мәліметтерді тексеру
Қағазда немесе компьютерде кесте жасағаннан кейін алынған мәіметтердің сапасын тексеру керек. Ол үшін мәліметтер жиынтығын мұқият қарау жеткілікті. Тексеруді қателерді табудан ьастау керекек. Мәліметтерді компьютерде терген кезде мәліметтер форматына талаптарды қадағалау керек. Ең алдымен ол ондық санда бүтін бөлікті бөлшектен ажыраттаын үтірге қатысты.
Сұрақтар:
1.Ақпараттарды өзгертудің қандай әдістері бар?
2.Параметрлік критерийлер қандай формула бойынша есептеледі?
№ 14 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |