ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері»


Бала өміріндегі қимыл-қозғалыс ойындарының рөлі



бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#142866
1   2   3   4

Бала өміріндегі қимыл-қозғалыс ойындарының рөлі.

Дене шынықтыру пәнінің белгілі теоретиктері П.Ф.Лесгафт және В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады.

Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.

Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды.

Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.

Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.


3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.


  1. Ойын - психологиялық феномен ретінде

1. Ойын психологиялық феномен ретінде

2. Адамзат тарихында ойынның пайда болуы.



  1. Ойынның психологиялық негіздері

1. Ойын әрекетіне жалпы психологиялық сипаттама.

2. Ойында баланың жеке тұлғасының қалыптасуы.



  1. Ойынның педагогикалық мәні

1. Ойынның педагогикалық мәні

2. К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын - құдіретті тәрбие құралы туралы пікірі.



  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны




  1. Драмалау ойынының психологиялық, педагогикалық негіздері.

  2. Әртүрлі топтарда ұйымдастыру әдістемесі және шарттары.


5. Балалар ойынының жіктелуі
1. Ойындарды жіктеу бағыттары.

2. Шығармашылық және ережелі ойындар


6. Шығармашылық және ережелі ойындар
1. Фантазиялық ойындар

2. Қимылдық ойындар.


7. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары
1. Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесі.

2. Ойындағы рольдер.


8. Режиссерлік ойын және оның әдістемесі


  1. Режиссерлік ойынның шығармашылық сипаты

  2. Ойынды ұйымдастыру әдістемесі және оған педагогикалық басшылық


9. Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары
1. Құрылыс ойынының теориялық негіздері.

2. Ф.Фребельдің жүйесіндегі құрылыс ойыны.


10. Дидактикалық ойындар - оқыту құралы
1. Дидактикалық ойыннның мәні.

2. Педагогикалық жүйедегі дидактикалық ойындар.


11. Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар
1. Қимыл-қозғалыс ойынның түрлері.

2. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориялық негіздері.



4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі


  1. Ойынның өзіндік ерекшелігі.

  2. Баланы ойын үстінде тәрбиелеу және дамыту

  3. Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде.

  4. Сюжеттік – рольдік ойын туралы педагогикалық зерттеулер.

  5. Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері.

  6. Дидактикалық ойынның маңызы

  7. Мектепке дейінгі балалардың ойындағы танымдық белсенділігі

  8. К.Д Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі.

  9. Ойын технологиялары.


«Ойынның психология – педагогикалық негізі» пәні бойынша бақылау сұрақтары

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті не?

2.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармашылық ойынды ата?

3. Сюжеттік – рольдік ойынның негізгі құрылымдық компоненті не болып табылады?

4.Рольдік ойынның алғы шарттарын ата.

5. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қиялын дамытып, оның ойлау, ерік т.б. қасиеттерін дамытушы бастапқы іс-әрекет түрі не?

6. Заттың атын өзгерту, өз іс-әрекетін үлкендердің іс-әрекетімен теңестіру, өзін басқа біреудің есіміммен атау, іс-әркетін соған ұқсату қандай ойынға жатады?

7. Үстел үсті ойыны дегеніміз не?

8.Саусақ ойынына анықтама беру.

9. Сөздік ойын дегеніміз не?

10. Өмірінің алғашқы 7 жыл ішінде бала жүйелі түрде іс - әрекеттің қандай түрлерін игереді?

11. Мектепке дейінгі баланың қиялы, іс-әрекетің қай түріне жиналады анықтама беру.

12. Шығармашылық ойынға мысал келтіру.

13. Ойын ұйымдастырудың уақыты жас ерекшелігіне сай.

14. Балаларды ойынға ұйымдастырудың әдістері қандай?

15. Ойын әрекеті ненің дамуына әсер етеді? Мысал келтір.

16. «Біз дидактикалық ойынды тек қана жекелей білім мен іскерлікті меңгеру формасы ретінде емес, баланың жалпы дамуына және оның қабілетінің қалыптасуына әсер етуіне қол жеткізуі керек», деп дидактикалық ойынның маңызын кім бағалаған?

17. «Ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек» деп түсіндірген ғалымдарды ата?

18. Ойната отырып оқытуды ұсынған кім?

19. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл - әрекеті не? Мысал келтіру.

20. Қай ойшыл – ғалым «Ойын ойнап- ән салмай, өсер бала болмай ма?» деген.

21. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі қандай жағдайда болады?

22. «Мектепке – ойынға асыққандай бар, ол сондай ғанибет» деген кім?

23. XVIII ғ қай ғалымдар ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген?

24. Қазақстандық қай ғалым – педагог ойынды баланың тілін дамыту үшін пайдалану керек деген?

25. «Қуырмаш» ойыны қай ойын түріне жатады?

26. Рольдік ойынның алғы шарттарын ата?

27. Ойын іс - әрекетіқандай танымдық процестердің дамуына әсер етеді?

28. «Қуырмаш» ойыны нені қимылдата ойнатылады?

29. Кімнің сөзі: «Мектепке – ойынға шыққандай бар, ол сондай ғанибет».

30. Мектепке дейінгі баланың қимылы, іс-әрекеттің қай түріне жатады? Мысал келтіру.

31. Өз іс-әрекетін үлкендердің іс-әректімен теңестіру, өзін басқа біреудің есімімен атау қай ойын аталады?

32. Халық жасаған мұраларының бірі:

33. Ойын балаларды қандай ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді?

34.Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті не?

35.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармашылық ойынды ата?

36. Сюжеттік – рольдік ойынның негізгі құрылымдық компоненті не болып табылады?

37. Үстел үсті ойыны дегеніміз не?

38.Саусақ ойынына анықтама беру.

39. Сөздік ойын дегеніміз не?

40. Ойын дегеніміз не?

41. Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны қай заманынан белгілі болған ата?

42. Ойын балаларды қандай ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді?

43. Спорттық ойындарды ата?

44. Ойын еңбектің баласы деген кім?

45. 1 жастағы балалардың ойыны қандай сипатта болады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет