Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
1. Курстың мақсаты мен міндеті
-
Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасу кезеңдері
-
Қазіргі заманғы дүниежүзілік шарушылық және оның құрылымы
Әдебиеттер
1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.
2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.
3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.
4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.
5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.
6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.
7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.
8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.
9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.
10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.
11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.
12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.
13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.
14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .
15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985.
2. Тақырыбы: Ғылыми – техникалық революция дүниежүзілік шарушылықтың дамуы
Дәріс мақсаты: Ғылыми-техникалық революция және дүние жүзілік шаруашылықтың мәнін, мағынасын түсіндіру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. ҒТР ұғым.
2. Дүние жүзілік шаруашылық ұғымы, оның қалыптасу кезеңдері..
3. Географиялық еңбек бөлінісі.
4. Халықаралық экономикалық интеграция.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
ҒТР дегеніміз-ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту.
Әлем шаруашылығының өнеркәсіптік дамуында үш революциялық кезең болып өтті.
1.Өнеркәсіптік революция 18 ғасырдың 70 жылдарынан 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін қамтыды, осы кезеңде қол еңбегін машина өндірісі алмастырды.Негізінен тігін, тоқыма өнеркәсібі дамыды.
2.19 ғасырдың 70 жылдарыныан 20 ғасырдың ортасына дейінгі аралықты екінші кезең қамтыды.Осы кезеңде жекелеген механизмдер мен машиналарды тоқыма, тігін салаларында ғана емес, өнеркәсіптің барлық салаларында енгізді.
3.Өндірістік революция 20 ғасырдың 50 жылдарында басталып, осы кезге дейін жалғасуда.Осы кезеңді ҒТР деп атауда. Себебі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің толықтай сапалық тұрғыдан өзгеруіне әкелді. Ғылым әлемде таусылмайтын, керсінше көбейіп, дамып отыратын қорға айналды. Ғылымың негізіндегі жаңа технологиялардың маңызы артып, оның ҒТР мәні тереңдей түсті. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының, орналасуының тарихы және қазіргі уақыттағы факторлары. Әлемнің шаруашылығын зерттеу барысында ғалымдар өндірістің дамуының белгілі бір заңдылықтарын байқаған.Осы теориялардың ішінде Н.Д.Кондратевтің «Ұзын толқындар» теориясын айтуға болады. Осы теория бойынша әлем шаруашылығы өндірістердің орналасуы 50-60 жыл ішінде қайталанып отыратын өндірістік жаңалықтарды енгізудің нәтижесінде дамыған.Әлемнің әрбір аймақтарындағы негізгі өндіріс салаларының орналасу факторлары өзгеріп, өндірісі дамыған, шоғырланған аймақтар пайда болады.
Әлем шаруашылығы – бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір-бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі. Ол өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.Адамзат қоғамы негізгі даму кезеңдерінде 3-кезеңнен өтті. Олар: аграрлық (осы кезеңде негізінен ауыл шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылықтар дамыды), индустриалды (өнеркәсіптік революцияның XVIII-XIX ғасырдағы нәтижесі. Осы кезеңде әлем шаруашылығының құрылысында өнеркәсіп жетекші рөл атқарды. Ал XX ғасырдың 2-жартысында ҒТР-ның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа типі –постиндустриалды тип қалыптаса бастады.
ҒТР-ның негізгі әсері қызмет көрсету саласының дамуы. Нәтижесінде соңғы уақытта әлем шаруашылығында жекелеген елдерде де шаруашылықтың салалық құрылымдарында нақты 3-деңгей қалыптасты деуге болады. Осы заманғы әлемдік өнеркәсіп күрделілігімен және аса диверсификацияланған құрылымымен ерекшеленеді. БҰҰ жіктеуі бойынша әлем шаруашылығында 300-ден аса салалар мен сала ішіндік құрылымдар бар. Кез келген елдің әлем шаруашылығына байланысы осы елдің индустриализациялануы деңгейіне өнеркәсіптің қуатына, ішкі нарығының сыйымдылығына байланысты.
Өнеркәсіп өнімінің құрамы мен номенклатурасы (өнімнің түрлері) бойынша АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған елдер кіреді.
Интеграция-шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғарғы формасы. Ол жоғарғы дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі мен корпорациялық байланыстардың нәтижесі.
Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері. Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялар, қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ, әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.
Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды. Тас, қола, темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура, фабрика.
Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.
Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.
Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?
– ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
– ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
– жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;
– қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;
– ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
– қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше, өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.
Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.
Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.
Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.
Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.
Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр.
Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.
Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік.Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап , қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.
Қорыта айтқанда, ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табмғи, обьективті процесс.
Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т.б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі, мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістегі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.
Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми-техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды.
Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік береді. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән-маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.
Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:моральдық және матетиалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік принциптерін нығайту, әл-ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапслық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау , жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тнз бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуына Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік- экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық
дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану,еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту , қол еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.
Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан «Заманымыздың кеселі» аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.
Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі.
Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана, ойлау жүйесі, іс – қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |