ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#12028
1   2   3   4   5   6   7

Хандық билікті ұйымдастыру. Қазақстандағы жоғары билік тек қана шыңғыстықтардың (төре) династиясынан сайланған ханның қолына шоғырланды. Хандық билік мұрагерлік болып есептелді. Ханның заңды мұрагері болып, әдетте оның балалары, ағалары және немерелері танылды. Мұраға қалдыру механизмінің негізінде меритократия принципі жатты, соған сәйкес сирек кездесетін ойға және қоғамға шынайы саяси әсер ететін адамдар хан болып сайланды. Көшпенділерде ондай ойға генеалогиялық иерархияда құрметті орынға ие, айтарлықтай ірі және күшті рулардағы басшылар немесе ру одақтары: арғындар, шектілер, наймандар ие болды. Сондықтан, Қазақстанда жоғары билікті ұстанушылар құдыретті рулардан пайда болған төре өкілдері болды. Алайда, кез-келген жағдайда хан тағына иелік ету тек қана қазақтардың атақты съездерінің келісімімен жүзеге асырылды.

Қазақ қоғамында жоғары билік деңгейінде саяси реттеу функциясын ханның жақын туыстары орындады. Хан оларды ірі ру-тайпа бөлімшелеріне сұлтан етіп тағайындады, ол көшпелі ұжымда маңызды сепаратизмді билеуге және көшпенділердің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты, қазақтарда хандық биліктің күші және тиімділігі хан мен беделді сұлтандардың арасындағы тәуелді байланыстың қаншалықты мықты екендігі анықталды.

Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды. Жоғары билік субъектілері мен саяси құдіретті көшпелі беделділер арасындағы шынайы қарым-қатынасқа байланысты қазақ қоғамындағы бұл органның атауы ауысып тұруы мүмкін болды.

 Хан кеңестері хабарласа отырып қазақтардың экономикалық және саяси өміріндегі кешенді мәселелерді талқылайтын және шешетін сұлтандардан, беделді билерден және барлық жүздердің батырларынан құрылды, олар сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдай алды.

XVIII ғасырдың ортасында  Қазақстандағы хандық биліктің жүйесі қазақ қауымының потестарлы-саяси ұйымын бұзуға әсер ететін, барлық кешенді факторлардың арасында ең белсенді (және дара) болып табылатын Ресей мемлекетінің саяси институтына қатты ұшырады. Көшпелілер қоғамында әлеуметтік сүйеніш іздеуде ресейлік әкімшілік-саяси жүйе қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымының кейбір тетіктерін сіңіріп алды, қазақстандық өңірде Ресей империясының мақсаттары мен міндеттеріне қолданылатын жаңа функцияларды орындау үшін, әскери-саяси күшті күшейте отырып, олардың билігін заңнамалы түрде бөліп тастады. Осының нәтижесінде көшпелі қоғамның дәстүрлі саяси институты, яғни сұлтандар, хандық билік қоғамның шаруашылық және қоғамдық дамуының динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әлеуметтік байланыстағы өзіндік интегративтік рөлді біртіндеп жоғалтты, осылайша осы қауымның құрылымындағы өздерінің орнын жоғалтты.

XIX ғасырдың 20-40 жылдарында Батыс-Сібір және Орынбор әкімшілік органдары қазақтар орналасқан, оларға тиесілі ведомстволық бағынысты аумақтарда аумақтық-әкімшілік бөлуді жүргізді және олардың ортасында өзіндік нысанға ие болған орта және төменгі басқару тетігін ұйымдастырды.

Орыс билігі құрған сұлтандардың, басқарушылардың, болысты басқарушылардың, ауыл старгиндерінің жаңа заңды институттары қазақ қоғамында табиғи өзіндік реттеу механизміне бағынбады, алайда сол кездерде ресейлік заңдардың бақылаушы және реттеуші функцияларына да бағынбады. Бұл көшпелі қоғамның әлеуметтік организмінде дағдарыс көріністерін тудырды және соның артынан әртүрлі әлеуметтік қабаттар тарапынан табиғи қысым көруді пайда қылды.

Сонымен бірге, қазақтардың жерінде әкімшілік реформаны жүзеге асыру  патша шенеуніктеріне көшпелі қауым ішіндегі саяси өзгерістерге белсенді және мақсатты ықпал етуге мүмкіндік тудырды және осылайша Ресей мемлекеті тарапынан қазақ қоғамының әлеуметтік инсититутына біртіндеп саяси-әлеуметтік абсобация процессінің басталуын алып келді.



10 Тақырып. 19 ғасырдағы Ресейдің Қазақ жерін аграрлық отарлауы, және онын тигізген зардаптары.

Жоспары. 19ғ Ресейдің аграрлық отарлау саясатын ашып кең көлемде қарау

Мақсаты. Отарлау саясатын тархнама деректери бойынша жеткізу.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресей үкіметінің империялық саясаты аясында шаруа бастықтары институтын зерттеу тарихнамада толыққанды және арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сонымен бірге осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуын қарастыратын зерттеулерде қарастырылған.

Революцияға дейінгі тарихнамада қарастырылып отырған мәселе негізінен қонысаударушылардың тұрмысын, империяның шеткері аймақтарына шаруаларды қоныстандыру, XX ғ. басындағы Ресей үкіметінің аграрлық саясатын зерттеуде қаралды.Әрине, Ресейдегі аграрлық мәселелерді зерттеушілердің бірі А.Кауфман болды.

Кауфман батыс аймақтағы қазақ халқының қауымдық құрылысының ерекшеліктерін зерттеді, әсіресе, Торғай облысының шаруашылық жағдайы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жалпы алғанда, XX ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық даму тарихын ғылыми зерттеуге түрткі болды.

Кауфман Далалық өлкенің шаруашылық құрылысымен таныса келе төмендегідей қорытындыға келді; экономикалық тұрғыдан қарағанда климаттың өзіндік ерекшелігі жағдайында мал шаруашылығымен санасу керек, өйткені, бұл тиімді. Торғай облысының солтүстік уездерінің жерлерін зерттей келе Кауфман қонысаударушылар үшін белгіленген 15 десятина жер үлесі жоғары екенін анықтады, өйткені осы аудандардың жері құнарлы және мұқтажсыз өмір сүруге 8 десятина жер жеткілікті деп есептеді. Ресейлік қонысаударушылар алғашқыда қазақтардан жерді жалға алды, сөйтіп осы аймақтың құнарлы жерлеріне орналаса бастады. «Жерді күні бүгінге дейін жалға алу ... орыс қонысаударушыларын жермен қамтамасыз етудің жалғыз жолы болды...»деді. Жерді жалға алу далалы аймақты отарлаудың бірден- бір құралы болды, ол бірте- бірте кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, қонысаударушылар үкімет тарапынан жасалған шектеулер мен барлық кедергілерге қарамастан, жер алуға ұмтылды. XX ғ басында қонысаудару саясатының аграрлық мәселені шешпейтіндігін Кауфман түсінді, өйткені шет аймақтардың жер қоры шексіз емес еді. Кауфман аграрлық мәселенің мәнін шаруалардың жерге деген мұқтаждығы деп түсінді және осы мәселені шешуде шаруаларды қосымша жермен қамтамасыз ету керек деп білді. Оның пікірінше, мәселені шешу шет жерлерді отарлау есебінен емес, ішкі резервтерді пайдаланып, жерді бөлу арқылы жүзеге асуы керек. Оның идеясын Жетісуде қонысаудару ісінің меңгерушісі болып ұзақ жылдар істеген О.А.Шкапский қолдады, яғни Сібір мен Қазақ даласына шаруаларды қоныс аудару Ресейдегі аграрлы мәселені шешудің амалы ретінде қарамау керек деп есептеді. Ол қоныс аудару мәселесі жалпы аграрлық мәселенің бір бөлігін құрайды, қонысаудару отарланушы аудандарда жергілікті тұрғындардың мүддесіне қайшы келу себебінен Европалық Ресейдегідей өткір формада көрініс таппаса да аграрлық мәселенің туындауына себепкер болады деп есептеді. Әрине, зерттеліп отырған мәселенің төңірегінде Далалық өлкедегі егіншіліктің даму үрдісін баяндайтын еңбектер үлкен қызығушылық туғызады. Патша үкіметінің Далалық өлкедегі аграрлық саясатының отаршылдық мәнін Т.Сидельников те өз еңбегінде көрсетті.

Мәселені зерттеуде маңызды құжаттар саналатын XIX ғ. аяғы XX ғ.басында іске кіріскен Қонысаудару басқармасының зерттеулері. Ф.Щербинаның жетекшілігімен Торғай облысының Ақтөбе және Қостанай уездері 1898-1899жж. зерттелді. Торғай облысының уездерін екінші рет зерттеу Қонысаудару басқармасының бастамасымен 1904-1910жж. жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Материалах по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статистический партией Тургайско-Уральского переселенческого района»деп аталатын еңбекте жарияланып, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Ақтөбе уездері бойынша жекелеген томдар жарық көрді.

Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасы 1914 жылы қонысаудару басқармасының қызметін көрсеткен және Далалық өлкеге қоныс аударған шаруалардың Европалық Ресейдегі шаруаларға қарағанда ауылшаруашылық машиналарымен жақсырақ қамтамасыз етілгені жөнінде салыстырмалы деректер келтірген «Азиатская Россия» еңбегі жарыққа шықты.

Сонымен бірге XXғ. басында патша үкіметінің отаршылдық саясаты, аграрлық және қоныстандыру мәселелері ұлттық интелегенция өкілдерін толғандырған өзекті мәселердің бірі болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қаралды. Шаруа бастықтарының қазақтарды басқаруда кең құққа, зор өкілеттілікке ие болғандығы туралы Міржақып Дулатов өткен ғасырдың басында былай деп жазды. «Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан үйез, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер жұрт ісі түгел бұлардың қолында: тұр десе тұрады, жат десе жатады. Кристиянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті» деп жазды.

Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясаты, шаруалардың қоныстануы, қонысаударудың қазақ қоғамына тигізген зардаптары нақты деректермен беріледі.

Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымында шаруа бастықтары институты емес, орыс шаруаларын басқарудың кейбір аспектілері, шаруалардың құқықтары және земстволық басқарушылардың қызметінің ерекшеліктері зерттелді.

1917 жылғы революциядан кейінгі онжылдықтар бойы кеңес зерттеушілері шаруа бастықтары институтын мүлдем зерттеген жоқ. Дегенмен, осы кезеңде XIX-XX ғ. басындағы Ресейдегі тарихи жағдайды баяндайтын еңбектер жарық көрді. Кеңестік тарихнамада негізінен XYIII ғ. Ресей империясының оңтүстік-шығысындағы шаруалардың отарлауы және оның жергілікті халықтың тарихи тағдырына ықпалы жөніндегі мәселелер қаралды. Алғашқы кезекте Любавскийдің еңбегі империяның шеткері аймақтарын отарлаудың жалпы көрінісін, орыс шаруаларының орналасуы және олардың орыс емес халықтардың рухани және материалдық мәдениетіне ықпалы туралы жазды.

Кеңестік дәуірде тарих ғылымында зерттеулер ең алдымен экспонизм: қосылу және жаулап алу мәселесі төңірегінде шоғырланды. Осындай тарихнамалық талдаудан шығатын қорытынды зерттеулерде ең басты назар осы далалық өлкені аграрлық отарлау мәселесіне аударылды. Әлеуметтік - экономикалық тұрғыда өзекті және күрделі мәселелердің қатарына Қазақстанның аграрлық тарихы болып қала берді. Осы тақырыпты Л.Ауезова., С.Сүндетов, В.Черняков,А.Гинсбург және т.б. зерттеді.

Реформа жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастары П.Г.Галузоның еңбегінде жақсы қаралды. Патша үкіметінің аграрлық саясаты, қонысаударушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қазақтың көшпелі қоғамында егіншіліктің даму ерекшеліктері Б.Сүлейменовтың еңбегінде қаралады. Дегенмен, жоғарыда аталған зерттеулерде шаруа бастықтары, олардың мемлекеттің және қазақ көшпелі қоғамындағы ролі айтылмады.

XX ғасырдың 90 жылдары еліміздегі қоғамдық- саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тарих ғылымында жаңа бағыттар, жаңа көзқарастар пайда болды. Осы тұста белгілі құқықтанушы К.А.Жиреншиннің еңбегін бөліп айтуға болады, ол қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып, Дала генерал- губернаторлығында шаруа бастықтары институтына назар аударғандардың бірі саналады. К.А.Жиреншин өз еңбегінде Далалық өлкеде аталмыш институтты енгізудің құқықтық механизмінің жекелеген көріністеріне, XX ғ. басындағы басқару жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен бірге, еңбекте аталмыш мәселе XIX ғасырда Қазақстанда патша үкіметінің жүргізген әкімшілік реформаларының аясында зерттелгеніне байланысты, шаруа бастықтары институты еңбекте жүйелі түрде ашып көрсетілмеді.



11 Тақырып. Қазақ қоғамы және реформаланган даладағы құқық

Осы заманғы тарихнамалық ахуал қандай да бір қорытынды жасау үшін белгілі бір тәжірибе жинақтап қорытуды қажет етеді, сонымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік -экономикалық дамуы туралы мәселелерді талдап зерттеудің онан кейінгі жолдарын айқындауды талап етеді. Осындай мәселелердің бірі Ресей империясының аймақтық басқару моделін құрудағы тарихи тәжірибесі, орталық пен аймақтар арасындағы әкімшілік - саяси өзара байланыстардың ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осыған байланысты империя кеңістігін кеңейтуге ықпал еткен факторлар көрсетілген, экономикалық және саяси дамудың түрлі сатысында тұрған және біртұтас геосаяси кеңістікте түрлі социо-мәдени және этноконфессионалды параметрлері бар халықтарды біріктіруге мүмкіндік берген империялық басқару механизмін айрықша көрсеткен «Национальные окраины Российский империи» деп аталатын еңбек үлкен қызығушылық туғызады. Дегенмен, бұл зерттеуде де XX ғ. басындағы Қазақ даласындағы қазақ халқына да, орыс халқына да қатысты әкімшілік басқару бірлігі шаруа бастықтары институтының енгізілуіне назар аударылмады. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі,мақсаты, жергілікті әкімшіліктің көзқарасы туралы А.Ю.Быковтың еңбегінде аталып өтеді. Қазақстандық зертеушілердің ішінде М.Қойгелдиевтің еңбегінде Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі негізгі ерекшеліктері, Ресей билігі орнықтырған заңдар жүйесіне тоқталады, қазақ жеріне орыс шаруаларының жаппай қонысаударуы барысы, зардаптары, қазақ облыстарын басқарудың әкімшілік аппараты, патша шенеуніктердің жүгенсіздігі, соның ішінде Қарқаралы уезінің шаруа бастығы Цыловтың әрекеті баяндаладыК.Нұрпейісов өз зерттеуінде XXғ. басындағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуалдың аграрлық, ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленгенін, осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстардың ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын атап өтедіМұхтар Құл- Мұхаммед шаруа бастықтары институтының 1902 жылы қазақ даласында енгізілуі туралы және сондай –ақ автор мұрағат қорынан алынған шаруа бастығының қазақ халқына көрсеткен озбырлығы, түрлі жүгенсіздіктері туралы жазған заңгер Ж.Ақпаевтың 1905 жылы сенатор Паленге жазған арыз-хатының толық мәтінін келтіреді. Қазақстанды отарлау мәселесін Е.Ж.Валиханов еңбегінде жаңа көзқараспен көрсетсе, Б.М. Абдрахманова XIX ғасырдағы Қазақстанның әкімшілік-басқару жүйесі, әкімшілік- территориялық құрылымын зерттеп жазды.

Америка тарихшысы М.Олкотт Қазақстанға қонысаударушылардың ағылып келуі, қазақ халқының мүддесінің еленбеуі, орыс үкіметінің империялық саясатын ашып көрсетеді, тіпті қазақтардың мүддесі толығымен империяның мүддесінен жоғары тұруы мүмкін екендігі туралы пікірді Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин қабыл алмады деді. Сонымен бірге М.Олкотт П.Столыпиннің қазақтар теріс қарым - қатынастың құрбаны болған жоқ, оларға берілген 15 десятина жер егіншілікпен айналысуға толық жеткілікті, ал қазақтардың мәдениеті мен олардың темпераментінің ерекшелігі Ресей мемлекетінің қарқынды дамуы мен өрлеуін бәсеңдетуге дәлелді себеп бола алмайды деген сенімде болды деп нанымды көрсетедіШетел зерттеушілерінің ішінде Дж Демко «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» (1896-1917жж) еңбегін атап өткен жөн. Автор еңбегін орыс зерттеулері негізінде жазып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектеледі. Сонымен бірге шетелдік зерттеуші ғалымдардың қазақ жерін отарлау мәселесі жайында К.Л. Есмағанбетов, М.Лаумуллиннің, Қ.Р. Несіпбаеваның,Р.М. Таштемханованың еңбектерінде қаралды. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі Ресейдің қазақ даласындағы отарлау саясаты, қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануына арналған Р. Сариеваның Д. Абеновтің зерттеу жұмыстарында, Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі, және осы институттың жергілікті халықты орыс үкіметіне бағындыру, отарлау міндетін жүзеге асыру, орыс қоныс аударушыларын түпкілікті қорғау үшін қажет болғандығы атап өтеді.

Сонымен, Дала генерал-губернаторлығында шаруа бастықтары институтының енгізілуі және оның қызметі мәселелері революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдегі тарихнамада арнайы зерттелмеген тақырып болды. Осыдан шығатын қорытынды- аталмыш мәселе архив деректеріне, тарихи фактілерге сүйене отырып нақты зерттеуді қажет етеді.



12 Тақырып ХIХ Қазақ халықтың ұлттық отарлаудан босау қозғалысының тарихының көкейкесті мәселелері.

“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.

Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық. Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік, бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім- ақ көріп отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын - сүргінге ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді.

Қазір егеменді ел болған кезімізде, сол бұрмаланып келген оқиғалардың ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіретін мезгіл жетті . ХХ ғасырдың басында саяси, экономикалық зор мәні бар жер және қоныстандыру мәселерін ұлттық интелегенция өкілдері: М. Дулатов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев т.б. толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі болды. Олар шаруалар отарлауына ұлттық мүлде тұрғысынан қарап, орыс мұжықтарының қазақ жеріне қоныстануы жергілікті халықты қайғылы зардаптарға ұшыратқанын батыл айыптады.

Түркі өркениетінің дамуына өлшеусіз зор үлес қосқан Қазақстан, қазақ халқы, қазақ жері дейтін болсақ, сол қазақ халқы патшалық отарлау саясаты мен коммунистік үстемдік кезіндегі қоғамдық және ғылыми өмірден шектен тыс идеологияландырылуы қазақ халқының түркі өркениетіне қосар үлесіне кері әсерін тигізді.

Ол әсіресе қазақ жерін орыс шаруаларының отарлауы және оның қазақ қоғамына тигізген ауыр зардаптарынан көрінді . Кең байтақ туған жері дәстүрлі шаруашылығының негізі және тіршілігінің көзі болып табылған қазақтың «жер дауы жесір дауы» деген қанатты сөздеріне жер дауының бірінші аталуы тегін емес еді. Өйткені «кіндік қаным тамған» деп ата жұртын аса қастерлеген халқымыз үшін жер мәселесі көкеикесті мәселе болып табылды. Патша өкіметінің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ халқы жарамсыз аймақтарға ығыстырылды, соның салдарынан кедеиленді аштыққа ұшырады, тіпті қырылып жатты. Ол турасында алаш қайраткерлерінің бірі М. Дулатовтың өзінің жер мәселесіне арнаған мақаласындағы «қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті милиондаған жерсіз мұжықты өкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтап келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, он бес, жиырма жылдан бері бүл көшпелі мұжықтардың келіп бітіуінің ұшы көрінбей бұлай болғанда да енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал « /1/деген сөздері расталған болатын .

Шаруаларды қазақ даласына орналастыру Ресей империясының тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мүлдесімен де астасып жатты. Патшалық әкімшілік қоныстанушы мұжықтарды өзінің өлкедегі отарлық саясатын жүзеге асырудағы саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыру мақсатын қойды. Яғни, шаруалар отарлауы арқылы патша үкіметі жаулап алынған аймақтарға берік табан тіреуді көздеді.

Осы мәселені зерттеушілердің бірі ғалым тарихшы Ә.Б. Тұрсынбаев өз еңбектерінде қоныстандыру саясатының себептерін, мақсатымен барысын және нәтижелерін талдап отандық тарих ғылымына салмақты үлес қосты ол патша үкіметінің қоныстандыру саясатының реакциялық сипатын ашып көрсетті. Автор қазақ халқының ата-қонысының тарылып жерінің келімсектерге күшпен үлестірілуі, соның салдарынан қазақтардың кедеиленіп, қырылуы қоныстандыру саясатының нәтижесі екендігін және бұл жағдайлар революцияға дейінгі кезеңдерде одан әрі жалғасуын ашып көрсетті. Патшалық министрлер кеңесінің мәжілісінде «Амереканы отарлау барысында жергілікті халықтарға қатысты қандай саясат жүргізелсе қазақтардың жерін тартып алу кезінде де сондай әрекет жасалу керек деген пікір айтылған. Ал өзен көлдер бойындағы, орманды жерлердің тартып алынуы, қазақтарды құмды, шөлді жерлерге кетуге мәжбүр етті. Бұл жағдай жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығын бұзып, ата қонысын қазақтар арасында жер тартысын, ру аралық өшпенділікті тудырды. Рулар арасындағы өшпенділіктің шиеленісуі қазақ қоғамының бөлшектенуіне апарып соғатыны белгілі. Мұның бәрі , әккі патшалықтың түпкі отарлық «бөліп алда билер бер» пиғылымен астасып жатқан болатын. Тарихшы Ә.Б Тұрсынбаев өз зерттеуінде қоныстандыру барысын 1) Сібір темір жолына салуға дейін : 2) Сібір темір жолы комитетін құрғаннан кеиінгі қоныстандыру қозғалыс.

Столыпиндік реакция кезіндегі қоныстандыру қозғалысы кезеңдеріне бөлді. Тарихшы ғалым аталған зерттеуінде қоныстандыру саясатының кезеңдерін бір жерге жинақтап көрсетпесе де, оның мақсатын, сипатын, себептерін, барысын шартты түрде жоғарыдағыдай кезеңдерге бөлу арқылы көрсеткен (2).

Ал тарихшы Е. Бекмаханов бұл саясатты шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырады 1) 1870-1889 жылдар 2) 1890-1897 жылдар. Патша үкіметі отаршылдық саясаты арқылы қоғамдық өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізді. Яғни қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрі мен рухани байлығының түбіне балта шауып, экономикалық құрылымының күизелуіне рухани бастауларының құлдырауына алып келді. Ә.Б Тұрсынбаев шаруалар отарлауы біржағынан патша өкіметінің әлеуметтік саяси тірегін күшейтуге, екінші жағынан қазақ жерінің орасан зор байлығын тартып алуға негіз болды. Шаруалар отарлауының барысында қазақтардың тарихи қалыптасқан шаруашылығы күйзелді, мал шаруашылығы дағдарысқа ұшырады, мешіттері орыс қоныстарының арасында қалды, ата-бабасының бейіттері тапталды, халықтың тілі мен діні жойылып соның негізінде қазақтарды орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс шаруаларын қазақтармен араластыра орналастырды.

Сөйтіп шаруалар отарлауы, қазақтардың әлеуметтік – экономикалық рухани мүделерін тәрік етті деп жазды. Осылайша қазақ даласындағы өзінің саяси билігімен тірегін нығайтқан патшалық Ресей түркі өркениетінің бір тірегі Орта Азия территориясын жаулап алу плацдарымына айналдыра алатынын жақсы түсінді.

Патша үкіметінің қазақ халқына қатысты осындай саясатын М. Тынышпаев үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті; біріншіден, жабайы және тағылық қуғын –сүргіндер және тілді, әдет –ғұрыпты барлық өзіндік ерекшелікті қыспақа алу арқылы қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, пәрмендер мен ережелер күші мен қазақтарды құқсыз, қауқарсыз, заңсыз тобырға айналдыру, үшіншіден, оларды қаны төгіліп, сүйегі шашылған ата қоныс жерлерінен айыру және қара дүз, қудалаға ажал апанына айдау қандай қанқұйлы зымиян мақсат деп айыптады

Ойымызды қортындыласақ , патша үкіметі өзінің қоныстандыру саясаты арқылы, біріншіден, Ресейдегі жер шиеленісін қазақ жеріне орыс мұжықтарын қоныстандыру арқылы шешу, екіншіден, көшіп келген орыс шаруаларын өзінің әлеуметтік –саяси тірегіне айналдыру, үшіншіден, қазақ жерлерін Орта Азия бағытындағы өзінің стратегиялык мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы плацдарм ету, төртіншіден өлкенің жер байлығын тонау, елді өзінің шикізат көзіне айналдыру, бесіншіден , орыстар санын арттыру, сөйтіп, жергілікті халқты орыстандыру, алтыншыдан, осы шараларды пайдаланып , қазақ халқының саяси бірлігі мен тұтастығына жол бермеу және қазақ елін Ресейдің түпкілікті отарына айналдыру мақсатын көздеді.

13 тақырып. Қазақ диаспорасындағы маңызды сұрақтарды талдап үйрену

Жоспар 1Қазақ диаспорасының қағидалы мәселелері

2 Қазақ диаспорасының іргелі мәселелерін жаңаша көзғараспен зерттеп білу



Мақсаты. Қазақ ғалымдарының диаспора туралы жазбаларын қарастырып, оқып уйрену.

Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуын және қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесіне байланысты зерттеулер қарастырлады. Олар: Кеңестік және қазіргі кезеңдегі іргелі зерттеулер; және бүгінгі зерттеушілердің әртүрлі мақалалары. Кеңес Одағы кезінде шетелдегі қазақтарды зерттеу ойдағыдай жолға қойылды деуге келмейді. Бұрынғы кездердегі асыра сілтеулерге байланысты билік басындағы әміршіл-әкімшіл жүйе барынша өз қателігін бүркемелеуге тырысты. Жаппай кеңестік ұлт құруға құлшынып отырған елде жекелеген ұлттардың ұлттық мүддесі мүлде ескерілмеді. Мұндайда шетелдегі қазақтар туралы салиқалы ой қозғау мүмкін болмады. Шетелдегі қандастарды ішке тарту былай тұрсын, оларды көбіне отан сатқындары, коммунизмнің жаулары ретінде көрсетуге тырысты. Елдегі қазақтардың олармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды. Шетелдегі қандастар туралы жазылған ғылыми жұмыстар қатал цензурадан өтті. Кейбіреуі қорғауға жіберілмеді. Мұндай жағдай шетелдегі қандастарымыз туралы жүйелі ғылыми түсініктің қалыптасуына кедергі болды. Соған қарамастан, шетелдегі қазақтардың тарихы туралы біраз ғылыми жұмыстар қорғалды. 1970 жылдары Л. Бадуамов «Шыңжаң қазақтарының Ұлы ықпалы мен төнкерісі» туралы диссертациясын қорғады Шетелдегі қазақтар туралы шамалы мәліметтер «Қазақ совет энциклопедиясына» енгізілді. Шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын «Біздің Отан» (кейінгі «Шалқар») газеті тұрақты шығып тұрды. ҚазКСР. ҒА. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шетелдегі қазақтардың рухани мұрасы туралы қолжазбалар қорын жасақтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіздіҚазахстане (1917-1980 гг.)» монографиясы аталған мәселе туралы тұңғыш рет талданып, қорытылған еңбек болып табылады. Бұл монографияда Қазан төңкерісінен кейінгі ұзақ кезең ретінде көп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт мәселелері елдегі көкейкесті әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тұрғысынан кеңінен зерттелді. Жоғарыдағы авторлар ХІХ ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі кезеңдегі көші-қон мәселерлеріне де көңіл бөледі. Бірақ, идеологиялық шектеулердің салдарынан шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесі жұмыста кеңінен қарастырылмаған. Қазақтардың шет жұрттарға бытырай қоныстануының саяси және тарихи себептері терең талданбаған. М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Демографические процессы современного Казахстана» атты монографиясында 1980-1990 жылдардағы демографиялық үрдістер, ел-жұрттың саны, даму динамикасы, оның сапалық көрсеткіштері, жыныстық, жастық құрамы, т.б. талданған Бұл еңбекте қазақтардың өз елінде азаю себептері талданғанымен, шетелдегі қазақтар мәселесі, оларды елге қайтару ісінің еліміздің демографиялық хал-ахуалымен болған тығыз байланысы қарастырылмады. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өзге ұлт диаспоралары тақырыбына да біршама зерттеулер жүргізілді. Кезінде өлкедегі жұмысшылардың қалыптасуы мен дамуын тарихи демографилық тұрғыда зерттеу мәселесі көп жақты күрделі құбылыс болғандықтан, мәселенің демографиялық, этнографиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілері баса қарастырылды. Мысалы, заң ғылымының кандидаты А.М. Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының құқықтық мәселелеріне арналған жұмысында осы заманғы ішкі көші-қон мәселеріне, атап айтқанда, еңбек көші-қоны, оның Қазақстандағы нарықтың жай-күйіне ықпалы қарастырылған А.М. Нұрмағамбетов «экономикалық босқындар» деп аталатын ерекше әлеуметтік топты бөліп көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарында алғашқылардың бірі болып қазақ диаспорасы жайында Г. Меңдіқұлованың «Казахская диаспора: история и современность» еңбегі жарық көрді Автор еңбегінде шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы мен қазіргі қал-жайына, Қазақстанмен байланысына кеңінен тоқталады. Еңбекте автор қазақ диаспорасының қалыптасуының тарихи себептерін талдай келе, шетелдегі қазақтарды «диаспора» және «ирридент» деген екі топқа бөлді. Ол бойынша шалғай шет елдерге: Ауғанстан, Иран, Түркия, Германия, АҚШ, Франция секілді Қазақстан шегінен оқшау, жырақта тұрған елдердегі қазақтарды «диаспора» деп, ал Қазақстанмен шекаралас, біртұтас геотарихи аумақта өмір сүрген қазақтарды «ирридент» деп атайды. Соңғысына Қазақстанмен көрші немесе оған жақын жатқан Қытай, Ресей, өзбекстан, Моңғолия елдеріндегі қазақтар жатады. Бұл елдердегі қазақтар өздерінің байырғы ата мекенінде жұбын жазбай, шоғырлы түрде отырғандықтан, ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін толық сақтаған деп айтуға болады. Ал диаспора аталған алыс шетелдердегі қазақтар өздерінің тілі мен салт-дәстүрінен ажырап қалған. Г. Мендіқұлованың аталған зерттеу еңбегі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі біршама жан-8 жақты зерттеген, қоғамда, әсіресе орыс тілді ортада олар туралы дұрыс көзқарастарды орнықтыруға әсер еткен бірегей еңбек деуге толық негіз бар. Осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар ретінде М.Б. Тәтімов, Н.В. Алексеенко, Ә. Ғали, Д. Ғали сынды ғалымдарды айтуға болады Аталмыш ғалымдар көші-қон мәселесін түрлі қырынан зерттеп, оның құқықтық-экономикалық және әлеуметтік-саяси жақтарына тұжырым жасады. Бұл еңбектер Қазақстандағы көші-қон мәселесі мен демографиялық жағдайды сипаттап қана қоймай, ондағы көкейтесті мәселелерді дәл көрсете алуымен құнды. Қазақстандағы көші-қон тарихына қатысты, халықаралық денгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді қарастырған, «Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі» атты монография жарық көрді. Бұл ұжымдық еңбекте диаспоратанудың және қазақ диаспорасының іргелі мәселелері қарастырылған Халқымыздың өз тағдырына деген ерекше ықыласы ХХ ғасырдың басында ерекше көрініс алғаны баршаға белгілі. Ол ХХІ ғасырдың басында да солай қайталанды. Академик Ә.Н. Нысанбаевтың редакторлығымен шыққан «Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы» атты еңбекте қазіргі жаһандану заманындағы еуразиялық кеңістікте орын алған қазақ диаспорасының маңызды мәселелері жан-жақты зерттелген [11]. Қазақ диаспорасының қалыптасуында кеңестік тоталитарлық жүйенің де қосқан үлесі мол болды. Ресей ғалымы И.И. Алиевтің «Этнические репрессии» атты монографиясын осы мәселелерді қарастырған еңбектердің қатарына жатқызамыз Ол ұлттардың репрессияға ұшырау себептерінің саяси қырларын ашып көрсетеді. Бұл үрдістің бел ортасында қазақ халқының да болғаны белгілі. 1991-жылдардағы көші-қон үдерісіне көптеген Қазақстандық ғалымдардың мақалалары арналды және Қазақстандық тарихшылардың келесі бір тобы - Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерттеуді мақсат тұтты. Бұл ретте А.Т. Тілесовтың «Саяси-әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының қалыптасу ерекшеліктері» Б.Р. Найманбаевтың «Қазақстандағы 1970-1999 жылдар аралығындағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихы» Қ.А. Енсеновтің «Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959)» Ә.Б. Аманның «Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары)» сияқты еңбектерін атауға болады

1991 жылдардан бастап Қазақстанның көші-қон және демографиялық жағдайына, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани өміріне ерекше өзгерістер ала келген ағайындар туралы, олардың тарихи Отанына оралуы мен жерсіндірілуіне, жалпы оралмандар мәселесіне арналған іргелі зерттеулер жарық көре қойған жоқ. Ғалымдарымыз шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесін жекелеген мемлекеттер бойынша, белгілі бір мәселе төңірегінде зерттеді деуге болады. Бұл еңбектерде қазақ халқының бір бөлігінің түрлі тарихи жағдайда, әсіресе, Кеңес одағының әміршіл-әкімшіл саясаты 9 салдарынан өз ата қоныс жерімен қоса шетелдік болып қалғанын немесе алыс шетелдерге бас сауғалағаны тарихи тұрғыдан біршама зерттелгенімен, 1991 жылдан бастап жаппай үрдіс алған көші-қон жағдайы жүйелі зерделенген жоқ. Бірақ, оралмандардың елге келуі мен олардың орналасуы, азаматтық алуы, әлеуметтік қамтылуы т.б. мәселелер қазақ баспасөзінде көптеп көтеріліп келеді. Қазақстандағы көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері оралман мәселесіне көңіл бөліп, оның шын мәніндегі ұлттық саясат деңгейіне көтерілуіне, Үкімет саясатының басым бағыттарының бірі болу керектігіне ықпал етіп келеді. Бұл қатарда Ш. Мұртаза, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, А. Жағанова, М. Шаханов, А. Сейдімбек, Б. Тілеуханов, Б.Тайжан, Ә. Ысқақ, У. Қалижан т.б қайраткерлерді айрықша атап өткен жөн. Бұл іске Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен елімізге шетелдерден көшіп келіп, азаматтық алған және Қазақстанда бір кісідей еңбек етіп жүрген оралман зиялыларының өкілдері де атсалысып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Олардың қатарында шетелдегі отандастарымыз бен олардың елге оралуы жөнінде өзіндік зерттеу материалдарын жариялап, пайдалы ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтып жүрген З. Қинаятұлы, Н. Мұқаметханұлы, Т.Зәкенұлы, З. Қабылдинов, А. Мауқараұлы, Ж. Қамайұлы, И. Жеменей, Қ. Бодаухан, Р. Айыпұлы, Е. Кәпқызы, Н. Бұлытай, Б. Қайратұлы, А. Ахметбекұлы сынды азаматтардың қосқан үлесі зор. Олардың мазмұнды мақалалары, шетелдегі қандастар туралы зерттеулері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Шетелдердегі этникалық қазақтар тақырыбын бірінші болып көтерген және ол туралы үзбей жазып келген халықаралық «Шалқар» (бұрынғы «Біздің Отан») апталық газеті еді. Кеңес Одағы кезінде жарыққа шыққан бұл газет шетелдегі қазақтарға Кеңес Одағының қазақтар қоныстанған елдердегі елшіліктері арқылы тегін таратылып, шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасаудың бірден-бір рухани құралына айналды. Газет беттерінде үнемі шетелдегі қазақтардың айтулы тұлғалары туралы таныстыру мақалалары, тарихи деректер, Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар жарияланып тұрды. «Шалқар» газетімен бір уақытта шетелдегі қазақтар тақырыбын жиі тілге тиек еткен «Қазақ әдебиеті» газеті болды. Онда әсіресе шетелдегі отандастарымыздың әдебиеті мен мәдениеті туралы жазылды әрі шетелдегі қазақ жазушыларының шығармаларына да орын берілді. Қазақ баспасөзінде алғашқылардың бірі болып «Қазақ әдебиеті» газетінде Б. Тоқанұлының




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет