ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#12028
1   2   3   4   5   6   7
Осы тапсырысты орындауға бөлімге ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев аға ғылыми қызметерлікке, Н. Әлімбаев аспирант болып қабылданады.
Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді.
Сонымен қатар "Очерки истории исторической науки Советского Казахстана" жинағын құрастыру үлкен теориялық және практикалық қызығушылық туғызды. Онда алғаш рет Кеңестік билік жылдарындағы тарих ғылымының даму динамикасы өзінің барлық өзектес салаларымен, яғни археологиялық, тарихи-партиялық жағы, этнографиялық салаларымен толық біртұтастықта қарастырылады. "Очерктердең қазақстандық тарих ғылымының кез-келген мәселелерін қарастырудың өзіндік лабораториясы ғана қарастырылмайды, сондай-ақ оның келешек дамуына аса қажетті ақтаңдақ тұстары да айтылады. Осы тұста ерекше айта кететін нәрсе, оны дайындаушылар жоғарғы оқу орындарында тарихнама пәнін тереңдете оқытуды жетілдіруге өзіндік үлес қоса алған.
1986 ж. Бөлім меңгерушілігіне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев тағайындалады.
1985-1989 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, жетекші ғылыми қызметкер С.Б. Нұрмұхамедов және ғылыми қызметкер В.К. Янулов Қазақстан индустриясының дамуы және жұмысшы табы тарихы бөлімімен бірлескен "Кеңестік Қазақстанның индустриалды дамуы тарихының тарихнамасы (1917-1980 жж.)" тақырыпты орындауға қатысады. Олар тақырып бойынша көптеген ғылыми мақалалар жариялайды және "История рабочего класса Советского Казахстана" атты үштомдық монографиялық еңбектің жазылуына атсалысады.
Ал, 1987-1990 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, аға ғылыми қызметкер Н. Әлімбаев, ғылыми қызметкерлер В.К. Янулов пен Л.Н. Катасоновалар ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тарихы бөлімімен "Ауыл шаруашылығы және шаруа қожалықтары тарихының тарихнамасы" тақырыбындағы зерттеу жұмыстарына қатысады. Сондай-ақ бөлім қызметкерлері "Социалистік Отанды қорғау мәселелерінің тарихнамасы" және "Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңіндегі Қазақстан (22 маусым 1941- 18 қараша 1942 ж.)" атты жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылып, алда жаңа міндеттер туындайды. Зерттеу нәтижелерінде көптеген ғылыми еңбектер баспасөз беттерінде жарық көреді.
Бөлім қызметкерлері аталған тақырыптармен қатар жоспардан тыс "Великий Октябрь - ускоритель социально-экономического прогресса (историография: опыт и проблемы" атты Қазан революциясының 70-жылдығына арналған тарихнамалық жинақты әзірлейді. Жинақ "Ғылым" баспасынан 1987 ж. жарық көрді.
Жоспардағы және жоспардан тыс тақырыптар бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің нәтижесінде, Институттың және жоғарғы оқу орындарының жетекші мамандары бірлескен тарихнамалық зерттеулер жүргізуге қол жеткізді. Көлемді ғылыми еңбектерді дайындау мен баспадан шығару барысында уақытша шығармашылық топтарды құру тиімділігі арта түсті. Сондықтан да индустриалды даму және жұмысты табы, республикадағы аграрлық қайта құрулар және колхоз шаруалары тарихының тарихнамаларын зерттеу сол тақырыптарды зерттейтін бөлімдермен тығыз байланыста қарастырылатын болды.
Сонымен, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы тарихнама мәселелерінің ғылыми бағытының басты өзегі тарих ғылымдарының тарихы, және кейбір тұстарда шетелдік буржуазиялық тарихнама сыны жөніндегі шолулар болып табылады. Дегенмен де, осы жылдардағы ізденістерде тарихнамалық зерттеулердің әдістемелік (методологиялық) негіздемесі жөніндегі зерттеулердің аздығы анық байқалып қана қоймайды, ол тарих ғылымдары тарихының дүниетану пәні ретіндегі өзіндік ерекшелігін әлсіретіп, тарихи білімдердің даму заңдылықтарын ашуға кедергі де жасайды. Осыдан барып тек бөлім қызметкерлеріне ғана емес, жалпы Институт ұжымына қазақстандық тарихнама мәселелерінің әдістемелік және теориялық тұстарына, әсіресе, өтпелі кезең (қорытындылары мен келешегі), қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерінің тарихнамасына жете көңіл бөліп, зерделеу қажеттілігі туындайды.
Сондықтан да Тарихнама бөлімінің ғылыми бағыты қайтадан қарастырылып, Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына іргелі екі ірі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы мәселелері" тақырыбы енгізіледі. Тақырыптың жетекшілігіне сол жылдардағы бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, ал орындалу мерзімі - 1987-1995 жж. болып бекітіледі. Осы жылдардағы бөлімнің қызметіне кеңірек тоқталсақ.
Қазақстан тарихына қатысты сан алуан тарихи әдебиеттер жазылды, соның ішінде кеңестік кезең тарихына көп қалам тартылды. Оларда тарих ғылымының қалыптасуының күрделі процесі қарастырылады: әдебиеттердің біраз бөлігі, әсіресе, 20-30-шы жылдардағы қатысты басым бөлігі зерттеуші қолына түсе бермейтін арнайы жабық қорларда сақталып келді, олармен жұмыс істеуге тек соңғы жылдары ғана мүмкіндік туды. Кейінгі жылдардағы әдебиеттерде қоғамда өз үстемдігін жүргізген идеология мен жеке басқа табыну тәжірибесі, волюнтаризм мен субъектизм, құлдырау мен тоқырау кезеңдерінің тұжырымдары қарастырылғаны тарихи шындық. Олардың зардаптары алғашында КПСС-тің ХХVІІ съезінде, ХІХ Бүкілодақтық партконференцияларда ашық айтыла бастаған болатын. Әрбір кезеңге қатысты мұрағат құжаттары сұрыпталып, стереотиптік жағынан қарастыру қалыптаса бастаған тұста "ақтаңдақтар" мен "жабық тұстар", яғни этника мәселелері, Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының сипаты мен маңызын бағалау, үш революция және Қазақстандағы азамат соғысы тұсындағы саяси ағымдар мен партиялардың рөлі, кеңестік қазақ зиялыларының қалыптасу мен дамуы, капиталистік емес жолмен дамудағы қазақ халқының социалистік жеңістерінінің шынай тарихы аршыла бастады. Міне, осы жасалғандарды объективті тұрғыдан көрсете отырып, тарихнама ғылымы қайта құрулар тұсында сараптамалық бағасын жасап, тарихымыздың ашық беттерін толықтырылуын қарастыра бастады. Осыған орай қазақстандық тарихнама тарих ғылымының ортақ жалпы теориялары (методологиясы) және бағыттарының ғылыми-теоретикалық синтезі мен ғылыми негізін дайындауды қамтамасыз етуге тиіс болды.
Сонымен қатар, тарихнама, тарих ғылымының басты саласы ретінде республикамызда әлі де болса өз дәрежесінде дами алмаған еді. 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардары тарихнама жанрын жандандырудағы әрекеттер үлкен істің бастамасы ғана болатын. Бұл сол кезеңдегі Қазақстанда ғана емес, барлық ұлттық республикалардағы тарихнама жанрына тән көрініс-тін. Нақтылы-тарихи мәселелерді зерттеудің жалпы жағдайы барлық ғылыми ізденістерге қатысты көзқарастар мен пікірлердің саналуандығымен сипатталады. Осыдан зерттеу бағыттары мен тұжырымдардың көпжақтылығы туындайды да, әрі осы бір бытыраңқылық пен қайшылықтар ғылыми нақтылау мен саналы көзқарасты талап етеді. Аталған фактілер тарихнамалық зерттеулердің даму қажеттілігі өскелең қоғам талабы екендігін тағы да дәлелдей түседі.
Аталған тақырып бойынша тың бастамалар базасы құрылды. Қазақстан тарихындағы "ақтаңдақтардың ашып көрсетудің жаңа жолдары қарастырылып, олардың кейбіреулері бойынша орындаушылар да өз бағыттарын анықтады ("Ақтаңдақтар" туралы ақиқат // Социалистік қазақстан, 1988, 11 октябрь; Шындық тағылымы // Қазақ әдебиеті, 1988, 8 апрель; Голощекин. Саяси портрет // Қазақ әдебиеті, 9 декабрь; Некоторые итоги актуальные проблемы изучения истории Казахстана // В кн.: Вопросы историографии Казахстана. -Алма-Ата, 1983. -С.5-28; Некоторые проблемы историографии Великого Октября и гражданской войны в Казахстане / Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана. -Алма-Ата, 1987. -С.16-56).
Мәселені зереттеудегі жаңа ізденіс бағыттары, қорытындылары мен көзқарастар Бүкілодақтық және аймақаралық конференция мінберлерінде талқылауға ұсынылды (Ұлы Отан соғысы тарихы тарихнамасы мәселелері жөніндегі конференцияда. -М., 1978; Орта Азия республикалары және Қазақстан тарихнамашыларның аймақтық мәжілісі. -Алматы, 1987; КСРО-ның индустриалды дамуы және индустриаландырудың актуалды проблемалары. -Алматы, 1988; Орта Азия республикалары мен Қазақстандағы ұжымдастыру мәселеріне арналған "Дөңгелек стол". Алматы, 1988).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, зерттелген тақырып қорытындылары бойынша 3 жинақ жарық көреді: 1. Вопросы историографии Казахстана. -Алма-Ата, 1983. 2. Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана. -Алма-Ата, 1987. 3. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана (дореволюционный период). -Алма-Ата, 1988.
КСРО ҒА Президиумының тарихнама және деректану жөніндегі Проблемалық Кеңесінің ұсынысымен ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тарихнама және деректану бөлімінің базасында Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында аталған проблема бойынша аймақтық секция құрылады. Бұл осы проблематика бойынша қазақстандық тарихнамашылардың озық тәжірибесі мен нақтылы базасының қалыптасқандығын танытады.
Бөлім қызметкерлері Р.В. Колдобская мен А.И. Нарманбетовалар Қазақ КСР тарихы бойынша қорғалған диссертациялардың көрсеткішін (1935-1985 жж.) құрастырып, баспаға дайындайды.
Институттың қоғамдық істеріне белсене араласқан бөлім қызметкерілері тағы бір жаңа бастама көтереді. Олар Қазақстан өлкетанушылар қоғамының құрылтай жиналысын өткізіп, онда Бөлім меңгерушісі М. Қозыбаев республикадағы өлкетанудың жағдайы туралы баяндама жасайды. Осы Құрылтайды өткізуде П.С. Белан белсенділік танытады.
Сондай-ақ бөлім қызметкерлері көрнекті тарихшы Г.Ф. Дахшлейгердің 70 жасқа толуына арналған Институт Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісін өткізуге атсалысады. Бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері С.Б. Нұрмұхамедов "Г.Ф. Дахшлейгер - көрнекті ғалым-тарихшы, ғылым ұйымдастырушысы" тақырыбында баяндама жасаса, кіші ғылыми қызметкерлер Р.В. Колдобская мен Е.А. Байтоғаев, аспирант М. Мадьяров мерекелік көрме дайындайды.
Осы жылдары бөлім құрамы С.А. Қуандықова, Е.А. Байтоғаев, Р.С. Құдабаева және Г.А. Байболова сынды жаңа қызметкерлермен толықтырылады.
Бөлім қызметкерлері және аға ғылыми қызметкерлер, тарих ғылымдарының кандидаттары А.К. Бисембаев, Н.Т. Кенжебаев, т.б. академик М. Қозыбаевтың басшылығымен 1991-1993 жж. аралығында жүргізілетін іргелі ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша "Қазақстан ХХ ғасыр басында. Методология, дерек көздері, тарихнамаң жаңа тақырыпқа тартылады. Тақырып бойынша ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы мәселелерінің теориялық-проблематикалық тұстары қарастырылады. Қазақстан Ресей империясының отары ретінде сипатталатын материалдар кеңінен зерделеніп, өз тәуелсіздігі жолындағы қазақ халқының азаттық көтерілістері қайтадан пайымдалады, өлкедегі қоғамдық-саяси ойлардың дамуы жаңа қырынан көрініс табады. Сондай-ақ басты назар қазақ демократиялық және ағартушы зиялыларының ролі, "Алаш" партиясының құрылуы тарихына аударылады. Осы тақырып аясында алғаш рет 1916 жылғы көтерілісті ұлт-азаттық көтеріліс деп қарастыру тұжырымы ұсынылып, ол халықтық қолдауға ие болады. Аталған мәселелермен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, патшалық Ресейдің отарлау саясатының тарихы да жан-жақты қайтадан қарастырылады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша 15 жұмыс жарық көреді, оның ішінде М. Қозыбаевтың "Ақтаңдақтар ақиқаты" атты монографиясы бар. Орындаушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларда 13-тен астам баяндамалар мен хабарламалар жасайды. Осылармен бір мезгілде "Казахстан в начале ХХ века: Методология и историография" атты мақалалар жинағы мен "Казахстан в 1916 году" атты құжаттар жинағы дайындалады.
Институт Ғылыми кеңесінің 1993 ж. 7 қаңтардағы мәжілісінде институттың құрылымын қайта құру мәселесі қарастырылып, оның шешімі бойынша Тарихнама және деректану бөлімі Орталық архив және Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпараттар бөлімдерін қосумен кеңейтіледі. Осыған орай бөлімнің зерттеу бағыты мен міндеттеріне де өзгерістер енеді. Тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Сужиковтың жетекшілігімен "ХVІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихының мәселелері жөніндегі батыс тарихнамасың атты тақырыпты орындауға тарих ғылымдарының кандидаттары Л.И. Катасонова, Д.М. Костина, Д.М. Юзкаева, Г.Б. Бырбаева, С.Ә. Жакишева, аға-инженер А.Т. Ракишева тартылды.
Бұл ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарда аймақтың өткені мен қазіргісіне қатысты шетелдік материалдарды іздеу-ақпараттық өңдеу және кешенді талдаудан өткізіледі. Шетелдік сарапшылардың тарихи аспектілер бойынша, сондай кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азияның даму барысы жөніндегі байымдаулары, біздің отандық тарих мәселелеріне қатысты әдебиеттер, қазақстантану мен ортазиятануға қатысты мектептер мен бағыттардың болуы белгілі бір дәрежеде бүгінгі таңдағы жас тәуелсіз мемлекеттердің саяси бағытына әсер ету мақсатында ғылыми-зерттеу бағдарларын қалыптастыруға ұмтылып отырғандығы анық.
Әсіресе шетелдік қазақстантанудағы этногенез мәселелері контекстінде ұлттық және ұлттаралық қатынастарды, көшпелі өмір салтының тарихи-экономикалық мәселелерін, Қазақстанды отарлау саясатының тарихы жөнінде жазылғандардан аларымыз баршылық. Сондықтан алға қойған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу барысында материалдарды жинау мен өңдеу мынандай блоктармен жүргізілді: 1. Шетелдік қазақстантанудың концептуальдық құрылымы; 2. Қазақстанды кеңестік отарлау шетел классикалық тарихнамасында; 3. Көшпелі өмір салтының тарихи-мәдени аспектісі; 4. Қазақстанның аграрлы тарихы; 5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және шетелдік тарихнама; 6. ПЭВМ базасында ақпараттық әрекеттерді автоматтандыру мәселелері.
Сонымен қатар шетелдік және кеңестік тарихнамалық еңбектер негізінде тарих ғылымдарының докторы, бөлімнің Бас ғылыми қызметкері Ж.Б. Әбілхожиннің жетекшілік етуімен "Қазақстандағы аграрлық саясат тарихи тәжірибесі контекстіндегі ұлттық қауіпсіздік мәселелері" атты зерттеу де өзінің түпкілікті күткен нәтижелерін берді. Осы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық байланыстар орнатылды. Ғалымдар Рэнн және Париж университеттеріндегі әріптестерімен осы мәселе төңірегінде пікір алмасулар өткізді. Мәселе жөніндегі зерттеушілердің кейбір тұжырымдары "Кеңестік кезеңнен кейінгі қоғамдағы үшінші секторң атты қазақ-американ және "Кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азия" атты қазақ-француз симпозиумдарында талқыланды.
Зерттелген мәселелердің соңғы нәтижесінде Б.М. Сужиковтың "Проблемы этнической идентификации в зарубежных центральноазиатских исследованиях" атты монографиясының қолжазбасы дайындалды. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Еуроазиялық идеясын жүзеге асыру шаралары аясында бөлім қызметкерлері шетелдік іргелі тарихънамадлық еңбектердің негізінде аналитикалық материалдар даярлайды. Бөлім қызметкері Л. Катасонова Г.Дж. Гальпериннің "Россия и степь: Дж. Вернадский и евразианизм" (Берлин, 1989, 142 с.) және Д. Маккензидің "Лев Ташкента: Карьера генерала М. Черняева" (Лондон, 1994, 270 с.) монографиялық еңбегінің 6 тарауын аударады. Ал, ғылыми қызметкер Д.М. Костина оның "Русь и Золотая Орда" атты еңбегінен аударма дайындады. Аталған зерттеу жұмыстары 1996-1997 жж. аралығында "Шетелдік зерттеулердегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері" деген тақырыпта өз жалғастығын тапты.
Жүйелі және тарихи-салыстырмалы тарлдау, хронологиялық және проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу, шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын - тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж.). Жұмысты орындаушылар құрамы төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М.Қ. - жетекші, Төлепбаев Б.А. - бас ғылыми қызметкер, Романов Ю.И. - жетекші ғылыми қызметкер, Ерофеева И.В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С.Ф. - аға ғылыми қызметкер, Асанова С.А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д.И. - т.ғ.д., ҚазҰМУ, Гуревич Л.Я. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Қозыбаев І.М. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Бисенбаев А.К. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Кожкенов С.А. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т.ғ.к., докторант, Жоламанова А.А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р.Қ. - Институт ғылыми хатшысы.
Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады.
Ал, ХХ ғасырдың басы болса ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ғылыми еңбектерінің жанданған тұсы болды. Олардың еңтекрін талдау казақ тарихнамалық дәстүрінің болғандығын нақтылай түседі. Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайдердиев, М.Ж. Көпеев, М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов т.б. еңбектектерін терең зерттеп, зерделеуде басты тарихи көзқарастар аспектілері анықталып, жоғарыда аталған қайраткерлердің тарихнамалық ізденістерінің жалпы бағытынан мәлімет аламыз. 20-30-шы жылдардағы жұмыстарды талдау барысында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің тарих ғылымының дамуына кері әсер етіп, өз уысынан шығармағандығы анық байқалады. Зерттеу әдістемелеріне таптық тұрғыдан сипат берудің өктемдігінің нәтижесінде алаш қозғалысының тарихы туралы тақырып мүлдем жабық күйде болып келсе, "буржуазиялық идеологиямен күрес" ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеу сипатына ықпал етті. Сондай-ақ 40-50-шы жылдардағы "бехмаханов эпопеясыменң байланысты отандық тарихнаманы зерттеу Е.Б. Бекмаханов тұжырымдарындағы амалсыздықтан жасалған "эволюциялардыңң шынайы келбетін жарыққа шығарады.
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кеңестік дәуірге дейін және сол кеңестік кезеңде қордаланып қалған тарихи білімдер жарыққа шығару мен өңдеу, сараптаудан өткізілді. Тәуелсіздік жылдары жүргізілген ғылыми ізденістер отандық тарихымызды дүниежүзілік даму, түркі әлемі аясында, жалпы Дала өркениеті мәдениетінің даму жүйесінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Айтылған тұжырымдар "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасың тақырыбы аясында жүргізілген кешенді іргелі зерттеулердің нәтижесі. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж.Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды.
Үнемі ғылыми ізденістерде болған бөлім қызметкерлері "Әлемдік тарихнамалық дәстүрлер мен жаңашыл философиялық тарихи зерттеулердегі (историософия) Қазақстанның рөлі мен орны" атты бағдарламалық тақырыпты орындауда да нәтижелі қорытындыларға қол жеткізеді. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері іргелі академиялық "Қазақстан тарихының" бестомдығын баспаға дайындауда үлкен үлес қосуда.
Зерттеу объектісі ретінде қазақ халқының эпикалық, генеалогиялық материалдары мен ауызша халық шығармашылығындағы ұлттық тарихи ойларын қарастырған "ХҮІІІ-ХІХ ғ. ортасындағы Қазақстан әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері жазба дерек көздері мен қазақтардың ауызша тарих айту ескерткіштеріндең тақырыбы бойынша құрамында И.В. Ерофеева мен С.Ф. Мәжитов бар шығармашылық топ революцияға дейінгі қазақ қоғамындағы тарихи ойларды сипаттайтын жаңа деректерді ғылыми айналымға қосты.
Қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Сужиков басқаратын Тарихнама және деректану бөлімінде т.ғ.д., профессор, Бас ғылыми қызметкер Ж.Б. Әбілхожин, тарих ғылымдарының кандидаттары, доценттер: жетекші ғылыми қызметкерлер И.В. Ерофеева, С.Ф. Мәжитов (ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының иегері), аға ғылыми қызметкерлер С.Ә. Жакишева, Қ.Ш. Әлімғазинов, кіші ғылыми қызметкерлер М.Р. Сатенова, З.М. Төленова және 1-ші категориялы инженер А.Т. Ракишева ғылым жолындағы ізденістерін жалғастыруда.
Бөлімнің ғылыми ізденістеріндегі басымдылықтар: соңғы уақытта тарихнамалық дәстүрде өзінің аналитикалық қорын кеңейту мақсатында тарихты "жаћандастырудағың әлемдік тенденциялар контекстінде қарастыруға ұмтылу анық сезіледі. Өйткені бұл жекелеген елдердің жылнамаларындағы біртұтастық заңдылықтарды бір ізге салу мен іздену әрекеттері жалпы тарихи зерттеулердегі ұлттық бағыттарды байытып және толықтыра түсетіндігін күн санап дәлелдей түсуде.
Осыған байланысты Бөлімнің зерттеу жүргізіп отырған тақырыптары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған "жаңа еуроодаққа" бірігу теориясы шеңберінде Қазақстан тарихын зерделеуді тың кешенді ғылыми-зерттеу тақырыптары аясында қарастыруды қолға алып отыр. Зерттеудің басты екі ерекшеліктері бар: біріншіден, коммунистік қоғамның келмеске кетуіне байланысты идеологиялық контекст өзгерді және патриоттық бағыттағы тарихқа сұраныс азайды, екіншіден халықаралық коммуникациялық жүйелердің жедел қарқындауы әр түрлі елдер тарихшыларының өзара пікір алмасуын жеңілдетті және идеологиялық шартқа тәуелді өткенді зерттеуді жандандыра түсті.
Мұндай зерттеу тәсілі қазақстандық тарих ғылымдарының алдында тұрған аналитикалық міндеттерін бір арнаға салуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, талдау және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдана отырып, тарихи дамудың баламалы жолдары мен қозғалысын бүгінгі таңдағы озық тәжірибелер негізінде зерттеуге жол ашады. Осындай жаңа әдістер мен ізденістерді қолдану барысында жүргізіліп отырған "Қазақстан тарихнамасы мен деректану ғылымы инновациялық әдістер мен зерттеу технологиялары контекстінде" тақырыбы өзінің сонылығымен ерекшеленеді. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары алға қойылған міндеттер аясында біртұтас кешенді тақырыпты құрайтын төрт сала (блок) бойынша жүргізіліп келеді.
Бөлімде 2004 ж. бастап Институт сайты жұмыс істейді, онда институттың ғылыми қызметі, тарихи әдебиеттер кітапханасы және жиындар мен анностар тақтасы көрініс тапқан.
Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар бөлім қызметкерлері "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша "ХІІ-ХХ ғғ. батыс деректеріндегі Қазақстан тарихы", "Әлемдік тарихи ойлар", "Қазақстан тарихы жөніндегі орыс деректері" тақырыбындағы топтамалар бойынша 30 томдық басылымды орыс және қазақ тілдерінде баспаға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Оларға Б.М. Сужиков, С.М. Мәжитов, И.В. Ерофеевалар жетекшілік етеді. Басылымға республикада жарияланбаған қазақ халқының тарихы мен қазіргі кезең, Қазақстан мен көршілес мемлекеттер тарихы жөніндегі шығармалар енеді.
Бөлімнің биылғы жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде "Очерки современной историографии Казахстана" атты тарихнама, деректану және тарихи компьютинг (клиометрика) жанрларында отандық тарихтың түбегейлі мәселелерін қамтитын монографиялық еңбек дайындалды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет