ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»


Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі215 Kb.
#88
1   2   3

Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Оқуты әдістері мен тәсілдерінің түрлері туралы жалпы шолулар жаса

2.Оқыту әдістері деген не?

3.Сөздік және жазба кескіндемелік оқыту әдістері


6. Тақырып.Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері

1.Деректер. Оқиғалар. Құбылыстар. Процестер

2.Тарихи түсінік пен ұғым.

3.Тарихи терминдермен жұмыс
Тарихи білім берудің ең басты элементі –ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.

Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар.



  • ғылымның мазмұны

  • тарихи материалмен теориялық және әдістемелік түрлері мен әдістері

  • құрылымның қағидалары туралы ғылым негіздерімен жұмыс

Оқу процесіндегі оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процесс сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Олар оқиғаның мәнін анықтап, оларды салыстырады. М.Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырады. Мысалы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі. . Мысалы, ұлы Отан соғысы –негізгі, Курск шайқасы – қосалқы дерек. Бірақ деректер қайталанбайды. Деректерді оқушы есіне сақталып қалуы үшін жан-жақтылық тиімді жұмыстар жасау керек. Негізгі деректер түсінікті болуы тиіс. Сонымен Оқиға деп - жалғыз-жарым дерек. Мысалы: Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісі т.б. Құбылыс деп – нақты дерекке қатыссыз, орны мен қатысушылары, уақыты көрсетілмеген жалпы ұғымдарды (революция, көтерілістерді) айтамыз. Процесс деп- даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих процесс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстурышысы себеп пен салдар. Мысалы: өнеркәсіптік төңкеріс- мануфактурадан машиналы өнеркәсіпке өтуді сипаттайтын процесс.

Тарихты танудың өзі поцеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. Тарихта түсінік пен ұғым дегендер бар. Оқып үйренген деректердің негізінде оқушы санасынад тарихи ұғымдар мен нақты түсініктер қалады. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу, нысанды кескіндемелік тұрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады.

Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін аса қажет. Ғылымда тарихи түсініктің 3 түрі бар. Олар: 1). өткен кезең түсініктері (материалдық, әлеуметтік-саяси, адамдардың тарихи-мәдени т.б.); 2).Тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғалар мен құбылыстың ұзақтығы, бірізділігі); Тарихи кеңістік туралы (оқиғаның нақты әрекет ету орнына тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз қалайды.

Ұғым. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде. Ұғымдар белгілі бір сабақтастықты сақтау арқылы игеріледі. Олар: көрнекі түсінік – бастапқы ұғымға, қарапайымнан- күрделіге, т.б. осылайша қалыптасады. Тарих ұғым қалыптастыру тәсілдеріне тарихи картина мазмұныны бейнелеу, деректер мен оқиғаны талдау, сюжетті әңгімелеу, практикалық әрекетке макен жасау т.б. Ұғыммен жұмыс орта буын оқушылармен одан әрі жалғасады. Заттардың суретін көрсете отырып, оқушыларға олардың бір-бірінен айырмашылығын табуды ұсынады. Термин белгілі бір сөздің қандай мағына беретіндігін, оның бастапқы мәнін білдіреді. Терминдер әр түрлі тәсілдермен түсіндіріледі. Кейбір терминдерді заттың шыққан жерімен байланыстырады.

Тарихи терминдермен жұмыс жасаудың оқыту процесіндегі маңызы ерекше. Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрі дәл айтып бере алуынан байқалады. Тарих пәнінің мұғалымы оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беруі тиіс. Оқушыларға тарихи терминдер сөздігін жасату. Бұл жұмыс оқушылардың тарихи білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарихи фактілер мен оқиғалар айырмашылығы неде?

2.Құбылыстар мен тарихи процестердің әдістері қандай?

3.Тарихи түсініктер мен тарихи ұғымдар туралы сипаттама бер.

4.Термин және олар туралы түсініктер беріңдер.
7. Тақырып.Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері


  1. Әңгімелеу тәсілдері

  2. Бейнелеу тәсілдері

  3. Тапсырма-ойындар

Оқыту тәсілдері: әңгімелеу, бейнелеу, тапсырма-ойындар. Басты фактілерді оқып-үйренуде бұл тәсілдер жиі қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу материалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды. Тарихты оқытудағы әңгімелеу- тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама. Әңгімеге қойылатын талаптардың бірі- әрбір тарихи дерекке тән ерекшеліктер туралы ұғым қалыптастыруға көсмектесетін уақыт, кеңістік және адамдардың тарихи сипаттамасының бейнеленуі.

Сюжетпен баяндалған әңгіме – драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи сюжетке құрылған эмоциялық баяндау. Сюжетті әңгіме шынайы болуы тиіс. Сюжетті әңгімелеудің келесі нысаны – шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбиді. Диалог барысында оқушылар типтік әлеуметтік құбылыстың мәні ашылады.

Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз. Бейнелі сипаттама- бейнелеудің бір түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Бейнелі сипатама оқушыларға берілетін тапсырмаға ұштастырылады.

Тарих сабағында қолданылатын тапсырма-ойындардың бір түрі – «Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Жекеленген сапалар сипаттаудан тұрады. Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. Дидактикалық ойындар өзге оқу жұмысының түрлерімен тығыз байланысты

Тарих сабағында қолданатын тапсырма ойындардың бір түрі-«Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Ондай тәсілдерде мұғалім есімін, уақытын, оқиға орнын атамай тарихи тұлғаның өмірбаяндық мағлұматтарды түгендеуі керек Яғни «тарихи тұлғаны таны», «Кімнің сөзі?», «Бұл кім?» деген сияқты сұрақтар. Бұл ойын элементтерін қолданатын әдіс-тәсілдер болып табылады. Ондайда қатысушылардың белсенділігін көтеруге барынша ықпал жасайды. Ойын әсіресе пәнге қызығушылығын қалыптастыратын жағдайда өтеді. Ондайда мұғалым алдымен ойын тәртібімен таныстырады. Олар жинақы және тапсырманы орындау уақыты шектеулі болып келеді.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарихи мәліметтерді баяндаудағы әңгімелесі тәсілдері деген не?

2.Тарихи деректердегі бейнелеу тәсілдері туралы на білесің?

3.Тарихты оқытудағы тапсырма-ойындардың маңызы қандай?


8. Тақырып.Теориялық оқу материалын оқып-үйрену

1.Түсіндіру, пікір, сипаттама беру

2.Тарихты оқытудағы өзекті мәселе қою

3.Оқушылардың ақыл-ой тәсілдері мен дағдылары

4.Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылар әрекеті

Түсіндіру- басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым , баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғымды мұғалім көмегімен түсіндіреді. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстардың заңдылығын ашады. Деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.

Түсіндіру әдісі өте жеңіл болады. Сондықтан да ол барлық сыныптарда қолданады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп есте сақтай білуі керек.



Пікір деп – ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл оқушылардың ойлау және деректерді талдау үлгісін жақсы меңгеруге көмектеседі. Бұл әдіс оқушы ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе болуы шарт. Пән мұғалімі әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырғанда өте пкірілі бола білуі қажет. Осындай әдіс-тәсілдің нәтижесінде оқушы оқу материалының теориялық мазмұныны қиналмай игереді. Мұндайда әрине түрлі көрнекіліктерді пайдаланған дұрыс. Ал мұндай әдістермен тәсілдерге салыстырмалы және жинақтаушы сипаттама берер болсақ тарихи деректермен тарихи ұғымдар, түсініктерді ғылымилығын ескеру дұрыс болмақ .

Ал жинақтаушы сипаттаманың мақсаты басқаша. Онда оқылған теориялық материалды қорытып, ұғым қалыптастырады. Белгілі құбылысты жинақтай отырып, оның басты белгілерін логикалық бірізділікпен тізбектейді. Мысалы: колхоз құрылысы туралы баяндағанда оның директивалық жоспарларын, өндіріліген өнімдері мен т.б. мәселелерін анықтауды ұмытпаған дұрыс. Яғни жинақтаушы сипаттама күрделі тарихи құбылысты түсіндірумен аяқталғанда оның маңызды белгілерін байланыстырып атап шығу керек. Сонда ғана бұл тарихи мәселеленің шешімі дұрыс болары анық.

Тарихты оқытудағы өзекті мәселе оны мазмұндауда. Ондай мәселе проблемаларды ситуацияларға байланысты баяндау мен түсіндіруде. Алдымен түсіндіру қажеттілігі, сонан соң оны ойлау және сұрақтарға жауап алу сабақ соңында болуы қажет. Тарихты оқытудағы өзекті мәселелерді мұғалімнің теориялық ізденісінен бастау алады. Ондайда пән мұғалімі сабаққа дайындық кезінде назарда ұстағаны дұрыс. Қабілетті оқушылар үшін қызықты тапсырмалар беріп, мәселенің өзектілігн оқушының өз ізденісіде табуы мен шешуіне баса назар аударған дұрыс. Мұндай тәсіл пәнге оқушының қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Сонымен тарихты оқытудағы өзекті мәселе қалай қалыптасады? Ол оқу материалындағы үйлесімсіздік немесе сабаққа қарама-қарсы сипаттағы құжаттардан үзінділер енгізу және бір мәселеге қарама-қарсылықты әртүрлі көзқарастарды баяндау өзекті мәселе ахуалына негіз болады. Мәселенің мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс. Ондай ахуал оқушының оқу процесіндегі жеке қабілеттерін қалыптастыру жағдайында шешіледі. Мәселе оқушылардың ақыл-ой дағдылары мен тәсілдері барысында оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында елеусіз байқалады. Оқушының тарихи білімдерін игеруі қарапайым орындаулардан көрінеді. Ол 4-5 сыныптардан басталады. Мұғалім оларға тарихи оқығаларды кім?(не?) қайда? Неге? Қалай? Не үшін? Деген сұрақтарға жауап алудан бастап тарихи оқиғалар желісін толық өз түсінігінше баяндауға үйретеді.

Ондай тәсілдер сыныптан-сыныпқа өткен сайын күрделенеді. Сол сияқты талдау және жинақтау тәсілдеріде үздіксіз жүріп дами түседі. Тұтас ұғымды ойлау тәсілдері талдау (анализ) және жинақтау (синтез) арқылы жүреді. Және де тарихи оқиғалардың себеп –салдарын дәлелдеу бар. Ондайда дәйектерге жүгінеді. Ақиқаттығын негіздеу арқылы жүреді. Дәлелдеудің дербес пікірлер, негізгі материалдар ретінде құжаттармен статистикалық мәліметтерді пайдалану, қорытынды жасау осының бәрі уақыт өткен сайын толығады. Мұндай жағдайдағы оқушы әрекеті тапсырмаларды толық түсініп, әрине мұғалім көмегімен оның дұрыс талаптарға сай орныдалуына машықтануы қажет. Тапсырмалар бірнеше мақсатты көзделе отырып қойылады. Алғашында мұғалімнің тексеру әдістері арқылы болса, кейіннен жаңа білімді игерудегі оқушының өз бетінше жұмыс жасауынан тұрады. Міне бұл оқушының тарихты және тарихи оқиғаларды жете түсінуіне толық мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер болып табылады.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарих сабағында түсіндіру мен пікір айту тәсілдерін қалай қолдануға болады?

2.Тарихи оқиғалар мен құбілістарды салыстырудың тәсілдері қандай?

3.Тарихтағы өзекті мәселелер мен оны анықтап шешудің тәсілдері қандай?

4.Теориялық материалдарды оқып-үйренудегі оқушы әрекеттері туралы не білесің?

9. Тақырып.Оқу дағдылар мен оқу жұмысының тәсілдері

1.Іскерлік пен дағдыны жүйелеу

2.Оқу жұмысының тәсілдері

3.Тарихты оқытуда іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың әдістемесі.
Оқушылар тарих сабағында оқу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бірнеше әдістемелік шарттарды орындауы қажет. Алдымен оқыту оқушылар үшін түсінікті және қызықты болуы қажет. Тарих сабағында оқу міндеттерін берілген тапсырмаларды орындауда оқушының білімге деген ықыласын ояту арқылы жетілдіру керек. Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқыушылардың дербес жұмыс істеу іскерлігін және дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Егерде ол жұмыс түрі дұрыс ұйымдастырылмаса берген білімнің нәтижесіздігіне тап боламыз. Сонымен іскерлік деген не? Іскерлік деп- қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеруді айтсақ, Жоғары деңгейге жеткізілген іскерлік дағды болып табылады. Демек іскерлік бірте-бірте дағдыға айналады деген сөз. Жалпы дағдыны 4 топқа бөлеміз.


  1. Оқу-ұйымдастыру дағдысы- жоспарлау, тапсырманы орныдау, өзін-өзі бағалау, реттеу.

  2. Сөздік дағдылар- ауызша және жазбаша мәтіндерді баяндау, мазмұндау, талдау, салыстыру

  3. Оқу-ақпараттық дағдылары- оқулық немесе анықтама-библиография, каталогтармен жұмыс

  4. Оқу, ақыл-ой дағдылары - әрекетті дәлелдеу, қортыу, мәселені шешу, қабылдау, еске түсіру, өзін-өзі қадағалау

Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді құрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы бағыттарын айқындайды.

Тарихты оқыту барысыныда оқушылардың бойында оқу еңбегінің алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптастырылады. Ондайда қисынды операциялар атқарылады. Яғни, тарихи мәснге талдау, тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтау, қорытыныды жасау. Оқу дағдылары арнайы тарихи материалды игеруге бағытталса, нәтижесінде тарихи дидактикалық ойлау дағдылары қалыптсады.

Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдылары оқулық мәтінімен, оқу құралдарымен, тарихи құжаттармен деректер арқылы жұмыс жасау және өзіндік ізденістерінен тұрады. Тарихи оқиғалардың мәнін түсінуде оқушылар тарихи процестің жекеленген кезеңдерін немсес ұқсас құбылыстарды сыластыру, себеп-салдарын анықтау, т.б. мәселелерді меңгереді. Әрине басшылық мұғалімнің біліктілігінде. Алдымен іскерлікпен дағдыны қалыптастыру үшін пән мұғалімінің өзі табандылық танытуы қажет. Жетік біліміділік керек. Бұл жұмысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып орындаған дұрыс.

Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігін анықтау дұрысырақ болады. Дағдыларды қалыптастыруда тарих сабағында жаттығу тапсырмаларының жүйелілігі ескеріліп, орындалуы қадағалануы қажет. Мұғалім басшылығымен тәсілдерді игеруге қажетті әрекеттер іске асырылады. Қорытындылау кезеңінде оқушының жаңа жағдайы жаңа материалды өздігінен, дербес қолдануын қамтиды. Дағдыны игеруде әрине уақыт төреші, яғни уақыт әрқилы. Түрлі оқу дағдыларын игеру оқушылардың ғылым негіздерін терең меңгеріп, тарихи құбылыстардың байланысын, маңызын ролін дербес анықтай алуына мүмкіндік береді.


Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1.Іскерлік пен дағды деген не?

2.Оқу тәсілдерінің түрлері қандай?

3.Дағдыны қалыптастырудың әдістемесі деген не?


10. Тақырып.Тарихты оқытудағы көрнекілік

1.Оқытудың көрнекі құрал түрлері

2.Шартты-графикалық көрнекіліктер

3.Тарихты оқытудағы техникалық көрнекіліктер
Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін, оқылатын құбылысты тікелей немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі көрнекі оқыту деп аталады. Тарих сабағында көрнекі оқытудың атқаратын ролі ерекше. Тарихи білім көзі ретінде түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекі оқыту өткен кезеңмен танысу кезінде сезімге әсер етумен бірге ойлау жүйесіне де ықпал жасап, бірқатар қосымша қызметтер атқарады.

Көрнекі құралдарды сабақта қоладну жағдайында оқушылардың өткен тарихи кезең туралы арқылы алынған нақты бейнесі қалыптасатындығын есте ұстау керек. Көрнекі құралдар тарихи фактілерді нақтыландырып, оқушылардың өткен кезең туралы білімдерін жаңғыртады. Көрнекіліктер тарихи құбылыстардың мәнін ашып, негізгі тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыруды қамтымасыз етеді. Көрнекіліктер сыртқы белгілеріне қарай: баспалық, экрандық, дыбыстық, ал мазмұны мен тарихи бейнесіне қарай заттық, бейнелеу, шартты-кескіндемелік деп топтастырылады. Және де тарихты оқытудағы көрнекіліктер тағы да мынадай болып топтастырылады.



  • табиғи алып түрдегі көрнекілік: түпнұсқа түріндегі тарихи ескерткіштер немесе тарихи орындар (Египет пирамидалары, Қызыл Алаң, Республика алаңы)

  • материалдық мәдениеттің түпнұсқа заттары: (археологиялық қазбалар, еңбек құралдары, нумизматика т.б. (Макеттер, үлгілер т. б.)

  • Бейнелі көрнекіліктер: (оқу картиналары, репродукциялар)

  • Шартты-кескіндемелік көрнекіліктер: ( қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар)

  • Оқытудың техникалық құралдары: ( оқу фильмдері, диафильм, диапозитив, компьютер, видеомагнитофон)

Шартты ккескіндемелік көрнекілік тарихи процестің сандық және сапалық мазмұнын ашып, қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағыттарын айқындап, тарихи ұғымдардың заңдылықтардың себеп-салдарлы байланыстарын игеруге көмектесетін рәміздік бейнелердің жиыны. Оған жататындар: қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар.

Көрнекіліктің ерекше түрі тақтаға салынатын суреттер. Сондықтан пән мұғалімі тақтаның мүмкіндігін сабақ үстінде барынша кеңінен пайдалану мұғалімнен шеберлік талап етеді.

Оқытудың техникалық құралдары )ОТҚ) білім берудің көрнектілігін, бейнелігін , әсерлілігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. Техникалық құралдарға оқу фильмдері, диафильм, диапозитив, компьютер, видеомагнитофон, телебағдарламалар қолдануға болады. Дегенмен қазіргі кезде мектептерде олар өте сирек кездеседі. Ондай құралдың бірі- кодоскоп. Ол экранға немесе сынып тақтасына мөлдір пленкаға салынған сурет, сызба, сұлба, диаграмма, жазба мәстінді көрсетуге арналады.

Тарихты оқытуда кинофильм, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды қолданудың ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне тұтас күйінде ұсынылады. Қысқа мерзім ішінде оқушылар мол ақпарат ала алады. Ал компьютерлік бағдарламаларда тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік болады. Сол сияқты ондай мүмкіндік арқылы тарихи процестерді үлгілеуде де пайдаланған дұрыс. Бұл күні оны пайдаланудың уақыты кеңейді.


Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар.

1.Көрнекі құралдар түрлерін ата, сипаттама ьер.

2.Оқу картинасын сабақта пайдаланудың әдісі туралы не білесің?

3.Диаграмманы қолданудың қандай әдістерін білесің?

4.Оқу фильмдерін тарих сабағында қолданудың әдістері туралы не білесің?

11. Тақырып. Картографиялық көрнекі құралдар

1.Тарихи карталарға сипаттама

2.Сабақта оларды қолданудың әдістері

3.Картографиялық ойындар

Тарихи карталар георгафиялық негізде жасалады. Кішірейтілген және жинақталған үлгіде. Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Карталар алғашында б.з.б. ІІІ-І мыңжылдықтарда Вавилон мен Египетте, ХУІІІ ғасырда Ресейде пайда болды.

Тарихи және географиялық карталардың айырмашылықтары бар. Георгрфиялық картадағы түстер тарихи карталарда басқа мағына береді. Тарихи карталардың ерекшелігі – оқиғалар мен процестердің қозғалысын ашады. Тарихи қозғалыстар мынадай белгілерде сөйлейді: жебе-әскери соққы, айқасқан қылыш-шайқас алаңы, алау-көтеріліс ошақтары т.б.

Тарихи карталардағы аумақтарды қамтуы: .мазмұны және масштабы бойынша ерекшеленеді. Жинақтаушы карталарды тарихи карталар толықтырады. Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан карталар тақырыптық деп аталады.Карталардағы фрагменттер барынша айқын және әсерлі болады.

Тарихи оқиғалар әдетте уақыт пен кеңестік шеңберінде өтеді. Оқиғалар қатысты шарттармен байланысты түсіндірілгені дұрыс.

Оқушыларға кеңістік туралы түсінігін қалыптастыруда каратамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын меңгерткен дұрыс болады. Ол үшін алдымен оқушылардың картографиялық ептілігі мен дағдыларын, картаның шарттарын білдіру қажет.

Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болуы керек. Себебі тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар болмауы керек. Керісінше тарихи оқиғалар мен құбілістарды барынша терең ұғынудың құралы ретінде пайдалануды ойлаған дұрыс.

Оқушыларға жаңа тарихи картаны таныстырғанда карта құрлықтың қай бөлігін қамтитындығын және тарихтың қандай хронологиялық кезеңінен көрніс беретіндігін түсіндірген жөн. Сонымен бірге мұғлім каратадан географиялық бағдарларды, маңызды нысандарды көрсетіп, сол кезеңдегі шекараның ерекшеліктерін айқындап, тарихи география бойынша нысандардың сол кездегі және қазіргі атауларымен таныстырған дұрыс болады. Бір каратадан екінші картаға өткенде сабақтастық болуы шарт.

Оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын дамытуда оқу карталары мен кратиналар қатар пайдаланылады. Тарихи оқиғалардың мәнін ашуға таптырмас әдіс бұл. Маңызды деректердің географиялық бағдарын еске сақтауға үйрету үшін негізгі мектеп оқушыларына физикалық караталар пайдаланған дұрысырақ. Бұл тәсіл оқушылардың түрлі карталардан тарихи оқиғалар нысанын табуға дағдысын қалыптастырады. Шартты-географиялық көрнекілікті байыптап түсінуде географиялық атаулардың тарихи қалыптасуын білудің маңызы зор. Географиялық атауларды түсіндіруде оның мәнін түсіндірген жөн болады. Мысалы: Сибирь-сыбыр, Саратов-Сарытау, Ангара-Аңғар т.б.

Тақырыпқа сай карта болмаса оның орнына басқа картаны қолдануға болмайды. Себебі оқушылар арасында тарихи құбылыстар туралы қате түсініктер қалыптасуы мүмкін. Картамен жұмыс жүргізуде мұғалім оқушылар назарын ауызша баяндаудан кейін тақтадағы каратаға аударып тарихи оқиғалар жерін көрсетеді.

Тарихты оқытудағы ойындық тапсырмалар: тарихи картамен жұмыс жасағанда қолданылады. Мысалы: Картадан нысанды көрсету, Кеңістіктегі бағдарларды орналастыру, Не артық?, Аукцион ойындары т.б. Бұл аталған ойындық тапсырмалар әр сыныптардың оқушылар жасын ескеріле отырып орындалады. Оқушылардың тарихи оқиғалар туралы білімдерін еске сақтауға көмектесері сөзсіз. Картографиялық білімдерді нығайтуда тарихи тақырыптағы чайнворд, сөзжұмбақ, анограмма сияқты ойындар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.
Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарихи карталардың түрлерін ата

2.Тарихи карталардың географиялық карталардан айырмашылығы қандай?

3. Картографиялық дағды және білім деген не?

4 Картографиялық ойын түрлерін ата
12. Тақырып.Тарихты оқытудағы хронология

1.Хронология және оның мақсаттары мен әдістері

2.Хронологиялық ойындар мен тапсырмалар
Хронологияның тарих ғылымында алатын орны ерекше. Оқиғаның болған уақыты белгілі болған соң оның бұрынғы және кейінгі оқиғалармен байланысын, сабақтастығын айқындауға болады. Хронология –халықтар мен мемлекеттердің күнтізбесі мен жыл санау жүйесін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Ол тарихи оқиғалардың айы, күнін, оқиғалардың кезекпен болғандығын білдіретін ғылым саласы.

Мектепте хронологияны оқытудың мақсаты – тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сабақтастығын, олардың ұзақтығын көрсету, уақыт өлшемін түсіндіру, жыл санау жүйесімен таныстыру болып табылады. Оған жетудің міндеттері мынадай:



  • тарихи уақыттың дұрыс бейнесін қалыптастыру,

  • уақыт туралы ұғымының дамуына ықпал жасау,

  • маңызды оқиғалардың датасы мен уақыт санаттарын (жыл, ғасыр, дәуір) игеруге көмектесу т.б.

Мектепте тарихты оқыту маңызына қарай даталарды шартты түрде негізгі және тірек даталары деп бөледі. Негізгі даталар басты деректерге байланысты Мысалы: Қазақ хандығының құрылуы, т.б. Ал тірек датасы сол оқиғалар уақытындағы болған ішінара жағдайлар датасы болуы мүмкін. Оқыту әдістемесі қиын. Сондықтан оқыту кезінде алдымен уақыт өлшемін қалай есептеуді түсіндіру керек. Ол үшін алдымен өткен жылдары қандай оқиғалардың болғандығын еске түсіріп әңгімелеу қажет. Сонан соң 10-12 жыл өмірінде оқушы есінде сақталған ең алғашқы оқығаны еске түсіру арқылы уақыт ұзақтығын түсіндіруге тырысуымыз дұрыс болады.

Ал ғасырларды түсіндіргенде былайша түсіндіру керек. Егер төрт таңбалы санның соңғы екеуі нөл болса, онда алғашқы сандар ғасырды білдіреді. Мысалы: 1100-11 (ХІ ғасыр), 1900 -19 (ХІХ ғасыр), т.б. Егер нөлдің орнында басқа сандар болса, 1105- 12 (ХІІ ғасырды), 1916 – 20 (ХХ ғасырды) білдіреді дегенді түсіндіру керек. Рим саны бастапқы ұғымды қалыптастыруда тарих сабағында іске асады. Мысалы: ІУ,У,УІ,УІІ,Х,ХІІІ,ХХІ ғасырлар (4,5,6,7,10,13,21 ) білдіреді.

Хронологияны меңгеру бойынша берілетін тапсырмалар әртүрлі болып келеді. Оған:


  • оқиғаның датасын көрсету,

  • оқиғаны анықтау,

  • оқиға мен даталардың арақатынасын белгілеу,

  • оқиға ұзақтығын анықтау,

  • хронологиялық сабақтастығын анықтау,

  • даталардың арасынан белгілі бір процеске қатысын табу,

  • хронологиялық кесте жасау,

  • оқиғаның даму кезеңдерін анықтау,

  • оқиғаның кезеңге қатыстылығын белгілеу,

  • оқиғалар негізгісін табу,

  • дәуірлердің өлшемдерін негіздеу т.б.

Хронологиялық даталардың қатарын 2 түрлі мазмұнға сай түзуге болады. Бірі-бір ғасырға, екнішісі-оқиғаларға қатысты даталар тізбесі. Ондайда тарихи даталар туралы білімді тексеру үшін сабақтарада түрлі ойындар, байқаулар өткізген дұрыс. Мысалы: даталар бойынша эстафета (ойынға қатысушы команда мүшелері аталған оқиғалар датасын атау), «Уақыт лентасы» (даталарды белгілі бір қағида, хронология бойынша жүйелеу), «Өткен жылдар» ойыны бойынша (әр түрлі мемлекеттерде бір жылда болған тарихи оқиғаларды атау), «Кім жылдам ?» т.б. ойындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет