ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Қазақстанның Орта Азия және Европа одақтарына интеграциялануы



бет3/3
Дата19.06.2016
өлшемі460.33 Kb.
#148144
1   2   3

2.3. Қазақстанның Орта Азия және Европа одақтарына интеграциялануы

Орта Азия республикаларының (ОАР) экономикалары бір-бірімен тығыз байланыста болды. Бұрынғы бүкілодақтық еңбск бөлісіне өндіргіш күштерді орналастырудағы кемшіліктің салдарынан бұл республикаларда негізінен табиғатты қалай пайдаланатын салалар дамыды. Айта кетсек, Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның темір жол машина жасайтын өнімдерге қажеттілігі 96%-ке шеттен әкелумен тынды, жеңіл өнеркәсіп құралдарымен - 95%, күрделі тұрмыс техникасына - 90%, химия және мұнай өнеркәсіптерінін құралдарымен - 82%, металлургия жабдықтарымен - 72%, химия-орман кешенінің өнімімен - 70%. Жалпы алғанда, ОАР жақын шетелден халық шаруашылығының 103 саласының (барлығы 104) өнімдерін тасымалдаған, ал өздері 83 салалардың өнімдерін шеткс шығарған. КСРО ыдырауына және шаруашылық байланыстардың бұзылуына байланысты бұрыңғы кеңес республикаларындағы жайсыз беталыс ОАР орын алды[ 8].

Егемендік жариялағаннан кейін ОАР араларында мемлекетаралық айырбас екі жақты келісім негізінде жүргізілді, біракта өндіріс құлдырауында, төлемге қабілетсіздік дағдарысы, мақсаттылық мемлекеттік реттеу саясатының жоқтығы, т.б. жағымды нәтиже бермеді.

Осымен қатар, әлем нарығына тез бейімделу ОАР-ды дағдарыстан қысқа мерзімде шығармайды, оған себептер: қатал бәсеке, коммуникациялық жүйенің нашар дамуы, иңдустриалды және аграрлы-шикізаттар өндіретін елдердің өзара қатынастарындағы келеңсіздіктердің көптеп тууы.

Осы жағдайда бірігіп, жоғары деңгейдегі тиімді және бәсекелесуге қабілетті экономика құру, республикалардың экспорттық әлеуметтілігін дамыту, экономикалық жәнс экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОАР алдыңда араласа кірісу қажеттігі туды[ 1].

1991 ж. Орта Азия және Қазақстан республикааралық ақылдасу Кеңесін құру туралы келісімге республикалар басшылары қолдарын қойған болатын 1994 ж. ОАР президенттері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикалары арасында еркін экономикалық кеңістік құру туралы

шартқа қолдарын қойды. Осы жылы қатысушы мемлекеттер басшылары Мемлекетаралық Кеңес, Премьер-министрлері, Сыртқы істер министрлігі Кеңестерін құрды және тұрақты жұмыс істсйтін үйлестік-кеңесу Атқару Комитеті ашылды. Ол Алматы қаласында орналасқан. Орта-Азия қарым-қатынас және даму Банкісі құрылды, оны құрушы қатысушы-үкіметтер. ОАБ-сі Қазақстан және Өзбекстан кәсіпорындарына кір жуғыш машиналарды жинақтау үшін қажет элетроқозғаушыларды жеткізіп тұратын. Қырғыз электромеханизм зауытын АҚ 300 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыландыра бастады[17].

2000 ж. дейін ОАР экономикалық интеграциялау бағдарламасы жасалды. Бағдарлама отын-энергетикалық, химиялық, машина жасау,

металлургия, жеңіл өнеркәсіптерді, транспорт және байланыс, құрылыс материал өнеркәсібін қамтиды. Бағдарламада қатысушы мемлекетерді отынның барлық түрлерімсн толық қамтамасыз ету және экспорттық әлеует құру қаралған. Қазақстанның оңтүстік облыстарын және Қырғызстанның солтүстік облыстарын газбен берік қамтамасыз ету мақсатымен ҚР Энергетика және табиғи қор мииистрлігі, "Алаугаз" МХК және "Қыргызгаз" ОБ қатысуымен Бухар газ шығатын ауданнан Алматыға дейін созылатын газ құбырының екінші желісін. қаржыландыру жәнс салу жүргізілуде[ 13].

Орта Азия қарым-қатынас және даму Банкісі "Қаратау" фосфорит бассейнінің шикізат базасын дамытуды, газды, электроэнергиясын, суды өлшейтін аспаптар өндіруді, тұрмыс аспаптарына қажет электродвигателін және жалпы өнеркәсіп механизмдерін өндіруді бірінші кезек жоба ретінде қаржыландырады. Өзбек - Қазақ - Қыргыз жаңа технология орталығы

құрылды.

Республиканың европалық бағытта сыртқы экономикалық дамуы Европалық Одақпен (ЕО) араластықты ұйғарады. Бұл араластық сыртқы саудада серіктесу және ұзақ мерзімді жинап бағдарламаларды іске асыру жолдарымен жүреді. Халықаралық қатынас жүйесінде ТАСИС (ТМД елдсрі-не техникалық жәрдемдесу бағдарламасы) бірігей оқиға.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - нарықтық экономиканы қалыптастыруға және оны басқаруға қажет тәжірибе және білім беру. ТАСИС-ті жасау пікірі 1990 ж. туды, ал 1991 ж. Рим қ. Европалық Кеңес (ЕК) мәжілісінде бекітілді.

ТАСИС жаңа тәуелсіз мемлекеттерге (ЖТМ) нарықтык экономикага көшуге және демократиялық қоғам құруда экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету ЕК бағдарламасы. Осы бағдарламаның шеңберінде "Ноу-хау" дамыту, қадрлар дайындау, құқықтық базасын жасау және стратегиялқ белгілеуге жәрдемдесу үшін ақысыз көмек қаражат тегін беріледі[ 5].

ЕО және Қазақстан арасында ресми дипломатиялық қатынас 1992 ж. орнады, ал 1991 ж. сауда және қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылған. 1994 ж. Қазақстанмен "Сауда және қарым-қатынас келісімді" ЕО алдын ала келісім беру ниетімен құжатқа өзінің аты-жөнін жазып, өшпейтін мөрге қол қойды .

1995 ж. Брюссель (Белгия) ЕО сыртқы істер министрлері кеңесі кезінде ПО және Қазақстан арасындағы "Серіктесу және қарым-қатынас туралы келісімге" ресми қол қойылды, бұл өзара қатынастарды дамытуда ерекше кезең. Қазақстанда іс жүзінде ТАСИС бағдарламасы 1992 ж. жүзеге асырыла бастады. Бірінші кезеңде (1992-1993 ж. көктем) тек ұйымдастыру - технологиялық мәселелер шешілген. Ғылыми - техникалық білімдердің, техникалық, технологиялық, өндірістік, коммерциялық және басқа да тәжірибенің, өндіріс технологиясы құпияларының, патентпен қорғалмаған және толық немесе ішінара жарияланбаған өнер табыстардың жиынтығы

[ 16]. 1991 ж. индикатинты (ұсынушылық) багдарламасының қарастыруымен жобаларды жүзеге асыру үшін Алматыға бірінші рет Европадан сараптаушылар келді. 1992 ж. күзіңде ТАСИС Координациялық (үйлестіру) бюросы құрылып, жұмыс істей бастады, ол автономиялық тәуелсіз құрылым, әкімшілік ұйымдардың құрамына енбейді. Үйлестіру бюросы мынадай міндеттер атқарады: еліміздің техникалық жәрдемгс нақты қажеттілігін анықтау; европалық тәжірибені және "ноу-хау" тартуды неғүрлым қажет ететін маңызды секторларды анықтау; жобаларды жасау жән оларды басқаруда көмек көрсету. Үйлестіру бюросының іс-әрекеті толық Қазақстаның мүддесіне бағынады. Бюро ҚР Үкіметі мен Европалық комиссия арасында байланыстырушы буын және ақпарат өзегі қызметін атқарады[ 11].

Екінші кезенде (1993 ж. көктемі - 1994 ж. күзі) Қазақстанның техникалық жәрдемге мүддесіне жедел және тез талдау жүргізілді. Осымен қатар негізгі мәселелсрді анықтау, іс-әрекеттердің неғүрлым тиімді түрлерін, тәсілдерін іздеу және іс жүзінде сынау бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді. Республиканың европалық құрылымдармен тығыз байланыс жөнге салына бастады. ТАСИС бағдарламасына қатысушы министрліктердің және салалардың 50 астам қызметкерлері Европа елдерінде шет тілдерін тез үйренудің курстарынан өтті.

Қазақстанда кадрлар дайындау үшін бірнеше оқу орындары және орталықтар қүрылып, жұмыс істеуде. Олар:

- менеджерлер дайындайтын және кәсіпкерлердің эксперименттік оқу орны;

- банк қызметкерлсрін дайындайтын орталық;

- Қазақстандағы және Европа елдеріндегі серіктестермен іскерлік байланыстарды жөнге қою үшін бизнес -коммуникация орталығы;

- энергиямен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс дайындайтын орталық;

- отын-энергетикалық кешеніне менеджерлср дайындайтын орталық;

- авиадиспетчерлердің мамандықтарын жетілдіруге жәрдем беретін топтар;

- менеджмент бизнес оқу орны.

Жекешелендіру саласында ТАСИС бағдарламасында Әскери-өнеркәсіп кешенін (ӘӨК), ауыл шаруашылық машина жасау, тоқыма өнеркәсібінің, станок жасау салаларының 46 кәсіпорындарына ерекше көңіл бөлінген. Инвестициялық қорлар (60 жуық) құруға көмек көрсетілген, 100 астам қорларды басқарушылар ТАСИС кеңес берушілсріндс іс жүзінде дайындықтан өтті.

ТАСИС сараптаушылары Қ.Р. Ұлттық банкісінің міндеттерін қайта ұйымдастыру жұмысына қатысты. ТАСИС шеңберіңдегі техникалық қарым-қатынас, Арал проблемасын шешуді ізденуде маңызды роль атқарады деген үміт бар. Каспий жобасы да ТАСИС-тің экономикалық қолдау механизмдер арқылы ұйымдастыруда. Айта кету керек, ТАСИС бағдарламасының тиімділігі лезде емес тек ұзақ мерзімді келешекте білінеді, себебі көптеген жобалар стратегиялық мақсаттарды көздейді. Алматыда Европа комиссия-салық түрақты офисы ашылды. Европалық Одақтың және Қазақстан Республикасының қарым-қатынасын нығайта түседі[ 16].

Әлемдік шаруашылық бірлестігіне енуге ұмтылған елдсрдің жаңа әлемдік қарым-қатынасқа қалыптасуы екінші дүние жүзі соғысынан кейін басталды. Бұл жаңа жүйенің мақсаты - халықаралық қаржы ұйымдарының жеңілдік негізінде техникалық және қаржы көмектерді жан-жақты қолдау.

"Әлемдік экономикалық қарым-қатынастың жаңа орамы экономикалық өзара жәрдем Кеңесі (СЭВ) және КСРО-ның ыдырауына, жаңа теуелсіз мемлекеттер (ЖТМ) пайда болуына байланысты XX ғасырдың 90-ші жылдарында басталды. Жаңа жүйенің басты институттары Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚҚДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Европа бірлестік комиссия (ЕБК), Европа қайта құру және даму банкісі (ЕҚКДБ), Азия даму Банкісі (АДБ).

Қазақстанға ең үлкен көлемде көмек сомасы 32,1 млн. АҚШ долл. тең ТАСИС шеңберіңде ЕБК бюджетінде қаралған. Ең үлкен сома және оқытуды дамытуға, ауыл шаруашылық жобаларын іске асыруға және жекешелендіруге жұмсалады[ 8].

Жан-жақты көмек көрсету көлемі бойынша екінші орында ЕҚҚДБ - 3,36 млн. АҚШ долл. Бұл қаражаттар ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс, энергетика және геологияны дамыту жобаларына жұмсалады. Осымен қатар, банк өрісінің дамуына көмек көрсетуге және шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалмақ. Жан-жақты қолдау көрсетуде үшінші орында ХҚКДБ -1,95 млн. АҚШ долл. Бұл қаражаттар банк жүйесін дамытуға және жекешелендіру бағдарламаларын жасауға пайдалану болжалануда.

ХВҚ Қазақстанға қарыздың екі желісі бойынша береді:

- 1998 ж. бастап 10 жылдың ішіңде қарызды өтейтін жүйені өзгерту үшін 123 млн. АҚШ долл. беру;

- осы сома көлемінде резервті несие беру.

АДБ және Жапон ЭКСИМ банкісі (ХВҚ бірге қаржылайды) желісі бойынша Қазақстан жалпы сомасы 205 млн. АҚШ долл. тең айып төлемейтін несие ала алады. Бұл қаражаттар денсаулық сақтау, білім саласына, импорт жүргізу үшін және валюта түсуіне жұмсалады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының көмегін пайдаланудың үстіне рецилиент-елдер (көмек алушылар) жеке донор-елдермен (көмек берушілер) өзара келісім жасай алады. Екіжақты техникалық көмек аясыңда Қазақстанның АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Оңтүстік Кореямен байланысы бар. Осы бес елдермен 1992-1994 жж. көмек ретінде сомасы 127,4 млн. АҚШ долл.тең келісімдер жасалған, оның 37,5 млн. долл. қабылданып және жүзеге асырылған. АҚШ-тан алынған 89,7 млн. долл. негізінен әлеуметтік мүдделерге, халықтың денсаулығын сақтауға және техникалық көмекке жұмсалды. Жобаның маңызды бөлігі жеке секторлардың дамуына, ақпарат орталықтарын құруға да жұмсалды. Жапонияның техникалық көмегі 17,1 млн. долл. көлемінде денсаулық сақтау, білім салаларына және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалады. Германияның көмегі 12,6 млн. долл. көлеміндс негізінен АОК дамытуға пайдаланылады. Канададан түскен қаражаттар 6,4 млн. долл. көлемінде негізінен энергетика, ауыл шаруашылык, өнеркәсіп және сауда салаларын дамытуға жұмсалады. Оңтүстік Кореядан түскен каражат 0,3 млн. долл. сомасында Президент аппаратын, СІМ және педиатрия институтын қолдауға жұмсалды[ 11].

Көпжақты және екіжақты техникалық және қаржы көмектерді жүзеге асыру бірнеше мәселелер туғызуда. Олар:

- сырттан келген көмектерді тиімді үйлестіру;

- мемлекеттік құрылымдардың көмек және оларды пайдалану туралы жеткілікті ақпаратпен қамту;

- шетел кеңесшілерінің қызметтін тиімді пайдалану;

- қажетті мамандықтарды деңгейлі кадрлармен толықтырып отыру т.б.

Біріккен кәсіпкерліктің географиясы әлемінің 60-қа жуық мемлекеттерін қамтиды. БК ең көп саны Қытай, Түркия, Германия, АҚШ фирмаларымен құрылған. БК азғана санын қоспағаңда, қалыптасу сатысында тұр жөне ұсақ БК жалпы санында шағын кәсіпорындарының басым болуына олардың салалық құрылымында ірі инвестицияны қажет етпсйтін салалардың сыбағалы үлесінің мол болуы себеп. БК құру кезінде ұйымдастырушылар Жарғы қорын жасайды, оған өздерінің ғимараттарын, технологияларын, "ноу-хау", басқа құнды материалдық заттарын және ақша салымдарын салады. БК құру мақсатына мынадай міндеттер ескеріледі:

- экологиялық жагдайды бірыңғайлай отырып, шетел капиталын тарту негізінде кеңге бай, бірақ аз меңгерілген региондарды игеру;

- нарыққа өту кезеңінде жаңа шаруашылықтар түрлерін меңгеру, шетел прогресті техникасын, технологиясын және басқару тәжірибелерін игеру;

- республиканың және оның региондарының экспорттық мүмкіншілігін өсіру;

- шетелдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту;

- жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлуетін тиімді пайдалану т.б.

Шетел фирмаларының бірлескен кәсіпшіліктерге еркін қатысуы үшін салық салудан жеңілдіктер және приватизацияларға мүмкіндіктер қаралған[ 18].
.


Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындылайтын болсам, Қазақстанның экономикалық - әлеуметтік жағдайы халқының әлеуметтік жағдайына, өнеркәсіптің, сауданың, шаруашылықтың және кәсіпкерліктің дамуына, сыртқы экономикалық байланыстарына байланысты анықталады.

XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттері: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту. Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп - ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рол берілді.

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

— еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудын кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;

— оныц дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыпастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);

— бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

— шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;

— ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатыңда ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе-тендес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді. Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратып халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамый алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады.

Қазақстанның даму стратегиясын 2030 ж дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, республикада бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түсетін табыстар. Ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 ж. дейін мүнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғүрлым дәл құруға мүмкіндік береді; екіншіден, 30 жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметгік белсенді кезеңі; үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалды-техникалық кезеңдері де ескерілген. Әлемдік тәжрибе бойынша елдер атап айтқанда 30 жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Әубәкіров Я. Экономика негіздері. Алматы.: Эверс.2005.-480 бет.

  2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы.: Экономика.2008.-276 бет.

  3. Жалпы экономикалық теория. / Шаденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А. Ақтөбе. Полиграфия.2004.-453бет.

  4. Экономика. Әлемдік классика. / жетекшісі М.Б.Кенжеғожин. Алматы.: Таймас.2005.-445 бет. 10 том.

  5. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы.: Қазақ университеті. 1999.-212 бет.

  6. Арыстанбеков Қ. Қазақстанның дамуы қай деңгейде?

// Экономика негіздері: мектепте және ЖОО-да оқыту. 2008. 5.

2-6 бет.


  1. Жанділдин Ж. Әлем және Қазақстан. // Дала мен қала. 2008.

30 қазан.-7 бет.

  1. Алпысбаева С. Экономика және экономикалық ғылым: шынайы

ынтымақтастық тетіктері. // Егемен Қазақстан. 2008. 25 маусым. 10бет.

  1. Рақышев Б. Шикізат ресурстары Қазақстанның экономикасының басты тірегі. // Егемен Қазақстан. 2008. 14 мамыр. – 6бет.

  2. Парамонов В.В. Экономика Казахстана. – Алматы.: Ғылым.2000. –с 196.

  3. Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана на пути преобразований

/ Институт экономики.- Алматы.: ИЭМОН РК.2001.-С 482.

  1. Ермаков В.А. Қазақстан қазіргі дүние әлемінде. – Алматы.: 2002.101 бет.

  2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. – Астана.2007.256 бет.

  3. Қазақстан табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы.: Таймас. 2005-232 бет.

  4. Қазақстан 2030. Алматы.: Юрист,2001.-104 бет.

  5. Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Транзитная экономика. 2007.-12-14 бет.

  6. Еспаев С. Қазақстан экономикасы: нәтижелері, басымдықтар және міндеттер. // Егемен Қазақстан. 2006. 31 қаңтар. 10б.

  7. Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар. // Егемен Қазақстан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет