Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту Сабақтың мақсаты



жүктеу 22.47 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі22.47 Kb.
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға көбейту мен бөлу амалы арасындағы байланысты одан әрі ұғындыру.Санды 5-ке көбейту және бөлудің үлгісімен таныстыру.

Дамытушылығы:ауызша,жылдам,дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу,логикалық ойлауын дамыту,пәнге деген қызықшылықтарын арттыру.

Тәрбиелігі:шыншылдыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа,өз бетінше тапсырмаларды орындап,нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:5-тің көбейту кестесі,үлестірмелі карточкалар,сандар,плакаттар,тест,санамақ,логикалық есеп.

Түрі:жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап.проблемалық,практикалық жаттығу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеп,зейіндерін сабаққа аудару.

Ә) Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

2.Өткенді қайталау.

А)Үй тапсырмасын тексеру.

№6, №7 67-бет

№6 теңдеу құру,оны шешу.№7 a=0. 1, 2, 3;

Ә)Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

Қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар.

Б) 4-тің көбейту,бөлу кестесін пысықтау.«Доп лақтыру» ойыны арқылы.

В) 10 кітапты 3-3-тен неше балаға бөліп беруге болады?

10:3=3(1қалд.)

3. Жаңа сабақ

А) 5+5+5+5+5=5х5=25

Ә) 25-тен 5-ті азайта береміз.

25-5-5-5-5-5=0 демек 25:5=5



4.Оқулықпен жұмыс

А)Жаттығулар жүргізу.

№1 (ауызша)

№2 есепті оқып,талдау жүргізіп,шығару.

Мандарин-8кг-5жәшік

Апельсин-16кг

Барлығы неше кг-?

Шешуі:(8х5)+16=56

Жауабы:56кг жеміс

Есепті неше амалмен шығардық? Неліктен?



5.Сергіту сәті

№3 кестені пайдаланып,есептер құрастыру,оларды шығару.

а) 1жәшік алма-9кг

Жәшіктер саны-5

Барлығы-?

Шешуі:9х5=45

Жауабы:45кг алма.

ә)45:9=5


б)45:5=9

Бұлар өзара кері есептер.



6.Математикалық диктант түрінде орындау.

9х5 5х9 5х8 8х56


45:5 45:9 40:5 40:8

Қай теңдіктер 5-ке көбейту кестесінде келтірілген ?

(5х9, 5х8)

7. Өз бетімен жұмыс

6х5 30:5 30:6 5х6

7х5 35:5 35:7 5х7

8х5 40:5 40:8 5х8

9х5 45:5 45:9 5х9

8.Топпен жұмыс. 1баған-1топқа

2баған-2топқа



9.Шығармашылық тапсырма.

Еркін әкесі 36жасқа келгенде туған болатын.Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5есе кіші.Еркіннің әкесі қазір нешеде болған?

Шешуі:36:5=7(қалд.1) 36+7=43

Жауабы:Еркіннің әкесі қазір 43 жаста.



10. Тест сұрақтары.

1)Қай қосындыларды көбейтіндімен алмастыруға болады?

а)16+13+20 ә)4+3+6 б)10+10+10

2)16-ның 4-ке бөліндісінің құрылған өрнегін тап.

а) 16х4 ә)4:16 б)16:4

3)Амалды орында,дұрыс жауабын тап . 46х0+13

а)60 ә)13 б)0

4)Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?

***-**=1

**-*=1


11.Бес саусақ ( санамақ)

12. «Бес асыл,бес дұшпан»

13.Қортындылау.

14.Үйге тапсырма №7 есеп,68-бет.

15.Бағалау.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет