ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет1/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1 - 72/03-2014


ОӘМ

Пәннің оқу-әдістемелік материалы



«Жаратылыстану»

№ 2 басылым

11.09. 2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жаратылыстану»

«5В011600» – «География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

МАЗМҰНЫ:


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

4 Суденттің өздік жұмысы


ГЛОССАРИЙ
Абрикос-раушан гүлділер тұқымдасына жататын ағаш өсімдік

Агама-агамалар тұқымдасына жататын кесірткелер туыстастығы

Адаптация-тірі организмдердің белгілі бір жағдайға бейімдліуге мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы

Антеридий- споралы өсімдіктер мен кейбір саңырауқұлақтардың аталық органы

Ауксины-өсімдіктердің түзуші ұлпаларында қалыптасып, сабақтың, жапырақтың , тамырдың өсуін қамтамасыз етеді

Ареал -жер бетінің жануар өсімдік белгілерінің бір түрлері тіршілік ететін түрлері.

Аллювий- ұдайы немесе анда-санда болып тұратын ағыстардың шөгінділері. Бұл шөгінділер малта тастан, қиыршық тастан, құм мен саздан құралады.

Абсалют биіктік- мұхит деңгейінде есептелетін биіктік. Одан жоғары жатқан нүктелердің абсолют биіктігі-оң (+).төменгі жатқан нүкте теріс (-) болады.

Абсалют максимум-көп жыл ішіндегі ең жоғары метеорологиялық көрсеткіш.

Абсалют минумум- көп жыл ішіндегі ең төменгі метеорологиялык көрсеткіш.

Аңғар- табаны ылғалданып кететін ұзынша ойыс. Өзен және тау аңғары болады.

Арал-құрлықтың жан-жағынан сумен қоршаланған шағын бөлігі.

Аралас орман-қоңыржай белдеудегі орман зонасының қылқанды және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдар аралас өсетін өңірі (кіші зона).

Арна- аңғардың табаныңдағы суағып жатқан ойыс судың жолы.

Атырау- өзен ағысының ерекше түрі өзен теңіздің немесе көлдің таяз бөлігіне құяр жерінде таңбалардың арасымен тармақталып ағыуының нәтижесәнде пайда болуы.

Ауа массасы-тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі т.б. ірі бөлігі.

Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері абсолют және салыстырмалы ылғалдылық болып ажыратады.

Ауа райы- атмосфераның қыска мерзімдегі жай-күйі.

Багрянкалар-балдырлар бөліміне жататын қоңыр балдырлар

Барибал-сүт қоректілердің аюлар тұқымдасына жататын қара аю

Бацилла-таяқша тәрізді бактериялар

Барисфера-жердің ядросы мен мантиясының қамтитын ішкі бөлігі-темір, никель, уран секілді ауыр металдардан тұрады.

Бора-теңіздердің жағасындағы, тау жотасының беткейінен төмен қарай соғатын және қыста күнді суытып жіберетін қатты өтпе жел.

Бриз- теңіздердің ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға , түнде судан құрлыққа қарай соғатын желдер.

Бухта-мұхит теңіздерден аралдар немесе мүйістер арқылы мықтап бөлінген кішігірім шығанақ, әдетте желден жақсы қорғалған және порттар кұруға жиі пайдаланады

Гюрза-леванттық жылан

Глетчер- аңғар мұздығы.

Гумалиттер- жоғары сатыда дамыған өсімдік қалдығынан тұратын қазба көмірлер тобы.

Губа(ерін)-ресейдің солтүстігінде кең таралған шығанақтың аты. Ол құрлықка тереңдей кіріп жатқан оған өзендер келіп құяды.

Кар-мұздықтар мен қардың әсерінен аяздан үлгіуден таудың қар сызығынан жоғарғы аймақта пайда болған астау тәріздес ойыс.

Кварцит-тұтас тығыз масса болып біріккен кварц түйіршектен тұратын қатты тау жынысы.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы- өсімдіктің құрылысын зерттейтін ғылым

Прозенхималық клеткалар- ұзындығы енінен біршама артық клеткала

Лейколпласт –тасымалдаушы қызметін атқарады

Дентри-нейрон қысқа бұталанған өскіні

Детрит-су тұнбаларында жиналған ыдырап кеткен өсімдіктер мен жануарлар қалдығы

Донник- бұршақ тұқымдастардың тусы

Дрейсендер—қос жақтаулы аюқұлақтар

Женьшень-панакс туысына жататын көпжылдық өсімдік

Зигота-гаметалардың қосылу нәтижесінде түзілген қосылыс

Құраңғар-гидрографиалық желінің беткейлерінің симметриялылығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.

Қалдық-өзеннің негізгі арнасы мен өзеннен бөлініп қалған ескі өзен арасындағы жайылманың бір бөлігі.

Қайыр-өзен арнасының саяқ бөлігі, су тартылған кезде судан босап, құрғақ аралға айналады.

Ландшафт-құрамдың, қүрлымдың бөліктердің баламалары қайталанбайтын нақтылы теория табиғат кешені.

Лагуна-теңізден құм тасқыңдары белдерімен оқшаулаған бұғаз арқылы қосылып жатқан тайғыз теңіз шығанағы.

Лаккомет-жердің терең қойнауындағы жер қыртысының беткі қабатқа дейінгі көтерілген магмадан тұратын күмбез тәріздес қүмпиген дене.

Лиман-өзеннің немесе сайдың теңіз суы басып тайыз сулы шығанаққа айналған кеңіген сағасы.

Лава-(италиянша-лава-тасып басатын) жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат, екінші сөзбен айтқанда, жер бетіне шығып, газынан айырлған магма.

Лайлық-өзеннің көлденең қимасында, ұзына бойына әрі мерзімдік аса құбылмалы көрсеткіш.

Морфология-грек-«морфо»-пішін, «графа»-белгіні білдіреді.

Мелиорация-ауыл шаруашылығын үшін қолайлы жағдай мақсатымен териториядағы су режимін жақсартуға бағыталған шаралардың жүйесі.

Мирабилит немесе глаубер тұзы- күкріт қышқыл натрий тұзы. Ол суда тез ериді. Шыны, химия және металургия өнеркәсібінде пайдаланады.

Масштаб-(неміше мас-өлшеу,штаб-таяқ) жер бетінде өлшеген қашықтықта қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі.

Меридиан-(лат. меридия нус —солтүстік) жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.

Метеор-(грек. метеор-аспан құылысы) планетааралық кеңістіктен жер атмосферасының үлкен жылдамдығы жарқырап жанып кететін денесі.

Метеорология-(грекше метеор-аспан құбылысы лотос-ғылым) атмосфера құблыс жайындағы құблыс.

Муссон-(арабша-маусым)-қыста құрлықтан құрлыққа қара соғатын тұрақты желдер.

Мұгалжар желі- Мұғалжар тауынан соғады жылдамдығы сек 50м/сек қатты дауыл оңтүстік және оңтүстік батыстан соғады.

Миграция -адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударуы.

Перидотит-көбінесе түйіршікті минерал-аливиеннен тұратын тереңдік малмалық тау жынысы, қоңыр түсті келеді.

Полесы-ежелгі мұздың ерігенде астынан шыққан шөгінді тұратын ежелгі мұздылық алды ойпатты жазықтары. Оны орман, көбінесе қарағай орманы және батпақ басып жатады.

Промилы-қандай болмасын бір санның мыңнан бір үлесі белгісімен белгілінеді. Терең судың тұздылығын анықтайтын промиле саны.

Жайылмалық арна-мезгіл су тасуы немесе тасқын кезінде су басатын арнаны айтады.

Жеңсала-арал мен бөлінген өзеннің бір бөлігі, әдетте өзеннің негізгі арнасы мен жеңсаласын бірінен бірін айыру қиынға түседі.

Жағажай-кең, тиіс келген, өзен тасындыларынан құралған өзен жағалауындағы жолақ.

Жаға-көлді қорғай орналасқан, әр түрлі құламалығымен сипатталатын беткей түріндегі құрлықтың бір бөлігі.

Жағалау-толқындар әрекетінің зонасы.Бұл зонаның тек күшті толқын кезінде ғана жағаға жететін бөлігін құрғақ жағалау дейміз.

Жарамсыз жер-нашар жер деген сөзінен шыққан тік қабырғалы жыралары көп, өте күшті тілімденген жер бедері.

Өзен қабаты-(грекше өзен аңқыған) стросферада 10-15 км биіктік аралығында өзен газы шоғырланған қабат.

Ойпат-абсолюттік биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.

Ойпат батпағы-жер бедерінің ойыстарын алып жататын, көбінесе Еспе суымен молығатын батпақ.

Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера бір-бірімен жанасатын және әрекеттесетін қабат.

Жалпы географиялық карта анықтамалық, оқырмандарға елді мекендердің орналасқан, топырақ өсімдік жамылғысы туралы мәлімет беру.

Жыралар жер бетінің жауын-шашын, қарсуының бұзылу әрекетінен пайда болған тік қабырғалы ойпаң формасы.

Бір жылдық өсімдік өзінің тіршілік циклін бір өніп өсу кезеңі ішінде аяқтап үлгеретін өсімдік.

Орташа биік таулар-биіктігі 1000м-2000м дейінгі таулар.

Эпицснтр-Жер сілкінудің жер қойнауындағы ошағының үстінде жатқан жер бетіндегі орны.

Эстуарий-өзеннің теңіз жағына қарай беретін воронка тәріздес сағасы.

Этнография-(грек. этнос-халық, графо-сипаттау)-халық құрамы, шығу тегі, мәдениет,тарихина байланысты ғылым.

Эрозиялық аңғар-деп ағын сулардың әрекетінен пайда болатын аңғарларды айтамыз.

Фарватер-кемелердің қауіпсіз жүргізуіне тереңдігі жеткілікті су алқабының учаскесі, өзенде ағысы ең қатты су алқабы

Фиорд- әдетте мұздықтың табаны болған өзі тар әрі терең теңіз шығанағы.

Тымық-желсіз немесе өте баяу жел әдетте антициклондардың іш жақтарында байқалады.

3еогеография-жануарлар жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым физикалық географияның бір саласы.

Үстірт- үсті тегіс немесе белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң жазық .

ДӘРІСТЕР

1 Тақырып Тірі табиғат туралы ұғым.
Дәрістін жоспары:


  1. Биосфера туралы ұғым.

  2. Биосферадағы географиялық заңдылық.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары

Биосфера – жер планетасының организмдері мекендеген аймағы. Биосфераға жер беті, атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі енеді.

Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы, оның кеңінен тарала түсуі, құрамындағы түрлі өзгерістер, мұндағы зат пен энергияның алмасуы организмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланыстыжәне айналадағы орта жағдайының эволюциясымен біртұтас дамиды.

Биосфера—барлық тіршілік процестері жүретін Жердің беткі қабығы. Барлық тірі организмдерден биомасса құралады. Биосфераның атмосферадағы шегі тропосфераның жоғарғы шегімен үйлеседі. Тропосферадан жоғарыда тіршілік жоқ. Биосфераның төменгі шегі термоядролық жағдайларға (жер қойнауындағы жоғарғы температураларға) байланысты

Биосфера шекаралары 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?

1.Көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.

2.Судың жеткілікті болуы (міндетті түрде сұйық күйде)

3.Температуралық режим тым жоғары (ақуыздың ұюына әкелетін) және тым төмен (ферменттердің жұмысын тоқтататын) болмауы керек.

4.Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы

5.Су ортасының белгілі бір тұздылығы.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера), жер атмосфнрасының төменгі қабаты (тропосфера) және Жердің сулы қабықшасында (гидросферада) таралған.

Литосферада тіршіліктіең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100ºС-дан асады. Жер қыртысында бактериаларды табуға болатын тереңдік-4 км.Мұнай кен орындарында 2-25 км тереңдікте бактериалардың саны біршама көп болады.

Мұхиттарда тіршілік 10-11 км тереңдікке таралады.

Атмосферадағы тіршіліктің жоғарғы шекарасы биіктікке байланысты ультра күлгін радиацияның артуымен анықталады. Озон қабаты күннің ультра күлгін сәулелерінің көп бөлігін 22-25 км биіктікте сіңіреді. Бактериалармен саңырауқұлақтардың соралары 20-22 км биіктіктен табылған.



Биосферадағы заттар алмасуы

Тірі организмдердің зат алмасудағы маңызы. Жер шарындағы өсімдіктер организмдер тіршілігі үшін қажетті оттегінің негізгі фабрикасы болып табылады. Табиғатта болып жататын химиялық процестерде бір клеткалы қарапайым өсімдіктер мен жануарлар едәуір роль атқарады.

Жасыл өсімдіктер жылдам көбейетін болғандықтан, олардың массасы жануарлар организмдері массасынан мың есе көп.

Тірі организмдердің зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Саваннаның, даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері — екінші орында. Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер — үшінші орында.

Микроорганизмдерге қарағанда ірі жануарлардыц атқаратын ролі төменірек. Мұхитта өсімдік массаларынан жануарлар массасы көп. Фитоплапктон — еркін жүзіп жүретін өсімдіктер организмдерінің жиынтығы — бүкіл Дүние жүзілік мұхит бетінің 4/5 –ін альш жатады. Теңіз флорасы негізінен балдырлардан тұрады.



Жердегі тіршіліктің жағдайлары мен тығыздығы. Өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайлар ауа, жарық, жылу және, әрине су. Сусыз бірде-бір өсімдік тіршілік ете алмайды. Бірақ шамадан тыс мөлшердегі су және температураның төмен болуы өсімдіктердің өсуіне кесірін тигізеді, өйткені өсімдік оларды сіңіре алмайды. Бұлардан басқа өсімдіктер үшін суда хлорлы тұздар, күкірт, т. б. болуы да зиянды.

Тірі организмдер Жерде жаппай дерлік таралған. Қатал Антарктида да және тіршілік болуы мүмкін емес-ау деген Сахарада да оттегі және ауа бар, демек, тіршілік те бар дсеен сөз. Тірі орі организмдердің тіршілік әрекеті олардың көбею қабілеттігіне байланысты. Олардың көбею жылдамдығы әр түрлі. Қорек, ауа және кеңістік жеткілікті болса, инфузориялар Жер массасына тең массадағы 24 планета салмағындай массаға жетер еді. Тірі организмдер өте көнбіс. Мәселен, кейбір саңырауқұлактардың, спорасы +180° және —250° температурада тіршілігін жоймайды.

Жердегі тіршілік тығыздығы төтенше зор. Мұхит суының 1 литрінде 5000 мыңға дейін майда организмдер, болады. Теңіз тұнбасының 1 куб. метрінде 160 млн. тірі организмдер, 1 г қара топырақта 5 млрд. бактерия бар.

Біздің планетадагы тіршілік көп ярусты — атмосферада, жерде, судың бетінде, және ішінде тіршілік етеді.



2. Биосферадағы географиялық заңдылық. Биосферада зоналық тығыздық болады, онда органикалық тіршіліктін аз, яки көп қатысатын зоналары бар. Шөл зонадағы сияқты мұзды зоналарда да органикалық тіршілік тығыздығы онша жоғары емес. Тіршілік тығыздығы экваторлық зонада өте жоғары, бірақ қоңыржай белдеудің ормандарындағы тіршілік тығыздығы одан едәуір төмен, дала зонасындағы тіршілік тығыздығы одан да төмен. Тіршілік мәні — тірі табиғат пен өлі табиғат заттарының өз ара алмасуы. Зат алмасу қаркыны экваторда күшті болады да, полюстерге қарай кеми береді.

Атмосфера күйі тірі организмдердінң іс-әрекетіне, оттегінің ауада бос күйінде болуына, оның көмір қышқыл газы мен азотқа қатысына банланысты.

Жер қыртысының түзілуі мен ондагы тіршілік организмдердің іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эуард Леруа және палеонтолог Пьер Тайэр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тайэр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдьң рөлін бағалай келе ВМ. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

1) ғылыми шығармашылықтың дамуы адамі өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

2) биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;

3) биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс; стихиялы түрде, табиги процөсс ретінде жүреді;

4)тіршілік ортасы — биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы — адамзаттың ғылыми жұмысының биосфераның жаңа фазага, жаңа күйге — сфераға өтуі табиғи процесс.

В.И. Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлың экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңга біріктіген

Бірінші заң — барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларга әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ парепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған.. Содан соң осы жорғалаушьшармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артьш кеткен. Кесіріткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаган. Олай болса масалар да қальштасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.



Экологияның екінші заңы — материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық

Болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады.

Жануарлардьң қалдықтары — оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық.. Ал, олардың қалдықтары –бейорганикалық заттао (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.)-өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші заң — табигат өзі жақсы білвді. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдыратаын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді, Бұған улы химикаттар — пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғаттва ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері — Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал соның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.

Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің дейгейінің төмендеуне әкелді.

Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамнаң еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтар

1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары?

2.Биосферадағы заттар алмасуының маңызы?

3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы ретіндегі ерекшелігі?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.


2 Тақырып: Тірі ағзалардың құрылысы және тіршілік әрекеттері.

Дәрістін жоспары:

  1. Тіршіліктің негізгі критериялары. Жасушаның құрылысы.

  2. Жасушаның тіршілік әрекеттері. Ағзалардың зат алмасуы түрлері.

  3. Ағзалардың тітіркенуі және қозғалуы.

  4. Жасушаның тіршілік циклы. Ағзалардың көбею түрлері.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

Жасушаньң (клетка) кқұрылысы. Жерде мекендейтің тipi агзалардың көпшілігі жасушадан турады. Жасуша мелшері әр алуан: бактерияларда өте усак (0,5 мк), құстарда ipi (туйекус жумырткасыныц ұзындыгы - 170 мм, ені - 135 мм) болады.

Жасуша нeriзri үш белімнен - ядро, цитоплазма және қабықшадан турады.

Жасушаньщ барлық тipшілік әрекетің ядро баскарады. Ядролардыц мелшер1, курылымы жене nimiHi алуан турль Ядро nimiHi, нег!зшен, жасуша nimiHiHe сай бо­лады. Ядроныц сол агзаныц тукым куалау касиеттерЬ не байланысты курылымы болады. Электрондьщ мик­роскоп аркылы жасуша к,урылымын зерттеуге кол жетть

Жасушаны арнайы бояганнан кейш гана электрон­дьщ микроскоппен карап, ядродан сопакша тузЬпстерд1 керуге болады. Булар — хромосомалар. Олар, непиэшен, сопакша шппщц болады. Хромосома курамына курдел1 органикальщ заттар молекуласы — дезоксирибонуклеин кышкылы (ДНК,) енед1, ол акуызбен байланыста бола­ды. Жануарлар мен еимдштердщ ep6ip туршдеп жасу­шаньщ кепшипгшщ ядроларында сол тур ушш саны б1рдей жене туракты хромосомалар болады.

Ядрода ядрошыктарболады. Олардарибосомалар тузЬ ледь Олар акуыз синтезше катысады. Ядро цитоплаз-мадан ядро кабыгы - мембрана аркылы белшген. Жасу­ша мембраналарыныц талдау касиета болады: 6ip заттар-ды OTKi3in, баска заттарды тутып цалады. Ядро мен ци­топлазма заттары мембрана поралары (усак. TeciKTepi) аркылы алмасады.

Жасуша цитоплазмасында TipniuiiKKe кажетп кыз-меттер аткаратын б1ркатар курылымдар болады. Булар -митохондриялар, рибосомалар, Гольджи аппараты, цен-триольдер жене ес1мдш жасушаларыныц хролоплас-тары.

Op6ip жасушада митохондрия болады. Олардыц саны ер турл1 жасушада б1рдей болмайды. Олар кебшесе жуз-деп саналады.

Митохондрия нег1з1нен сопакша niniiHfli болады. Ми-тохондрияны eKi кабатты кабьщ каптайды. Оныц iniKi кабыгынан катпарлар ecefli, ол митохондрияныц inmi бетшщ аумагын улгайтады.

Кептеген химияльщ реакциялар нетижес1нде мито-хондрияда АТФ (аденозинтрифосфор кыпщылы) синтез! журед1.

Бул косылыстан энергия оцай босап шыгады. АТФ ер турл1 органикалык, заттарды синтездеуге, жасушаньщ заттарды сорып алып, оны белш шыгаруына кажетт1 энергияны жасушаларга жетк1зедь Бул энергия денет жылытып, журектщ дамылсыз согып туруын камтама-сыз етед1, жуйке жасушаларында биоэлектрл1 импульс-тар тугызып, булшык, еттерд1 цимылга келпредь

Оте улкейтьлген жасушалардан KimipeK топтарга жинакталган пластинкалы туз1л1стерд1 керуге болады. Бул - Гольджи аппараты. Гольджи аппараты тузшдМ ферменттер мен гормондар жасауга катысады.

0с1мдштер жасушасыныц цитоплазмасында хлороп-ластар болады. Оларда хлорофилл орналаскан. Кун сеулесшщ энергиясы хлорофилл кеметмен АТФ-ныц химияльщ энергиясына ауысады. АТФ хлорофилл энер-гиясыныц кемеймен жасушада KOMipcynap мен 6ipcbi-пыра жети1д1рг1ш заттар тузшедь

бспмдДк жасушасында кем1рсулардан баска майлар, акуыздар, дэрумендер пайда болады. Жануарлар агза-сыныц жасушасы тек ес1мджте пайда болган KOMipcy-ларды, майларды, акуыздарды, дэрумендерд1 пайдала-наалады.

Жасуша кабыгы цитоплазманы шектеп жатады. 9ciM-дштер мен жануарлар агзасыньщ жасуша кабыгыныц iniKi кабаты курылысы жагынан б1рдей болады. 0ciM-дштер жасушасы кабыгыныц сырткы кабатында жасу-шадан туратын калыц кабырга бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет