Түсті металлургия салаларының құрлымы және орналасу факторлары.
Қазақстан жерінде палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу процесі жүзеге асып, құрлықтар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь – Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасқан. Теңіз бірте – бірте тартылып, құрлық көлемі ұлғая берген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы да көтерілуге ұшырады. Жанартаулық әрекеттердің күшеюіне байланысты пайдалы қазбалар мен көптеген тау жыныстары пайда болды. Тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен пайда болған жарықтардағы магмалық жыныстар магний мен темір элементтеріне бай болып келеді.
Палеозой жыныстары көптеген таулы аудандарда кездеседі. Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: әктас, құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын, т.б. кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрлысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде метаморфтанып (түрінің өзгеруі), яғни эндогендік үрдістердің әртүрлілігі құрылымындағы тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамындағы қандай да бір өзгерістермен түрлі минералдар пайда болады. Әдетте, таулы аймақтардан (қатпарлы және жатпарлы аудандарда) шөгінді қабығынан айырылған қабаттарда яғни қалқандарда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір және т.б.) шөгінді қабығы бар қабаттардан (жазықтарда) кездестіруге болады 1, 196
Түсті металлдугия өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуы көптеген табиғи және экономикалық факторлаға байланысты. Техникалық – экономикалық ерекшеліктеріне байланысты ол дайын өнім алу үшін материалды ( шикізатты ) көп жұмсайтын өндіріс саласына жатады. Рудалардың құрамында мыс, қалайы, мырыш, никель, қорғасын т.б. металдардың үлесі бар болғаны бірнеше пайызға немесе бірнеше есеге төмен ширек пайызға ғана тең болады, яғни көптеген түсті металдар рудада бір пайыздың ширегіне жетпейді. Сирек кездесетін түсті металдар өндіру үшін шығындалатын шикізаттың құны дайын өнімнен жүзден астам, тіпті мың есе асып түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындардың бірінші технологиялық сатысын шикізат орындарына жақын, яғни түсті металдар рудасы кен орындары, рудниктер мен шахталардың маңайына жақын орналасады. Кешенді байыту технологиясы және әртүрлі өндірістік қалдықтарды өңдеу олардың экономикалық тиімділігін арттырады.
Орналасу факторларының ішінде екінші орынға энергетикалық факторды қоюға болады. Никель, алюминий, магний, титан т.б. көптеген металдарды қорыту үшін электр энергиясын көп жұмсау керек. Мысалы, 1 т никель алу үшін 50 - 55 т шартты отын, 1 т алюминий – 17 – 18 мың кВт.сағ, магний – 18 – 28 мың, титан – 20 – 60 мың кВт.сағ электр энергиясын жұмсау керек. Түсті металдарды өңдеу және олардан дайын өнімдер алу тұтыну ерекшеліктеріне және техникалық мүмкіндіктеріне байланысты орналасады. Қазіргі уақытта түсті металлургияның соңғы технологиялық сатысын дамыту, яғни толық өндірістік циклді құру, - Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты мақсаттарының бірі 11, 260 (Қосымша 2).
Ауыр түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады. Бұл металдар кенінде, әдетте, пайдалы құнды бөліктерінің мөлшері өте аз болады. Азияның, Африканың, Латын Америкасының бір қатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезенінде – ақ пайда болғанын осылайша түсіндіруге болады. Ауыр металдар кеніне қарағанда, жеңіл түсті металдар, әсіресе алюминий кені пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері жөнінен темір кеніне ұқсайды әрі тасымалдауға қолайлы. Алюминий өнеркәсібінің шикізат өндіру мен дайын өнімдерін тұтыну арасындағы территориялық алшақтық күшті байқалатын саланың тағы бір жарқын мысалы бола алатыны, міне, сондықтан. Дүние жүзінде өндірілетін бокситтің 1/3 астамы сыртқа шығарылады, ал оларды теңіз жолымен тасымалдаудың орташа қашықтығы 7 мың км – ден асады. Мысалы, дүние жүзіндегі боксит өндіретін аса әрі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегінде орналасқан. Мұндағы арзан ашық әдіспен өндірілетін боксит глиноземге айналдырылып, өнделеді де, басқа елдерге шығарылады.
Түсті металлургия салаларының экономикалық маңызы
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен- металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамассыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен – металлургия кешеннің басты міндеті ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық – шикізаттық кешені әлемдік минералдық шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат нарығының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Бүгінгі Қазақстандағы кен – металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады - қара және түсті метеллургия. Еліміздің экономикасында түсті металлургия басты өнеркәсіп саласына жатады. Түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем молибден концентратын , уран шикізатын өндеу сияқты 8 саладан тұрады. Технологиялық өндірістік цикл мынадай стадиялардан(сатылардан) тұрады:
-
бастапқы табиғи шикізатты өндіру мен байыту;
-
метал қорыту;
-
түсті металдарды өңдеу және әртүрлі формадағы бұйымдар шығару ( прокат, сым, қалапрық формаалар т.б ).
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда алғашқы екі технологиялық циклдер жақсы дамыды, ал үшінші цикл, яғни түсті металдарда өндеу мен дайын өнімдер (бұйымдар, материалдар), Ресейдің зауыттарында, әсіресе Орал экономикалық ауданында іске асырылды. Қазақстан түсті металлургиясының шикізаттық бағыты, нарықтық экономикаға көшу кезінде оның келеңсіз жақтары туралы мәселелерді (экологиялық, шикізаттық, технологиялық т.б) шешуді талап етіп отыр.
Дүние жүзі нарығында шикізат пен жартылай фабрикаттармен салыстырғанда дайын өнімдер жоғары бағаланады. Мысалы, 1 т глиноземның бағасы 1500 – 2000 АҚШ доллар болса, одан алатын 1 т таза алюминий прокаты 4000 – 5000 долларға дейін бағаланады. 2003 жылы дүние жүзі рынногында 1 т мыс металының бағасы 1647 – 2178 АҚШ доллар, мырыш- 819 – 914, алюминий – 1415 – 1549, никель – 9968 – 13526 доллар болды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген өндірістік циклдерді толығымен құру біздің мемлекетіміздің экономикасы үшін аса қажет 11, 259 .
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру коммитетінің ақпараттық – талдау орталығының мәліметтері (2003 жыл) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
Алтын 2,7( әлемде 8 – орнында ), күміс 16, мыс 7,1, марганец 30 ( 2 – орын ), қорғасын 22, мырыш - 15,2, барит – 47,2,( 1 – орын ), темір 6, кобальт – 3,9, ( 5 – орын ), хром – 37,6 , ( 8 – орын ), боксит - 1,4, ( 10 – орын ),никель - 1,4, ( 10 – орын ).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші – үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат нарығында Қазақстанның атқаратын ролі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік нарықта (ТМД елдері, Ресей ) айтарлықтай ықпалы бар.
Ресурстарды пайдаланушылардан өндіріліп алынған табиғи рента әлемдік нарықтағы шикізат бағасының құбылуына қарамастан ел бюджетін елеулі түрде толықтырып, ұлттық экономиканы инвестициялаудың өз қолымыздағы көздерін көбейте алады және көптегн әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге, минералды шикізат базасын ұдайы өндіруді мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған орай табиғи ресурстардың меншік проблемасын шешу тұжырымдамасын жасау маңыздылығы жоғары міндетке айналып отыр. Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау табиғи ресурстарға экономикалық тұрғыдан баға беру, табиғи рентаны меншік иелерінен өндіріп алу және пайдалану тетігін қалыптастыру жөніндегі қағидатты мәні бар шешімдер осы тұжырымдама аясында қабылдануға тиіс. Рента өндіру мәселесін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жолымен де біршама деңгейде шешуге болады. Табиғи рентаға меншік құқығын нақты меншік иесімен байланыстыра қарау қоғамның шикізат өнеркәсібі саласында түзілетін абсолюттік және дифференциялық рентаны иеленуге мүмкіндік береді.
Сирек металдар өндірісі – жаңа технологиялардың шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Бұрын Қазақстан өндірісінде шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған жөн. Бұл металдар электроника, аэроғарыш, машина жасау т.б. салалардың негізін қалайды. Бүгін де ашылып жатқан даму институттарын пайдалана отырып елімізде өндіріс саласын, соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болады. Бұл елімізде дамыған индустриалық метал алу өндірісін кеңейту, құрал – жабдықтарды, тұрмыстық заттар, машина жасауға қажет балқыламалар алуға мүмкіндік береді.
Қай мемлекеттің болмасын өз атын әлемге паш ететіндей маманданған саласы бар. Жапондықтар робот жасаудың өндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер байланыс құрал – жабдықтар шығару жөнінен әлемге танымал. Белгілі бір өндіріс саласының әр елінде өсіп өркендеуі кездейсоқ емес. Қазақстанның индустриялық – иновациялық өркендеуі де өздігінен туындамайтыны анық. Бұл үшін нарықтан басым орын алған түсті металлургия өндіріс салаларын дамыту осы салаларда қамтамассыз ететін ғылыми күштермен мамандарды сақтау, елде бар бәсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет.
Шығыс Қазақстанда полиметалды кеннің үлкен қоры бар, осының негізінде 200 жыл бұрын Қазақстан металургиясының негізі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандағы зерттелген полиметалды кен және кенсіз пайдалы қазба қорлары негізінде кен өндіру кені динамикалық түрде дамуда, өнімі мен өңірдің металлургия кәсіп орындарының өндіріс қызметін қамтамассыз етеді.
2008 жылы жеті ай ішінде кеншілермен әр түрлі санаттағы минералды шикізат пен металды қайта балқыту дайындалған концентратындағы металл 51,7 млрд. теңгеге өндірілді, бұл өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 18,2 - ын және республикалық көлемінің 1,3 - н құрады. Кен өндіру кешенінің өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлес салмағын ( 95 - ға жуығы) түсті металл кенін өндіру алады. Жыл басынан бері кеншілермен 2,3млн. тонна тас көмір, 12,1 млн. тонна түсті метал кені, 1,6 тонна әктас, 1,1 млн. куб. м – құм және қиыршық тас шығарылады.
Облыс үлесіне республикалық өндіруде мыс – мырыш кенінің – 97,1 -ы , қорғасын мырыш кенінің 75,0 - ы, табиғи құм - 13,3 - ы, тас көмір-3,6 - ы, мырыш концентратындағы мырыш өнірісі – 92,5 - ы, қорғасын концентратындағы қорғасын – 84,0-ы келеді.
Барлық өнеркәсіп өндірісінде қызмет ететіндер санының әрбір төртінші немесе Шығыс Қазақстандағы кеніш пен шахталарда еңбек ететіндер саны 19767 адам. Кеншілер еңбегі әжептәуір жоғары төленеді, олардың орташа айлық жалақылары орташа облыстық көрсеткіштен 40 - ғы жуық артты және 66015 теңгені құрады .
Түсті металдар электр өнеркәсібінде, кеме, машина жасауда және әскери өнеркәсіпте маңызды рөл атқарады. ТМД елдері арасында Қазақстан кейбір түсті металл қорлары бойынша бірінші орынға ие ( қорғасын, мырыш, күміс ), ал мыс – екінші орында.
Полиметалл рудаларының негізгі қорлары Шығыс пен Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Ал Орталық Қазақстан территориясында 1700 - ге жуық кен орындары және мыс рудасының қорлары белгілі. Жоңғар және Іле Алатауында 110 кен орындары мен полиметалл рудаларының қорлары болса, Алтайда 900 - ге жуық кездеседі. Сондай –ақ Қарағанды, Қасқайыр, Ақтал, Ұзынжал, Алтай және т.б. кен орындарын дамыту экономикалық тиімді ірі қолайлы болып саналады.
Ал түсті металлургияның алыбы «Казмырыш», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Үлбі металлургия» акционерлік қоғамдарының алатын орны ерекше. Олар шығаратын қымбат металдар Лондон биржасында лайықты орын алады. 15, 108 .
Экономикасы жоғары дамыған елдерде түсті металлургияның негізгі белгілерін былайша көрсетуге болады: табиғи шикізатпен қамтамасыз етілуі орташа дәрежеде; екінші реттік шикізаттың рөлі тез және қарқынды өсуде (әлемде 1/5 қалайы, ¼ алюминий және мырыш, 2/5 мыс, ½ мырыш), дамушы елдермен салыстырғанда саланың құрылымы толық және сирек, стратегиялық маңызды металлдарды алу (титан, кобальт, тантал, германий) қосады; өндірістік цикл құрылымында орташа және жоғары сатылардың болуы; кәсіпорын шикізатты тасымалдау қолайлы және арзан электр энергия көзіне жақын орналасады
5. Тақырыбы:Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты
Дәріс мақсаты: Ауыл шаруашылығы салаларының географиялық орналасуын, дамуын түсіндіру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивтік және интенсивтік даму жолдары.
2.Өсімдік шаруашылығының астық және техникалық дақылдары.
3. Мал шаруашылығы.
4. Қоршаған орта мен ауыл шаруашылығы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.
Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді.
Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгілі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы,тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі.
Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері - табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығының орналасуы мен салаларына, оның өнімділігіне әсері. Сонымен бірге ауылшаруашылығында жер еңбек құралы және еңбек объектісі , себебі жердің топырағының құнарлылығына байланысты ауыл шарушылығы өнімділігі мен экономикалық тиімділігі анықталады. Ауыл шаруашылығының салалары - өсімдік шаруашылығы, ол өз кезегінде астық шаруашылығы, техникалық дақылдар мен картоп шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бақша және жүзім шаруашылығы салаларынан тұрады, мал шаруашылығы – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы.
- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1.Дүние жүзінің кескін картасына ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін алдыңғы қатарлы елдерді белгілеп, олардың ішінен бидай мен күрішті экспортқа шығаратын елдерге сипаттама жазыңыз.
2.Мал шаруашылығының басты салаларын сипаттаңыз.
Әдебиеттер
1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.
2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.
5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.
6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.
7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.
8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.
9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.
10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.
11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.
12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.
13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.
14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .
15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985.
6. Тақырыбы:. Көлік және байланыс географиясы
Дәріс мақсаты: Транспорт және халықаралық экономикалық қатынас түрлерін, маңызын, орналасуын ерекшеліктерін, дамуын түсіндіру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.Транспорт түрлері, маңызы, орналасу ерекшеліктері.
2.Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары.
3.Халықаралық туризм.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Атқаратын функциясына байланысты транспорт екі түрге бөлінеді – жолаушы және жүк тасымалдаушы.Транспорт түрлері табиғи (жер, су, ауа) және жасанды (канал, темір және жолдар, құбырлар) қатынас жолдарын қолдануға байланысты бөлінеді. Жалпы транспорттың дамуына ҒТП, сауданың дамуы, аумақтық еңбек бөлісу әсер еткен.
Транспорттың маңызы. Ол материалды өндірістің жетекші саласы, себебі транспорт ел ішіндегі және халықаралық еңбек бөлісудің негізін құрайды. Транспорт - өндіру ауданы мен тауарды, қызметті тұтыну аудандарын байланыстырады, өндірістік кәсіпорындардың орналасуына әсер етеді, аудандар мен елдердің мамандануына, халықаралық интеграция үрдістерінің дамуына жағдай туғызады, халықаралық экономикалық, мәдени байланыстардың барлық түрін қамтамасыз етеді.
Транспорттың түрлері; құрлықтағы т. – темір жол, құбырлар, автомобил жолдары, су т. – теңіз және өзен т., әуе жолдары.
Халықаралық экономикалық қатынастардың орны. Қазіргі уақыттағы елдердің мамандану деңгейі өте жоғары болған себепті, кейбір елдер тауар мен қызмет экспорты арқылы өздерінің елеулі деңгейдегі табысын қамтамасыз етіп отыр. Осындай елдерді экономикасы ашық елдер дейді. Қазіргі уақытта елдің өндіруші салалары жоғары деңгейде дамуы үшін мол шикізат қоры, қаржымен қамтамасыз етілген, ғылыми- техникалық потенциалы дамыған, шетелдік капиталдың келуі жеңілдетілген және басқа елдермен қарым-қатынасы ашық та тиімді болуы керек. Осы жағдай елдің өзінің ішкі мүмкіндігін толықтай пайдаланып, шеттен қаржыдай, еңбек, шикізат, т.б. қорларды әкелуге мүмкіндік береді. Осындай қарым – қатынастарда халықаралық интеграцияның орыны зор. Осындай ынтымақтастықтың тиімді жолы – бұл еркін экономикалық аймақтарды құру. Осындай аудандардың тиімді экономикалық – географиялық жағдайы, тауарлар мен қызметті экспортау мен импортауға жеңілдетілген салық жүйесі, баға қоюдың ерекше жағдайлары шет елдік озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін, т.б. жағдайлары бар. Қазіргі уақытта әлемде 500- ден артық ЕЭА бар.
Жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің бағдарламасы. Халықаралық экономикалық қатынастарда жетекші орынды дамыған елдер алады. Олардың үлесіне шамамен 70 % келеді. Ал дамушы елдер дамыған елдерге тек арзан еңбек күшін, шикізат, егіншілік өнімдерін, т.б. берумен шектелген. Соған байланысты 1970-ші жылдарда БҰҰ «Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп» бағдарламасын енгізген, оның мақсаты – бұл халықаралық қатынастарды тең серіктестік негізінде дамытып, әлемдік шаруашылықтың дамуына барлық елдердің жан- жақты қатынасуын қамтамасыз ету.
Басты халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері:
-әлемдік сауда.
-қаржы – несие қатынастары.
-өндірістік қатынастар.
-ғылыми – техникалық қатынастар.
-халықаралық қызметтерді ұсыну.
-халықаралық туризм.
Әлемдік сауда. Ол халықаралық қатынастардың аса маңыздысы, үш көрсеткішпен сипатталады:
- сыртқы сауда айналымы.
- сыртқы сауданың тауарлық құрылымы.
- сыртқы сауданың географиялық таралуы.
Халықаралық кредиттік – қаржы қатынастары. Осы бағыт халықаралық қатынастардың жас саласы. Оның бағыттары:
-халықаралық қарыздар мен несиелер (кредиттер).
-тікелей шетелдік капиталдық салымдар.
Ғылыми-техникалық байланыстар – бұл ҒТР салдарынан пайда болған экономикалық қатынастар. Оның негізгі бағыттары
– ғылыми-техникалық өнімдерді сату,сатып алу немесе алмасу.
- бірлескен жобаларды істеу.
Халықаралық қызмет жасау. Негізінен халықаралық транспорттық қызметтерде кемелерді, самолеттерді жалға беру дамуда.
Жаңа халықаралық қызмет жасаудың түрлері:
- ақпараттық қызметтер.
-инженерлік қызметтер.
-банк қызметі.
-жарнама қызметі.
Негізгі қызмет экспорттаушы елдер – Жапония, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия.
Халықаралық туризм – соңғы он жылдықта қарқынды дамыған халықаралық
байланыстардың түрі. Туризм географиясы әлеуметтік – экономикалық, табиғи, экономикалық – географиялық жағдайлар, т.б. факторларға тәуелді.Көптеген елдер үшін халықаралық туризм маманданудың жетекші саласына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |