ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері»


Топтық кездесудегі негізгі жұмыс кезеңдері



бет6/7
Дата03.07.2016
өлшемі461 Kb.
#173994
1   2   3   4   5   6   7

Топтық кездесудегі негізгі жұмыс кезеңдері.

1. адам аралық қатнас орнату. Бір-біріне жылы ілтипат білдіре отырып, шынайы өмірде қандай қаиеттерге ие солай қабылдау, яғни жеке адам ретінде қабылдау, қатысушылар арасында ашық және сенімділік атмосферасын орнату. Кездесу топтардағы адам аралық қатнастар әр қатысушының топ мүшелері алдында психологиялық ашылуы (самораскрытие) мен жақын өзара сенімді қатнас орнығу негізінде туындайды. Кейде бұл процессті жақсарту негізінде ойдан есімдер ойлап табылып топ мүшелері бірін-бірі таныстырады. Осы кезде жиі арнайы жаттығулар қолданылады, вербалды емес қатнастар орнықтыру үшін: бірін-бірі қолдарын сипап тану, бетпе-бет отырған адам жүзімен танысу, араласып отырған жұптың қолымен ұстау арқылы зерттеу және т.б. Біріншіден жұмыс басында қатысушылардың кедергілерді жеңуі үшін және оларға күш-қуат беретін физикалық жаттығулар жасатады.

2. сенімділік орнату. Шектелген сезімін (изолированности) қарым-қатнаста қобалжып және шынайы өмірде ешкімге сенбейтін топ мүшелері де болады. Бірін-біріне деген сенімділіктері орнығып, өзара ашыла түседі, қатысушылар өзара ұқсастықтарын танып біледі, ал ертеректе олар бір-бірінен тек айырмашылықтарды (различие) ғана көретін. Сенімділіктің дамуы оқыс болған сезімдер мен таң қалулармен бөлісуге әсер етеді, мысалы, келесі жаттығу көзді жұмған күйі артқа қарай құлайды, осы кезде жұптың біреуі еденге қарай құлап кележатқан жұбын ұстап алуы керек, жаттығу «топқа кір» т.б.

3. қақтығыстарды жеңу. Топта болатын қақтығыстар көшбасшылық немесе билікке байланысты болуы мүмкін, яғни бірінші орынға жарысу немесе күндестік болғанда, сонымен қатар қатысушылар өз сезімдерімен және тоғаныстарын бөлісуде.

4. өзіндік ашылуға байланысты болатын бөгеттерді жеңу. Кей кездері топ мүшелері өзқылық-әрекеттерін талқылаудан шегін шектеп, бас тартады. Топты басқарушы бұл қарсыласты «қиялға бағытталған» техника арқлы зерттеуге бағытталады.

5. бір-біріне қолдау көрсету, сезіну. өзінің қылық-әрекетін түсініп және толық ашылу үшін, әр топ қатысушысы топтың қолдауын қажет етеді. Бұндай көмек біріншіден топ басшысынан болад. Уақыт өте топ өз мүшесіне жағымды кері әсерді бере алатын болады.



Ашық және шынайылық. өзіндік ашылу негізінде ол жететін топтық құндылық. Қатысушыларға бір бірімен сенімді қатынас орнатуға мүмкіншілік береді.

Өзіндік ашылу – күрделі процесс. өзінің ішкі жан дүниесін еш күрделі себепсіз аша салатындар керемет (чудаки) адамдар немесе психологиялық эксгибиционисттер, мақсатты және саналы өзіндік ағынан жарылу, мықты және сау тұлғаға тән белгілер. Ағынан жарылу - қызығып, бар ынта – ықыласымен тындаған тындарманға жеңілдік әкеледі. Ағынан жарылу өзара орныққан қарым-қатнастың шектелу айағында жүреді. Ол біртіндеп жүзеге асады, жұптардың бір-біріне деген қатнаспен психологиялық қауіпсіздікті сезінгендей болады.

Жеке бас үшін, маңызды ішкі седізімдер мен толғаныстарды жасыру невроз және психосоматикалық ауруға әкеледі деген анық ойлар бар. Топтық кездесу ағынан жарылу аймағын кеңейте түседі, тек мамандар алдында емес (әулие әке, дәрігер), сонымен қатар топтағы жұп алдында да. Тәжірибе көрсеткендей ағынан жарылу мүлдем танымайтын адамға, аяқ асты кездескен жолаушыға және т.б. оңай.

Өз-өзін саналы түйсіну. Шынайы сезімдері мен ойларын жеткізу арқылы, т.б. бүреуге ашылып және кері байланыс арқылы, топтағы қатысушы өзіндік сараптау негізінде (самоанализ) өзін-өзі тереңірек түсінуі мүмкін. өзіндік анализ адам өзінің күшті және әлсіз жақтарын танудан басталады. Тай – талас қарсыласуда ғана туындамайды. Тай-таласта жеке адам өз қасиеті ерекшеліктерімен әрекет – құлық кеңістіктерін түсіне бастайды. Тай –талас нәтижелі болуы үшін, адамның сезім тал және маңызды жақтарын түртпектеу керек «мен» топ мүшелерінің арасында өзара түсінушілікпен ортақ мақсат болған кезде конфронтация нәтижелі болдады. Топ қатысушыға қызыңа отырып көмектесуге дайын, ал қатысушы өз сезімдерімен қылық-әрекеттерін зерттеу мен айналысуда.

Жауапкершілік. Шутц ойынша, кездесу тобының негізгі заңы, қатысушы өзінің қылық-әрекетіне, яғни топта басайтын немесе бас тартатын әрекеттеріне жауапкершілік деп, топтық кездесу практикасындағы деген силастық көрсету, өз-өзін жетілдіре алатынын бағалай білу. Топ мүшелері, топ ішіндегі және күнделікті әрекеттеріне жауаптылықпен қараулары тез. Топ өз мүшелерінің барлық әрекет функциясына жауапкершілікті мойнына алмайды. ол өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады, өз бетінше шешім қабылдау және өзіне - өзі толық жауапкершілік.

Бірақ жауапты түрде іс-әрекет жасау үшін, бірден адамдар саналы түрде қабылдап және өз сезімдерін дұрыс бағалай алулары тиіс. Кездесу тобының көш басшылары өзін-өзі жүзеге асырушы топ мүшелеріне үлгі.



Сезімдерге назар аудару. Қолданбалы психокоррекция үлкен еңбекті қажет етеді, екі жақтан тек процесске үлкен эмиоционалды қосылу, тек белсенділік пен шынайылық емес, тағы да эмоционалды еріктік. Осының барлығы клиенттің жақсы адамдар мен қатынасуда қуаныш сезіменне бөлінуге даярлығы мен өзінң күрделі жағдайлар мен қатар ұнатпайтын адамдарымен кездесуде болатын сезімдерін қадағалай алуын байқатады. өз эмоциясын қадағалау өзін-өзі мойынсұну.

Қазір және осында. Бұл принцип барлық психокоррекциялық топтар үшін актуалды және әсіресе кездесу топтарына.

Кездесу топтарының жұмысының нәтижесін қатысушыларда мынадай өзгерістер байқалады:



  • өзін-өзі бағалауы жоғарлайды;

  • өзін-өзі қабылдау кеңейеді;

  • сескену (қорқыныш) азаяды;

  • қатысушылардың өздері жайлы ойлары жағымды жаққа өзгереді;



Кездесу топтарындағы жаттығу техникасы.

Негізі техника қатынас орнату, сенімді қарым-қатнас орнату, конфликттермен танысу, тай – таласты сараптау, қолдау көрсету.



  1. қарым-қатнас орнату немесе танысу: бірінш топтық процесте сенімді адам аралық қатнас орнатуға негізделген бірінші сабақта топ мүшелері контактіні жеңілдету негізінде лақап есемдер мен танысады. Танысу өте кіші топта немесе жұптер арасында жұзеге асады. Физикалық кантакт кеңейеді: жұптар бір-бірінің қолдарын, бет-пішінін зерттейді.

  2. сенімді қарым-қатнас орнату. Топта бірінші сабақта кантактіге түсе алмайтындықтан жалғыздықты сезінетін бірнеше адамдар бар. Таныспай жатып өз сезімдерін біреуге сеніп айту әр кімге жеңіл түспейді. өзінің жалғыздығымен басқаларға сенбеушілікті жоюдың көптеген түрлері бар.

  3. топқа ен (прорвись). Топтағы ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарын ұстап шеңбер құрады. Ал өзін жалғыз сезінген шетте қалған адам психологтың тапсыруы бойынша осы шеңберді бұзып, ішке кіруі керек. ойыншылар сыртта қалған адамды кіргізбеуге тырысып бағады, ақыр соңында өздеріне қабылдайды. Ішке кірген ойыншы жалғыздықты жеңуі үшін белгілі күш жұмсау керектігін түсінуі керек.

  4. сенімді құлау немесе сақтану. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Жұптардың біреуі көзін жұмған күйінде шалқасынан құлайды. Ал келесі біреуі оны ұстап қалатынына сенімді. Екінші адам құлатып алмауы керек.

  5. конфликтіні қарастыру. Конфликтіні тудыратын топтағы жарыс, бәсекелесу және лидерлік үшін күрес. Көп жағдайларда конфликтер вербалды түрде қарастырылады.

Психолог тай-таласқа түскен топ мүшелерін бірін-бірітындауға шақырады, ашық және тікелей өз ойларын айтуға тек өз сезімі емес, қарсылас сезіміне мойын сұнуға шақырады.
14 дәріс Топтық коррекцияның түрлері.

1.Тренингтік топтар туралы түсінік.

2.Әлеуметтік-психологиялық тренинг- коррекцияның құралы ретінде.
Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері.

Тәуелділікпен жұмыс барысындағы арт-терапияның мүмкіндіктері арт-терапияның әдістері мен ерекшеліктерін анықтау барысында көрінеді.

Көптеген белгілі анықтамаларға қарасақ тәуелділікке мынадай анықтама беріледі: Тәуелділік кез-келген тұрақтылық, хроникалық және интенсивті нақты ұстанымды қолдану, ол жеке тұлғаның өзінің эмоционалды қалпын бақылауда қолданыс табады.

Тәуелділікке алкогольге және наркотикке тәуелділіктен басқа да темекіге, дәрілік препараттарға тәуелділікті, булемия, анорекцияны жатқызамыз. Соңғы кезде бұл қатарға компьютерлік ойындарды және азартты ойындарды да жатқызуға болады. Сонымен қатар: жұмысқа берілушілік, теледидарға берілу, тәуекелділікке берілгіштік, ақша жұмсағылыштықты да айтуға болады. Дипрессия, сундицитті тәртіп, өзін төмен бағалау, отбасылық және т.б. проблемалардың барлығы да тәуелді тәртіп, немесе оның себебіне байланысты психологтың көмегіне жүгіндіреді:

Тәуелділікке қатысты жалпы белгілер:


  • Тәуелділікке берілу - өмірдің басқа қырларынан ләззат ала алмау;

  • Еркіндігінен айырылу – тоқтау мен жалғастырудың арасындағы келіспеушілік;

  • өзін-өзі бақылай алмау - өзінің тәуелділігін тоқтата алмау;

  • өзінің физикалық және психикалық денсаулығына зардап келетінін біле отырып тәуекелге бел буу;

  • өтірік пен өзін-өзі алдау - өзін-өзі алдай отырып, бар проблеманы жоққа шығару, өз басынан жауапкершілікті алу;

  • абстинентті синдром – препарат дозасын азайту кезіндегі психологиялық және физиологиялық реакциялар;

  • тореланттылық – қажетті эффект алу үшін белгілі заттар қолдану арқылы жасалатын жағдайлар;

  • интенсивті түрде көңіл күйдің түсуі – эйфориядан ұялуға, кінәдан дипрессияға.

  • Тәуелділікке байланысты ішкі жандүниелік және тұлғааралық келіспеушіліктердің прогрессивті саны.

Клиенттермен нәтижелі жұмыс жасау үшін жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа мынадай ерекшеліктерге де көңіл бөлу керек.

Психологиялық қорғаныс механизмдері: жұмыстың кез-келген этабында мынадай қиындықтар кезедеседі: қарсы тұру, рационализация мен проекция. Осы үш басты мәселе иррационалды ойлауға тәуелділерді терапияның әр этабында қаралуы тиіс. Манипуляцияға берілген – дер – қорғаныс маневрі, ол тәуелдіге өз проблемасынан бас алауға көмектеседі; Мұнадай психологтарды типті өз жақындарын алдап алады.

Өзін -өзі алдау. Бұл тәуелділіктің ең басты және жеңу қиынға түсетін мінездеме. өтірік пен өзін-өзі алдау тәуелділермен жұмыс кезіндегі қиындық туғызатын бірден бір мәселе.

Когнетивті психологияда психологиялық қиналыс тудыратын уайымның психологиялық қорғанысы. Американды психолог А. Тверскийдің айтуынша тәуелділердің сыртқы келбетіне сене беруге болмайды, ол қатеселуге апаруы мүмкін. Тәуелдінің интелектісі қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол өзінің іс-қимылын ақтап бере алады.

Эмоциялар. Тәуелділер эмоционалды гиперсезімтал болады. Тәуелді емес адамдарда эмоциялық дискомфортты байқалмайды, ал тәуелділерде бұл өте қиын және ауыр уайымдар әкелуі мүмкін. Мұндай адамдар өзінің гиепрсезімталдығына қарамастан барлығын тиісті түрде қолбылдайды.

Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер тәуелділермен вербалды коммуникация кезінде көптеген қиындықтар туғызады. Дәл осы кезде арт-терапияның маңызы зор, себебі суреттермен, мүсіндермен ертегімен жұмыстар тәуелдінің проблемадан қашықтауына көмектеседі. Сурет, мүсіндер, ертегілердің сюжетін өзгертуге болады, осыдан өзінің өмірін өзгерте алуына деген үміт туады, және ол бұл өзгерістердің авторы өзі бала алатынына сенім туады. Өзін - өзі сыйлауды дамыту және өзін өзін бағалау процесі тәуелділердің гиперсезімталдығын төмендетеді, бұл кейінгі терапияның жалғасуына өзінің әсерін тигізеді.

Осылайша, тәуелділермен жұмыс және жұмыстың мақсаттарына арт-терапияның мүмкіндіктерін көре аламыз.

Тсихотерапевтикалық әдіс ретінде арт-терапия мынадай мүмкіндіктер береді:

Тәуелді клиент пен терапевтің арасындағы қатынасты орнату. Сенімділіктің жеткіліксіздігі – бұл да тәуелділерге қатысты ерекшелік, ол терапияның мерзімі мен эффектілігіне әсер етеді. Шығармашылықпен бірге жұмыс сенімділік атмосфера туғызады.

Мектептегі психологиялық қызмет

«Адам - адам» мәселесі төңірегінде қызмет істейтін мұғалімдер үшін ең бастысы эмоционалдық тұрақтылық, өйткені олар қиын жағдайларда жұмыс атқарады. Педагогикалық қызмет әр түрлі шиеленіскен жағдайлар мен түрлі факторларға толы. Күрделі стресті жағдайларды мұғалімдерден эффектілік қызметінің сақтаулуының қасиетіне байланысты. Біз олардың эмоционалды тұрақтылығының бұзылуы жолдарын талдадық.

Эмоционалды тұрақтылық педагогтың басты қасиетінің бірі болып табылады. Ол жұмысқа қабілеттілікті сақтайды, оқушылармен мұғалімдермен, жақсы қарым-қатынасты сақтайды, жұмыстан ләззат алуға көмектеседі. Кәсіби қызмет педагогті түрлі маңызды мәселе шешуге, апарады және ол мазасыз, алаңдаулы күйде болады. Сыртқы эмоциялық тұрақтылықты сақтау тыныштылыққа алып келмейді, керісінше эмоциялық қызуқандылыққа әкеп соғады және ол денсаулыққа әсерін тигізеді.

Көбінесе педогогтар өздерінің бол уақыттарының жоқтығына байланысты психологиялық көмек ала алмайды.

Бірақ эмоционалды тұрақтылықты сақтау үшін әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы: ыңғайлы уақытта күнделік немесе хат түрінде жазуға болады.

Адам өзін тереңірек деңгеде тыңдағысы келеді. әр адамның айтқысы келетін нәрселері болады. Сондықтан ол ашылғысы келеді. Оған өмірде кейде табылмайтын жан дос керек. Ал күнделік таптырмайтын, сатып кетпейтін дос, тек күнделікке өз ойынды, пікірінді тереңірек, толық ашу керек. Күнделік жазудың мәні, адам қаламды алып жаза бастағанда өзіне қиын мәселелерін артта қалдырып, баяғыдай жақсы қалыпқа түседі. Бұл әр адамға пайдалы. Керегі тек дәптер мен қалам. Маңызды күнделікті өзінің психологы және досы ретінде қабылдау.

Көп адамдар өздерін өнерге қабілеті жоқ деп санайды, сондықтан олар күнделік жаза алмкаймыз деп қорқады. Оған жазушылық қабілет керек емес, күнделікті ешкім тексермейді. Бұрынғы жазғандарын оқып адам өзімен сөйлесіп отырғандай болады. Ең мәселені шешуге жол табады. Күнделік жазған кезде адам өз өмірін суреттеп қана қоймайды, жанын дәрігер сияқты емдейді, шығармашылық белсенділік артады, эмоционалдық қиналыстар жеңілдейді және өмірге құштарлық жоғарлайды. Ең бастысы ол кқөп уақыт алмайды. Күнделікке бір күнде 5 минут көңіл бөлу керек.

Жай жазуды бастаса ары қарай керекті сөздер өздері пайда болады, сезімдердің оянуына көмектеседі. Адам 10 жылдан кейін жазғандарын оқыса, өзінің өмірінде кездескен қиыншылықтарын жеңе білгенін көре алады.

Күнделікті жазу психологиялық күйді және денсаулықты жақсартады. Оны былай түсінуге болады: егер біз эмоцияны іште сақтасақ, ол бізден көп энергия алады. Күнделікке өз жан дүнеңді ашып жайсаң, бұл эмоциалардан құтыласыз және сергектікке ие боласыз. Күнделік жазудан басқа хат жазуға болады.

Хат қиын жағдайларда шешім табыға көмектесетін қызықты іс. Хат қарсылық туызбайды, қорғанудың қажетті жақтарын туғызады.

Көптеген мәселелер жеке қарым-қатынаста, танымда, жұмыста туындайды. Неге? Өйткені біз ойымыздағы пікірімізді айтпаймыз және айтып отырғанымызды ойламай айтамыз. «Осыған дейін нені жасырдым?» тақырыбындағы хат. Бұл хатты жазу кезінде жанама түрде айтылып келген армай тілектерді қайтадан қарауға көмектеседі.

«Сен ешқашан алмайтын хат» педагогқа ашу, ызадан құтылуға көмек береді. Ашудан осылай құтылу жолын адамның ішкі дүниесін тазартады. Педагог қағаз бетіне реніштері, ызасын қалдыруына болады. Осыдан кейін ол өзінің ренішін сенімді түрде басқаларға айта алады.

«Қарсылық хаты» мұғалімге өзінің құқықтарын қорғауға көмектеседі. Өзінің пікірін сенімді түрде айта алады. Осы және хаттың басқа түрлері адамға қосымша өзіне-өзі сенімділік күшін береді.

Күнделіктер және хат жазу педагогтарға әр түрлі қиын жағдайларда эмоциялық тұрақтылық жағдайларын сақтап қалуда өте маңызды.

Педагогикалық қарым-қатынастаәы маңызды мәселелердің бірі - өзара түсінісінісуді қалыптастырудағы идентификация мен рефлексияның рөлі көрсетіледі.

Негізгі сөздер: түсіну, өзара түсінісу, эмоция, рефлексия, идентификация, стереотип, ептілік.

Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікке жетудегі кезеңдердің бірі - баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне ену болып табылады. С.Л.Рубинштейн: «Оқушының мінез - құлқындағы ішкі мазмұнды ашпай сыртқы формальді сипатын есепке алып жұмыс; жасайтын педагог, өз жұмысының нәтижесін көре алмайды», деп жазған болатын. Оқушыларды тану процесінде мұғалім, олардың мінез - құлқындағы мотивтері мен мақсаттарың толқуларың бағдарларың көңіл-күйлерің мұғалім тарапынан мақтау күтулерің айналадағы адамдардың назар аударуың олардағы қорқыныш сезімдерін түсінуі керек.

Оқушы тұлғасын тану екі тәсілмен жүзеге асырылады: оқушылардың психикалық көңіл-күйлері мен жекелеген қылықтары туралы оперативті- ағымды ақпараттарды талдау арқылы және оқушы тұлғасының тұрақты қасиеттерінің бейнесі (эмоциональді, еріктік, интеллектуальді) арқылы. Қай тәсілді болмасын оңтайлы қолдану, оқушыға мұғалім тарапынан берілетін мінездеменің обьективті болуын қамтамасыз етеді. Бірінші тәсіл мұғалімінің тәрбиелік ықпалының тактикасына, екіншісі - осы ықпалдардың стратегиясына жағдай жасайды. Мұғалім неғұрлым тәжірибелі болса, соғұрлым, жалпы стратегияны есепке ала отырып, жекелеген оқу- тәрбие мәселелерін шешу тактикасын құрады.

Стратегияны тактикамен алмастыру көбінесе кикілжіңдерді тудыратың кейде мұғалімінің оқушыларға эпизодтық, кездейсоқ педагогикалық ықпалдарына алып келеді.

Айтып өткеніміздей, мұғалімнің оқушыларды түсінуі көптеген жағдайда стереотиптермең бағдарлармен сипатталады. Олар жағымды да, жағымсыз да рөл атқарады. Стереотиптердің жағымды рөлі белгілі ситуацияда өзін қалай ұстауы керек, сол адаммен қалай байланыс орнату керектігіне дайын үлгі беретіндігінен тұрады. Бір жағынан қарым-қатынастағы серігінің индивидуалды әлпеті ескерусіз қалады.

Осындай стереотиптердің бірі оқушыға тұлға ретінде оның оқу үлгіріміне қарап баға берумен байланысты. Үлгірімі жақсы оқушыларға мінездеме бере отырып, мұғалімдер бәрінен бұрын жағымды, ең бастысы интеллектуалды және еріктік сапаларын көрсетеді. Үлгірімі нашар оқушыларды енжарлығың сылбырлығың дамудағы артта қалушылығың қабілеттері мен байқалмауын көрсете отырып, көбіне негативті тұрғыда сипаттайды. Орташа үлгірімдегі оқушыларға мінездеме айқын берілмейді. Олар мұғалімінің көзіне аса түсе бермейді. Мұғалім шеберлігінің жетілуімен оқушыларды бағалаудың олардың үлгіріміне тәуелділігіндегі мұндай негативті жақтары білінбей кетеді.

Мұғалімге тәртіпті, тапсырманы орындай алатын оқушылармен байланыс орнату ыңғайлы. Белсенді, ешкімге бағынбайтың өз-өзіне сенімді оқушылармен мұғалімге қатынас орнату күрделірек. Сыртқы келбеті тартымды балаларға кейбір мұғалімдер жоғары интеллектілікті қосады. Ал олардың ата-аналарынаң балаларын тәрбиелеуге көп көңіл бөлуін сұрайды. Сыртқы келбеті тартымды оқушылар көбіне мұғалімнің сүйіктісіне айналады. Соңдай-ақ алдыңғы партада отырған оқушылар мұғалімінің сүйіспеншілігіне бөленеді және мұндай оқушылардың жауаптары жоғары бағаланады.

Оқушылардың қабылдауы мен түсінуінің адекваттылығы, байқағыштықтың негізі болып табылатын мұғалімнің әлеуметтік-перцептивті біліктілігі мен сапаларына байланысты болады. Әйел мұғалімдер ер мұғалімдерден аңғарымпаздығы бойынша басым келеді. Әйел мұғалімдер интеллектуалды және еріктік сапаларың сондай-ақ оқушылардың адамдарға, өзіне деген қатынасын бейнелейтін мінез бітістерін толығырақ және тереңірек түсінеді. Ер мұғалімдер оқушылардың еңбекке қатынасын көрсететін мінез бітістерін жақсы байқайды. Баланың ішкі дүниесіне енуде қиыншылық тудыратын қабылдаудың стереотипі мен өзіндік таңбасы қалыптасып үлгірмегендіктен жас мүғалімдер балаларды тереңірек түсінуге ұмтылады. Көп жылдық стажы бар мұғалімдерде оқушылар мінездемесі қорытындылау түрінде қалыптасады. Қарым-қатынас шеңбері кең, адамдармен жуғысқыш мұғалімдерде балаларды тереңірек түсіну байқалады. Мұғалімдерде оқушыларды түсінудегі стереотиптер мен бағдарлардың болуы жекелеген оқушылар туралы ойларын түзетуді қажет етеді. Бұл үшін жекелеген оқушылардың мінездемелерін. Мұғалімдер ұжымында талқылаудың пайдасы зор.

Эмпатия, адамның жан дүниесінің күйін мимикасы, мінез-құлқы, дауыс

екпіні арқылы түсіне алуы мұғалімінің маңызды ептілігі болып табылады.

Қиындық, мектептегі жылдарда өзінің эмоционалды көңіл-күйін бейнелеудіңтехникасы әлі қалыптасу үстінде болғандықтаң мектеп оқушысының сыртқы реакциялары ересектер эталонына сәйкес келмеуінен туындайды. Эмпатия жаны ашу мен күйзеліске ортақтасуда көрінеді. Біреуге жаны ашу, оның көңіл-күйін ескеру - бұл өзара түсінісу жолындағы бір қадам, адамды түсіну механизмдерінің бірі ғана. Күйзеліске ортақтасу-тереңірек эмпатия. Әрине, мұғалім барлық жағдайда, барлық оқушылардың көңіл-күйіне ортақтаса алмайды. Бақылау жұмысын орындай алмаған оқушыларға жаны ашуы мүмкің бірақ оған өзін оқушы орнына қойып, ондағы эмоцияны ұстаудың қажеті, жоқ. Мұндай жағдайда, оқушы күйзелісін орынды деп тапса, мұғалім оның пәнге деген қатынасың ұмтылысын тереңірек түсіне алады. Өзара түсінісу қарым-қатынастағы серіктерден бір-бірінің пікірімен санаса білу ептілігін талап етеді. Осындай позицияны ең алдымен мұғалімінің ұстануы қажет. Себебі, интеллектуалды дамуының шектеулі және өмірлік тәжірибесінің аздығынан оқушылар мұғалімінің төрбиелік-білім берушілік мақсаттарын сезінбеуі, қабылдамауы мүмкін. Мектеп балалары мінез-құлқын қазіргі күнгі қызығуларымен байланыстырады, ал Мұғалім ұзақ мерзімдегі қызығулары мен мақсаттарына басшылық жасайды. Әр күн сайын ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асырып отыру үшін мұғалім, балалардың тілектері мен ұмтылыстарын түсінуі, пікірлерімен санасуы қажет.

Орын алып отырған жағдайға, өзіне, өзгенің көзімен қарай алуы - мұғалімнің жалпы мәдениетінің, кәсіби шеберлігінің маңызды құрамдас бөлігі. Ептілікті шынайыландыруға екі тәсіл: идентификация және рефлексия мүмкіндік береді. Идентификация өзін қарым-қатынастағы серігінің орнына қою үшің серігі атқаратын рөлді өзіме алдым деп елестету, серігі құрған тәсілмен өз мінез-құлқын ойша құру, оның позициясына енуінен тұрады.

Өзін өзгенің орнына қою алғашқыда көрінгөндей жай нәрсе емес. Өзін басқаның орнында елестету қажетті нәтижені бермеуден бұрың өзара түсіністікті күрделендіруі де мүмкін. Бұл мұғалімде немесе оқушыда өзгенің көзқарасына шынайы қатынас білдірудің орнына айналадағылар көзқарасының иллюзиясының туындауынан болуы мүмкін. Оқушы, мысалы, қосымша өз көзқарасын білдіреді. «Мен оның орнында болсам, бұлай жасамаған болар едім». Нәтижесінде, ерке-шолшаң оқушыны жазалаған мұғалімнің шынайы қылығы оқушыға түсініксіз болып қана қоймай, ақтауға лайықсыз, қисынсыз болып көрінеді, іштей наразылығын тудырады. Идентификацияның қиыншылығы, көп күш жұмсауды қажет ететіндігінен үйреншікті көріністердің, сондай-ақ іштей жайсыздықты сезінуді өзгертуден тұрады.

Рефлексия-бұл өзін және қарым-қатынастағы серіктерінің өзін қалай қабылдайтындығын өздігінен тануы мен сезінуі, өзіне өзгенің көзімен қарауы. Қарым-қатынас процесінде рефлексияның көмегі арқылы мұғалім төрт жақты: өзінің шынайы бейнесіндегі, өзіне деген өзіндік көзқарастағы, оқушылардың көзқарасындағы, оқушы санасындағы бейнесінің елестетілуіндегі кейіптерде көрінеді. Осыншалықты кейіпте оқушылардың да көрінетіндігін ескерсек, рефлексивті түсінудің психологиялық шешімін табу мен өзара түсінісуді орнатудың қаншалықты күрделі екендігін елестету қиын емес. Оқушылардың өздеріне берген бағаларына қатысты мұғалімдер көбіне қателеседі. Күшті оқушылармен жақсы түсіністік орнатқан мұғалімдер, кейде олардың кейбіреуінің өзіне теріс пікірде екендігін аңғармайды. Сондай-ақ әлсіз оқушылардың өзіне деген оң қатынасын бағаламайды. Әлсіз оқушылар мұғалімнің әрекетінен тек жамандықты байқайды дөп ойлайды. МұғалімнІң осындай бағдары, әлсіз оқушылар тарапынан қолдау табатын өз әрекеттерін керуге, яғни, мұндай оқушылармен өзара қарым-қатынасты жөнге келтіретін әрекеттерді қолдануға кедергі келтіреді.

Рефлексия барысында оған берілетін сұрақ та, жауаптың ізделінуі де субъекттің қалауына сәйкес алдын-ала ойластырумен туындайды. Идентификация кездейсоқ туындай алады. Рефлексия мен идентификация, орын алған жағдайдың шешімін табуға талпыныс жасауы, өзіне өзгенің көзімен қарауы жолында бір-бірін толықтырып отырады. «Оқыту процесі үйрету мен үйренудің өзара байланысын тікелей немесе жанама формада бейнелеуі қажет. Міне, сондықтаң дидактиканың кез-келген зерттеулерінде мұғалімнің немесе оқушының әрекетін сипаттаумен шектеліп қана қоймай, педагог пен оқушылардың өзара әрекетін ашып көрсетуіміз керек». Психотерапевтің клиентпен жұмыс жасауының бірінші кезеңі көмек қажеттілігін анықтауға арналады. Аса көп зейін терапевт пен клиент арасында оңтайлы қарым-қатынастардың орнауына, алғашқы қарсыласу сызығынан аттап өтуге аударылады. Онда психотерапевтік өзара іс-қимыл жасаудың қағидалары айтылады.

Клиенттің мәселесін зерттеу үшін жиі стандартты немесе стандартты емес интервью, тесттер, байқаулар, өзін-өзі байқау нәтижелері, мәселені бейнелі түрде суреттеу үшін арнайы тәсілдер, мысалы, бағытталған елестету, жобаланған әдістер, рөлдік ойындар қолданылады. Осы әдістер психотерапияның аралық және соңғы нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Психотерапияның алдында түрлі диагностикалық процедуралар қолданылады. Психотерапевтік мектептер клиенттің мәселесін көру, оны шешу мүмкіндігі туралы көөқарасқа ие болу, мақсаттар қою тәсілімен ерекшеленеді. Психотерапевт өзінің клиентімен психотерапияның нәтижесінде неге жеткісі келетіні туралы әңгімелеседі. Мұндай әңгіме психотерапевтік үдеріске қатысатындардың нақты бағытталған және жақын келешекте нәтижеге жету мақсаттарының жүйесін құруға ықпал етеді.

Екінші кезең қарым-қатынастарды көрсетуге арналған. Психотерапевтік үдеріске қатысушылар бірігіп қызмет істеуге келіседі, психотерапевт психотерапия үлгісін суреттейді. Жиі клиент психотерапевтке нақты диагноз қою және жақсы кеңес беру үшін толық ақпаратты қажет ететін дәрігердің рөлін ұсынуға тырысады. Сондықтан бұл кезеңнің маңызды сәті - өзара жауапкершілікті қарым-қатынасты орнату болып табылады. Психотерапияның табысты болуы көбіне клиенттің белсенді түрде іске кірісіп, алынған нәтиже үшін өзінің жауапкершілігін қабылдаумен байланысты болады. Психотерапия кезінде жеке тұлғаның белгілі бір өзгерістерге ұшырауы болады, психотерапевтің парызы – клиентпен осы келешекте болатын жағдай туралы әңгімелесу. Бірігіп жұмыс жасау қарым-қатынастарының және сенімнің сақталуы психотерапияның келесі кезеңдері үшін маңызды. Әр түрлі мектептерде оған қатысушылардың түрлі қарым-қатынастарының үлгілері қалыптасады.

Үшінші кезеңде мақсаттарды анықтау және баламаларды әзірлеу болады. Психотерапевт психотерапевтік бағытты негіздейді, оның негізгі белестері мен бөліктерін белгілейді. Бағытты таңдау психотерапевтің дайындығымен, клиенттің жеке тұлғасының ерекшеліктерімен, мәселенің сипаттамаларымен анықталады. Клиент берілген бағыттың психотерапевтік ауыспалы мағынасын меңгереді, таңдап алынған қабылдаудың негізгі сипаттамаларымен, оның ішінде қиындықтармен байланысты, жағымсыз жан толғаныстарымен танысады, клиент ретінде өзінің атқаратын рөлін қабылдайды, мақсатты таңдауға қатысады. Ол жұмысқа нақты психотерапевтік бағытты немесе психотерапевті таңдаумен белсенді қатысушы ретінде кіріседі. Ең маңыздысы, клиент белсенділігі мен жауапкершілігінің жұмыстың барлық ағымында өсуі. Психотерапевт оның айтқандарын есепке ала отырып, оларды өзінің әдістемелік қорымен келістіреді. Клиенттің психотерапияға белсенді қатысуы оның табысы болып табылады. Мәселе бойынша жұмыс оны зерттеуден басталады. Зерттеу клиентпен ақыл-санасымен қабылданбаған сезімдерді көрсетуді, қабылдауды және сезінуді болжайды. Клиент өзінің сезімдерін басқару мүмкіндігін сезінеді. Инсайт ұғымының әр түрлі түсіндірмелері және ұзақ тарихы бар. Инсайт интеллектуалдық және эмоционалдық болып бөлінеді. Эмоционалдық инсайт аса терең өзгерістерге әкеледі, бірақ психотерапевтік үдеріске қатысатындардың жағынан көп күш салуды талап етеді.

Тәртіпті өзгертудің терапевтік бағыт алуы аса арнайы және аса белгілі. Сондықтан симптомдарды алып тастауға бағытталғандар инсайтты психотерапияның қажетті элементі ретінде қоспайды. Әр түрлі мектептер жұмыстың мақсатын әр түрлі қояды. Психотерапияның нәтижесінде клиент өзінің өмірлік стилін аса бейімдіге өзгерте алады, өмірге деген шығармашылық қабылдауды және ақылға деген сенімді қалыптастырады. Осы мақсаттарға жету бағыты да әр түрлі: бұл психотерапияның қауіпсіз жағдайларында жарақат тәжірибесі арқылы өту, денемен жұмыс жасау, жаңа дағдылар мен икемдерге оқу.

Төртінші кезең қойылған мақсаттармен жұмыс жасауды көрсетеді. Қабылданған теориялық үлгі психотерапевт үшін оның психологиялық нақты өмірді көруін құрылымдайды және әдістердің таңдауын анықтайды. Өз әлемінің суретін икемді және өнімді ұйымдастыра отырып, психотерапевт клиенттің жеке тұлғасының ерекшеліктері мен қорларына (қаржылық, уақытша, жекелік), оның жақын қоршаған ортасының рөліне, мәселенің сипаттамаларына бағыт ала отырып, нақты клиентпен өзара іс-қимыл жасаудың бірегей бағытын тудырады.

Мәселенің сипаты қолданылатын әдістердің таңдауын анықтайды. Психотерапиялық жұмыстың бағытын таңдауда мәселені шешу бойынша көп нәрсе жеке тұлғаның мүмкіншіліктерімен байланысты болады.

Бесінші кезеңде клиенттің ішкі өзгерістерін нақты тәртіпке айналдыру мақсаты қойылады. Психотерапияның кейбір түрлерінде бұл кезең оның шегінен шығарылған, ал басқаларында бұған негізгі көңіл аударылған. Осы кезеңнің барысында клиент жаңа тәртіптік үлгілерді меңгереді, жол-жөнекей іс-қимылдар жасау қабілетіне ие болады.

Алтыншы кезең – психотерапияның тоқтатылуы - әр түрлі факторлардың тепе-теңдікке жетуімен анықталады: өзгеріс қажеттілігімен, емдік түрткімен, психотерапевтік фрустрациямен, психотерапияның құнымен және т.б. Ең алдымен емдеуді тоқтату туралы шешімді қабылдамастан бұрын, алынған нәтижені сапа және сан сипаттамаларында бағалау керек. Психотерапевт клиентпен оны психотерапияның басында мазалаған ауру белгілерінің кеткен-кетпегені, өзін-өзі жақсы сезінуі, оның өзін-өзі қабылдауы және басқалармен өзара қарым-қатынасы, маңызды өмірлік мақсаттарға деген қатынасының өзгеруі, клиент өзін-өзі психотерапиясыз ұстауын жүзеге асыра алуы туралы сөйлеседі.

Психотерапевт, олар қандай болса да, клиенттің тілектерін силайды, бірақ оның парызы – клиент шын мәнінде психотерапияны тоқтату туралы шешімді қабылдады ма немесе сол үшін негіз іздеп жүр ме - соны анықтау.

Клиенттің тілегі кездейсоқ сыртқы жағдайлармен, басқа адамдардың ықпалымен, қарсыласумен, трансфермен, контртрансфермен негізделуі мүмкін, сондықтан оның пайда болуының негізін зерттеу маңызды. Егер сеанстар мазмұнсыз болып, клиент шаршайтын болса, зейінін қоймаса, үй тапсырмаларын ұмытып кететін болса, психотерапияны тоқтатқысы келетіні туралы айтса, бұл қарсыласудың көрініс табуы, мұны қарастыру керек, оның түрткісі мен көрініс табуы туралы клиентпен талқылау қажет. Психотерапияның аяқталуы – ұзақ үдеріс, егер психотерапияның өзі бір жылға созылса, ол бір айға созылуы мүмкін. Психотерапияға қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын маңызды терапевтік фактор ретінде қарастыратын мектептердің өкілдері бұған ерекші зейін аударады.

Психотерапияның табысты болу шарттарының бірі емделудің бастапқы кезеңінде оның шегін айта кету болып табылады. Олар уақыт өлшемінде емес, мазмұнында талқылануы керек. Бірінші сеанстардың өзінде-ақ негіздері талқыланып, емделудің аяқталуы туралы шешімдерді қабылдау критерийлері әзірленеді. Клиентті психотерапияның күрделі дамуы, қиындықтары туралы ескертеді, бұл емделудің мерзімінен бұрын тоқтатылу мүмкіндігін төмендетеді. Жұмыс барысындағы тиімді өзара қарым-қатынастар терапевтке тәуелді болуға кедергі жасайды, сондай-ақ аралық нәтижелерге сүйену психотерапияға қатысушыларды өлшеніп, негізделген шешімге дайындайды. Соңғы сатыда психотерапия барысында қандай тұрғыда не өзгергені анықталады. Егер өзгерістер болмаса, себептері анықталады. Психотерапиядағы жетістіктер одан тыс іс-қимылдар мен қарым-қатынастарға ауысуы қалай жүзеге асатыны талқыланады.

Егер клиент тәуелсіздікке жетсе, өзінің мәселелеріне жауапкершілікті қабылдаса, оларды көріп, психотерапевтің кәсіби көмегінсіз шеше алатын болса, психотерапия тоқтатылады.

Соңғы жетінші кезеңде психотерапияның нәтижелілігі бағаланады. Қол жеткен нәтижені бекітудің қиындығынан психотерапияның нәтижелілігінің критерийлеріне деген көзқарастардың көп түрі бар. Солардың ішінде симптомдардың жоғалуы, психотерапиядан тыс клиент өміріндегі жаңа өзгерістер, клиенттің қанағаттануы, психотерапевтің көзқарасы және тесттің көрсеткіштері қарастырылады.

Психотерапияның нәтижесінде жетісті болған өзгерістерді зерттеу үш сұраққа жауап беруді болжайды.



  1. Психотерапия өткізу кезінде клиент өзгерді ме?

  2. Бұл өзгерістер психотерапияның нәтижесінде болды ма?

  3. Оның жағдайын жақсарту үшін осы өзгерістер жеткілікті ме?

Бірінші және екінші сұрақтарға жауап қарастыру өзгерістердің тек қана

нақты терапевтік, сонымен қатар терапевтіктен тыс факторлармен шақырылу мүмкіндігімен анықталады. Үшінші сұраққа жауап психотерапияның тоқтатылуы туралы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.


15 дәріс Топтық коррекцияның түрлері.

1.Гештальттоптар, іскерлік топтар.

2.Балинттік топтар.

3.Сайнанон топтар туралы түсініктер.

Іскерлік топтары.
Іскерлік тренинг тобына басқа адамдармен өзара әрекеттестік және қарым-қатынас жасау барысында киындық көретін адамдар кіреді. Сонымен қатар жетіспейтін коммуникативті дағдылар және іскерліктерге үйрететін бағдарланған курсты өтетін адамдардан құралады. Мұнадй таптардың мүшелері керекті іскерлік және дағдыны меңгеруді қолдайтын оқушылар ретінде қарастырылады. Бұл іскерлік және дағдылар оларға өмірге жақсы бейімделуге мүмкіндік береді.

Іскерліктер тренинг топтардың мақсаты қажетті әрекет-қылықтың сыртқы формаларын жасау. Мұндай іскерліктерге үрей, қорқыныш күйінен арылуға көметесетін, тым эмоционалды қозуларды жеңуге көмектесетін, профессионалды қызметке қажетті іскерліктер жатады. Мұндай топтардың мүшелерін өзіндік бақылау, өзі жайлы мәліметтерді белгілеп жазып отыруға көмектеседі.

Іскерлік тренинг топтарының тағы бір түрі адам бойында өз-өзіне сенімділікті тәрбиелейді.

Іскерлік тренинг топтардың жұмысы күрделі өмірлік жағдайларға негізделетін рольдік ойнауға негізделеді. Алдымен қарапайым әлеуметтік жағдайлар, кейін олар күрделініп, конфликтілі деңгейге дейін жетеді.

Кей кезде оқытудың техникалық құралдары – ауди және видеожазбалар пайдаланылады.

Іскерлік тренинг тобына келесідей компоненттер кіреді: оқыту моделі, мақсат кою, өлшеу және бағалау.

Оқыту моделі. Іскерлік тренинг топтары оқыту және психокоррекциялық топтардың арасындағы аралық орында орналасқан. Топ мүшелері белгілі бір іскерліктерді, дағдылады меңгеруді қалайтын адамдар ретінде қарастырылады. Ал бұл өз алдына оларға өз өмірін жақсартуға, жеке тұлғалық кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді.

Мақсатты қою. Іскерлік тренинг тобының мақсаты тек индивидуум үшін қолайлы емес, сонымен қатар тұтас қоғамға пайдасы болаты әрекет-қылық формасын қалыптастыру. Топта үйрететін өмірлік іскерліктің негізгі түрлеріне: эмоцияны басқару, өзінің жақын арада және болашағын жоспарлау, шешім қабылдау, ата-аналық функциялар, коммуникативті іскерліктер, өз-өзіне сенімділік.

Өлшеу және бағалау. Іскерлік тренинг тобының міндеттерін әкі мәселеге негізделген: белгілі бір нәрсенің артық болуы (темекіні көп тарту, эмоцияны көп көрсету, артық эмоцияны сезінуі, өзі-өзіне сенімсіздік т.б.) Осы мәселелер өлшеніп, бағаланады.

Іскерлік тренинг тобындағы жаттығулар технкасы.

Іскерлік тренингінің жаттығулары оқыту және тәрбиелеу әдістері сияқты көптүрлі және күрделі. Нақты әдістемелердің таңдаулы қойылған мақсатпен анықталады: әрекет-қылық корекциясы, өз-өзіне сенімділік тренингі және т.б.

Қазіргі таңда іскерлік тренинг топтарының ішінде өзі-өзіне сенімділік тренингі және ассертивті әрекет-қылық тренингі кең тараған. Оларға: өз-өзіне сенімділікті бағалау, әрекет-қылық репетициясы, релаксациялық тренинг, ұстанымдарыды қайта құру, үй жұмысы.

1 Өз-өзіне сенімділікті бағалау. Өз-өзіне сенімділіктің күшті және әлсіз жақтарының дағдыларын бағалау түрлі сұрақшалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең көп тарағаны Рейзасс сұрақшасы, ол 30 сұрақтан тұрады. Өз-өзіне сенімді анықтап, көрсете білу.

Өз-өзіне сенімділектің алты түрлі пікір таралған: карапайым немесе базалық (негізгі), эмпатиялық, өсіп келе жатқан, конфонтирующее, монологиялық, сендіруші. Қазіргі кезде өз-өзіне сенімділіктің осы пікірлерге қатысты оқытушыға әдістемелер бар.

2 Әрекет-қылық репетициясы. Бұл әдістеме өмірлік ситуацияларды ойнауға

негізделеі.

Әдетте олар топ мүшелерінің көпшілігі үшін көкейкесті болып табылатын күрделі емес ситуациялардан басталады. Бірітіндеп топ күрделірек ситуациаларды ойнай бастайды. Рольдік ойындар психодроманы еске түсіргенімен, одан қорытынды мақсатымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің негізгі компоненттеріне: модельдеу, инструктаж, бекіту.

Модельдеу – топтың әр мүшесінің бойында онымен ойналған нақты ситуация көмегімен әрекет-қылықтың жағымды формасын, әдісін қалыптастыру.

Инструктаж – топ жетекшісінің іске араласуы.

Бекіту – жақтау немесе жазалау. Бұл топ мүшелерін дұрыс әрекет-қылық көрсетулеріне стимул береді.

Репетиция әдістемесі келесі этаптарға бөлініп қарастырылады.

- міндетті қою, яғни коррекцияны және тренажды қажет ететін әрекет-қылықты анықтау;

- жоспарланған ситуацияны ойнауға қатысушыларды оқыту және инструктаж беру;

- ситуацияны ойнау;

- қалаулы әрекет-қылықты анықтау;

- бүкіл жаттығу бойы оптималды әрекет-қылықты өңдеу,

- қайтымды байланысты алу.

3 Релаксациялық тренинг. Ұстанымдардың қайта құрылуы. Тренинг қаысушыларын релаксация әдісіне оқытады. Бұл әдіс өз бетінше қолданылуы мүмкін. Өз-өзіне сенімділік тренинг тобында ол жиі систематикалық десенсибилизация әдісімен үйлесе қолданылады.

4 Үй жұмысы. Әрекет-қылықтың терапияның бір мәселесі топта меңгерілген жаңа әрекет-қылықтық дағдыларды күнделікті өмірге көшіру болып табылады. Клиентке күнделік жүргізу ұсынылады. Онда ол қиындық сезген ситуациалары жайлы мазмұндайды. Кейін бұл ситуациалар топта ойналуы мүмкін.
Жатығулар

«Әңгіме жүргізе алу іскерлігі». Топ жұптарға бөлінеді. Сабақтың бірінші кезеңде жұптың бір мүшесіне «ашық» жауап беруге мүмкіндік беретін «ашық» сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Мысалы: «Сіз институт жанында орналасқан ғимаратта тұрасыз ба?»-жабық сұрақ, «Сіз қайда тұрасыз?»-ашық сұрақ; «Я живу, Мен институт жанында орналасқан ғимаратта тұрамын». Мен оқуға бірге келген құрбымен бірге бөлме жолдаймын» ашық жауап. Ашық жауап, жабыққа қарағанда, әңгіме жетуізуге көп мүмкіндік туғызады. Партнерлер сұраушы және жауап беруші болып 5-10 мин рольдерін ойнап, рольдерін ауыстырып тағы жалғастырады.

Сабақтың екінші этапында топ қатысушыларының біреуі өзінің жеке тәжірбиесімен байланысты өзі жайлы немесе бір жағдайы туралы айтады. Екінші қатыскшы қызығушылық танытып, әңгімеге қосылады. 10 минуттан кейін қатысушылар рольдерін ауыстырады. Сабақтың соңында жұптарға әңгіме жүргізу барысындағы қиындықтарымен бөлісуге мүмкіндік беріледі.

«Әрекет-қылық рецепциясы». Өзіңізге бір ситуацияны елестеңіз, онда сіз белсенді рольдерсіз . Бұл ситуацияны қысқаша қағаз бетіне мазмұндаңыз. Ситуацияға сұрау және бас тарту, критика және оған реакцияны қамтуы тиіс. Өзіңіз партнерлер таңдаңыз. Оған сценарийді түсіндіріңіз. Енді ситуацияны ойлаңыз. Алдымен партнерыңызға өз сұрауларыңызды, претензияларыңызды, сыныңызды айтыңыз да, одан кейін оны тыңдаңыз. Топпен қайтымды байланысты алыңыз. Қатысушы әрекет-қылығы бүкіл топпен талқыланады.

Ассертивтілік тренинг.

Тренинг мақсаты. Жеке тұлға құқықтары туралы біліктілікті жоғарылату ;сенімсіздік және агрессивтік ұғымдарын айыра алу іскерлігін қалыптастыру.

Сенімділікті жоғарылату үшін әдетте бес процедура қолданылады.

1 Жауап алу, жауап қайтаруға оқыту

Бұл модельдеу (ашық, жабық) көмегімен жүзеге асырылады. Назар сенімді әрекет-қылықтың вербальді және вербальді еместеріне қойылады.
2 Жауапты жүзеге асыру. Рольдік ойын, әрекет-қылық репетициясы және жаттығу

көмегімен жаңа жауаптық реакцияны шақырады.

3 Жауапты жетілдіру. Сәйкестелетін қайтымды байланыс, сол және басшылық көмегімен әрекет-қылықтың жаңа формаларын бекітуге көмектеседі.

4 Когнетивті қайта құру. Өз-өзіне сенімділікті көрсетуге кедергі болатын ирроционалды сенімдерді жоққа шығарады. Өз-өзіне сенімділіктің деңгейін көтеретін жаңа информация ұсынылады.

5 Тәжірбиенің Генерализациясы – реалды өмірге әрекет-қылықтың жаңа формаларын енгізуге талпыныс жасап, оны әртүрлі жағдайларда қолдану.
Денелік-бағдарланған топтар.

Көптеген денелік бұзылыстар (осанка, дем алу) бүкіл ағзадағы баланстың бұзыуы және психикадағы бұзылыстың нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Стрестік жағдайлар ағзада физиологиялық өзгерісер болады: пульс жиелейді, демалыс жиелейді, бет, мойын, бұлшықеттері күйзеліске ұшырайды. Адам тіпті стрестің әсерін сезбесе де, ол бүкіл ағзаға теріс әсер етеді.

Денелік-бағдарланған топтарда көбінесе:

А. Лоуэннің биоэнергетикалық анализ, М. Фельденкрайс әдісі, Ф. Александер әдісі, А. Янов әдісі қолданылады.

Дәстүрлі денелік-бағдарланған топтарда В.Райх жасақтаған ұғымдар қолданылады; «энергия», «бұлшықеттікқорғаныс», «аяқ-асты арқауы».

«Энергия» ұғымы. Лоуэн бойынша биоэнергетикалық бұзылыстар эмоционалды бұзылысқа әкеледі. Адам белгілі бір демалуға арналған жаттығулар көмегімен өз эмоционалды күйзелісін босата алады.

«Бұлшықеттік қорғаныс» ұғымы бұлшықеттік күйзеліс түрлі ситуация және психологиялық жарақаттармен, күйзеліспен байланысты. В.Райх бойынша, психологиялық қорғаныс механизмі «актуалды эмоционалды күйзелістерді» тығу үшін пайдаланылады, және «бұлшықеттік қорғаныстың» қалыптасуына жағдай жасайды.

«Аяқасты арқауы» ұғымы тек реалды физикалық арқау ғана емес, сонымен қатар метафоралық мағынада қолданылады. Ол фрейдтік «реалдық принципіне» қатысты болып табылады: Адам өзін реалдықпен байланысын сезген сайын, соншалықты сол адам аяғында тұрады, сезімдерін басқара алады. «Аяқастында арқау» болу, тұрақтылық және сенімділік сезімін қамтамасыз ету.

Денелік бағдарланғантаптарда: демалу жаттығуларды (денелік күйлерді түсінуге жағдай жасайды); қозғалыстық жаттығулар; топ қатысушылары арасындағы физикалық байлансы қолданылады.

Демалу жаттығулары – денелік бағдарланған топтардағы классикалық жаттығулар. Оған демалуды тоқтату, босасыған және толық демалу кіреді.

Қозғалыстық жаттығулар. Адамның қозғалыстарын түрлі спецификалық белгілер арқылы сипаттауға болады. Мұндай белгілерге: қозғалыстық ептілік, қозғалыстық ырғақ, қозғалыстық индивидуалды ағымы қозғалыстық сенімділік және координация.

Қозғалыстық ептілік жеке тұлғаның жалпы психофизикалық күйін сипаттайды және көңіл-күйдің әсеріне тәуелді.

Қозғалыстық ырғақ күйзеліспен босаңсудың кезектесуден көрінеді.

Қозғалыстық индивидуалды ағымы субъективті түрде жағымды, тынықтыратын қызмет атқарады.

Қозғалыстық сенімділік және координация. Қозғалыстың мақсатындағы концентрациямен анықталады. Тым жоғары ішкі қозу немесе психикалық артта қалу қозғалыстық сенімділік және координациялық сәттілікті төмендетеді.

М.Фельденкрайс әдісі.


Әдістің мақсаты жақсы денелік әдеттерді қалыптастыру, қозғалыстьың бостығы мен жаратылыстық грацияны қалыпқа келтіру, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру, адам қабілеттерінің дамуын және өзіндік сананы кеңейту. Автордың ойынша бұлшықеттің қозғалыстары санадын тыс әдетке айналады. Бұл жаттығулар тым жоғару күйзелісті төмендетуде қолданылады.

Ф.Александердің әдісі.

Ф.Александердің әдісінде тән мен психикалық функционалды бірлігі көрсетіледі, әдеттегі позалар мен осанка, сонымен қатар оларды жақсартуға акцент қойылады.

Александар әдісіне үйреншікті денелік позаларды пайдалану, оны жетілдіруге бағытталады. Ал бұл клиентке дененің түрлі мүшелерінің арасында дұрыс арақатынас табуға және күйдің жақсарып түрлі симптомдардың жоғалуына көмектеседі.

А. Яновтың әдісі.

А.Яновтың әдісі неготивті эмоцияны шығаруға бағытталған әдістемелермен ұқсас болып келеді. Яновтың пайымдауынша, невротикалық әрекет-қылықтың себебі жабылып қалған, аурушақ эмоциялар болып табылады. Бұлардан босауға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс осы негативті сезімдерді қайтадан бастан кешіру.

Невроздарға түрлі жарақаттар, балалық шақ кезіндегі көрген теріс қылықтар және қанағаттандырылмаған қажеттілктер апарады. Ол оларды біріншілік жарақтар деп атады. А.Янов бойынша біріншілік жарақтар мен қанағаттандырылмаған қажеттіліктер адамның қалыпты дамуына, «шынайы» болуына кедергі жасайды.

А.Яновтың әдісі адамға біріншілік жарақты қайтадан бастан кешіруге және алған көмегімен босауға мүмкіндік беріледі.

Әдістің мақсаты- клиентті барлық «шынайы емес»-тен арылту.

Әдіс түрлі жастағы клиенттермен (жеткеншек болсын, ересектер болсын) жұмыста қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет