ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»


Студенттердің дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі460.5 Kb.
#205759
1   2   3   4

Студенттердің дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері. Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық оқу ұзақтығы кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: оқу және жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн тәртібі ішіндегі дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт шаралары. Бұл дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты бірін-бірі толықтырып отырады.

1 Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі – оқу сабақтары болып табылады. Оқу сабақтары барлық мамандықтардың оқу жоспарларына кіргізіліп, оқу үрдісінің 1-2 курстарында жүргізіледі. Сабақты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Дене тәрбиесі сабақтары үш түрлі оқу бөлімдерінде жүргізіледі. Олар: негізгі дене тәрбиесі сабақтары, спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары, арнайы медициналық топтардағы сабақтар деп бөлінеді.

- Негізгі топтардағы дене тәрбиесі сабақтарына дәрігерлік байқаудан өтіп, денсаулықтары және дене қуаты дайындығы тексеріліп, негізгі және дайындық топтарына жатқызылған студенттер жіберіледі. Дене тәрбиесі сабағы жетісіне екі рет өткізіледі. Оқу курстарындағы сабақтар жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік бағадарламасы негізінде жүргізіледі. Оқу бағдарламасын Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Бағдарламаның оқу материалы теориялық және іс-тәжірибелік деген екі бөлімге бөлінген. Теориялық бөлімде теориялық мағлұматтар берілсе, бағдарламаның іс-тәжірибе бөліміндегі материалдар мазмұны, спорт түрлерінің жаттығулары студенттердің дене тәрбиесі міндеттерін нақты шешуге бағытталған.

- Спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары. Ол сабақтар түріне студенттердің әртүрлі спорт түрлерінен жаттықтырулары кіргізіледі. Жаттықтырулар студент спортшылардың өздері айналысқан спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетулеріне бағытталған. Жаттықтыру сабақтарына дәрігерлік комиссиядан өткен денсаулықары мықты, негізгі топқа жатқызылған студенттер жіберіледі. Оқу-жаттықтыру сабақтары жаттықтырушының басқаруымен, жаттықтыру кестесі, арнайы бөлінген уақыттар арқылы орындалады. Спортшы студенттер жылдық күнтізбелік жарыстар жоспары арқылы өз спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорт дәрежелерін орындайды. Спорт түрлерімен тұрақты айналысып, оқу бағдарламасындағы сынақ түрлерінің нормаларын, оқу талаптарын орындаған студент спортшылар негізгі топтардағы оқу сабақтарынан босатылады. Олар оқу семестрі басындағы сабаққа қатысып, бапкерінің спорт түрінен жаттықтыруға қатысуына рұқсат қағазын, бапкерінің аты-жөнін, жаттықтыру өтетін жерінің адресін, уақыттарын, негізгі топтағы оқытушыға хабарлауы қажет. Оқу бағдарламасымен, сынақ нормаларымен, теориялық мәліметтердің тақырыптарымен жақсы танысып, негізгі топтағы оқытушының талап еткен кезінде келіп оқу нормаларын, теориялық мағлұматтарын тапсырып отыруға міндетті. Семестр аяғындағы сессия кезінде бапкерінен жаттықтыру сабақтарына тұрақты қатысқаны, спорт жарыстарындағы орны, орындаған разрядтары туралы мөр басылған, қол қойылған анықтама қағазын әкелуге тиісті. Студент спортшыға дене тәрбиесінен сынақты негізгі оқу тобындағы дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы қояды.

- Арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Арнайы медициналық топтардағы сабақтарға дәрігерлік комиссия денсаулықтары нашар деп таныған, тұрақты немесе уақытша ауыратын студенттер жіберіледі. Оларға сабақтар негізгі оқу тобынан бөлек уақыттарда жүргізіледі. Оқу тобындағы студенттер бірнеше оқу топтарынан іріктеліп құрастырылады. Оларға сабақты арнайы дайындықтан өткен дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді.

Осы сабақтарға қатысқан, оқу бағдарламасының нормаларын, талаптарын тапсырған студенттерге дене тәрбиесінен әрбір семестрлерде сынақ қойылып отырылады.

2 Өз беттерімен жаттықтыру түрлері студенттердің өз еріктерімен сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; жүгіру түрлері; атлетикалық гимнастика; гир спорты; ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін. Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары мен спорт клуб қызметкерлері әдістемелік көмек жасап, жаттықтыруларды дұрыс жолға бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз бетімен жаттықтыру түрлерінің маңызы өте зор.

3 Күн тәртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері.

4 Көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түріне жататындар: спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мерекелер, спорт түрлерінен көрсетілімдер, сенбі, жексенбі күндері өткізілетін белсенді демалыстар (саяхатқа шығу, жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әртүрлі сауықтыру шаралары, спорттық сауықтыру легерлеріндегі сауықтыру, дене жаттығулары түрлері.

Арнайы орта оқу орындарының, колледждердің оқушыларының дене тәрбиесінің мақсаты дене тәрбиесі жаттығуарымен тұрақты шұғылдану, оны кәсіптік, әлеуметтік, мәдени – спорттық қызметтерде қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру. Колледждегі дене тәрбиесі жұмыстары төмендегідей түрлерде жүргізіледі: оқу орнының оқу кестесі бойынша жүргізілетін оқу сабақтары, жаттықтырушы, оқытушылардың басқаруымен жүргізілетін спорт түрлерінен жаттықтырулар, оқушылардың сабақтан тыс кездерінде өз беттерімен орындайтын дене тәрбиесі жаттығулары мен спорт түрлері, саяхаттар мен туристік жорықтар, көпшілік спорттық – сауықтыру шаралары, семестр кезінде бір рет өткізілетін «денсаулық күні». Негізгі оқу топтарындағы дене тәрбиесі сабақтары жетісіне екі рет, төрт сағат барлық оқу курстерінде, оқу орындарын бітіргенше өткізіледі.

Жоғарғы дәрежелі кәсіптік жұмысшылар дайындайтын кәсіптік техникалық училищелер өздерінің оқу жұмыстарын бағдарлама, оқу жоспары бойынша атқарады. Оқу пәндерінің бірі дене тәрбиесі сабақтары. Кәсіптік техникалық ущилищелердің барлық дене тәрбиесі жұмыстары Қазақстан мемлекетінің Білім және ғылым министірлігі бекіткен жоғарғы және орта кәсіптік техникалық училищелерінің оқушыларының дене тәрбиесіне арналған оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу күн тәртібінде сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, кіріспе гимнастика және «спорт сағаты» жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, жарыстар, көпшілік спорт жұмыстары, президенттік сынама сынақтарына дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Әдебиет: негізгі [1-12]

қосымша [1,2,4,6]


Дәріс 13: «Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі»

Дәрістің мақсаты: Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі, оны ұйымдастыру туралы студенттерге білім беру.



Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері.

2. Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі.

3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру




Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері. Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия қатарында Отан қорғаған жастар әртүрлі өнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулықтарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді.

1 Еңбек етудің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жұмысқабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмысқабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.

2 Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен іске асырылады.

3 Қандай сақтанғанымызбен ХХІ ғасырдың өзінде көптеген кәсіптік аурулар бар. Дене тәрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауықтырады.

4 Техника дамыған дәуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда қимыл тапшылығы – гиподинамия бар. Ол еңбек түрлері, отырып не болмаса басқа бір дене қалпында тұрып істейтін жұмыстар. Дене тәрбиесі мен спорт жаттығулары ол қимыл тапшылықтарының орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.

Еліміздегі ересек, үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесінің міндеттері, жаттықтыру түрі, амалдары мен әдістері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Ересек жастағы адамдардың жас кезеңдері төмендегі кестеде көрсеткендей болып бөлінеді:


30-кесте – Ересек, үлкен жастағы адамдарың жас кезеңдері




Кезеңдері

Ерлер

Әйелдер

1

Жастық шақ

18 – 28

18 – 28

2

Ересек кез I кезең

29 – 39

29 – 34

3

Ересек кез II кезең

40 – 49

35 – 44

4

Орта жастағы адам

50 – 59

45 – 54

5

Үлкен жастағы адам

60 – 74

55 – 74

6

Қарттық кезең

75 – 90

75 – 90

7

Ұзақ өмір сүрушілер

91 жоғары

91 жоғары

Осы көрсетілген жас кезеңдерін алғанда паспорттық жасын ғана емес, биологиялық, қозғалмалы жасын да ескерген дұрыс. Қозғалмалы жасы олардың дене қуаты дайындығы мен денсаулық күйі деңгейіне байланысты. Дене қуаты дайындығын олардың әртүрлі дене қуаты қасиеттерін бағалайтын сынақтар тапсыруы арқылы анықтаймыз. Денсаулық деңгейі дәрігерлік тексерулер және физиологиялық, спорттық жүктемелер беру арқылы бағаланады.



Дене тәрбиесінің міндеттері:

Жастық шақ, ересек кез – І кезең:

- ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу,

ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату;

- қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер-күші қасиеттерін дамыту;

- жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;

- спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.

Ересек кез – І-ІІ кезең, орта жас:

- денсаулық деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұрақты бейімділігін сақтау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқабілеттілік деңгейін сақтау;

- еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті жігер-күші, дене қуаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату;

- еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.

Үлкен жас, қарттық кезең:

- қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау;

- күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау;

- дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылықтарын ояту.
Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі

Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.

Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады.

Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.

Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері:


  • ұжым мүшелерінің санын көбейту;

  • жаттықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.

Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:

    1. Жылдық жоспар.

    2. Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.

    3. Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.

    4. Мәжілістер хаттамасы.

    5. Бұйрықтар кітабы.

    6. Ұжым мүшелерінің тізімі.

    7. Статистикалық есептер.

    8. Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі.

    9. Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.

    10. Бес жылдық даму жоспары және т.б.

Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулықтарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте қолданылатын техникаларды жетілдіру.

ЕҒҰ жүйесінде дене тәрбиесі жұмыстарының төмендегідей түрлері ұсынылады:



  1. Кіріспе гимнастика. Жұмыс күнінің басында 4-9 минут, 6-10 шақты дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады.

  2. Сергектік сәттері. Жұмыс кезінде 2,5 сағаттан кейін, ағза шаршай бастағанда 5-8 минут, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау.

  3. Саулық минуты. Үзіліс кезінде 3-4 жаттығу, 1-2 минут уақытында орындалады.

  4. Түскі тамақ кезіндегі дене тәрбиесі жаттықтыруы. Мақсаты – тамақ алдында бой жазу, қан тарату, тәбет ашу. 5-6 жеңіл созылу, керілу жаттығуларын, 3-4 минут уақытында орындау.

  5. Денсаулық топтарындағы жаттықтырулар. Жетісіне 3 рет 1,5-2 сағат уақытында орындалады. Бұл жаттықтырулар негізінен жүгіру, шаңғы тебу, жалпы дене дамыту жаттығуларын орындау түрінде жүргізіледі.

  6. Жалпы дене қуаты дайындығы секцияларындағы жаттықтырулар. Денсаулықтары мықты адамдарға арналған жетісіне 3 рет, 2 сағаттан жүргізіледі. Амалдары: ЖДДЖ, жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, ырғақтық гимнастика, жүгіру т.б.

  7. Спорт секцияларындағы спорт түрлерінен жаттықтырулар. Бұл жаттықтыруларға денсаулықтары мықты жастар мен орта жастағы адамдар қатысады. Спорт секциясы құрамы 10-15 адамнан тұрады.

  8. Туристік жорықтар секциясы. Секцияның негізгі жұмыс мазмұны демалыс кездерінде 1-3 күндік жорықтар ұйымдастыру. Жорық түрлері жаяу, шаңғымен, атпен, велосипедпен, қайықпен т.б. қозғалыс түрлерімен, жолдарымен ұйымдастырылады.

  9. Жарыстар.

3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру

Спорттық жаттықтырудан сауықтыру жаттықтыруларының көп айырмашылығы бар. Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жету болса, сауықтыру жаттықтыруларының мақсаты денсаулықты нығайту және дене қуаты мүмкіншіліктерін жоғарылату болып келеді. Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты ағзаның функционалдық күйін және дене қуаты дайындығын жоғарылату. Денені сауықтыру әсері болу үшін адам жаттығу орындаған кезде қан айналу және тыныс алу органдарына ұзақ, бірқалыпты жүктеме беруі, бірталай энергия жұмсауы, тканьдарды оттегімен қамтамасыз ететін аэробты жағдайда жұмыс істеуі қажет.

Сауықтыру жаттықтыруларының тиімділігі сабақтардың кезеңдері мен ұзақтығына, қарқындылығына, қолданылатын амалдардың түріне, жұмыс тәртібіне, тынығу арасына байланысты. Сауықтыру жаттығулары адамға тиімді әсер ету үшін мынандай әдістемелік ережелерді сақтау керек:

1 Жүктеме көлемі мен қарқындылығын біртіндеп арттыру. Бұл мынандай жолдармен іске асырылады:

- жаттықтырулардың бір жеті ішіндегі санын көбейту;

- жаттықтырудың уақыт ұзақтығын көбейту;

- жаттықтырудың тығыздығын жоғарылату. Бастапқы жаттығу кезінде 45-50% болса, ағзаның бейімделгеніне байланысты 70-75% дейін жеткізуге болады;

- жаттығуларды орындау қарқындылықтарын жоғарылату;

- жаттықтыруда қолданылатын амалдарды көбейту.

2 Қолданылатын амалдардың әртүрлілігі.

3 Сабақтардың жүйелілігі.

Дене тәрбиесі мен спорт саласының мамандарының ұсынулары бойынша орта жастағы адамдар дене жаттығуларын аэробты тәртіпте орындағандары дұрыс болады. Алдыңғы тарауларда айтылғандай аэробты жаттығуларды орындау кезінде жүрек соғу жиілігі аз, оттегі адам ағзасына еркін, жеткілікті жетіп тұрады. Жаттығушылар өз беттерімен жаттықтырулар жасаған кездерінде қалай жүктеме беруді, жүктеменің жоғарғы және төменгі шектерін білулері қажет. Олар өздерінің жаттықтыруларын бақылау мақсатында жүктеме қарқындылығының жоғарғы және төмен шектерін білгісі келсе, тамыр соғысын есептеу арқылы анықталатын мынандай формуланы қолдануларына болады:

Тамыр соғысының төменгі шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,6.

Тамыр соғысының жоғарғы шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,7.

Жүктемені анықтаудың, мөлшерлеудің бірнеше жолдары бар. Ол жолдар:

- жүктеменің жалпы күшін анықтау. Бұл жол бойынша адамның оттегіні жоғары деңгейде қабылдау (ОЖДҚ)* пайызын (%) анықтаймыз;

- жүрек соғу жиілігі арқылы жүктеме мөлшерін анықтау;

- жаттығуларды қайталау саны, серия саны, күрделілігіне байланысты анықтау;

- субъективті сезіну арқылы анықтау.



Сауықтыру бағытындағы дене тәрбиесі амалдарының сипаты

Сауықтыру бағытында дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің жаттығуларын таңдағанда негізгі орынды аэробты тәртіптегі циклділік жаттығулар алады. Циклділік жаттығулар, жаттығу орындау кезінде көп оттегіні пайдаланатын үлкен бұлшық ет топтарын жұмысқа кірістіруді керек ететіндіктен тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін дамытады. Бұл жүйелердің жақсы жұмыс істеуі – мықты денсаулық кепілі. Қазіргі кезде адамдар арасында кең тараған, төзімділікті дамытуға бағытталған циклді жаттығулар түрлері: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу және т.б. жаттығулар. Осы жаттығуларға, ол жаттығулармен сауықтыру мақсатындағы жаттықтыру әдістемесіне сипаттама берейік.



Сауықтыру жүрісі. Сауықтыру жүрісі дене тәрбиесі жаттығуларының ішіндегі ең бір қарапайым түрі. Қимыл тапшылығы аз адамдарға ең бір таптырмайтын дене тәрбиесі амалы. Жүру кезінде бұлшық ет, жүрек-қан тамыры, тыныс алу жүйесі жаттығады. Жүру арқылы жүйке ширығуын ақырындатып, жүйке жүйесін тыныштандыруға болады.

Жүру шапшаңдығына байланысты сауықтыру жүрісінің мынандай түрлері бар:



  • ақырын жүру. Шапшаңдық 70 қадам/минут. Денсаулығы мықты адамдарға жаттықтыру әсерін бермейді. Жүрек ауырулары: инфаркт, стенокардиямен ауырған адамдарға ұсынылады;

  • орта шапшаңдық 71-90 қадам/мин (сағатына 3-4км). Дені сау адамдарға өте аз жаттықтыру әсерін береді. Жүрек-қан тамыры ауыруларымен ауыратын адамдарға ұсынылады;

  • жылдам жүру. Қарқыны 91-110 қадам/мин (сағатына 4-5км). Дені сау адамдарға жаттықтыру әсерін береді;

  • өте жылдам жүру. Қарқыны 111-130 қадам/мин. Бұл жүру түрі өте күшті жаттықтыру әсерін береді. Бірақ денсаулығы мықты, жаттықпаған адамдар бұл қарқынмен ұзақ уақыт жүре алмайды.

Сауықтыру жүруінің әсері жүрек соғу жиілігімен анықталады. Жүрек-қан тамыры жүйесіне тиімді әсер беретін ЖСЖ әрбір жастағы адамдардың жоғарғы ЖСЖ - нен 65-80 % мөлшерінде болуы керек. Сауықтыру жүруі кезінде қандай тиімді тамыр соғу жиілігі болу керектігін 35-кестеден қарап білуіңізге болады.
35-кесте – Сауықтыру жүруі кезіндегі ер адамдардың тамыр соғу жиілігі (соғу/мин)


Жүру уақыты,

минут


Жастары

20 – 29

30 – 39

40 – 49

50 – 59

60 – 69

30

145-155

135-145

125-135

110-120

100-110

60

140-150

130-140

120-130

105-115

95-105

90

135-145

125-135

115-125

100-110

90-100

120

130-140

120-130

110-120

95-105

85-95


Ескерту: Әйелдер үшін осы көрсеткіштерге 5-7 соғуды қосу керек.

Жүрудің сауықтыру әсері болуы үшін үш негізгі көрсеткішті ескеру қажет: жүру уақыты, қарқыны, қашықтығы.

Сауықтыру жүруімен айналысқысы келген адам жетісіне 3-5 рет жаттықтыру сабақтарын орындауы керек. Бірінші күні 1,5 км жүруі, келесі жаттықтыруларда ауыру сипаты мен жас ерекшеліктеріне байланысты 200-300 м-ден қосып жүру қашықтығы 4,5-5,5 км дейін жеткізіледі. Жаттықтыру ұзақтығы бірінші сабақтарда 25 минут, біртіндеп 60 минутқа дейін созылады. Бастапқы кездерде жазық жерлермен, сонан соң әртүрлі ойлы-қырлы жерлермен жүре беруге болады. Жүру жаттықтыруларын бастаған кезеңдерде ақырын қарқынмен, кеуде қысуы, жүрек тұсында шаншулар, жүрек қағуы, бас айналулары болмаса ақырындап жүру қарқынын тездете беруге болады.

Жаттығушылардың дене қуаты дайындығы күйін, жүрек-қан тамыры жүйесінің жүктемелерге бейімділігін Американың маманы К. Купер ұсынған арнайы кесте арқылы тексеріп білуге болады (37-кесте). Егер жаттығушылар 5 км қашықтықты 45 минут уақытта жүріп өтетін жағдайға қол жеткізсе сауықтыру жүгіру жаттығуына кірісуіне болады.



Сауықтыру жүгірісі. Жүгіру ағзаның барлық функцияларына, тыныс алу, жүрек қан тамыры жүйесіне, сүйек-бұлшық ет аппаратына және психикаға әсер етеді. Сауықтыру жүгірісінің спорттық жүгірістен айырмасы оның жылдамдығында. Жеңіл атлетика мамандары сауықтыру жүгірісі кезіндегі жылдамдық қарқыны 7-11 км/сағат мөлшерінде болу керек деп есептейді.

Жүгіру жаттықтыруларының тәртібі жынысына, жасына, денсаулық күйіне, дене қуаты дайындығына байланысты әртүрлі болып өзгереді. Барлық жастардағы жаттығушыларға ортақ талап, ағзаның жаттықтыруға бейімделуін қамтамасыз ететін біртіндеушілік қағидасы. Жаттықтыру кезінде тамыр соғысын қатаң бақылау керек. Жүгіруді жаңа бастаған адамдар үшін ЖСЖ орташа 120-130 соғу/минут, орта жастағылар мен денсаулықтары мықты адамдарға 130-140 соғу/минут, жастар үшін 150-160 соғу/минут болуы қажет. Жүгірушілер үшін жүгіру қарқыны мен ұзақтығын бақылайтын қарапайым тәсіл ол – әңгімелесу. Егер жүгіру кезінде адамдар бір-бірлерімен әңгімелесе алса, онда бәрі дұрыс, сол қарқында жүгіре беруге болады. Әңгімелесу қиын болса жүгіру қарқынын азайту немесе жүру түріне ауысқан дұрыс болады.

Бірқалыпты ақырын жүгіру кезіндегі энергия жұмсау сағатына 600 ден 800 ккал болады. Осындай энергия жағу дұрыс ойластырылған тамақтанумен бірге артық салмақтан құтылудың бір таптырмайтын амалы болып келеді. Сауықтыру жүгіруінің қарқыны жаттығушының жеке бас ерекшеліктеріне байланысты 1 километрді 5-10 минутта жүгіру болуы мүмкін. Жаттықтырудың жалпы ұзақтығын 60 минутқа жеткізуге болады. Негізінде ағзаны жаттықтыру және сауықтыру әсерін алу үшін 15-30 минут жүгірсе де болады. Сауықтыру жүгірісі жаттықтыруларының көптеген жолдары бар. Ол жолдардың бәрі адамның жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына байланысты, жүгіру қашықтығын, жүгіру уақытының ұзақтығын, қарқынын өзгерту арқылы жүктемені дұрыс мөлшерлеуге негізделген. Жүгіруге ниеті бар адамдардың бастапқы кезеңде, жастарына байланысты қалай жаттығулары керек екені жазылған кестені назарларыңызға ұсынамыз (36-кесте).

Сауықтыру жүгірулерімен жаттығатын адамдардың денсаулық күйлері мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық жүгірудің тест–сынағы арқылы анықтауға болады (кесте 36).



Суға жүзу. Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды.

Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді.

Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді.

Суға жүзу тыныс алу бұлшық еттері мен кеуде клеткасын дамытады. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасы мен бұлшық еттер үлкен жүктемемен жұмыс істейді. Тыныс алып, ауаны ішке сорған кезде судың кеудені қысу күшін, ауаны сыртқа шығарған кезде судың итеру күшін жеңу арқылы тыныс алу жүйесі жоғары деңгейде дамиды.

Сауықтыруға арналған суға жүзу жаттықтыруымен айналысу екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жаттықтырулар жүзу жаттығуларының техникасын үйрену, жетілдіру түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңде біртіндеп жүзу қашықтығын өту, ағзаның жалпы төзімділік қасиетін дамыту түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңдегі жұмыс адам суда 20-30 минут уақыт жүзе алатын кезден бастап қана басталады. Суда жүзудің сауықтыру әсерінің ең тиімді қашықтығы тоқтамай 800-1000метр жүзу болып есептеледі. 50 жастан асқан адамдарға қашықтық қысқартылады. Жүзу кезіндегі жеңіл жүктеме жүрек соғу жиілігі 120 соғу/минуттан, орта жүктеме – 130 соғу/минуттен, үлкен жүктеме 140 соғу/минуттен аспайтын жұмыс істеу тәртібі болып есептеледі.

51-70 жастағы адамдарға жүктеме шектелген түрде берілуі керек. Оларға жаттықтыру кезіндегі ЖСЖ 120-130 соғу/минуттан аспауға тиісті.

Мамандар суға жүзу жаттықтыруларының әдістемесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Ең негізгі мәселе жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметтерін жақсарту, жетілдіру үшін кем дегенде бір жетіде үш -төрт рет, 20-30 минут тоқтамай суға жүзу жаттығуларын орындау қажет.

Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К.Купер ұсынған 12 минуттық суға жүзу тест-сынағы арқылы анықтауға болады (39-кесте).



Шаңғы тебу. Спорт жаттығуларының ішінде ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт аэробты тәртіпте орындалатын жаттығулар денсаулыққа пайдалы әсер береді. Сондай жаттығуларды бірі шаңғымен жүгіру. Жүгіру, велосипед тебу секілді жаттығуларды орындағанда аяқ бұлшық еттеріне көп күш түсетін болса, шаңғымен жүгіру кездерінде қол және кеуде бұлшық еттеріне де көп күш түсіріледі. Шаңғымен жүгірген кезде ағзаның бүкіл бұлшық еттері симетриялы, біркелкі дамиды. Біркелкі ырғақты қимыл, жұмысқа қатысатын көп бұлшық ет топтары, таза ауада жаттығу ағзаның тыныс алу, қан айналу жүйесіне жағымды әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылайды.

Шаңғымен жүгіру кездерінде үлкен энергия күші жұмсалады. Адам ағзасы бір сағат уақыты кезінде жүктеме мөшеріне, жер жағдайына, ауа райына, жүгіру қарқынына, дене қуаты дайындығына байланысты шамамен 500-900 ккал жағады. Жас ерекшеліктеріне байланысты шаңғымен жаттығушылардың жүктеме мөлшері 36-кестеде көрсетілген.


36-кесте – Әр түрлі жастағы шаңғымен жүгіретін адамдардың жүрек соғу жиілігіне байланысты жүктеме мөлшері (В.Е. Капланскийдің зерттеуі бойынша)


Жасы

Орта жүктеме, соғу/мин

Үлкен жүктеме, соғу/минут

Ең жоғарғы жүктеме, соғу/минут

20

25

30



35

40

45



50

55

60



65

150

145


140

137


133

129


126

122


118

114


177

172


168

164


160

155


150

145


141

137


200

195


190

185


180

175


170

165


160

155


Сауықтыру мақсатындағы шаңғымен жүгірулерді 5-6 км бастап біртіндеп 10-25 км дейін жеткізуге болады. Жүгіру қарқыны сағатына 4 километрден 5-6 км/сағатқа дейін жоғарылайды. Жаттықтыру бастаған кездегі уақыт ұзақтығы 30-60 минут болса, бірте бірте көбейтіп 2-3 сағатқа дейін созуға болады.



Велосипедпен тебу. Велосипед тебу жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет, ең аз дегенде 30 минут уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттықтырудың жақсы әсері сағатына 25 км/сағат жылдамдықпен жүру. 15 км/сағат жылдамдықпен жүру төмен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағат жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.

Велосипед тебу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық тест-сынағы арқылы анықтауға болады (40-кесте).



Аэробика. «Аэробика» сөзі гректің аэро – ауа, биос – өмір деген сөзінен алынған. Оны ең алғаш Американ физиологі, профессор Кеннет Купер өзінің «Аэробика» - деген 1968 жылғы шыққан кітабында жазған. Ол оттегіні адам ағзасына жеткілікті аэробты тәртіпте қолданып төзімділікті дамыту арқылы жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартуға негізделген. Негізгі аэробты сауықтыру жаттығулары: жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу, шаңғымен жүгіру және т.б. Аэробты жаттығуларға қойылатын негізгі талап – бүкіл жаттықтыру ұзақтығы кезінде жүрек соғу жиілігі 130 соғу/минуттан төмен түспеуі.

Аэробты жаттықтыру төрт бөлімге бөлінеді:



  • дене қыздыру. Денені қыздыру жаттығуларын орындау, ағзаның жүрек соғу жиілігін ақырындап көтеріп аэробты жаттығу деңгейіне әкелу;

  • аэробты жаттығу. 20 минут бойы негізгі аэробты жаттығуларды тоқтамай жеткілікті қарқында орындау;

  • ақырын жаттығу. 5 минут ақырын қарқында тоқтамай қимылдау. ЖСЖ біртіндеп азайтамыз;

  • күш жүктемесі. Буындарға арналған, буын жылжымалылығы, икемділік, бұлшық еттерді нығайту жаттығуларын орындау. Ұзақтығы 10 минут.

Аэробты жаттықтыру жетісіне 3-4 рет, жалпы ұзақтығы 30-40 минут уақытында орындалады.

Әдебиет: негізгі [1-12]

қосымша [1,2,4,6]
«Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»

пәні бойынша СОӨЖ сабақтарының жоспары

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗБЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

1- ші тақырып

1-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Дене тәрбиесінің амалдары мен әдістері.

ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттерге тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесінің амалдары, әдістері, дене қуаты қасиеттерін дамыту туралы жазылған әртүрлі авторлардың пікірлерін айтуы, қорытынды жасауы керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-13

қосымша – 1-7

Қосымша тапсырмалар: Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау.
Сабақ мақсаты: Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:

1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?

2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?

3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

Жұмыс ағымы:

1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?

А. Шаңғымен жүгіру.

Б. Орнынан ұзындыққа секіру.

В. Қозғалмалы ойын «тышқан - мысық».

Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу

Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.

2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық деп бөл:

А. Алдыға аунап түсу.

Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.

В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.

3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:

А. Жүгіріп келіп, «аяқты бүгіп секіру».

Б. 100 метрге жүгіру.

В. Граната лақтыру.


Әдебиеттерді оқу, жазу.

Тақырып бойынша кездесетін негізгі ұғымдарды білу.


Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]


Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.

ДТ амалдары және әдістері туралы білімдерін тереңдету. Оларды іс-тәжірибеде қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

2- ші тақырып: Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістемесі
5, 9, 11 сынып оқушыларының күш, икемдік, жылдамдық, төзімділіктерін

дамыту амалдарын, әдістерін, жұмыс тәртібін құрастыру.


Әдістемелік ұсыныстар: Оқушылардың дене қуаты қасиеттерін дамытудың іс-тәжірибелік әдістемесін меңгеру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]
3- ші тақырып


2-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Мектепте дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері туралы дайындалып келіп баяндама жасау.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: СӨЖО кіші конференция түрінде өткізіледі. Студенттер тақырып бойынша дайындалып келіп баяндама жасаулары керек болады. Олар өздерінің баяндамаларында дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері туралы айта келіп қайсы түр оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін арттыруға көмектесетінін айтып дәлелдеулері керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-13

қосымша – 1-7
4- ші тақырып


3-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Дене тәрбиесі сабағын бақылау, бағалау.

Мектептің дене тәрбиесі сабағының тығыздығын, жүктеме мөлшерін анықтау және педагогиқалық талдау жасау.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖӨ сабағында бекітілген мектепке барып дене тәрбиесі сабақтарының тығыздығын, жүктеме мөлшерін және педагогикалық талдаулар жүргізу қажет болады. Ол үшін хаттамалар жасап, әдебиеттерді оқып арнайы дайындалып келу керек болады.

Әдебиет: негізгі – 1-8

қосымша – 1,7

5- ші тақырып




4-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Оқу үрдісін жоспарлау.

Мектептегі оқу жоспарлау, есепке алу құжаттарын талдау. 7 сынып оқушыларына арналған тоқсандық жоспар кесте құрастыру.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО жұмыстарын орындау алдында мектеп бағдарламасын, бағдарламадағы теория және іс-тәжірибелік материалдарды оның керекті сыныбын оқып, ұғыну, жылдық жоспар кестені қарау, оқу материалдарын жылдық жоспар кестемен байланыстырып әр сабаққтарға бөлу қажет болады. Сонымен қатар студент мектептің тұрған жерінің ауа-райын, мектептегі бар құрал жабдықтар мен спорт базасының жағдайын ескеруі керек болады. Тоқсандық жоспар кесте міндетті түрде кесте түрінде сызылады.

Әдебиет: негізгі – 1-12

қосымша – 1,7
6- ші тақырып


5-ші сабақтың тақырыбы

СӨЖО тапсырмалары

Мектептің дене

тәрбиесі


сабағы

Дене тәрбиесі сабағының 7 сынып оқушыларына арналған жоспар-конспектісін құрастыру.




Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл СӨЖО тапсырмаларын орындау алдында мектеп бағдарламасының 7 сыныпқа арналған бөлімін оқып, танысу, тоқсандық жоспарды қарау, сабақтың негізгі міндеттерін белгілеу, оған керекті құрал жабдықтарды анықтау керек болады. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе – 8-15 минут, негізгі – 25-30 минут, қорытынды – 3-5 минут. Мазмұнына байланысты пәндік (волейбол) немесе кешенді (жеңіл атлетика, спорт ойындары т.б.) болып бөлінеді.

Әдебиет: негізгі – 1-12

қосымша – 1,7
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:




  1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

  2. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.

  3. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.

  4. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.

  5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.

  6. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

  7. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

  8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

  9. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.

  10. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

  11. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

  12. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

  13. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с

Қосымша әдебиеттер:

  1. Уанбаев Е.Қ. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: БАЙ баспасы. 2006 – 225 б.

  2. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во «Астрель», 2002 г. - 854 с.

  3. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: «ФиС», 1977 г. - 195 с.

  4. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: «ФиС», 1990 г. - 255 с.

  5. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: «ФиС», 1980 г.- 136 с.

  6. Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков. Усть-Каменогорск: из-во ВКГУ, 2003

  7. Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.

СЕМИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1-ШІ БӨЛІМ. ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ТЕОРИЯСЫ

№ 1-ші тақырып: Дене мәдеиеті түрлері мен әлеуметтік қызметтері.

Сабақты өткізу түрі: семинар сабағы.

Сабақ мақсаты: Студенттердің дене мәдениеті, оның бөлімдері, қызметтері, қоғамдағы маңызы туралы білімдерін тереңдету. Дене мәдениеті және спортта кездесетін негізгі ұғымдармен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

2. Дене мәдениетінің қызметтері.

3. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы.

4. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]


2- ші тақырып: Дене тәрбиесінің амалдары.

Сабақты өткізу түрі: семинар сабағы.

Сабақ мақсаты: Дене тәрбиесінің амалдары туралы теориялық білімді тереңдету, ол білімді іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрену.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Дене тәрбиесінің амалдарына сипатама беру.

  2. Дене тәрбиесі жаттығулары, техникасы, қозғалыс сипатамалары туралы айту.

  3. Дене тәрбиесі жаттығуларының топтары.

  4. Дене жаттығуларының ағзаға әсерін сипаттайтын себептер.

Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]
3- ші тақырып: Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау.

Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.

Сабақ мақсаты: Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:

1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?

2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?

3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

Жұмыс ағымы:

1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?

А. Шаңғымен жүгіру.

Б. Орнынан ұзындыққа секіру.

В. Қозғалмалы ойын «тышқан - мысық».

Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу

Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.

2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық деп бөл:

А. Алдыға аунап түсу.

Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.

В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.

3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:

А. Жүгіріп келіп, «аяқты бүгіп секіру».

Б. 100 метрге жүгіру.

В. Граната лақтыру.


Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.
4- ші тақырып: Жаттығулардың техникасы

Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.

Сабақ мақсаты: Жаттығулардың техникасының кезеңдерін анықтай алуға үйрету.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:



  1. «Техника» - деген не?

  2. Техника кезеңдерін, бөлшектерін қалай түсінесіз?

  3. Техника сипаттамасы деген не? Қандай техника сипаттамаларын білесіз?

Жұмыс ағымы:



  1. Мына жаттығулардың техникасын кезеңдерге, бөлшектерге бөліп сипаттаңыз:

А. Ағаш аттың үстінен «аяқ алшақ» әдісімен секіру.

Б. Волейболшының шабуыл соққысы.

В. Кіші допты алысқа лақтыру.

Г. Ақробатикадағы «алдыға аунап түсу» жаттығуы.

Д. Күрестегі «жамбасқа алып лақтыру» әдісі.

2. Мына жаттығулардың кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт, қозғалыс сипаттамаларының қайсысына жататынын табыңыз.

А. 60 метрге жүгіру.

Б. Жүгіріп келіп биіктікке «аттау»(перешагивания) әдісімен секіру.

В. Кермеде «алдыға керменің үстіне аунап көтерілу» (подьем переворотом) әдісі.

Г. Спорт залда диагонал бойымен үдей жүгіру.

Д. 3000 метрге уақытқа жүгіру.

Ж. Балуанның қарсыласын 30 секунд уақытта лақтыруы.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.
5- ші тақырып: Дене тәрбиесінің қағидалары

Сабақты өткізу түрі: Семинар сабағы.

Сабақтың мақсаты: Дене тәрбиесі қағидаларын іс жүзінде қолдану түсінігін қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар :



  1. Саналылық және белсенділік қағидасы, оны іс-тәжірибеде қолдану талаптары.

  2. Көрнекілік қағидасына сипаттама.

  3. Жүйелілік қағидасы және оның негізге ережелері.

  4. Біртіндеушілік қағидасы және жүктемені біртіндеп жоғарлатудың түрлері.

  5. Реттілік қағидасына сипаттама және оның ережелері.

  6. Даралық қағидасы және оны дене тәрбиесі үрдісінде қолдану.

Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

6- ші тақырып: Дене тәрбиесінің қағидалары

Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.

Сабақтың мақсаты: Дене тәрбиесі қағидаларын іс тәжірибесі үрдісінде қолдану.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:


  1. Дене тәрбиесіндегі қағидаларды атаңыз.

  2. Жүктемені біртіндеп жоғарлату түрлерін атаңыз.

  3. Сабақ жүйесін құруда қандай қағиданы басшылыққа алу қажет?

Жұмыс ағымы:

1. Төмендегі дене тәрбиесі жаттығуларын үйреткенде қандай қағиданы қолданатынымызды анықта:

а) Граната лақтыру.

б) Ағаш аттан аяқты жазып.

в) Аспа темірде тіреліп көтеріліп күшпен айлану. (Подъем в упор переворотом силой)

2. Әртүрлі жастағы оқушылар тобына төмендегі кесте бойынша дене тәрбиесі қағидаларын таратып бер.



Қағидалар

Бастауыш сынып

Орта

сыныптар


Жоғары сыныптар

1. Саналылық және белсенділік










2. Жүйелілік










3. Біртіндеушілік










4. Көрнекілік

5. Реттілік

6. Даралық










Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.

7- ші тақырып: Қимыл әрекетке үйрету

Сабақты өткізу түрі: Семинар сабағы.

Мақсат: Оқыту үрдісінде теориялық білімді тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Қозғалысқа үйрету құрылымының жалпы сипаттамасы, үйретудің кезеңдері.

  2. Қозғалыс әрекетімен танысу. Міндеттері ,бөлімдері.

  3. Қозғалыс әрекетін үйрену, міндеттері, кезеңдері. Үйрету кезіндегі қателер, оларды түзету жлдары.

  4. Қозғалыс дағдысы. Сипаты, белгілері. Маңызы.

  5. Қозғалыс әрекетін жетілдіру. Міндеттері, кезеңі.

  6. Қозғалыс дағдысы. Сипаттық белгілері. Маңызы. Қозғалыс дағдысының бұзылуы және ауысымы.

  7. Жоғары қозғалыс шеберлігі. Сипаттық белгілері. Маңызы.

Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

8- ші тақырып: Қимыл әрекетке үйрету құрылысы

Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.

Мақсаты : Сабақтың міндеттерін қоя білу және оған лайық үйрету амалдары мен әдістерін таңдай білу.

Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:


  1. Мына түсініктерге анықтама беріңдер «қозғалыс шеберлігі», «қозғалыс дағдысы», «жоғарғы қозғалыс шеберлігі »

  2. Қозғалыс әрекетін үйретудің кезеңдерін ата.

  3. Оқу үрдісі кезінде пайда болатын қателерді атаңыз. Олардың пайда болу себебі және оларды түзету ережелерін айтыңыз.

Жұмыс ағымы:

1. Төменде көрсетілген жаттығуларды үйрену кезеңдерін және жеке міндеттерін атаңыз:

а) Ауыспалы екі адымды шаңғымен сырғанау. .

б) Кіші допты «арқадан иық арқылы» техникасымен, лақтыру бағытына жанымен тұрып қашықтыққа лақтыру.

в) Жүгіріп келіп биіктікке «аттау» әдісімен секіру.

2. Қойылған міндеттерге, үйрету кезеңіне байланысты, үйрету амалдары мен әдістерін таңдау.

Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12]

қосымша [2,5,7]

Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.

«Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша


СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗБЕТІМЕН ЖҰМЫСТАРЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1-ші тақырып. Дене қуаты қасиеттерін дамыту

Сабақтың мақсаты: дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру.

Тапсырмалар, сұрақтар


Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар


өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары

Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Оқушылардың күшін және жылдамдығын дамытатын амалдарды көрсетіңіз.

  2. Күш және жылдамдықты дамытатын қатаң шектелген жаттығулар әдістерін көрсетіңіз

Іс-тәжірибелік тапсырма:

9-11 сынып оқушыларына арналған (қыздар, ұлдар) күш және жылдамдықты дамыту әдістерін, жаттығуларын және жұмыс тәртібін таңдап алып, көрсетіңіз




Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: әрбір дене қуаты қасиетін дамытуға арналған бес-бестен жаттығу ойластырыңыз. Жүктеме жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет. Әдебиеттер: негізгі - 1-7, 9,10

қосымша – 2,3,4,5



2-ші тақырып. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Сабақтың мақсаты: мектептегі дене тәрбиесі түрлері бойынша білімдерін тереңдету. Оқушылармен дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін ұйымдастыру іскерліктерін қаыптастыру.

Тапсырмалар, сұрақтар:


Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар


Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары

1

2

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Кестенің жалғасы

1

2

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.


Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін көрсетіңіз.

2. Мектептегі жұмыстарды ұйымдастыруға дене мәдениеті ұжымының әсері. ДМ ұжымының құрылымы, жұмыс мазмұны.

3. Оқу тәртібіндегі сауықтыру шараларын көрсетіңіз, жұмыс мазмұнын қысқаша жазыңыз.



Іс-тәжірибелік тапсырма:

1.Орта сынып оқушыларына арналғантаңғы гимнастикалық жаттығулар кешенін құрастырыңыз.

2.Жоғарғы сынып оқушыларына арналған үзақ үзіліс кезіндегі жаттығулар кешенін құрастырыңыз.



Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау кезінде саналылық және белсенділік, біртіндеушілік және реттілік қағидасын сақтаңыз. Жаттығулар кешені оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет. Әдебиеттер: негізгі - 1-8,11,12

қосымша – 1,6,7


3-ші тақырып. Мектептегі дене тәрбиесі сабағы.

Сабақтың мақсаты: мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспар-конспектісін құрастыруға қажет білім негіздерін тереңдету.

Тапсырмалар, сұрақтар:

Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар

Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары

Мектептегі дене тәрбиесі сабағының мазмұны мен құрылымы.


Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымын жазыңыз.

2. дене тәрбиесі сабағының басқа жұмыстар арасындағы маңызы.

3. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының мазмұны туралы жазыңыз.



Іс-тәжірибелік тапсырма:

6 сынып оқушылары баскетбол сабағының жоспар-конспектісін құрастырыңыз.




Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: 6 сынып оқушылары баскетбол сабағының жоспар-конспектісін құрастыру кезінде құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, сбақтың қозғалмалы тығыздығын ойластыра жұмыс істеу қажет.

Әдебиеттер: негізгі - 1-8,11,12

қосымша – 1,6,7
4-ші тақырып. Оқушыларды өзбетімен дене жаттығуларын орындауға үйрету. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын орындау.

Сабақтың мақсаты: студенттерді үй тапсырмасын құрастыруға, оны тесеруге үйрету.

Тапсырмалар, сұрақтар:


Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар


Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары

Оқушылардың өзбетімен дене жаттығуларын орындауы. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын орындау.


Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Дене жаттығуларын өзбетімен орындау түрлерін көрсетіңіз.

2. дене тәрбиесі сабғынан оқу үлгірімі жақсаруына үй тапсырмасының әсері туралы жазыңыз.

Іс-тәжірибелік тапсырма:

Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасын дене қуаты қасиеттерін дамыту жаттығулары кешенін құрастыру түрінде орындаңыз.




Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасы қарапайым орындалатын, жүктеме мөлшері жоғары болмауы керек. Дене тәрбиесі сабағынан үй тапсырмасы міндетті түрде бақылануы, бағалануы, баға қойылуы керек.

Әдебиеттер: негізгі - 1-8,11,12

қосымша – 1,6,7
5-ші тақырып. Көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: студенттерге көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:


Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар


Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары

Мектепте көпшілік спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру.


Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Көпшілік спорттық сауықтыру шараларының денсаулықты нығайтудағы және спорт түрінен шеберлікті жоғарылатудағы рөлі.

2. Волейбол және баскетбол спорт түрінен жарыс ережесінің негізгі тармақтарын жазыңыз.

3. Спорт түрлерінен төрешілік жүргізу, оның құрамы, қызметтері.



Іс-тәжірибелік тапсырма:

1. Волейбол және баскетбол спорт түрінен жарыс мәлімдемесін құрастырыңыз.

2. Волейбол жарысынан төрешілік жүргізу.




Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл тапсырмаларды орындау кездерінде жарыс ережелеріне, өздері құрастырған мәлімдемелерге сүйену керек. Жарыс құжаттарын құрастыру, хаттамаларды даярлау және толтыру, жарысты ұйымдастыру жолдарын, жеңімпаздарды анықтау түрлерін, бас төрешінің есебін жақсы білу қажет.

Әдебиеттер: негізгі - негізгі - 1-8,11,12

қосымша – 1,6,7
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнінің теория бөлімінің

қорытынды тест сұрақтары.
1, Дене мәдениетінің бөлімдерін көрсетіңіз?

А) дене дамуы, дене икемділігі; В) спорт, дене тәрбиесі, көпшілік спорт, гигиена

С) дене мәдениеті, спорт, дене жаттығулары; Д) негізгі, спорт, сауықтыру, қолданбалы

Е) дене дайындығы, дене қуаты жетілуі



2. Мазмұны – қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін дамыту, арнайы дене мәдениеті білімін меңгеру болып келетін тәрбиенің түрі ?

А. дене мәдениеті; В. дене қуаты дайындығы;

С. дене тәрбиесі; Д. дене тәрбиесі білімі; Е. дене қасиеті;

3. Адамның нақты қызметіне \мамандығына, айналысқан спорт түріне\ көмектесетін қозғалыстарға нақты талаптар қоятын арнайы дайындау процессі қалай аталады?

А. спорттық дайындық; В. арнайы дене қуаты дайындығы;

С. дене қуаты жетілуі; Д. кәсіптік қолданбалы дене қуаты дайындығы;

Е. жалпы дене қуаты дайындығы



4. Қазақстан Республикасының дене мәдениеті жүйесінің мақсаты:

А. мамандарды жұмыспен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;

В. дене қуаты жетілген, Отан қорғауға, еңбекке жан-жақты дайындықтан

өткен адамдар тәрбиелеу; С. барлық адамдарды спортпен айналысуға үгіттеу;

Д. спортшыларды жарыстарға тәрбиелеу;

Е. әлем жарыстарында жоғарғы көрсеткіштер көрсету;



5. Қазақстан Республикасының дене мәдениеті жүйесінің міндеттері:

А. білім беру, сауықтыру, тәрбие беру; В. денсаулықты нығайту, әскери дайындық;

С. батыл, мықты, ержүрек адамдар тәрбиелеу; Д. жастарды үлкен өмірге дайындау;

Е. көбірек жарыстарға қатысу;



6. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері не?

А. мәдени әкімшіліктер, мәдени шаралар, спорт мекемелері;

В. әлеуметтік –экономикалық, спорттық мекемелер, заң мекемелері;

С. ғылыми - әдістемелік, бағдарлама – нормативтік, заң – құқықтық және ұйымдастыру негіздері; Д. ғылыми спорттық жұмыстар, спорттық әкімшіліктер, мекемелер;

Е. аудандық, облыстық спорт мектептері;

7. Қазақстан Республикасындағы адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын сынақ түрі.

А. спорттық классификация; В. мектеп және жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары, нормативтері; С. президенттік сынақ; Д. спорттық және қозғалмалы ойындар;

Е. бақылау сынақтары;

8. Спортшыларға спорт түрлерінен разрядтар беру тәртібін анықтайтын құжат:

А. президенттік сынақ; В. спорт және туризм комитетінің шешімдері;

С спорт бағдарламалары; Д. спорт түрлерінің ережелері;

Е. спорттық классификация;



9. Дене тәрбиесінің арнайы амалы болып табылады:

А. дене жаттығулары; В. табиғаттың денсаулықты жақсарту күші;

С. гигиеналық фактор; Д. штанга, тренажерлар, гирлер, гантельдер;

Е. аутогендік жаттықтыру;



10. Жаттығуларды қайталап орындау барысында жұмыс қабілеттілігін толық бастапқы кезеңге түскенге дейінгі демалыс аралығы былай аталады:

А. толық (ординарный); В. төтенше; С. белсенді (активті); Д. қатаң шектелген;

Е. енжар;

11. Адам ағзасына әсер етуі жағынан қандай жүктемені жүрек соғу жиілігіне байланысты үлкен деп айтамыз?

А) 120-130 соғу/мин; В) 131-155 соғу/мин

С) 156-175 соғу/мин; D) 176-190 соғу/мин; Е) 120 соғу/минөтке дейін

12. Бір бірінен міндеттері өзгеше және үйрету әдістерінің өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар, кез келген қозғалыс әрекеттерін үйрету үрдісі ... кезеңнен тұрады. Жауапты нүктенің орынына қой:

А. бес кезеңнен; В. төрт кезеңнен; С. екі кезеңнен; Д. үш кезеңнен; Е. алты кезеңнен;



13. Қозғалыс дағдысының негізгі белгілері:

А) қозғалысты тұтас орындау; В) жаттығулардың жеке бөлшектеріне бөгеле, шұқшия орындау; С) қозғалыстың жеке бөлшектеріне назар аудару, сананы шоғырландыру

D) қозғалысты автоматтандыра орындау; Е) қозғалысты шашырата орындау

14. Қозғалыс ептілігі, шеберлігі дегеніміз не?

А) жаттығуды дағдылы орындау; В) жаттығудың әрбір бөлшегіне ықылас сала орындау

С) жаттығуды тез, ойланбай орындау; Д) жаттығуды барлық жағдайда орындау

Е) жаттығуды жарыс кезінде орындау



15. Қозғалысқа үйрету кезеңінің бөлімдері:

А) дайындық, негізгі, В) кіріспе, негізгі; С) көрсету, орындау, Д) қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру; Е) қайталау, жетілдіру



16. Қозғалысқа үйрету кездерінде жіберілетін қателер топтары:

А) дағдылы және дағдыланбаған қателер; В) спорт ойындарының қателері

С) түзеуге болатын, болмайтын қателер; Д) гинастикада кездесетін қателер

Е) белгілі, белгісіз қателер



17. Бір сабақтың ізін екінші сабақтың әсері басып жататын дене тәрбиесі үрдісінің маңыздылығын дәлелдейтін қағида қалай аталады?

А) қозғалыс қағидасы; В) жүйелілік қағидасы; С) даралық қағидасы; D) көрнекілік қағидасы; Е) саналылық және белсенділік қағидасы


18. Төмендегі көрсетілген қағидалардың қайсысы дене тәрбиесінің жалпы қағидаларына жатады?

А) саналылық және белсенділік, көрнекілік, даралық қағидалары

В) жүктеме мен тынығуды кезектестіру қағидасы; С) жүйелілік қағидасы; D) біртіндеп жүктемен жоғарылату қағидасы; Е) іс-тәжірибелік және ғылымилылық қағидасы

19. Дене тәрбиесінің әдістері дегеніміз не?

А) жатығуды дұрыс орындау; В) дене тәрбиесінің тәсілдері; С) жаттығуларды қолдану жолы; Д) жарысқа қатысу жолы; Е) спортшының айласы



20. Дене тәрбиесінің арнайы әдістеріне жататындар:

А) сөз қолдану және көрнектілік әдісі; В) қатаң шектелген жаттығулар, ойын және жарыс әдістері; С) жедел хабар әдісі; Д) іс-тәжірибелік әдіс, видиоәдіс, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері; Е) бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері



21. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері:

А) көзбен көру және құлақпен есту; В) кітап оқу, кино көру; С) спортқұралдарын, аспабтарын қолдану; Д) көрнекілік және сөз қолдану; Е) конспектілеу, видеотаспаға түсіру



22. Жылдамдық қабілеттілігін дамытудағы ең тиімді жас кезеңі:

А) 11-13 дейін; В) 14-16 жасқа дейін, С) 17-18 жас, Д) 19-21 жас; Е) 22-24 жас



23. Спортшының барлық бұлшық еттерін қатыстырып, жұмысты қалыпты қарқында, ұзақ орындай алу қабілеттілігін қалай атаймыз ?

А) дене қуатының жұмысқабілеттілігі; В) дене қуаты дайындығы.С) жалпы төзімділік; Д) жаттыққандық; Е) анаэробты



24. Дене қуаты қасиеті ептілікті дамыту үшін орындау керек:

А) ерте меңгерілген жаттығуларды; В) жаңа дене тәрбиесі жаттығуларын

С) ойын жаттығуларын; Д) дайындық жаттығуларын; Е) жарыс жаттығуларын

25. Өзінің бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындай алу қабілеттілігін қалай атаймыз?

А) белсенді икемділік; В) арнайы икемділік; С) буын жылжымалылығы икемділігі

Д) қозғалыс икемділігі; Е) енжар икемділік

26. Мына көрсетілген түсіндірмелердің қайсысы күшті сипаттайды ?

А) күш жаттығуларын қысқа уақытта орындай алу мүмкіншілігі

В) сыртқы қарсылықты жеңу немесе оған бұлшық ет күшімен қарсылық көрсету

С) күш жаттығуларын оның тиімділігін азайтпай орындау

Д) адамның үлкен бұлшық ет күшін көрсету мүмкіншілігі; Е) ауыр салмақ көтеру

27. Мына көрсетілген түсініктемелердің қайсысы жылдамдықты сипаттайды ?

А) спортшының уақыт кесіндісінде жылдам қозғалу мүмкіншілігі

В) қозғалысты оның тиімділігін азайтпай орындау мүмкіншілігі

С) қозғалысты ұлкен жылдамдықпен, үдей орындау



Д) үлкен жылдамдықты мүмкіншілігінше жылдамдығын азайтпай орындау

Е) ойын кезінде жылдам қозғалуы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет