Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады: -мәселелік жағдайлар туғызғанда; -жаңа мәлімет беруде; -оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде; -оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда; -техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде; -оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі. Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с. Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1)есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну; 2)есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу; 3)есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару; 4)есеп шығарудың жосапарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу; 5)физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу; 6)ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу; 7)теңдеулерді құру және оларды шешу; 8)ізделініп отырған шаманы есептеу; 9)алынған жауапты талдау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3
ТАҚЫРЫБЫ: Бағытты мектепте механиканы оқыту әдістемесі
МАҚСАТЫ: Механика бойынша есептер шығару.
ТАПСЫРМА:
Механика бөлімі есептерін шығару
Жоспары:
1. Механика бөлімі есептерін шығару
2.Шығарылған есептерді тапсыру.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына арналаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.
-
Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Өңд.2-бас./Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова.-Алматы: Мектеп баспасы, 2008.-256 б.
-
Решения и ответы к «Сборник задач по физике для 7-8 кл. Общеобразовательных учреждений» В.И.Лукашика. М.: «Дом педагогики», 2000.-168 с.
-
Кем В.И., Кронгарт Б.А. Физика және астрономия. Есептер мен жаттығулар жинағы: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған.-Алматы: Атамұра.-2003.-80 б.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :
Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады: -мәселелік жағдайлар туғызғанда; -жаңа мәлімет беруде; -практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; -оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде; -оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда; -техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде; -оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі. Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с. Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |